45. Қазақстан-2050 стратегиясы: қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру мен жаңарту бағыттары (14 - желтоқсан 2012 жыл).
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.
Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады.
Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады.
46. ХХ ғ. 20-50 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. Ұлттық интелегенцияны жазалау (XX ғ. 30-50 жж.). Қазақстандағы «Үлкен террор».
Бұл жылдары Қазақстанның барлық аймағында Кеңес өкіметі кең қанат жайып, өзінің өктемдігін толық жүзеге асыра бастады. Қосшылар одағы, шаруалардың өзара көмек комиттері сияқты басқа да қоғамдық ұйымдар маңызды жұмыстар атқарды. Ауылдық-селолық жердегі 20-жылдары жүргізілген басқа да бұқаралық іс-шаралардың бәріне шаруалар ұйымдары қатысқан. Шаруалардың бұқаралық ұйымдарының жасампаздық қызметі 30-жылдардың басына қарай тоқтатылды. Сталиндік, голощекиндік ұжымдастыру басталып, демократияның шектелуіне байланысты жоғарыда аталған бұқаралық ұйымдар, алдымен, Қосшы одағын таратып, мүліктер мен оларға қарасты кәсіпорындарды ұжымшарлардың бөлінбес қорына берді. 20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірді сөз еткенде төмендегі мәселеге ерекше назар аудару қажет. Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға кірісті. Бұл зерденің иелері ұлттық зиялы топтың көрнекті өкілдері болатын. Соларға қысым көрсетуге бағытталған кең көлемді шаралар жүргізіле бастады. Кеңестік Шығыс халықтары мен ішінара Еділ бойының халықтары жүздеген жылдар бойы араб әліпбиін пайдаланып келгені мәлім. Араб әліпбиі жоғарыдан берілген бұйрық бойынша 1929 жылы латын әліпбиіне, ал 1940 жылы кириллицаға көшірілді. Осының салдарынан қазақтар бір ұрпақтың өмірінде ғасырлар бойы ұлттық мәдениеттің інжу-маржандары саналып келген кітаптар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер, бағалы тарихи материалдарынан айырылды.
«37» деген сан халық зердесіне қанды әріптермен жазылып, мәңгі өшпестей орын алды. Қаһарлы да қорқынышты кезеңнің символы сынды сол цифрлар содан кейінгі жарты ғасыр бойы ауыздан ауызға негізінен құпия ғана жеткізілді. Қысқа мерзімгі «жылымықта» да шын сырын ашпады. Шын сырын ашпаған күйі, үрейлі науқанның белгісі ретінде жүрек түкпіріне ұялаған қалпы, бертінге дейін санада өзгеріссіз сақталып келді. Тек тоталитаризмнің көбесін сөккен қайта құру жылдары мен тәуелсіздік дәуірі ғана қаралы кезең шындығын ашуға мүмкіндік берді.
Халық жанына жойқын жара салған осынау үрейлі Отыз жетіде тарихтағы ең қатыгез және жаппай сипат алған кісі өлтіру науқаны басталды. Шетелдік зерттеушілер «үлкен террор» деп атаған сонау 1937–1938 жылдары Кеңес Одағында, халықаралық «Мемориал» тарихи-ағарту қоғамының мәліметі бойынша, 1 миллион 710 мыңнан астам адам саяси айып тағылып тұтқынға алынған да, солардың кемі 725 мыңы атып тасталған. (Бұлардың ішінде атылған 25 мыңдай қазақстандық да бар). Совет мемлекеті осы Үлкен террор кезінде орта есеппен күн сайын өзінің бір мың азаматын атып өлтіріп отырды.
«Мемориалдың» тұжырымдауынша, Үлкен террор, сөз жоқ, – совет өкіметінің айрықша қанды із қалдырған террорлық науқаны, дегенмен бұл оның мейлінше салқынқандылықпен жүзеге асырған көп террорлық әрекеттерінің бірі ғана. Өйткені мұндай қылмысты оқиғалар кеңестік биліктің әйгілі Қазан төңкерісінен бергі бүткіл ғұмыры бойы орын алып келген.
47. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы.
Орыстандыру — патшалық Ресей империясы мен Кеңес Одағындағы халықтарды ана тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен, ұлттық болмысынан айырып, орыс ұлтына сіңіру, ассимиляциялау бағытында жүргізілген саясат. Ресей империясында орыстандыру шоқындыру ісімен тығыз байланыста жүргізілді. Отарланған аймақтардың халықтарын православиеге көшіруде патша өкіметі бастапқы кезде күш те қолданды. 16 ғасырда жауланған Қазан, Сібір және Астрахан хандықтарының халқын орыстандыру барысында билік орындары жергілікті мешіттер мен ислами білім беру орындарын өзіне қаратуға тырысты. Күш қолдану нәтижесінде Сібір мен Орал өңірі халықтарының көпшілігі христиандықты қабылдауга мәжбүр болды, шоқынган татарлар, марийлер, мордвалар қауымдары қалыптасты. Орыстандыруды күштеп жүргізу халық наразылығын өршіте түсетіндіктен патша өкіметі 19 ғасырдан жаңа әдіс қолдана бастады. Осы ретте 1865 жылы«Православие миссионерлік қоғамы» құрылып, оның басты мақсаты ретінде Ресей империясында өзге ұлттарды шоқындыру және олардың арасында христиандық өмір салтын нығайта түсу екендігі белгіленді. Бұл қоғам құрылғаннан кейінгі 15 жыл ішінде бүкіл империя көлемінде 86 мың, ал 1881-94 жылдары аралығында 129 мың адам православиеге өтті. Қазақ халқын орыстандыру үшін 1895 жылы«Қырғыз православиелік миссионерлік қоғамы» құрылып, 20 ғасырдың басында Семей облысында - 5, Ақмола облысында - 3 жергілікті бөлімшесі ашылды. Орыстандыру жер мәселесімен де тығыз байланыстырылды. Мәселен генерал- губернатор Е.Колпаковский ішкі Ресейден келген орыс шаруаларын қазақтармен аралас қоныстандыруға ерекше мән берді. Христиан дінін қабылдап, орыстанған қазақтарға орыс мұжықтарына берілетін жеңілдіктерді жасауға тырысты. Билік орындарыньщ шенеуніктері отар аймақтардың халықтарын орыстандыруды нәтижелі жүргізу үшін миссионер ғалымдардан «бұратаналардың» дінін, тілін, әдебиетін, әдет-ғұрпын, тарихын, этнографиясын, психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты терең танып меңгеруді басты шарт ретінде талап етті. Мәселен 1881 жылы Ташкентте ашылған Шығыстану қоғамы алдында Шығыс халықтарын орыстандыру міндеті тұрғанын Түркістан әскери округі басшысы генерал Мациевский баса ескерткен. «Бұратана» халықтарды орыстандыру жолындағы патша өкіметінің айла-әрекеттерінің бірі - мұсылман халықтарының ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб әліпбиі негізіндегі жазуын қолданыстан шығару болды. Араб әліпбиін мұсылман халықтарының қолдануынан қалайда ығыстырып, оньщ орнына кириллицаны енгізуді жүзеге асыруда Н.И.Ильминский белсенділік танытты. Оның ойынша мұсылман халықтарының жазуын кириллицаға көшіру арқылы «бір оқпен екі қоян өлтіруге болады». Біріншіден, оларды ислам дінінен айыруға, екіншіден, православиеге көшіруге жол ашылады. Ильминский «бұратана» халықтың ғылым-білімге ұмтылған Ы.Алтынсарин секілді талантты жастарын орыстандыру жолында пайдаланып қалуға тырысты. Миссионер ғалымдардың араласуымен патша өкіметі оқу-ағарту ісін орыстандыру арнасына бұра бастады. Халық агарту минстрлігінің 1870 жылғы 26 наурыздагы ережесіне сәйкес мұсылмандық мектептер мен медреселерде орыс тілін оқыту міндеттелді. Сонымен қатар осы ереже бойынша орыс - түземдік аралас мектептер ашылатын болды. Мұндай мектептерге орыстандыруды жүргізу міндеті бүркемелене жүктелді. Патша өкіметі сауаттылықтың өлшемі орыс тілінде оқу және жазу деген көзқарасты орыстандыру саясатының тірегіне айналдырды. Кеңестік дәуірде де орыстандыру саясаты өз жалғасын тапты. Бұған Кеңестер Одағындағы түркі-мұсылман халықтары қолданған араб әліпбиінің кириллицаға көшірілуі айқын дәлел. Ұлттық мектептер тек ауылды жерлерде сақталып, жоғары оқу орындарындағы оқу процесі орыс тілінде жүргізілуі патша өкіметі ұстанған ұлт саясатының заңды жалғасы іспеттес болды. Әкімшіл-әміршіл кеңестік жүйе жағдайында И.Сталиннің ұлттарды ұлттық тегі мен рухани қазыналарынан айырып, оларды «біртұтас кеңес халқына» айналдыру саясаты өмірге келді. Соның кесірінен Кеңес Одағында 98 тіл біржола жойылды, қазақ тілі де жойылудың аз-ақ алдында қалды. Тың игеру жылдары республикада қазақ мектептерінің саны күрт кеміді. Әсіресе Солтүстік облыстарында қазақтар балаларын ана тілінде оқыта алмай, амалсыздан орыс мектептеріне берді. Халық арасында қазақ тілінде оқыған бала болашақта күн көре алмайды деген теріс ұғым калыптаса бастады. 1989 жылы республикадағы мектептердің 33%-ы ғана қазақ мектептері болып қалды. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін орыстандыру саясатының зардаптары біртіндеп жойыла бастады.
48. Қазақстан Республикасының Конституциясы (30 тамыз 1995 ж.) мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеткерліктер туралы.
«Конституция» термині «constitutio» – «орнатамын, тағайындаймын» деген латын сөзінен туындаған. Олбіздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Ежелгі Рим заңнамасында, әдетте, мемлекет құрылымын бекітетін императордың әралуан актілерін белгілей отырып, кездеседі.
Мемлекеттер мен ынтымақтас ұлттардың әлемдік қауымдастығындағы егеменді мемлекеттік дамудың жаңа дәуірінҚазақстанның алдындабүкілхалықтық талқылаудан кейін ел парламенті қабылдаған ҚазақстанРеспубликасының 1993 жылғы Конституциясыжәнехалықаралықәріішкі саяси өмір шындығына сәйкес ҚазақстанРеспубликасының 1995 жылғы Жаңа Конституциясыашып берді.
Н.Ә.Назарбаев 1993 жылғыҚР Конституциясының белгілі бір оң рөлін атап көрсетті–яки, олҚазақстанныңегемен мемлекетжәнеәлемдік қауымдастықтың толық мәнді мүшесі ретінде қалыптасуының аяқталуын ресімдеді, қорытынды құжат, конституциялық заң шығарудың 1990-1992 жылдардағыбірінші толқынына өзінше бір белгі болдыжәне «…қазақстандық конституциялық құрылыс жолындағы елеулі кезең болды»
Сонымен бірге, өтпелі кезеңде, тәуелсіздік алу, мемлекеттікқұқықтықжүйенің ауысужәнеелді демократиялық даму жолында бекіту жағдайындажасалған 1993 жылғы ҚР Конституциясы қазіргі заманғы дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады.Бұл жаңа Конституцияны қабылдауды негіздеді, оның басымдықтарын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы наурыздаҚазақстан халқы Ассамблеясының отырысында мазмұндады. 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген жалпыхалықтық референдум нәтижесінде, бұрынғымемлекеттік құрылымның кемшіліктерін жойдырған Қазақстан Республикасыныңжаңа Конституциясы қабылданған еді.
Конституциянымемлекеттіңбасты, негізгі заңы деп әділ атайды. Егерелімізде қолданыста жүрген көптеген құқықтық актілерді белгілі бірұйымдастырылғанжәнеөзара байланысқантұтас, әлдебіржүйе ретінде қабылдасақ, онда конституция – бүкіл құқықтың негізі, өзегіжәнебір мезгілде оның дамуының қайнар көзі. Конституция негізіндеөткенде қолданыста болған дәстүрлі, сондай-ақжаңа, экономикадағы, әлеуметтік дамудағы, саясаттағыжәнемәдениеттегі өзгерістерді есепке ала отырып жасалған құқықтың әралауан салаларының қалыптасуы жүреді.
1995 ж. ҚРКонституциясыоныңқұрылтайшысипатын білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады:
1-бөлім. «Жалпы ережелер»мемлекеттік құрылыс негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған.
2-бөлім. «Адамжәнеазамат»жеке тұлғаның құқықтықмәртебесінің негіздеріне арналған, бұл бөлімдеадамменазаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институтының негіздеріреттемеленеді.
3-бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысаны бекітіледі, бапқа сәйкес, президент биліктің бірде бір тармағына жатпайды, мемлекет басшысы, халықпен Конституция бірлігінің нышаны және кепілі болып табыладыжәнемемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4-бөлім. «Парламент» заң шығару функцияларын жүзеге асыратын Парламенттіңжоғарыөкілетті орган ретіндегі құқықтықмәртебесін белгілейді, Парламент қызметініңұйымдастыру-құқықтық түрлерінжәне оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.
5-бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкіметпен Премьер-министрдің құзыретін бекітеді.
6-бөлім. «КонституциялықКеңес» КонституциялықКеңестің құқықтық қағидасының негіздеріне арналған, оның негізгі функцияларының бірі Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру болып табылады.
7-бөлім. «Соттаржәнеәділсот»сот жүйесіне арналған, КонституциялықКеңеске нормативтік-құқықтық актіні конституциялық емес деп тану үшін жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Бұл бөлімде Конституция анықтауменалдын алатергеуді сотпен прокуратурадан бөледі.
8-бөлім. «Жергіліктімемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару» 85-бапқа сәйкесжергіліктімемлекеттік басқарудыжергіліктіөкілеттіжәнеатқарушы органдар жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкесҚазақстан Республикасындажергіліктіөзін-өзі басқару мойындалады, оның міндеті –жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін қамтамасыз ету.
9-бөлім. «Қорытынды және ауыспалы қағидалар» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін жүзеге асырады.
49. Қазақ мемлекеттілігінің даму эволюциясы тарихындағы монғолдар кезеңі. (Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы, Ұлыстардың қалыптасуы).
Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті.
Монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыс бұзылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.
14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.
Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы , Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы- адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі пікірлер бар.
Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.
50. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.). Халықтың тылдағы ерлігі. Халықтарды Қазақстанға депортациялау.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернациолдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі, Кенді Алтай, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендермен ингуштер еңбек етті. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мың неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді.Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашай, ингуш,шешен балкар, қарам татарлары, месхет түріктері көшіріліп әкелінді.
КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті III Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2млн 464мыңға жуық адам болғанын айғақтайды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншылықтарға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
52. ХХ ғ.б. Қазақстандағы Ұлттық аумақты межелеу.
Ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР-інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз бөлігі Қазақ АКСР-інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды КАКСР-інің үкіметі құрған, жоғарыда аталған ревкомдар жүзеге асырды.
1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР-іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекараларын нақтылау одан әрі жүргізілді.
Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылғы ақпанда Төркүлде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР-інің құрамына енгізілгені заңды түрде ресімделді.
Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар КАКСР-іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек (Бішкек) уезінің Георгиев, Шу, Қаранөкіс болыстары қосылды. Нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы 700 мың шаршы шақырымға, яғни үштен біріне ұлғайды, сөйтіп 2,7 млн шаршы шақырымды құрады, ал халқы 1468 мың адамға өсіп, республикадағы жалпы саны 5230 мың адамға жетті. Халықтың 1926 жылғы санағы бойынша қазақтар бүкіл республика халқының үштен екісіне жуығын (61,3%) құрады.
53. Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар», дағдарыстар, қайта құру әрекеттері (1985-1990 жж.).
"Тоқырау жылдары" деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды.
«Қайта құру» деген термин 1986 жылы мамыр айындағы Горбачевтың Ленинград қаласына істі сапарында қалалық партия комитетінің активімен кездескенде бірінші рет айтылған. Осы термин ақпарат құралдарының тілшілерінің «арқасында» жаңа дәуірдің ұраны болып кетті.
Қайта құрудың бірінші кезені (наурыз 1985 – қаңтар 1987)
Қайта құрудың бастапқы кезені:
-Кеңес одағының саясатының және экномикасының «кейбір» кемістіктерін мойындағаннан басталды.
-Алкогольге қарсы компания
-Халық шаруашылығының «жылдамдату» (ускорение) саясаты
-Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу
т.б. қадамдарымен белгіленді.
1985-1986 жылдары Брежневтің кезінен келе жатқан ескі кадрлердің үштен екісін ауыстырылды. Дәл сол кезде мемлекеттің басқаруына А.Н.Яковлев, Е.К. Лигачев, Н.И.Рыжков, Б.Н.Ельцин, А.И.Лукьянов сияқты келешекте орын алатын тарихи оқиғалардың белсенді қатысушылары тағайындалды.
Екінші кезен (қаңтар 1987 – маусым 1989)
1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор – Чернобыль апаты.
1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» (Закон «Об индивидуальной трудовой деятельности») кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.
Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды.
Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды.
Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.
Үшінші кезең (маусым 1989-1991).
Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде – өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.
Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |