А. С., Сарсенбаев М. М. ЖӘндіктердің дене қҰрылысын бөлшектеп көрсететін деректі көрнекті қҰрал жасау әдістемесі «Прометей» бағдарламасы шеңберінде Павлодар 2008



бет5/20
Дата18.02.2017
өлшемі4,32 Mb.
#9817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ежелден қанатсыздар (Apterygota) деп аталады. Бұған жәндіктердің төрт қатары жатады. Екінші тармақ класс – қанатты жануарлар класы (Pterygota), ол 30 қатарға бөлінеді және шала түрленіп дамитын жәндіктер, толық түрленіп дамитын жәндіктер деген екі топқа бөлінеді.

Жәндіктер осылайша алуан-түрлі болғандықтан, оларды бір-бірінен ажыратып тану және қандай қатарға жататын жәндік екенін білу оңай емес. Сондықтан, төменде жәндіктерді қатарға жіктеп ажыратуға арналған кесте берілді.



Бұл кестеде аяққұйрықтылар (Collembola), тікенқұйрықтылар (Thysanura), және айырқұйрықтылар (Diplura) ежелден қанатсыздардың тармақ класына жатады. Олардың тарихи даму дәуірінде ешқашан қанат болмаған, қазіргі заманда да қанатсыз жәндіктер кездеседі. Кестедегі бұлардан басқа барлық қатардың жәндіктері қанаттылар тармақ класына жатады және олардың ересегінің 1-2 жұп қанаты бар. Кейбіреуі ересек сатысында да қанатсыз болуы мүмкін, бірақ олар тарихи даму кездерінде қанатты болған. Кейінгі даму дәуірінде тіршілік ортасы немесе тіршілік ету жағдайының өзгеруіне байланысты ұшпайтын болып жаратылған, ұшу міндетін атқарудың қажеті болмағандықтан, қанаттары кішірейе келіп жойылып кеткен (мысалы, бүрге, бит, кейбір қандала, жұмысты құмырысқалар және т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет