§ 81. АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕТІСТІҚТЕР
Тілімізде екі (үш я төрт) зат есімнің ешбір дәнекер-сіз бір-бірімен тіркесуі үйреншікті қүбылыс; бірақ екі етістік дәнекерсіз бір-бірімен ешуақытта тікелей син-таксистік қатынасқа түспейді Мысалы: айт та бар, әкел де қой, немесе айта бер, айтып бер, әкеле қой, әкеліп қой деп айтуға болғанымен, «айт бар, әкел қой» деп ай-ту грамматикалық күрылысқа жат нәрсе, сондықтан олайша дәнекерсіз айту ләзім емес. Ендеше, осы тіркес-тердегі -та (-де) шылауы, көсемшенің -а (-е), -ып (-in) жүрнақтары тіркестердің күлаққа жатык естілуіне де, мағынасыныц жеңіл түсінілуіғіе де дәнекер болып түр. Сол сияқты ұйыңтап қалғсін едім деген аналитикалық тіркесті етістікті алсақ, мүнда үйыңтсіп қалған деген ал-ғашқы екі комггонент түтас түлға (үйықтап қалған) амалдьщ өту сатысының бір мезетін ғана білдірсе, оған тіркескен соңғы едім компоненті сол мезетті өткен иіак-та болған әрекет екенін баяндап түр. Сейтіп, мүндағы грамматикйлық дәнекерлер тек екі я үш етістікті бір-бірімен тіркестіруге ғана дәнекер болмай, олардың ма-ғыналары мен қызметтерін үштастыруға да себеп болЫЛ түр. Екінші сөзбен айтканда, бүл дәнекерлер аналпти-калық етістік қүрамындағы компоненттерді мағына жэ-ғынан да, кызмет жағыман да жіктеп, біреулерін негізгі я бастауыш етуге, біреулерін жәрдемші я қостаушь1
етуге септігін тигізіп түр. Мүндай аналитнкалык тір-кесте орын жағынан бүрын түрып, дәнекер форманы өзіне тіркеп (я ілестіріп) алатын компопент кана ана-литіікалық етістіктің непзгі мағынасына ие болады да, жетекшілік істейді; жетекшіден кейін түрып, оған үсте-ме магына жамап, грамматикалық формаларға түсіріп туратын соңғы етістік дәйім көмекші болып кызмет ат-карады. Мысалы: уйықтап кетті дегендегі жетекші етіс-тік — ұйықтап көмекші етістік — кетті болса, барған еді дегекдегі барған — жетекші етістік, еді — көмекші етіс-тік болады.
Осы сияқты айта сал, жаза түс, қарай көр... деген аналитикалық етістіктер екі етістіктің тіркесінен кү-ралған. Бүл үлгі бойынша жасалатын аналитикалық етістіктің лексикалық мағынасына алғашкы етістік не-гіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жүрнағы (-а, -е, -й, -ып, -in) мен соңғы көмекші етістік селбесіп (мысалы: -а сал; -а түс; -й көр), алғашқы (же-текші) етістіктің мағынасын саралайтындай косымша грамматикалық семантика (мән) үстейді, демек, -й ссіл... тәрізді күрама формант грамматикалык дәнекер есебінде жүмсалады. Жетекші етістікке жамалатын грамматикалық семантиканы айт жэне аита сал, жаз және жаза түс, қсіра және қарай көр деген жалаң және күрделі етістіктерді өзара салыстырғанда тез аңғаруға болады. Сөйтіп, бүл үлгі бойынша жасалатын етістік-тсрдің қүрамындағы көмекші компоненттері жетекші (негізгі) етістіктің лексикалық мағынасын өзгертпейді, тек оған айқындай түсетіндей косымша грамматикалык семантика жамайды. Осы себептен етістіктің бүл түрі аиалитикалық етістіктер деп аталады. Аналитикалық етістіктерді жасауға дәнекер болатым форманттардын, әсіресе көмекші етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай жәие аналитикалық күрамындағы компоненттер-дін, сандары да (екі, үш, төрт, бес т. т.), өздері де бас-ка-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалык кызметтері де, грамматикалык семантикалары да сала-сала болып, амалдын жүзеге асу я өту сипаттарынын әр қилы кезеңі, сатысы сияқты аса абстрактылы күбы-лыстарды білдіреді. Мысалы: айтып жібер, айтып жібе-ре қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып көр, айта көр, айта сал, айта қпй, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта түс т. б.
Аналитикалық тіркесте жетекші етістік пен көмекші
етістікті селбестіріп, екеуін бір тұлға (единица) етуге, әдетте, көсемше, есімше, рай жұрнактары және кейбір көмекші сөздер дәнекер болады. Егер тіркесте ондай дәнекер болмаса, компоненттері бір-бірімен кіріге ал-май ыдырап кетеді де, аналитикалык етістік біртұтас тұлғалык (единицалык.) мағынадан да, функциядан да айрылып қалады.
Сонымен, аналитикалык етістік я аналнтикалык түл-ға (единица) болу үшін, біріншіден, негізгі етістік, екін-шіден, оған қосылатын дәнекер форма, үшіншіден, кө-мекші кызметін атқаруға тиісті тағы бір етістік қатысуы керек. Егер, осы компоненттер түгел болмаса, анали-тикалық етістік жасалмайды. Ендеше, аналитикалык. етістік кемі осындай үш компоненттін. тіркесуі я бірле-суі арқылы жасалады.
Аналитикалық етістік — етістіктін. (сөз табының) сыртқы қүрылысы жағынан да, мазмүны жағынан да аса бай, кызметі жағынан төтенше ерісті, ерекше катего-риясы. Бүл категорияға тән әрбір жеке форманыц яки жеке-жеке аналитикалык. етістіктің лексикалық мазмү-ны бірінші компонентке (негізгі етістікке) телулі болса, грамматикалык семантикасы мен формалары соңғы екі компонентке (жетекші етістіктің қосымшасына және кө-мекші етістікке) байлаулы болады. Мысалы: Шөлдеп кеттім, ұйықтап қалдым деген аналитикалық етістіктер-дің лексикалық мағыналарына ие сөздер — іиөлдеп жә-не уйықта етістіктері де, грамматикалық семантнкала-ры мен формаларының көрсеткіштері — біріншісінде -п кет, екіншісінде -п кал бөлшектері. Ал екеуінде де қосылып түрған кейінгі формалар (-ті+м; -ды + м) — өткен шақ жүрнағы мен жіктіктің бірінші жағының жал-ғауы.
Аналитикалық етістіктің грамматикалық семантика-сын білдіріп, оның көрсеткіші есебінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі — көсемшенін жүрнағы мен көмекші етістік — мағына жағынан да, қызметі жағынан да дә« йім бірлікте жүмсалады да, бір ғана грамматикалық формант ретінде кызмет етеді.
§ 82. АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАЛАР
Жетекші (дербес) етістік пен белгілі бір граммати-калық категорияның мағынасын білдіретіи көмекші етіс-тіктердің бірлестігі аналитикалық форма деп аталады.
г\далитикалык формада негізгі етістік көмекші етістік-ген бүрын түрады да, аналитикалык тіркестіғі негізгі «ағынасына жетекшілік етеді. Ал, аналитикалык фор-малы етістіктің құрамындағы көмекші етістік қоСьш-далар сиякты белгілі бір категорияға тән грамматика-лык мағынаны білдіріп, сол категорияның морфология-пык көрсеткіші ретінде қалыптасады. Аналитикалық формалар, негізінде. жетекші сөз бен аналитикалық Іюрманттардың тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. Эндай жасалымда аналитикалык. форманы жасаушы аналитпкалык форманттардың өзі етістіктің граммати-калық категорияларыньні көрсеткіші ретінде жүмсала-цы. Демек, аналитикалық форманттар аркылы жасал-ған аналитикалық формалар (аналитикалық етістіктер) сол категорияның парадигмасына енеді.
Мысалы, ертерек барса екен, өз көзімен көрсе екен дегенде осындағы барса екен, көрсе екен деген етістік-тер екеу-екеуден бірлесіп кана бару, көру деген лекси-калық мағынаны білдіреді. Бірақ сол мағьшаға тілек, қалау мағыналарының үстеліп түрғаны ацғарылады. Ондай мағыналар бар, көр, сөздеріне тән емес. Олар бар, көр сөздеріне косылып айтылып түрған -са (-се) жүрнағы мен екен көмекші етістігіне тән. Екен көмекші етістігінін қалау рай мағынасын беруі, оның шартты райдағы етістікке тіркесіп айтылған кезінде ғана пай-да болады. Сонда ғана шартты рай жүрнағы (-са, -се) мен екен көмекші етістігі бір мағынаны білдіретін түтас бір единицаға (мағынасы бір түлғаға) айналады. Мүн-дайда грамматикалық мағына жетекші дербес етістікке қосылып айтылатын жүрнақ пен кемекші етістік арқылы беріледі де, бүлар әркашан қүрамдық бірлігі мен орын тәртібін сақтап отырады.
Аналитикалық етістікке әр түрлі аналитикалық фор-манттар косып, ол сөзді әр түрлі грамматикалык. кате-горияның аналитикалық формасына айналдыруға бола-ды. Мысалы, барса екен, көрсе екен, бара сал, көре сал, барғысы келді, көргісі келді дегенде жетекші дербес сөздердің негізі сол күйінде (бар, кер) сақталған да, өзгеріске түсіп әр түрлі аналитикалық форма жасап түрған — тек аналитикалық форманттар (-са екен, -а сал, -ғысы кел).
Етістіктің аналитикалык формасы сөйлеушінің етіс-тікті қалай етіп, қай түрде қолдануына байланысты. Сөйлеушінің қалайша қолдануына сәйкес аналитикалық
формалар да әр түрлі болады. Мысалы, барып қал-ды, көріп ңалды, барып қойды, көріп қойды, бара бер-ді, көре берді т. б. дегенде, әрбір аналитикалық фор-маның өзіне тән әр түрлі грамматикалык мағыналары бар. Бұдан байқалатыны: ең алдымен, әрбір аналити-калық формалы етістік етістктің белгілі бір граммати-калық категорияның көрсеткіші ретінде жұмсалатынды-ғы. Екіншіден, етістіктің аналитикалық формасы етіс-тіктің белгілі бір категориясының көрсеткіші болып танылатын аналитикалық форманттар арқылы жасала-ды; үшіншіден, осы аналитикалық форманттар арқылы жасалған аналитикалык. формалы етістіктер сол кате-горияиың парадигмасы болады.
Аналитикалық формалы етістіктер сырттай қүранды етістіктер мен күрама етістіктер және түрақты етістік-терге үқсас келеді .Бірақ олар сырттай үқсас болып кө-рінгенімен жасалу жолдары және мағыналары жағынан мүлде баскаша болады.
Мысалы, қүранды етістік пен аналитикалық форма-лы етістіктердің сырттай үқсастығы — екеуінің де ком-поненттерінің жетекші дербес сөз бен көмекші етістіктен қүралуында. Бірак олардың жетекші компоненттері мен көмекші сөздерінің атқаратын қызметтері басқа-басқа болады. Ең алдымен, қүранды етістіктердің жетекші компоненті есім сөздер болса, аналитикалық форма-да — етістік сөз болады (ңурмет ет пен бара бер дегенді салыстырыңыз). Екіншіден, қүранды етістіктің екінші компоненті негізгі етістіктер болса, аналитикалық фор-мада — көмекші етістік болады. Осы сияқты аналити-калык формалы етістіктің қүрама етістіктерден езіндік айырмашылығы бар. Егер қүрама етістіктердің компо-иенттері толық мағыналы сөздер болса, аналитикалық формалы етістіктердің компоненттері толық мағыналы сөз бен көмекші сөздерден құралады. Қүрама етістік пен аналитикалық етістіктің компоненттері әр түрлі қызмет атқарады. Егер қүрама етістіктің компоненттері біртүтас сол сездердің лексикалық мағынасын жасаса, аналитикалық формалы етістіктердің бірінші компонен-ті лексикалық мағына береді де, екінші компоненті со-ған грамматикалық мағына үстейді. Мысалы, барып кел, көріп кел деген қүрама етіетіктердің компоненттері бар, көр, кел деген дара қимылды білдірсе, барып кел, көріп кел деген де бірінен соң бірі іле-шала істелетін күрде-лі қимылды білдіреді, бірақ әрбір сез ез мағынасып
сактап калады. Ал, бара сал, көре сал десек, жетекші етістік бар, көр ез мағынасын сақтайды да спл етістігі көмекші мағынаға ауысып, біртұтас аналитикалық фор-малы етістік түрінде қимылдың ету барысын білдіреді.
Аналитикалык формалы етістіктің тұракты тіркесті етістіктерден негізгі айырмашылыгы — оның бір компо-нентінің ғана дербес мағынасы болмауында, тұрақты тіркесті етістіктердің барлық (екі, үш, төрт) компонен-ті түгелдей дербестігінен айырылған сөздер болады. Мысалы: жығылып қалды, сүрініп кетті дегенде екінші компонент қал, кет етістіктері ғана өздеріпің негізгі лексикалық мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Егер қол ушын берді десек, мүнда үш сөз бірдей өзіндік лек-сикалык мағынасынан ауытқып барып, «жәрдемдесті» деген мағынаны білдіріп түр.
Сонымен қорыта айтатын болсақ: аналитикалык фор-малы етістіктер сейлемде бір ғана лекснкалық мағына-ны білдіреді. Олардың қүрамында бір ғана жетекші дербес сөз болады да, оған тіркесіп айтылған көмекші сөз сол жетекші сөзге қосымша грамматикалык мағына үстеу үшін қолданылады. Демек, аналитикалық фор-малы етістіктін күрамындағы көмекші сез өзінің негізгі лекснкалық мағынасынан ауытқып, тек грамматикалық мағына ғана үстеу қызметіне ауысады. Жалпы алған-да, аналитикалық формалы сөздер — етістікке тән бел-гілі бір грамматикалық категориялардың формасында колданылған сездер болып танылады.
і
83. КӨМЕКШ! ЕТІСТІКТЕР МЕН АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАР
Аналптикалық етістікті жасауда кемекші етістің кызметі ерекше. Көмекші етістік болмаса, аналитика-лық етістік де жасалмайды. Сол оебепті аналитикалық етістіктіц негізгі белгілері болып танылатын аналити-калық формалар да көмекші етістікпен тікелей байла-
нысты.
Жалпы, көмекші етістіктердің қызметтерін тани білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу — қазақ тілі грамматикасынын аса бір қызық та, киын да, маңызды мәселесі. Оның кызыктығы да, қиындығы да мәселенің күрделілігіне байланысты. Осы күрделіліктің
үлкен бір түйіні аналитикалык, форманттарға тікелей қатысты.
Әдетте, көмекші сөз туралы әңгіме бола қалса, бір-ден оның не мағына жагынан олқылығы, не форма жа-ғынан жетімсіздігі, не қызмет жағынан шалағайлығы бар екендігі туралы ғіемесе осылардың бәрі бірдей оның басынан түгел табылатындай бір ой я түсінік көкенге орала кетеді. Көмекші етістікті атағанда да, дәл осы ұғым ілесе туа қалады.
Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тіліміз-де атқаратын қызметі орасан зор. Олардыц көмегі ар-қасында, мағыналары каншалыкты олқы бола түрса да, мағынасы толық дербес сөз арқылы білдіре алмай-тын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматика-лық абстракты мағығіалар жасалып я беріліп отырады. Мысалы: шөлдеп кеттім және шөлдеп қалдьім, серпіп жіберді және серпіп тастады, бере салдым және бере қойдым, жығылып кете жаздадым және жығылып ңала жаздадым... деген етістіктердің бір-бірінен ерекшелене-тін нәзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ғана ажыратуға болады.
Көмекші етістіктердің колданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатын семантикалық үлестерде, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде бірдей емес. Солай болғандарымен де, ортақ сипаттарын ескере оты-рьғп, оларды ең әуелі толымды көмекшілер және толым-сыз көмекшілер деген екі салаға бөліп карауға болады. Бұл етістіктер түрақты және ауыспалы деп аталады.
Толымды көмекші етістіктерге бір жағынан, негізгі лекснкалық мағынасын толық сақтап, дербес грамма-тикальіқ функцияларын түгелдей атқарып, етістік атау-лыға тән парадигмалык формалардың бәрін кабылдап,
жазба тілде де, сөйлеу тілінде де дербес сөз мүше ре-тінде қолданыла беретін, солай бола түра, екінші жағы-нан, аналитикалық етістік қурамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған досым-ша абстракты грамматикалық мағына үстейтін бір ал-уан (30 шамалы) етістіктер жатады. Ондай толымды көмекшілердің қатарына жататын етістіктер мыналар:
ал, бар, бер, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жүр, жөнел,
жібер, кел, кет, көр, қал, қара, қой, сал, таста, түр, отыр, өт, шық, де, қыл, ет.
Толымды көмекшілердің әрі жетекші (негізгі), әрі көмекші (жәрдемші) етістік ретінде қызмет атқараты-нын мынадай нүсқалардан көріп, мойындауға әбден бо-лады. Мысалы: ол поездан ңалып қойды: ол үстелді ңо-йып қалды дегендерді салыстырсақ, қал етістігі алғаш-қы тіркесте жетекші, соңғы тіркесте көмекші болып тұр-са, қой етістігі, керісінше, алғашкыда — көмекші, соң-ғыда — жетекші болып түр. Сондай-ақ бере сал және сала бер, сала крй және кря сал, бере көр және көре бер... тәрізді аналитикалы тіркестердің сипаттары да осындай. Етістікке тән парадигмалык формалардың бә-рі де қажетіне қарай аналитикалы етістіктің көмекші компонентіне қосылады. Мысалы: қалып қойды, қалып ңойған, ңалып ңоятын, ңалып қояр, қалып крйса, қалып қоііма, қалып крйғалы (отыр), қалып қойып (жүрме), қалып коймайыншы, қалып қойганша, қалып қойган-дықтан, ңалып крярлыкүтай т. б.
Кейбір толымды көмекшілер негізі басқа етістікке я жетекші, я көмекші болып қана қоймай, өзіне-өзі әрі жетекші, әрі көмекші болып, аналитикалы форма жасай алады. Мысалы: ала алдың ба? Үйде қала қалған екен-сін, ғой; ендігісін айтпай, ңоя кой; мынаны жәшікке са-ла сал; дәптерді үлестіріп бере бер; қар түсе түссе игі еді; сол киноны көре көр; біле білсең, білім кітапта; ба-ла жүріп жүр; қонақтар жатып жатыр, сіз сәл түра түрыңызшы т. б. Бүдан толымды көмекшілердің семанти-сы ерекше, қызметі де төтенше екені айқындала түседі.
Толымды көмекшілердің бірде-біреуі негізгі етістік-ке тиісті дәнекер қосымша (-а, -е, -й; -ып, -in, -п, әредік -ган, -тын, -р...) жалғанбаса яғни жетекші етістікке ай-налмаса, көмекші етістікке тән касиетке ие бола ал-майды, яғни көмекші етістік ретінде жүмсалмайды да, онын, қызметін де атқара алмайды, өйткені негізгі етістік-ке ондайдәнекер (қосымша) жалғанбаса, екінші (көмек-ші) етістік оған (бірінші етістікке) грамматикалык семантика үстейтін компонент бола алмайды. Мысалы. айта сал, айта крй, айта көр, айта бар, айтып крй, ай-тып көр дегендердегі бірінші (негізгі) етістікке жалға-нып түрған -а, -ып жүрнақтарын алып тастасак, бүл тіркестердін бірде-біреуінен де айқын түсінік аңғарыл-май, олар қиыстырылмай, әлдеқалай іргелестіріле салынған екі-екі сөздін тізбегі (айт сал; айт қой; айт көр)
болады да шығады. Сондай-ақ, айта сал, айтып сал...
деген тіркестерден комекші етістіктерді альіп тастап, тек негізгі етістікті қосымшасымен (айт, айтып) ғана калдырсақ та, аналптикалық тұлғаның (единицаның) формасы да, мағынасы да жоғалып, кәдімгі жай көсем-ше форманың (айта, айтып) соқа басы ғана қалады
Толымды көмекшілер мен жетекші етістікке қосыла-тын форманың (кесемше журнағының) бір-бірімен тір-кесу қабілеті де, бұл екі компоненттің бірлесіп, жетекші етістікке үстейтін семантмкалық мағынасы да бәрінде біркелкі емес. Мысалы: ал, бар, бер, кел, кет, көр, қал, қой, сал, таста, шық, жатыр, жүр\ түр, отыр 'етістіктері көсемшенің -а (-е, -й) жұрнағымен де, -ып (-іп, -п) жұр-нағымен де тіркесіп, семантикалық айырмашылықтары бар, демек, алды-алдына формант ретінде жұмсалып, екі түрлі саралама (аналитикалы) етістік жасауға қатыса-ды. Ал, кейбір көмекшілер тек -а (-е, -й) жұрнағымен ға-на (айта бастады; тыңдай түсті) тіркессе, кейбіреулері тек ып (-іп, -п) форма жұрнағымен ғана (айтып жібер, тыңдап қара) тіркесіп, сынар аналитикалы етістіктер жасауға ғана катысады.
олымсыз кемекші етістіктер. Бүл топка енетін көмекші етістіктердің саны көп емес. Оларға сөз-діктен жеке сөз ретінде лүғаттық орын алғанымен, прак-тикада (ауызша, жазуша тілде) я әуелгі (ер), я қазіргі
түбір күйінде қолданылмайтын жалғыз сөз -е етістігі ғана, ол негізден өрбіген формалардан сақталып жүрген шалағай еді (ер+ ді), екен (ер+ кен), емес (ер+ м е+ с) сөздері және еміс-еміс деген қос сөз ғана жатады.
Бұл көмекші етістіктің е түбірінде қазір толық лек-сикалық мағына жоқ. Оның тек жоғарыда аталған еді, екен, емес, еміс-еміс формалары ғана болмаса, езге па-радигмалық формалары қазіргі тілден шығып қалған. Сейтіп, бұл көмекшілер — мазмұны жағынан да, форма жағынан да шалағай, яғни, толымсыз сездер. Бірақ лек-. сикалық мағыналары да, грамматикалык формалары да толымсыз (шалағай) болғанымен, олар тілімізде айы-рықша мол функция атқарады.
Бұл кемекшілер жалан жзке күрделі есімдерге де, етістіктін көптеген категорияларына да, күрам-қүрылыс-тары аралас басқа сөздерге де талғамай тіркесе береді. Мысалы: бала еді; аға дәрігер екен; қырық-отыздар шамасында екен; қарала-торы ала емес; тап-таза екен;
бесеу едік; бес-алтыдай еді; біз едік; келіп еді; келер еді іселетін еді; келмек екен т. б.
Еді, екен, емес формаларының аса жиі колданылуы — олардың қызметтері байлығына айғак. Бұл көмекшілер ездері тіркескен сездерге ешқандай да лексикалык ма-ғьша я реңк үстемейді, тек грамматикалық мағына ғана жамайды. Олардың қысқаша сипаты мынадай:
Еді көмекшісі тарихи е (ер) етістігінің жедел өт-кен шақ формасынан (ер+ ді) қалыптасқан. Осыған сәй-кес, еді формасы қай сөзге тіркессе де, оған өткен шақ мағынасын үстейді және жіктеліп жұмсалады да, қай жак екенін көрсететін көмекші сөз ретінде қызмет етеді. Сөйлеу тілінде де, жазбашада да еді сөзі жіктелгенде, I, II жақта ді элементі, III жақта соңғы і дыбысы толык сақталып та (е-дім; е-дің; е-ді), кейде сақталмай, ық-шамдалып, түсіп калып та (е-м; е-ң; ед) жүмсала береді. Мысалы: Тәңірі ңоскан жар едің сен, жар ете алмай K e rin ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ем (Абай); Мен гагиыққа мас емес пе ем? Кетсең еді үзатып (бүл да) т. б. Екіншіден, осы мысалдардан, толық түрі болса да, ықшам түрі болса да, еді кемекшісі тіркескен сөздерге лексикалык реңк (мағына) жамап тұрмағаны, тек кана грамматнкалык, шақ, жақ категорияларының ыағыналарыи косуға дәнекер болып түрғаны көрінеді.
Осы көмекшінің дәнекерлігі (катысы) арқасында ті-лімізде еткен шак мағыналарын білдіретін мынадай аналнтикалык. форманттар қалыптаскан: -ып еді (айтып еді; -қан еді (айтқан еді); -атын еді (айтатын еді), -ар еді (айтар еді); -са еді (айтса еді); -ушы еді (айтушы еді); -са игі еді (айтса игі ед і);-а (-е, -й) жатыр еді (ба-ра жатыр еді, келе жатыр еді); -а жатқан еді (бара жат-ңан еді) т. б. Өткен шақ мағыналарын (реңктерін) біл-діру жағынан әрине, бұл форманттар бір-бірімен теғі емес, олардың реңктері басқа-басқа («шақ категория-сы» деген тақырыпты қараңыз).
с к е р т у: Тілімізде барған-ды, келген-ді, барған-мын-ды, қүрбымыз-ды... сияқтылардай -ды (-ді, -ты, ті) шылауы көп қолданылады. Бүл шылау — осы аталған еді көмекшісінен форма жағынан ықшамдалып, мағына жағынан шақталып қалыптасқан форма.
Екен көмекшісі әуелгі ер түбіріне есімшенің -кен (-ген, -қан, -ған) жүрнағы қосылған формадан қалып-тасқан. Бүл көмекші де (екен) өзі тіркескен сезге лекси-
калық реңк (мағына) коспайды, тек шақ, жақ категория-ларына қатысты мағымалар үстейтін дәнекер есебінде жүмсалады. Екен көмекшісі де жіктелгенде, формасын толық сақтап та, ықшамдалып та, сәл езгеріліп те оты-рады. Мысалы, түс көрген екенмін деп те, түс көрген деп те колданыла береді.
Екен көмекшісі есімшенің өткен шақ формасында (-кен, -ген...) қалыптасқандықтан, әдетте, өзі тіркескен сөзге бүрын өткен амал я әрекет екенін білдірерліктей қосымша мағына үстейді. Осыған сәйкес, екен кемекшісі-ніц қатынасымен күрделі еткен шак категориясын жа-сайтын мынадай аналитикалық форманттар калыптас-қан: -ған екен (барған екен); -атын екен (баратын еісен); -ады екен (барады екен); -са екен (барса екен); -ар ма екен (барар ма екен?): -ып па екен (барып па екен?); -мақшы екен (бармақшы екен); -а жатыр екен (ба-ра жатыр екен); -ып жатыр екен (барып жатыр екен); -а жатады екен (бара жатады екен) т. б. Сондай-ақ, тұр, жур, отыр етістіктері қатысып та күрделі форманттар жасалады (ып тұр екен...). Бүл форманттардың да өткен шақ мағынасын білдіру кабілеті күшті болғанмен, ол мағьшалардың реңктері бірдей емес, қилы-килы («Өткен шақ» деген тақырыпты караныз).
Емес көмекшісі әуелдегі ер + м + с формасынан пайда болған. Бірақ бұл форма өзі тіркесетін сөзге еш-қандай да шақтық мән үстемейді, тек болымсыздық ма-ғына үстейді, бірақ, қажетіне карай, жақ формаларын кабылдайды. Мысалы: мен бала емеспін; сіздер көрген емессіздер т. б. Сөйтіп, бүл форма шақты білдіру ка-білетінін айрылып, тек болымсыздық мағына білдіретін дәнекер сөз болып калыптаскан.
с к е р т у: Қазіргі еміс-еміс (білемін, естимін) де-ген кос сөз әуелгі ер+ міс (ер+ м іш ) формасының қай-талануынан туған сөз тәрізді.
Сонымен, екен, емес еді көмекші етістіктері бірінші ден, өздері тіркесетін сезге шак, ж ақ ұғымдарына қа-тысты қосымша реңк жамайтын форма ретінде және сол форманың көрсеткіші есебінде жүмсалады, екіншіден, аналитикалык форманттардьщ тұрақты компоненттері-нің бірі ретінде қызмет етеді.
Толымсыз көмекші етістіктер катарына жазда етіс-тігін де жатқызуға болады. Ж азда етістігінің мағына-сы да, формасы да, қызметі де толымды етістіктерден
гөрі толымсыз етістіктерге жақын. Оныц өзіне тән мы-надан сыр-сипаттары бар.
Жазда етістігі тіліміздің ертеректегі дәуірлерінде лек-сикалык мағынасы толық, жеке-дара қолданылатын сөз болған. Оған жаздьш-жаңылдым; жазығым не? не жаз-дым? деген сияқты формалар айғақ. Бірак қазіргі тіліміз-де бұл сөз тек жазда (бастапқы төркіні — йаз, жаз) тү-рінде ғана үшырасады да, жеке-дара жүмсалмайтын на-ғыз көмекші етістік болып калыптасқан.
азда етістігі қазіргі кезде лексикалық мағынасыто-лык емес, шалағай сез. Ж азда етістігі мағына жағынан толымсыз е(еді, скен) көмекші етістігіне ұқсас, бірақ түр-ленуі, функциясы жақтарынан оған үқсамайды. Өйткені бүл көмекші өзге етістіктерге жалғанатын парадигмалык формалардың бәрін де кабылдай береді және көсемшенің -й (-а, -е) формасымен тіркесіп, аналитикалық формант (-й жазда) қүрайды. Бүл сипаттары жағынан жазда то-лымды көмекші етістіктерге үқсас және қызметі женінен де олардың бірде-біреуінен кем түспекді.
Жазда көмекшісі жетекші етістікке көсемшенің тек -й (-а, -е) формасы аркылы ғана (й жазда) тіркеседі де, оған басталған амал бірсыпыра істелгенімен, бір себеп-п€и тынбай калғанын білдірерліктей реңк үстейді, демек, амал я әрекет басталсымен-ақ немеее үзіліп калғанын, немесе белгілі шекке жетпей, аяқталмай қалғанын бағдарлатады. Мысалы: жығыла жаздадым, ұмыта жаз-дадым дегендерден жығылу, ұмыту процестері басталға-иымен аяқталып тынбағаны, жеріне жетпей калғаны ац-ғарыладк. Сондай-ақ, жығылып қала жаздадым; оууды тсістсіп кете жаздадым; ұмытып кете жаздап қалған екенмін... дегендерден тек -а жазда (й жазда; -е жазда) формантына тән семантикалық реңкті ажырату жағы-нан ғана болмаса, тіркесу жүйесі, жүмсалу реті және қызметі жақтарынан өзге аналитикалық форманттардан ерекшеленетіндей айырмашылық табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |