Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет215/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушыларға сөйлемдер беріледі. Оқушылар сөйлемдердегі асты сызылған сөздерге сұрақ қояды.
Сұрақ қою арқылы сан есім туралы білімдері кеңейеді, мұғалім осы тапсырманы орындату арқылы сан есімді қаншалықты түсінгендігін байқайды.

  1. Мұхиттан салмағы алпыс килограмм акуланы ұстады.

  2. Осы аймақта тоқсан екі кит өмір сүреді.

  3. Мына акуланың баласы – тек біреу.

  4. Су перісінің қолы екеу болады емес пе?

5 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Ойнайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар кестеде орналасқан суреттерді сипаттап айтып береді. Тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың сан есім туралы білімдерін жетілдіруге бағытталған. Оқушылар тапсырманы жұпта бір-біріне суретті жапсыру арқылы ойнайды. Оқулықтағы үлгіні басшылыққа алады.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Жұптық жұмыс

Суреттер




«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтінді оқып, мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап алады. Мысалы:

  1. «Океанариум» дегеніміз не?

  2. Қазақстанда океанариум қашан және қай қалада ашылды?

  3. Бұл океанариум не себепті рекордтар кітабына жазылды?

  4. «Думан» океанариумына қанша тонна мұхит құмын әкелген?

  5. Бұл жасанды океанариумға қанша литр су керек болды?

  6. Океанаримда қанша теңіз жануары бар?

Тапсырманы орындау арқылы оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергендерін білуге болады. Топтар сұрақтарды бөліп алып, бір-біріне қояды, келесі топтағы оқушылар жылдам сұраққа жауап берулері керек. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау барысында белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу мақсаты жүзеге асырылады.
«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

10 мин

Топтық жұмыс

Сұрақтар жазылған парақтар






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет