63.«Интеллектуальды ұлт - 2020» Президенттік бағдарлама және оның мәні. «Назарбаев - университет» жоғарғы оқу орны базасында инновациялық жобаларды қалыптастыру.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру.
Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.
Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек.
Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу.
Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек.
«Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі.
Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу.
Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі. Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды.
Осы кезеңге дейін “Болашақ” стипендиясы арқылы 20 мыңнан астам жас мамандар даярланды. Бүгінгі күні “Болашақ” стипендиясы арқылы білім алған жастар экономиканың, мемлекеттік басқарудың және басқа да салалардың жауапты бөліктерінде еңбек етіп жүр/2/.
64.Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінің Қазақстандағы қайшылықты салдары.
Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі. Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтар – Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі. Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. Әкімшілік әдістерден экономикалық әдістерге көшуге талпыныс. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары. МТС-ті қайта құру ауылшаруашылығын техникалық жабдықтаудағы қиыншылықтарды жоюды іздестіру жолы. Колхоздарды ірілендіру және совхоз құрылысы. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы. Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар. Салалық министрліктердің таратылып, совнархоздардың құрылуы. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық сипатының тереңдей түсуі. Ұлтаралық қайшылықтар өршіп, ашық жанжалдарға әкелді. (1989 жылы Сумгаитиде және 1990 жылы Бакуда армян елді мекенін талқандау, таулы Қарабақ мәселесі, Ош облысындағы қырғыздар мен өзбектердің қақтығысы, Грузия мен Оңтүстік Осетияның 1991 жылғы қарулы қақтығысы. Ұлттық жанжалдар нәтижесінде 1991 жылы КСРО-да 1 млн-нан аса түрлі ұлттардан құралған босқындар болды. КСРО-ның құлдырау қаупі төнді.
65.Кеңес Одағының ыдырауының саяси, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.
КСРО сияқты жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан империяның күйреп, тарих сахнасынан кетуі — ХХ ғасыр соңындағы әлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал етті. Әлем “социалистік” және “капиталистік” деп аталған жүйелер арасындағы бәсекелестік пен текетірестен құтылып, халықтар мен мемлекеттер қатынасының жаңа кезеңіне аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болып, қалыптасуы да сол империяның күйреуімен тікелей байланысты. КСРО-ның күйреуінің ең басты себептерінің бірі – елде сөз бен істің бірлігінің болмауы еді. Бар билікті өз қолына жинап алған коммунистік партияның саясатына сай “дұрыс” сөйлеу, бірақ басқаша ойлап, іс жүзінде керісінше істеудің, яғни екіжүзділікке барудың елде кең етек алғанды бүгінгі аға ұрпақтың есінде. Мұндай ел тағдыры үшін аса қауіпті үрдістің пайда болып, қалыптасуына және дамуына кінәлі басқа емес, басынан шіріген балық сияқты, сол ел басқарып отырған партияның ең жоғарғы басшыларының өздері еді. 1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде---өзара—байланыс-жасайды-деп-көрсетілді. Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды
66.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық даму жолы» атты еңбегіне талдау жаса.
1998 жылы Н. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” деген атпен Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Өзінің ұзақ жылдарға арналған стратегиялық ұсыныспен Қазақстан халқының алдына шығу себебін Н. Назарбаев: “Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті”-деп түсіндірді. Ал, оның қалай пайда болғандығы туралы: “Осы жолдау менің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнап сөз сөйлеу жөніндегі Конституциялық міндеттерімнің шеңберінде әзірленген болтын”-деп жазды . Демек, біріншіден, еңбек Елбысының ел болашағының қандай болатындығы туралы өз ойын, уақыт талабынан шыға отырып, халықпен бөлісу арқылы айқындап алу қажеттігінен туындаса, екіншіден, Президенттің атқаруға тиісті Коститутциялық міндетін орындау барысында пайда болған. Сондықтан еңбек біржағынан, ел басқарып отырған тұлғаның ел болашағының алыс перспективсы туралы ой-толғаныстарының жемісі болса, екінші жағынан Президенттің өз құқықтарына сай ұсынған мемлекеттің дамуының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының бағытын айқындаған бағдарлама, яғни ресми құжат болып табылады. Біздің ойымызша еңбектің басты ерекшеліктерінің бірі де осында.
Сонымен қатар 1998 жылы Н. Назарбаевтың “Қалың елім, қазағым” және “Қазақстан-Ресей қатнастары” деп аталатын екі еңбегі жарық көрді. Екі еңбекке де тән ортақ ерекшелік, екеуінің де жинақ түрінде дайындалып, жарық көруі. Бірінші кітапқа Н. Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының Төрағасы ретінде қазақ халқының өткен тарихы, бүгіні мен болашағы және шет елдердегі қазақ диаспорасы жайлы әңгіме-сұхбаты, баяндамалары мен сөйлеген сөздері енсе, екінші кітапқа Қазақстан Республикасының ең ірі көршісі және стратегиялық серіктесі Ресей Федерациясы арасындағы қатнастар туралы айтылған баяндамалар, сөйлеген сөздер, мақалалар, сұхбаттар енген. Екі туындының дайындалу және жарық көру формалары ұқсас болғанымен, екеуі тарихымыздың екі түрлі саласынан мәлімет беретін екі бөлек дерек көздері болып табылады.
67.Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділіктің басталуы, алғашқы саяси, қоғамдық ұйымдар.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды.
1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.
1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.
1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15.
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы – саяси партия.
Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.
68.Тәуелсіз мемлекеттегі этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімді нығайту саясаты. Республика халқының демографиялық құрамы.
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км²) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км²-не 5,4 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қаласын қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығызд. 1 км²-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келеді. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесі аймақтар – Солт. Қазақстан аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,4 адамнан. Орт. Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км²-ге 3,3 адамнан келеді. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар – Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Қызылорда облысы Мұнда бүкіл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км²-ге келетін орташа тығыздығы, тиісінше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргізілген кездегі ҚР-ның әкімш.-аумағы бірлігінде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елді мекен болады. Ресми статист. мәлімет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елді мекендерде, 44%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады.
69. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан–2030».
1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.
Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.
Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.
Жолдаудағы өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар бейнесі:
1. Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты азаматтар;
2. Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары;
3. Жоғары ақы төленетін, оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен биік ұстайтынына сенімді азаматтар;
4. Мемлекттің өздерінің құқықтарын қорғайтына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматтар.
2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.
70.Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділіктің басталуы, алғашқы саяси, қоғамдық ұйымдар.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды.1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды. 1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15. "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы – саяси партия. Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.
71.ҚР ұлттық тарихын зерделеу: «Мәдени мұра» бағдарламасы.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)
Мақсаты Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету
Бағдарламаның мiндеттерi
a. елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту;
b. мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру;
c. көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту;
d. әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру;
72. Қазіргі Қазақстан тарихындағы әлеуметтік-экономикалық модернизациялық кезеңі (нарықтық экономикаға көшу, жекешелендіру, шетелдік инвестицияны тарту, Қазақстан экономикасын реформалау).
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада — “КЕГОК”, телекоммуникацияда— “Қазақтелеком”, темір жолда — “Қазақстан темір жолы”. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |