Дәріс № 5
Тақырыбы: Негізгі және қосымша шикі заттарды қабылдау, сақтау және өндіріске дайындау
Жоспар:
1 Негізгі шикі заттар қабылдау және сақтау оларды өндіріске дайындау
2 Қосымша шикі заттарды қабылдау және сақтау, оларды өндіріске дайындау
Негізгі әдебиеттер: [1, б. 92-113] [3, б. 163-190]
Мақсаты: Наубайхана кәсіпорындарда негізгі жіне қосымша шикізаттар қабылдау және сақтау оларды өндіріске дайындаудың схемасын білу.
Наубайхана кәсіпорындарда негізгі шикі заттар қабылдау және сақтау оларды өндіріске дайындау
Нан зауытында ұнды қаппен немесе қапсыз сақтайды. Егер ұн қапталып келіп түссе, тұғырыққа бірінің үстіне бірін қойып текшелеп жинайды. Оның биіктігі 8-12 қатар болады. Осы ұнның қоры нан зауытының 7 тәуліктік жұмысына жететін болу керек.
Ұнды қаптап сақтау өте қымбатқа түседі. Оны қаптап, аузын тігіп, тиеп, түсіру үшін көптеген жұмысшылар керек болады, ол үшін көп қапта керек. Ұнды тиеп, түсіргенде, қаптағанда ол тозаңданып шығын болады.
Ұнды қаптамай сақтау (бестарное хранение) кейінгі кезде өте кең тарай бастады. Онда ауыр қол жұмысы жұмсалмайды, қаптардың да керегі жоқ. Сонымен қатар оның артықшылығы тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялап жұмысшылардың санын азайтады, ұнды шашылудан сақтап, қапқа кететін шығындарды төмендетеді, сонымен қатар, өндірістің санитарлық жағдайын жақсартады. Ұнды сақтаудың технологиялық артықшылығы бар: ұнды араластыруды бір силостан екінші силоста жүргізуге, сұрыптауға, ауасыз кеңістік туғызуға, кептіруге ыңғайлы силостарда жүргізіледі. Жылы ауа ағымын қолдану арқылы тез жылытуға болады.
Оны пневмокөліктердің көмегімен тиеп, түсіреді. Онда оны пайдалану алдында жылыту, оны жетілдіру мерзімі де тездетіледі, наубайханалық қасиеті де жақсарады. Осы әдіс тек 1980 жылдардан бастап қолдана бастады.
Ол үшін ұнды тиеу, түсіру жұмыстарын қауыпсыздандыру керек. Құбырлардың ішінде ұн қозғалғанда, ол оның қабырғаларына үйкеліп, статикалық ток пайда болады. Сондықтан оларды жермен жалғастыру керек.
Кішігірім нан нан зауытында ұнды контейнерлермен тасу тәсілі қолданылады.
Ұнды өндіріске дайындау: оны елеу, араластыру, магинттен өткізуден тұрады. Ұнды араластыруды оның сапасын бірінші кезекте оның наубайханалық қасиетін ескере отырып, зертхана құрайды. Сапасы стандарт талаптарына сай нан алу үшін наубайханалық сапасы әртүрлі ұнның жеке патриялары арастырылады. Мысалы желімшесі әлсі ұнмен күшті ұн, күңгірт ұнды ақ ұнмен және т.б. Араластыруды бір сұрыпты ұндарға жүргізеді. Әртүрлі сұрыпты ұнды араластыру тек рецептура бойынша алынатын ұндар үшін ғана жүргізіледі. Мысалы қара бидай бидай ұны қоспасынан алынатын нандар үшін. Ұнды аралсатыу арнайы қондырғыда іске асырылады.
Барлық ұн өндіріске жіберер алдында нормативті құжаттарға сай електен өткізіледі. Метал қоспалардан магнитпен тазалайды. Дайын ұн өндірістік бункерлерде қамыр дайындау жабдықтарын қамтамасыз ететеін мөлшерде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |