Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет209/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Дауылдан қорықтым. (3-тоқсан, 5-тарау). 79-сабақ

Дағды

Оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.4.1 Мұғалімнің нұсқауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған
жауап беру

Лексикалық минимум

Дауыл, қатты қорқу, толқын, жағажай, теңіз, жартас

Алдыңғы білім

Жау-жау, жаңбыр

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Ойланайық» айдарының тапсырмалары. Мұғалім оқушыларға интерактивті тақтадан жаңа сабаққа кіріспе ретінде теңіз жағалауларының, демалыс орындарының суреттерін көрсетеді. Мұндай мүмкіндік болмаса оқулықтың алғашқы тапсырмасындағы суреттер қолданылады. Оқушылар не көріп тұрғандарын өз сөздерімен айтады. Оқушылар теңіздің әсемдігін, ауасын, салқындығын, демалыс туралы өз ойларымен бөліседі. Осы тапсырманы түрлендіру, тереңдету мақсатында оқушылар оқулықта берілген сөздерді кестеге бөліп орналастырады (сәйкестендіреді).
Бұйра, теңіз, жағажай, құм, сүңгуір, кеме, таза, қайық, жартас, толқын, сегізаяқ, ағаш, арал

8 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөзді меңгертуге қажетті суреттер




жағажай

капитан

дельфин

таяз

қайық



















Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар сұрақтарға жұпта отырып талқылап, жауап береді.

  1. Саған теңіз ұнай ма?

  2. Сенің аймағыңда теңіз бар ма?

  3. Теңіз жағасында жиі демаласың ба?

  4. Аралда тұрғың келе ме?

Бұл тапсырма ауызша орындалады, тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сыни ойлауы қалыптасады.

5 мин

Жұптық жұмыс

Сурет

«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтінді шолып оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Мәтінді бірінші мұғалім оқиды, содан соң оқушылар оқиды. Оқушылар мәтінді оқып болған соң, мәтіннен не түсінгендерін қысқаша айтып береді. Мұғалім оқушыларға кері байланыс орнатады, мадақтайды, толықтырады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу мақсатын жүзеге асырады.

7 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Жауап берейік» айдарында оқушылар мәтін бойынша сұраққа жауап береді. Тапсырманы «Кім жылдам?» әдісі арқылы өткізуге болады. Оқушылар қолдарындағы бағдаршам белгісін көтеру арқылы сұраққа дайын екенін білдіреді.

  1. Ринат қайда демалды?

  2. Демалыс орнының табиғаты қандай?

  3. Теңіздің айналасында не бар?

  4. Жел тұрғанда теңізде не пайда болды?

  5. Ринат соңғы күндері неліктен жағажайға бармады?

  6. Соңғы уақытта жағажай не себепті бос болды?

  7. Ринат неден қатты қорықты?

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар мұғалімнің нұсқауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру мақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Жұптық жұмыс

Сұрақтар жазылған
парақшалар, бағдаршам белгісі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет