А. С., Сарсенбаев М. М. ЖӘндіктердің дене қҰрылысын бөлшектеп көрсететін деректі көрнекті қҰрал жасау әдістемесі «Прометей» бағдарламасы шеңберінде Павлодар 2008


Ересек жәндіктердің қатарын (отрядын) ажыратып тануға арналған кесте



бет7/20
Дата18.02.2017
өлшемі4,32 Mb.
#9817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Ересек жәндіктердің қатарын (отрядын) ажыратып тануға арналған кесте.




Сипаттамасы

1 (42)

Қанаты бар (кейбірінің қанаты қысқа, өскін тәрізді болуы ықтимал).

2 (3)

Құрсағының ұшында әрбіреуі көп бунақтан құралған 2-3 ұзын жіпшесі бар. Бұл жіпшелердің ұзындығы денесінің ұзындығынан да ұзын болып келеді ( 10-сурет, 2). Мұртшасы әдетте бас қаңқасынан қысқа. Артқы қанаты алдыңғы қанаттарынан қысқа немесе артқы қанаты мүлдем жоқ. Ауыз аппараты жойылған, ол жеу, шайнау қызметтерін атқармайды.

Біркүндіктер қатары – Ephemeroptera

3 (2)

Құрсағының ұшында көп бунақты жіпше болмайды. Кейбіреуінде қысқа ғана (денесінің ұзындығынан әлдеқайда қысқа) өскіні бар болуы мүмкін.

4 (5)

Жалғыз алдыңғы қос қанаты ғана бар, осы қанаттарында жүйкелер айқын дамыған (10 – сурет, 3) . Арқасының артқы буынында шоқпар тәріздес ызылдауық аппарат бар (бұл түр өзгеріске түскен артқы қанат). Ауыз аппараты еттұмсықтан тұрады, кейбіреуінде шала дамыған.

Қосқанаттылар қатары – Diptera

5 (4)

Жәндіктерде қос жұп қанаттары бар, ал кейбіреулерінда тек қатты қабыршаққа айналған алдыңғы жұп қанаттары ғана бар.

6 (7)

Қанаты және жалпы денесі оңай сүртіліп түсіп қалатын қабыршақтармен қапталған және қанаты мүйізденіп қатаймаған. Дене пішіні және қанаты - 10-суреттегі 26-27 суреттердегідей. Ауыз аппараты оралып ширатылған түтік тәріздес тұмсық.

Қабыршақ қанаттылар немесе көбелектер қатары – Lepidoptera

7 (6)

Қанаты қабыршақсыз тақыр жалаңаш немесе өңезшемен қапталған немесе мүйізденген.

8 (9)

Алдыңғы және артқы қанаттарының алдыңғы және артқы шеті ұзын қылшықтармен шашақталған (10-сурет, 37). Денесі өте кішкене (0,5-2мм), пішіні ұзыншақ формалы болып, аяқтары өте қысқа болып келеді.

Шашаққанаттылар немесе трипстер қатары – Thysanoptera

9 (8)

Қандай жағдайда да алдыңғы қанаттарының алдыңғы шетінде ұзын қылшықтардан құралатын шашағы жоқ. Егер шашақты болса, денесі ұзынша емес, басқадай пішінді болып келеді.

10 (13)

Ауыз аппараты сезгіш мұртшасыз болады және бірнеше буыннан құралған тұмсықша түзеді (10 – сурет, 27).

11 (12)

Алдыңғы қанаттары біркелкі, жарғақ тәріздес немесе көн тәріздес болып келеді. (10-сурет, 35), қонып отырған кезде қанатын денесіне шатыршалап қомдайды, яғни, қанаты құрсағын үстінен ғана емес, бүйірінен де жауып, қомдалады (10-сурет, 36). Тұмсықшасы тура алдынан емес, басының астыңғы жағына таман тапқы бекінген.

Тең қанаттылар қатары – Homoptera

12 (11)

Алдыңғы қанаттары біркелкі емес: қанатының ұшы мөлдір, жұқа, жұмсақ, қалған бөлігі қатты, мөлдір емес, қалың, көн тәріздес (10 – суреттер, 33-34). Егер алдыңғы қанаты қысқа болса, тек қана қатты, қалың бөліктен құралады. Тыныш кезінде, яғни қонып отырған кезінде қанаты құрсағының үстінен жауып тұрады. Тұмсықшасы басының тура алдыңғы ұшына бекінген (10-сурет, 32).

Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар қатары – Hemiptera

13 (10)

Ауыз аппараты буынды тұмсықша емес: күйсеуіш (мандибула) бар кеміргіш немесе кеміре-жалағыш аузы бар (10 – сурет, 5-6).

14 (17)

Алдыңғы қанаты жүйкеленбеген, мүйізденіп қатаймаған үстіңгі қанатты түзеді. Бұл үстіңгі қатты қанаттары құрсақ бөлігін тұтастай немесе жартылай жауып бұрады. Бұл алдыңғы қанаттары ешқашан бір-бірінен айқарылып, бірін-бірі жаппайды (10 – сурет 7, 8, 9).

15 (16)

Құрсағының ұшында тістеуік тәріздес өсіндісі болады (10-сурет, 7). Үстіңгі қанаты өте қысқа, құрсағының аздаған бөлігін ғана жауып тұрады.

Айырқұйрықтар қатары – Dermaptera

16 (15)

Құрсағының ұшында тістеуік тәріздес өскіні болмайды. Үстіңгі қанаты құрсағын тұтастай (10-сурет, 8) немесе жартылай (10-сурет, 9) жауып тұрады.

Қаттықанаттылар немесе қоңыздар қатары – Coleoptera

17 (14)

Алдыңғы қанаты мүйізденбеген, жарғақ тәріздес болып келген, немесе біршеме қатайып, көн (тері) тәрізденген, жүйкелері бар.

18 (19)

Мұртшасы басынан қысқа болып келеді (10-сурет, 10).

Инеліктер қатары – Odonata

19 (18)

Мұртшалары басынан да ұзын болып келеді.

20 (23)

Аяғының жамбастары өзара алшақ орналасқан (екі жамбасы бір-бірімен жанаспайды), олардың аралығында кеуде сегменттерінің бөлігі орналасқан. Алдыңғы арқасы ірі (10 - сурет 11-14, 38).

21 (22)

Артқы аяғының саны жуан, секіруге бейімделген (10 – сурет, 11-13). Егер артқы аяғының саны сонша жуан болмаса, алдыңғы аяқтарының буыны жуандап және қысқарып келген. Қазуға бейімделген өткір тұяқтары бар (10-сурет, 14).

Тікқанаттылар қатары – Orthoptera

22 (21)

Артқы аяқтары әдеттегідей, барлық аяқтарының саны жуандалмаған. Денесі біраз жалпақтау келген. Тыныш отырған кезінде (ұшпаған кезінде) қанаты денесінің арқа жағын жауып тұрады (10 – сурет, 38, 39).

Көктемшілер қатары – Plecoptera

23 (20)

Барлық жұп аяқтарының жамбасы үлкен және екі жақ жамбастары тұтасып, жанасып келеді.

24 (27)

Алдыңғы қос қанаты көн (тері) тәріздес, артқы қанатымен салыстырғанда қалыңырақ және қаттырақ болып келеді. Артқы қанаты жарғақ тәріздес, алдыңғы қанатының астыңғы жағына желпуіш тәрізді қатарлана бүктеліп орналасады. Қанаттары құрсағының үстінен жауып немесе оны орай орналасады (10 – сурет, 15, 16).

25 (26)

Алдыңғы аяғы жармасып, ұстауға бейімделген, ортан жілігі мен жіліншігінде көптеген тісшелері және тікенектері бар (10-сурет, 15). Денесі ұзын, алдыңғы арқасы да ұзарып келеді.

Дәуіттер қатары – Mantoptera

26 (25)

Барлық аяғы жүгірумен қатар, жорғалауға да бейімделген (10 - сурет, 16). Денесі жалпақ. Басын үстіңгі жағынан жартылай немесе тұтастай жауып тұратын алдыңғы арқасы үлкен болып келген.

Тарақандар қатары – Blattoptera

27 (24)

Жәндіктің алдыңғы қанаттары және артқы қанаттары жарғақ тәрізді болып келген.

28 (29)

Қанатының үсті ұсақ жүнмен қапталған, сондықтан, күңгірт түсті (тұнық немесе мөлдір емес). Ауыз аппараты әлсіреп, жойыла бастаған және соруға бейімделген түтік тәріздес болып келеді. Пішіні көбелекке ұқсас, қанаттары жіңішкелеу (10-сурет, 30). Ұшпай, қонып отырған кезде қанаты шатыр тәрізденіп қомдалады (10-сурет, 31).

Түкқанаттылар немесе құндақтылар қатары – Trichoptera

29 (28)

Жәндіктің қанаттары ұсақ жүн түктерімен қапталмаған.

30 (33)

Алдыңғы қанаты артқы қанатынан ұзын және ол түбінен ұшына қарай жалпайып (кеңейіп), артқы қанатының ұшының деңгейіне жеткенде кеңею шегіне жетеді (10 - сурет, 23, 25, 26). Артқы қанаты алдыңғы қанатына ілініп тіркеледі. Құрсағы көкірегіне тығыз жабысып бекінген.

31 (32)

Ұшпай, қонып отырған кезінде қанаты шатыр тәрізденіп қомдалады (10 сурет, 24). Денесі өте жұмсақ, қанатының жүйкелері иіліп, қисайған, Құрсағы көкірегіне тығыз жабысқан 5 мм-ден аспайтын ұсақ жәндіктер.

Шөпжегілер қатары – Psocoptera

32 (31)

Қонып отырған кезде қанаты денесінің үстін жауып немесе ораңқырай жауып тұрады. Жәндіктердің денесі қатты болып келіп, мөлшері жағынан әртүрлі болады. Құрсағы көкірек бөлігіне жабысып, (10-сурет, 25) немесе жіңішке сабақша арқылы қосылады (10-сурет, 26).

Жарғаққанаттылар қатары – Hymenoptera

33 (30)

Қанаты басқаша пішінде болып, көбінесе алдыңғы және артқы қанаттарының пішіні мен мөлшері ұқсас болып келеді. Қанаттары өз арасынан ілініп, тіркелмейді.

34 (35)

Ұшында кеміргіш аппараты бар басы алдына қарай тұмсық тәрізденіп созылған жәндіктер (10 – сурет, 17).

Мекоптерлер қатары – Mecoptera

35 (34)

Жәндіктердің басы тұмсық тәрізденіп созылмаған.

36 (41)

Қанаттары тор көзденіп жүйкеленген: көптеген бойлық және көлденең жүйкелерден тұрады. Қанаты арқасына шатыр тәріздес қомданады (10 – сурет, 18, 21). Жалқы тіршілік кешетін жәндіктер.

37 (40)

Мұртшасы көзінің алдында орналасқан жәндіктер (10 – сурет, 18, 19).

38 (39)

Ілкікөкірегі ұзын. Ұрғашысында ұзын жұмыртқасалғысы бар. Қанаттары тұнық, мөлдір түсті (10 - сурет, 18).

Түйемойындар қатары – Raphidioptera

39 (38)

Ілкікөкірегі ұзын емес (10-сурет, 19). Ұрғашысында жұмыртқасалғысы болмайды. Қанаттарының реңі қоңырлау түсті.

Салпықанаттылар қатары – Megaloptera

40 (37)

Мұртшалары екі көзінің аралығында орналасқан жәндіктер (10 – сурет, 20, 21).

Торқанаттылар қатары – Neuroptera

41 (36)

Алдыңғы және артқы қанаттарының жүйкесі тек бойлық жүйкелерден құралады, көлденең жүйке болмайтындықтан, жүйкеленуінде бітеу көзше түзілмейді. Қанаты қонып отырған кезде құрсағының үстінен жалпая жауып орналасады. Басы үлкен (10 - сурет, 22). Қауымдасып тіршілік ететін жәндіктер.

Аққұмырысқалар немесе термиттер қатары – Isoptera

42 (1)

Қанатсыз жәндіктер.

43 (44)

Мұртшаларының ұзындығы өте қысқа, олар басының ұзындығынан артылмайтын денесі жалпақша болып келетін жәндіктер.

Қосқанаттылар қатары – Diptera

44 (43)

Мұртшаларының ұзындығы басынан асып түсетін жәндіктер.

45 (48)

Құрсағының бунақтарының (сегменттерінің) саны алтыдан көп емес жәндіктер.

46 (47)

Кеуде бөлігіне жабысып бекінген құрсағы қондырмалы болып келеді. Денесі ұзынша, цилиндр тәрізділеу (10-сурет, 40) немесе қысқа болса, құрсағы домалақ пішіндес болады (10-сурет, 41).

Аяққұйрықтылар қатары – Collembola

47 (46)

Құрсағы сабақшалы (құрсағы кеуде бөлігіне жіңішке қоспа – сабақша арқылы қосылады 10-суреттің, 42 суретіндегідей, қауымдасып тіршілік ететін жәндіктер.

Жарғаққанаттылар қатары – Hymenoptera

48 (45)

Құрсағы 6-дан көп бунақтан (сегменттен) құралған жәндіктер.

49 (52)

Құрсағының ұшында 2-3 дана ұзын жіпшесі немесе тістеуік тәріздес 2 өскіні бар.

50 (51)

Құрсағының ұшында 3 дана жіпшесі бар (10-сурет, 43).

Қылтанқұйрықтылар қатары – Thysanura

51 (50)

Құрсағының ұшында 2 дана жіпшесі (10-сурет, 44) немесе тістеуік тәріздес өскіні бар (10 – сурет, 45).

Қосқұйрықтылар қатары – Diplura

52 (49)

Құрсағының ұшында құйрық тәріздес жіпшелері де тістеуік тәріздес өскіндері де болмайды.

53 (54)

Артқы аяғының саны (ортан жілігі) жуанданып, күшті дамыған. Секіріп қимылдауға бейімделген (10 – сурет,11-13).

Тікқанаттылар қатары – Orthoptera

54 (53)

Артқы аяғының саны (ортан жілігі) жуандап іріленбеген.

55 (64)

Мұртшасының ұзындығы басынан қысқа.

56 (59)

Ауыз аппараты кеміргіш ауызды түзеді: күйсеуіштері (мандибула) жақсы дамыған (10 - сурет, 5-6).

57 (58)

Тері жамылғысының түсі ақшыл немесе түссіз мөлдір. Басы үлкен, көзі кішкене және дөңес (тостақ) емес (10-сурет, 46).

Аққұмырысқа немесе термиттер қатары – Isoptera

58 (57)

Терісінің өңі баран. Айқын көрінетін дөңестеу (тостақ) көздері бар басы онша үлкен емес (10-сурет, 47).

Қаттықанаттылар немесе қоңыздар қатары – Coleoptera

59 (56)

Ауыз аппараты кеміргіш емес, күйсеуіштері (мандибулалары) дамымаған, кейбірінің ауыз аппараты шала дамыған.

60 (61)

Денесінің сырты қабыршақ түктермен және бітік қылшықтармен қапталған (10-сурет, 48). Ауыз аппараты ширатылып оралған бунақсыз түтік тәріздес тұмсықты құрайды немесе ауыз аппараты мүлдем жоқ болуы мүмкін.

Қабыршаққанаттылар қатары – Lepidoptera

61 (60)

Денесі қабыршақпен қапталмаған, ауыз аппараты басқаша түрде дамыған.

62 (63)

Ауыз аппараты бунақты ұзын тұмсықты түзеді (10-сурет, 32).

Теңқанаттылар – Homoptera

63 (62)

Ауыз аппараты бунақталған тұмсық түзбейді. Денесі 0,5-2мм болып келген өте ұсақ жәндіктер (10-сурет, 49).

Шашаққанаттылар немесе трипстер қатары – Thysanoptera

64 (55)

Мұртшалары денесінің ұзындығына тең келіп, кейде одан да ұзын болуы ықтимал.

65 (66)

Дене мөлшері орташа немесе ірі. Денесінің ұзындығы 5 мм-ден ұзын. Құрсағының ұшында қысқалау өскіні бар.

Тарақандар қатары –Blattoptera

66 (65)

Денесінің ұзындығы 5 мм-ден кіші болатын ұсақ жәндіктер. Құрсағының ұшында өскіні болмайды (10-сурет, 50).

Шөпжегілер қатары – Psocoptera



ЖӘНДІКТЕРДІҢ ДЕНЕСІНІҢ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
ДЕНЕСІНІҢ БУНАҚТАНУЫ, ОНЫҢ БӨЛІМДЕРГЕ БӨЛІНУІ
Материал: Спиртте сақталған заузақоңыз немесе оның орнына қара тарақан немесе шекшек, шегірткені алуға болады.
Құрал-жабдықтар: Петри табақшасы, пинцет, препараттық инелер, 10 есе ұлғайтқыш лупалар, фильтрлік қағаз.
Тапсырманы орындау барысы:

  1. Заузақоңызды мұқият қарап, денесінің негізгі бөліктерін басы мен кеудесінің қосалқы мүшелерінің бекітілетін жерлерін белгілеу.

  2. Заузақоңыздың дене бөліктерінің арасындағы қоспасын тапқаннан кейін пинцет және препараттық инелердің көмегімен оларды бөлшектеу.

  3. Заузақоңыз денесінің бөліктерін фильтрлік қағазға жайып қойып, оның құрылысының сұлба суретін сызу (11-сурет).

  4. Денесінің кеуде бөлігінің құрылысындағы ерекшеліктерді анықтау.

  5. Құрсағының құрылысына мұқият зер салып, бунақтарының арасын анықтау және демтесіктерінің орналасқан орнын белгілеу.



11 - сурет. Заузақоңыздың денесінің бөліктері.

1 – басы, 2 – кеуденің алдыңғы буыны, 3 – кеуденің ортаңғы буыны, 4 – кеуденің артқы буыны, 5 – құрсақ бөлігі
Тапсырмаға түсініктеме.

Жәндіктердің денесі үш бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Жәндіктердің денесінің кутикулдың қабығы тығыз, қатты, денесінің көп бөлігі хитинмен қапталған және ауыз бөліктері бар.

Кеуде бөлігі үш бунақтан тұрады: алдыңғы кеуде, ортаңғы көкірек, артқы кеуде бөліктері. Олардың әрбіреуінде бір қос аяғы бар. Ортаңғы және артқы кеуде бунағының үстіңгі жағына бекінген бір немесе екі жұп қанаты болады.

Құрсағы бірнеше бунақтан тұрады (5, 11 максимум 12).

Кейбір жәндіктердің құрсағының соңғы бунақтарында қосымша мүшелері бар (жұмыртқасалғы, құйрық жіптер, және т.б. ).

Дене сегментінің қаңқалық негізі болып кутикулдың сақинасы табылады. Мұндай сақинаның әрбіреуі дене сегментін құрайды. Олар 4 жеке склеритке бөлінеді: арқа, жоғарғы немесе дорсальды жарты сақина – тергит; бауыр жағының немесе вентральдық жарты сақина – стернит және бүйіршесінің жарты сақинасы плеирит деп аталады (12-сурет).




12 - сурет. Жәндік денесінің сегменттерінің құрылыс сұлбасы.

Т – тергит, ст – стернит, пл – плейриттері.
Зауза қоңызды мүшелеуде ең алдымен препараттық инелердің көмегімен басын бөліп алады. Кейін жүйелі түрде алдыңғы көкіректі бірінші аяқ жұбымен бірге, ортаңғы көкірек екінші аяқ жұбымен және бірінші қанат жұбымен, артқы көкірек үшінші аяқ жұбымен және екінші қанат жұбымен бірге бөліп алынады. Ең күрделі операция – ортаңғы көкіректің тар сақинасын және оған қосылатын аяқтары мен қанаттарын бөліп алу. Ол үшін алғашқыда заузақоңыздың тығыз жоғарғы қанаттарын жан-жаққа айыру керек. Кейін ортаңғы көкіректің қалқаншасының астына препараттық инені абайлап тығып, оны екі жақтан жайлап теңселту керек. Дәл осындай операцияны дененің құрсақ жағынан да жүргізеді, ортаңғы және артқы көкірек аралығындағы шекарада екінші жұп аяғының негізінің астында инені тығады. Осыдан кейін егер ортаңғы көкірек сақинасын оның денесінен инені бір бүйірінен екінші бүйіріне қарай жылжыту арқылы бөлсе, онда сақина оңай бөлінеді.


13 - сурет. Жәндіктің кеуде бөлігінің құрылыс схемасы (кеуде склериттеріне бөлінген).

Псп – алдыңғы арқа, эпс – алдыңғы, ортаңғы, артқы көкірек эпистерні, эпм – олардың эпимерлері, грд – олардың көкірекшесі, пш – олардың плейральді жігі, пщ – ортаңғы және артқы арқасының қалқан алды, ш – олардың қалқаны, щк – қалқаншасы, зсп – арқа арты, плс – плейральді бағана, тз – алдыңғы, ортаңғы, артқы аяқтарының жамбасшалары, вер – олардың вертлуг (ұршық), бед – олардың саны (жаясы), 1, 2, 3, индекстері алдыңғы, ортаңғы, артқы көкірекке жататынын білдіреді.
Дене бөлімдерін қарастырғанда көкірек құрылысының күрделілігіне және қанаттары мен аяқтарының бекітілуі ерекшеліктеріне көңіл аударады. Көкірегінің алдыңғы, ортаңғы және артқы тергиттері сәйкесінше алдыңғы, ортаңғы және артқы арқа деп айтылады. Стерниттері алдыңғы, ортаңғы және артқы көкірек деп аталады. Алдыңғы көкірек құрылысы қарапайым, ортаңғы және артқы арқада оларды екіншілік бөлімшелерге бөлетін жіктер жүйесі бар (13-сурет). Олардың негізі – қалқан, оның алдында қалқан алды жатыр. Арқаның сыртқы бөлігі жіңішкеленіп, жарғақ-белдеушеге айналады. Ал оның артында жатқан арқаның жіңішке шеттік жолақша арқа артына жекешеленеді. Осының арқасында барлық арқа бөлімдері өзіне қажетті ептілікке ие болады. Көкірек плейриттері де едәуір қатайған. Әрбір аяғының денеге бекінген түбінде айқын плейральді жігі бар. Ол плейральді айдардың, яғни кутикулдың (көкіректің эндоқаңқасының бөліктері) терең ішкі қабатының сыртқы бөлігі болып табылады. Плейральді жік плейритті екі қасаңқапқа (склеритке) бөледі: алдыңғы – эпистерм және артқы – эпимер. Әрбір плейриттің жоғарғы шетінде кішкене без – бағана орналасқан, оның үстінде қанаттың негізі бекінеді (13-сурет).

Жәндіктің өмір сүру дағдысы оның көкірек бөлігінің құрылысына әсерін тигізеді. Тарақанның, саяқ шегірткенің құрылысын салыстырыңдар.

Жәндіктердің құрсақ бөлігі құрылысы жағынан ұқсас бірнеше бунақтан тұрады. Құрсақтың соңғы бунақтары әрқашанда қатты өзгеріске ұшыраған немесе жойылу бағытымен дамыған болуы ықтимал. Құрсақтың тергиттері мен стерниттері әдетте хитинмен қапталған, плейриттер – жұмсақ болады және жарғақпен қапталған.

Құрсақтың бүйірлерінде және көкірегінде демтесіктер немесе стигмалар орналасқан. Олар ауаның келуіне және трахейлік жүйе үшін ашық болады.

Заузақоңыздың құрсағын пинцеттің ұшымен созып, бунақтар мен олардың бөліктерін қарайды (құрсақты құрайтын сақинаның тергиттері, стерниттері және плейриттері). Плейриттердегі демтесіктер қара дақ түрінде айқын көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет