Астық өнімінің сапасын анықтау практикумы



Pdf көрінісі
бет53/74
Дата29.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#183023
түріПрактикум
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74
Байланысты:
Астық өнімінің сапасын анықтау практикум

Типтік құрамын анықтау 
 
Собықты жүгерінің типтік құрамын собығы және дәні бойынша анықтайды. Собық 
бойынша типік құрамын анықтау біріктірілген үлгіде жүргізіледі, ол үшін 10 немесе 100 
собық алынады. Олардан әр типтегі собықтар бөлініп алынып, саналып, % қатынаста 
есептеледі. 
Дән бойынша типтік құрамы массасы 50 г шөкімдегі орташа үлгіні ұнтақтағаннан 
кейін анықтайды. 
Шөкімнен собықты жүгерінің дәндерінің негізгі типінен жүгерінің басқа қоспаларын 
бөліп алады. Алынған фракциялар өлшеніп шөкімге қатысты % есептеледі.
Собықты жүгерінің ылғалдылығын анықтау 
 
Біріктірілген үлгіден үш собықты бөледі. Дәннің және негіздің ылғалдылығын бөлек 
анықтайды. Собықтарды қолмен немесе жүгері ұнтақтағышпен үгітеді, алынған дәннен 
массасы 50 г шөкім алады. Шөкімді белгілі бір ірілікке дейін ұсатады, содан кейін 
массасы 5 г-дық екі шөкім алып, оларды негізгі әдіс бойынша немесе егер ылғалдылық 18 
% көп болса алдын-ала кептіру тәсілімен кептіреді. 
Түпнегіздің ылғалдылығын анықтау үшін әр түпнегіздің шеттерінен ұзындығы 2 см 
кескін кесіп алып, лақтырып тастайды. Сосын түпнегіздің шетінен және ортасынан 3 см-
ден кесіп алып, оларды қаққа бөліп ылғалдылықты негізгі әдіс бойынша 5 г-дық 2 
шөкімнен де анықтайды. 
Собықты жүгері ылғалдылығын бөлшекпен, дән ылғалдылығын – алымында, сабақ 
ылғалдылығын – бөлгішінде жазылады. 
Ылғалдылықты собықты жүгерінің барлық партиясына түпнегізбен дәннің 
арақатынасына қарай қайта санайды.
Мысалы: дән ылғалдылығы-20 %, түпнегіз ылғалдылығы – 24%, собықтағы дән 
мөлшері – 78%, түпнегіз - 22%. Собықты жүгерінің партиясының жалпы ылғалдылығы 
тең болады: 
20 х 78 24 х 22 
--------- + --------- = 22.8% 
100 100 
Собықтан дән шығуын анықтау 
 
Мөлшері 10 собықтан тұратын орташа үлгіні өлшеп, ұнтақтайды. Ұнтақталған дәнді 
өлшейді. Ұсақ түпнегіздері бар астық қоспасынан таза дәнді анықтау үшін, массасы 100 г 


64 
шөкім алынып, одан ұнтақтау кезінде түсіп кеткен түпнегіз бөлшектері бөлінеді. 
Тазартылған дәндер өлшенеді. Дәннің шығуын мына формуламен анықтайды: 
m
1
х m

X = ---------- 
m
мұнда:
m

– орташа үлгіні ұнтақтағаннан кейін алынған дән массасы, г 
m

- 100 гр-дың шөнімдегі таза дән массасы, гр; 
m – орташа үлгіні ұнтақтағанға дейінгі собық массасы, г 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет