Антон В., 6 айлық мынадай бағытталған диагнозбен ауруханаға түсті: Балалар экземасы, өршу сатысы. Анамнез: бала 1ші жүктіліктен, мерзімінен ерте туылған. Туылғандағы дене салмағы 2850, бойы 50см. Табиғи тамақтандыру 2,5 айға дейін. Баланы жасанды тамақтандыруға («Агуша» қоспасы) өткеннен кейін бет терісінде микровезикулалар, қабыршақтармен қышитын қызару аймақтары пайда болады. Ары қарай сүт қоспалары («Фрисолак», «Энфамил», «Хумана», «НАН» және т.б.) жиі ауыстырылған, соның әсерінен терілік өзгерістер жамбаста, аяқ-қолдарда, денеде біртіндеп тарады; қышу күшейді. Сыртқы медикаментозды препараттар («болтушка», кремдер, майлар, шөпті ванналар) және антигистаминді препараттарды қолдану қысқа ғана әсер берген. 3 күн бұрын қоспаларды (ешкі сүтінен сұлы ботқасы) енгізгеннен кейін терілік көріністер күшейді, айқын мазасыздану (бала тіпті ұйықтамайды), шыршыпен сілемейлі жиі нәжіс жиіленген. Баланың анасы нейродерматитпен ауырады, әкесінде – поллиноз. Түскен кезде: баланың жағдайы ауыр, мазасыз. Бастың шашты бөлігінде «қалпақ» түрінде себореялық қабыршақтану көріністері. Теріде барлық жерде (арқадан басқа) сулану және серозды қабыршақпен эритема аймақтары. Құлақтың арқасында, мойын қатпарлары аймағында, шынтақ және тізеасты бүгулерінде, аралықтарда – майда пластинка тәрізді ісінулермен сулану аймақтары байқалған. Диаметрі 0,5-0,6см дейінгі перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырсынусыз. Тынысы пуэриьді. Жүрек тондары ырғақты, ЖЖЖ -114р/мин. Ішін пальпациялағанда ауырсынусыз, кішкене кепкен, тоқ ішек бойымен құрылдау естіледі. Бауыр қабырға доғасынан +3,0см төмен. Көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжіс сілемейлі, сары-жасыл түсті, қорытылмаған қалдықтар мен шырыш аралас. ЖҚА:: Hb – 101 г/л, Эр – 3,1х1012/л, ЦП – 0,8, Лейк – 11,2х109/л, т/я – 7%, с/я – 33%, эоз – 9%, лимф – 41%, мон – 10%, ЭТЖ – 12 мм/сағ.
Қан биохимиясы: жалпы белок – 68 г/л, темір – 8,1 мкмоль/л (N=10,4–14,2), жалпы темірбайланыстырушы қасиеті – 87,9 мкмоль/л (N=63,0-80,0).
Қан сарысуындағы IgEдеңгейі 830 Б/л (N – 100 Б/л дейін).