А. С., Сарсенбаев М. М. ЖӘндіктердің дене қҰрылысын бөлшектеп көрсететін деректі көрнекті қҰрал жасау әдістемесі «Прометей» бағдарламасы шеңберінде Павлодар 2008


БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫНЫҢ ЕРЕСЕК САТЫСЫНДА АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН КЕСТЕ



бет4/20
Дата18.02.2017
өлшемі4,32 Mb.
#9817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫНЫҢ ЕРЕСЕК САТЫСЫНДА АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН КЕСТЕ




Сипаттамасы

1 (2)

Денесі баскеуде және құрсақ деген екі бөлімнен құралады. Басында екі жұп мұртшасы бар, олардың бірінші жұбы екі айыр, ал екіншісі айырланбаған жалғыз жіпшеден тұрады. Денесінің басқа сегменттерінде де айырланып біткен қимыл мүшелері бар.

ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР – CHRUSTACEA (8-сурет, А, Б)

2 (1)

Бас қаңқасында бір ғана жұп мұртшасы бар немесе ешбір мұртшасыз болады.

3 (4)

Мұртшасыз, денесі екі жұп ауыз өсінділері және төрт жұп буын аяғы бар баскеудеден және ешбір қимыл мүшелерінсіз құрсақтан тұрады. Кейбірінің құрсағы баскеудемен тұтасып біріккен.

ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР – ARACHNOIDEA (8 - сурет, В, Г)

4 (3)

Жалғыз жұп мұртшасы бар.

5 (6)

Денесі бас және бірнеше бунақтан құралған тұлғадан тұрады. Барлық бунақтарынан шыққан қимыл мүшелері (аяқ) бар. Аузынан екі немесе үш жұп өсінді шығады.

ҚЫРЫҚАЯҚТЫЛАР – MYRAIPODA (8-сурет, Д)

6 (5)

Денесі бас, кеуде және құрсақ деген үш бөліктен тұрады. Басында әрдайым бір жұп мұртшасы және көбінесе үш жұп ауыз өсінділері болады. Үш бунақтан құралатын кеудесінде үш жұп аяқ және кеудесінің арқа жағында орналасқан екі жұп қанат немесе қанаттың өсінділері бар. Құрсағында қимыл мүшесі жоқ.

ЖӘНДІКТЕР – INSECTA


ЖӘНДІКТЕР КЛАСЫ
Жәндіктер туралы жалпы мағлұмат.

Жәндіктерді буынаяқтылардан оңай ажыратудың бірнеше әдістері бар. Олардың денесі үш бөлікке бөлінген: басы, кеудесі, құрсағы. Жәндіктердің басында көзшелері, мұртшалары және ауыз мүшелері бар. Кеудесінде үш жұп аяғы бар, көптеген ересек жәндіктердің басқа омыртқасыз жануарларда болмайтын 1-2 жұп қанаттары болады, құрсағы мүшеленген, қимыл мүшелері болмайды, бірақ соңғы жағында мүшеленген церка, жұмыртқасалғы, тірек мүшелері және т.б. сияқты қосымша мүшелері болады (9-сурет).




9-сурет. Сүңгуір-қоңыз (жартылай ашылған)

1 – мұртшалары, 2 – алдыңғы арқа алды, 4 – үстіңгі қанат, 5 – артқы арқа арты, 6 – тыныс тесігі, 7 – жүрегі, 8 – қанат тәрізді бұлшықеттері.
Жәндіктер барлық жануарлар әлемінің ішінде ең көп топтарды құрайды, себебі онда миллионнан аса түрлерді кездестіруге болады. Бүгінгі таңда өте жақсы зерттелген Европа елдері мен Америкада жыл сайын жәндіктердің бұрын кездеспеген жаңа түрлері ұшырасып жатады. Ал жан-жануары өте көп тропикалық елдердегі жәндіктер әлі толық зертеле қоймағандықтан жер бетінде кем дегенде 1,5 миллион әр түрлі жәндіктердің түрлері бар. Сондықтан есептей келе алуан түрлі топтармен салыстырып қарағанда жәндіктер өкілдері едәуір көп деп есептеген жөн. Осыған қоса жәндіктердің көптеген түрлерінің табиғатта кездесетін сандық көрсеткіштері: аралар мен масалардың үйірі, орман жамылғысына, шалғындықтарға, саяжай, бақтарға зиянын келтіретін алуан-түрлі зиянкес жәндіктер бар екенін естен шығармау керек. Бір ағылшын зоологы «материктер мен құрлықтардағы жануарлардың көп бөлігі жәндіктер өмірінің формасына сай келеді» деп айтқан. Ал қазіргі француз энтомологы Шовен былай жазады: «энтомологияға өмірінің көптеген жылдарын арнамаған адам жәндіктердің инстинктісімен құрылымының таң қаларлық алуан-түрлілігін біле бермейді». Сондықтан жәндіктердің өмірлік әрекеті табиғат өмірінің сан түрлі жағдайларында кездесіп отырады.

1793 жылы Христиан Конрад Шпренгель деген немістің мектеп мұғалімі «Гүлдің құрылысы мен оны тозаңданудағы табиғаттың құпиясы» деген кітабында гүлдерге жәндіктердің қонуын мүлтіксіз қадағалап, бақылаған Шпренгель «Гүлдердің барлығы дерлік гүлдің шірнесімен қоректенетін жәндіктер арқылы тозаңданады. Бұл жағдайда жәндіктердің гүл шірнесімен қоректенуі гүлдің тозаңдануының бірден-бір жолы болып табылады» деген. Шпренгельдің керемет жаңалық ашқаны өз замандастарының назарына ілінбеді. Тек өткен жүзжылдықтың жартысында Дарвин ұмыт болған неміс ботанигінің негізгі ой-түйінін дұрысқа шығарып қана қоймай, сонымен қатар гүл және оған ұшып-қонып жүрген жәндіктердің арасындағы өзара бейімделгіш қасиетінің туындайтынын түсіндіріп берді. Дарвиннің айтуы бойынша біздің шалғындықтарымызда жайқалған алуан түрлі гүлдер және олардан тарайтын хош иістер біздің рахатымыз үшін немесе безендіру әшекейі ретінде жаралған емес, тарихи тұрғыдан қалыптасып, эволюция барысында жәндіктердің қатысуымен жүретін процесс – тозаңдануға бейімделіп қалыптасқан. Яғни жәндіктер ежелден гүлді тозаңдандырмаған болса, өсімдік жамылғысы қазір біздің көз алдымыздағы түр-тұрпатына қарағанда тіптен өзгеше болар еді. Егер табиғатта сансыз мөлшерде тарап жатқан жәндіктер болмаса, онда көптеген тұқымды ұсата алмайтын, немесе үлкен жәндікті қорегін бөлшектеп жей алмайтын, бірақ жәндікті ұстап алуға өте ыңғайлы жіңішке тұмсығы бар жәндіктермен қоректенетін жәндікқоректі құстар да болмас еді. Жәндіктер болмаса, жарқанаттар және кесірткенің көптеген түрлері өмір сүре алмас еді. Сонымен қатар құрбақалар да аштықтан қырылатын еді. Жәндіктердің қызметін табиғаттың өмірінің басқа да жақтарынан көруге болады. Осы ой-толғамдар Линнейдің тосын пайымдауларында да «жылқы өлігін үш шыбын арыстаннан бұрын жеп бітіреді» деп тұжырымдауына себеп болған еді. Осы тұжырымдамасында Линней үш шыбын туралы айтып отырған жоқ, ол осы үш шыбыннан қалатын аса жылдамдықпен өрбитін ұрпақтарын айтқан. Шынында да өте көп ұрықтылығы және ұрпақтарының тез ауысуы жемтігін қысқа мерзімде арыстанның жылдамдығына тең жылдамдықпен құртып жіберуі абзал.

Жәндіктердің әр түрлілігімен қоса, олардың көп ұрпақтылығы мен санының көптігі адамзат шаруашылығына көптеген пайдалы және зиянды әсерін тигізеді. Адамдар ауыл шаруашылық дақылдарына, мал шаруашылығына да, орман шаруашылығына да көптеген зиянын келтіретін сансыз көп зиянкес жәндіктермен күресіп келеді.

Ағылшын табиғат зерттеушісі Альфред Рассел Уоллес Дарвинмен бірге табиғи сұрыпталу заңдылығын зерттей отырып, тропикалық елдердегі жәндіктерді бақылауды негізге алып, қорытындыға келді. Жәндіктерді зерттеу түраралық өзгерістерді зерттеуде кең қолданылып келді (көбелектің маусымдық диморфизмі, жылу сүйгіш және салқын, суық формаларды жасанды жолмен шығарып алу, шегірткенің үйірлік немесе даралық кезеңі).

Сондықтан, жануарлар әлемінің әртүрлі топтарымен танысарда жәндіктер класы көптеген зоологиялық мәліметтер арасынан өте маңызды орынға ие. Мұнда қоршаған табиғаттағы жүргізілген бақылаулар, тірі ағзалар әлемінде тарихи қалыптасқан күрделі қарым-қатынасты түсінуге жол ашады. Сонымен қатар, астыққа қауіп төндіретін сансыз зиянкес жәндіктерден ойдағыдай қорғау үшін көптеген шараларды қолдануға негіз болады. Осындай топтарды толық және тереңдетілген түрде зерттеу ерекше ғылым – энтомология, яғни жәндіктер туралы арнайы ғылымды туындатты.

Жәндіктер жануарлар әлемінің ішінде ең көп түрді қамтитын класты құрайды. Қазіргі кезде ғылымға белгілі 1 миллионға таяу жәндіктің түрі бар. Олар құрлық пен тұщы судың барлық дерлік биотобында кездеседі және экологиялық алуан-түрлі орта, алуан-түрлі экологиялық қуысты иеленіп орналасады.

Осылайша, аса көп экологиялық жағдайда тіршілік етуге бейімделгендіктен, жәндіктердің дене құрылысы, даму сатысы, тіршілік деңгейі барлығында бірдей емес. Осыған байланысты жәндіктерді екі класс тармағына және 34 қатарға (отряд) бөліп жіктейді. Жәндіктердің екі тармақ класының бірінші тармақ класы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет