Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет137/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Тыңдалым мәтіні
Тыңда және толықтыр.
Ерте, ерте ертеде, Қыдыр ата болыпты. Ол ел аралап жүреді екен. Мейірімді, адал адамдарға бата беріп, көмек береді екен. Бұл туралы аңыз өте көп. Бірде ол басқа қалада адасып жүрген екі баланы кездестіреді. Балалар атаны жолдан өткізеді. Оның дорбасын көтеруге көмектеседі. Бұл Қыдыр атаның өзі екен. Ол балаларға алғыс айтады. «Балаларым, жолдарың болсын!» – деп бата береді. Қыдыр ата былай депті:
Мақсаттарың айқын болсын, Өмірлерің жарқын болсын,
Білімің терең болсын, Өнерің кемел болсын,
Жортқанда жолдарың болсын!
Оған қоса бір аманат сөзін айтады. «Балаларым, ақындарды, жыршы, күйшілерді құрметтеңдер! Өз елдеріңе айтып барыңдар!» – дейді. Балалар өте ақылды екен. Барған жерде осы аманатты үнемі айтып жүреді екен. Міне, осыдан бастап қазақ ұлты ақын мен жырауды, күйшіні ерекше құрметтейді екен.
Осы тапсырманы оырндау барысында Т.4.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер
құрастыру мақсаттары жүзеге асырылады.

10 мин

Жеке ұмыс

Аудиодиск
Оқулық Дәптер

«Тыңдайық және жауап берейік» айдарымен берілген тапсырмада мәтінді қайталап тыңдап, кестені толтырып жазады және мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Т.4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
мақсаты жүзеге асады.

3 мин

Жеке жұмыс

Кесте
Оқулық




Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен «Түсті карточкалар» әдісі арқылы кері байланыс орнатады. Оқушыларда екі карточка: көк және қызыл. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл күйінің
өзгерген-өзгермегенін білуге болады.

3 мин

Сынып- мұғалім

Түсті карточкалар

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың
маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны

бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер
құрастыру

  1. Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек

сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

Дескриптор

  • Тыңдалым мәтінін түсінеді.

  • Тыңдалым мазмұнына сай сұрақтар құрастыра алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?





Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын. (2-тоқсан, 3-тарау). 47-сабақ

Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.3.3.1 *Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау
4.3.5.1 *Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер,
инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

Лексикалық минимум

Құжат, баспа, қолжазба, мақтаныш, ұлы, ақын, жазушы

Алдыңғы білім

Ата, бата беріңіз!

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту
ресурстары

Кіріспе

Мұғалім бұл сабақты ойынмен бастауына болады. Ол үшін екі түрлі қоржын немесе екі түрлі кішкене сандықты әкеліп, оның әдемісіне жағымды, өңсіздеуіне жағымсыз қасиетті білдіретін сөздерді бөліп салуды мұғалім оқушыларына тапсырады. Бұл тапсырма арқылы мұғалім оқушыларын жаңа тақырыпты оңай қабылдауға дайындайды. Берілген сөздер қатарында оқушылардың бұрыннан білетін сөздері мен осы тақырып аясында қамтылатын сөздер таңдалып алынуы тиіс.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық




Жоғарыда ұсынылған тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушылардың назарын Абай атаның суретіне аударады. Ол туралы мәлімет беруге тұрарлық бірнеше суретті алуға болады. Бұл суреттер оқушылардың барлығына бірдей көрінетін, тақтаның жаңа ақпаратты қамту бөлігіне орнатылуы тиіс. Оқушылар сурет мазмұнына орай өз түйгендері бойынша және мұғалімнің жетелеуімен Абай атаны жағымды сөздерімен сипаттайтын болады.

5 мин










Алғашқы тапсырмаға ұластырыла жаңа сөздермен таныстыру жұмысын мұғалім жүргізетін болады.
(Ұ) (Ө) Жаңа сөздерге: Құжат, баспа, қолжазба, мақтаныш, ұлы, ақын, жазушы сөздері ұсынылған. Жаңа сөзді таныстыру үшін мұғалім 6 қадамдық жұмыс жүргізеді.

  1. Мұғалім атаған сөздің мағынасын сыныптан сұрайды (болса, суретін көрсетеді). Оқушылар арасынан білетіндер табылып жатса, өз нұсқаларын айтады. Ал, егер, еш адам табылмаса, мұғалім аудармасыз сөз мағынасын таныстырады.

  2. Мұғалім сөздің дұрыс айтылуына назар аударып, оның топта, жұпта, жеке қайталанып айтылуын қамтамасыз етеді.

  3. Оқушылар сөзді дұрыс айта алатын дәрежеге жеткен кезде оның жазылу үлгісін тақтаға жазып көрсетеді.

5 мин







Негізгі бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет