Латын тілі – жарқын болашақ кепілі
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.
Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.
Латын граматикасын оқу барысында негізінен клиникалық терминологиялық сөз жасамды толық меңгеріліп, ауру малға диагноз қою және латын терминдерін ветеринариялық медицина саласында пайдалану үйретіледі.
- Ветеринария саласындағы кең қолданыстағы латын терминдерін пайдалануды үйреніп, шипа ұсынымды жазуда, диагноз атауларын т.б қолдануды үйренуге негізделеді;
- Болашақ ветеринариялық іс-шаралардағы күнделікті қолданыстық терминдік сөздерді және сөзжасамды сауатты қолдану болып табылады.
- латын тілі грамматикасын, сөйлем құру әдістерін игеру;
- латын тілінде оқудың негізгі ережелерін үйрену;
- сөздікпен жұмыс істеуді;
- жануарлардың клиникалық белгілерін көрсету мен диагноз қою барысында сондай-ақ, емдеудегі терминологияны пайдалана алуы керек.
- ветеринариялық терминдердің мән мағынасын анықтау, қолданыстағы терминоэлементтерді пайдалана отырып, тиісті салаға сәйкес сөзжасам құрылымын құру;
- бағдарлама шеңберінде латын тілінде оқуды және жазуды
- латын терминдерді, ғылыми түсініктерді теориялық және тәжірибелік мағынасында пайдалану;
ҚОСЫМША: Дәрі-дәрмектердің сөз жасам құрылымы. Дәрілік күй (форма) туралы қысқаша түсінік.
Фармакологиялық терминология.
Сабақ барысында қарастырылатын латындық ұғымдар:
1.Фармацевтикалық терминдер құрудың негізгі əдістері мен ережелері.
2.Көп кездесетін құрамдас бөліктер.
3. Рецепт туралы түсінік.
4. Рецептің латын бөлігін рəсімдеу.
5. Рецепт түрлері.
6. Көп кездесетін кесінділер (3 бөлім).
РЕЦЕПТТЕРДЕГІ ЕТІСТІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Өкім, тапсырма ретінде қолданылатын рецепттегі қалыптасқан
ұғымдар.
2. fiat/fiant формасының қолданылуы.
3. Көп кездесетін құрамдар (2 бөлім).
1. Көп дəрілік заттардың латын атаулары - –um-ға аяқталаын n тектік
түріндегі екінші жіктеудің зат есімдері: Ampicillinum. Бұл зат есімдер ілік
септігінде –i-ге аяқталады: Ampicillini. Екпін бұл терминдерде соңғы
буынның алдындағы буынға түседі жəне қазақ тіліне um жалғауынсыз
аударылады - ампициллин..
2. n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдерінің біразы –ium
жалғауына аяқталады. Олар –ий, -форм жалғауымен сай келеді: натрий –
Natrium, хлороформ – Chloroformium. Мұндай зат есім ілік септігінде –ii-ға
аяқталады: Chloroformii (бірінші і- түбірдің соңғы дауыстысы). Екпін
соңынан санағанда үшінші буынға түседі.
3. -а -ға аяқталатын шет елдік препараттар I жіктеу бойынша жіктеледі:
Levodopa, Methyldopa
Қазақ тілінде -за-ға аяқталатын дəрілік заттар атаулары латын тіліне n
тектік түрінде аударылады: глюкоза – Glucosum, лидаза – Lydasum (бірақ: -
Asperasa, Gelatosa өзгермей қалады).
4. Дəрілік заттардың тауарлық атаулары қандай түрде патенттелген
болса, солай жазылуы керек. Бірақ рецепт жазғанда ілік септігіндегі –і
жалғауы арқылы жазылады: Magurol – Maguroli, Taktivine – Taktivini.
5. Дəрілік заттарды жазғанда бірінші орында дəрілік зат формасы
жазылады: solutĭo, unguentum, tinctūra...
6. Екінші орында ілік септігіндегі дəрі атауы бас əріппен жазылады:
Solutĭo Lidocaīni – лидокаин ерітіндісі, Unguentum Tetracyclīni – тетрациклин
7. Фармацевтикалық термин құрамындағы сын есімдер терминнің
соңында жазылады: Solutĭo Hexoestrōli oleōsa – майлы гексэстрол ерітіндісі
(бірақ, мынадай дəрілік зат формаларынан кейін - membranulae – шілтер
(плёнка), mixtura - микстура, suppositorium –балауыз, сын есімдер дəрілік зат
формасының атынан кейін жазылады, мысалы: Suppositorium rectale
“Anusolum”).
8. Тұнбалардың, тұндырмалардың, экстрактылардың, қайнатпалардың
атауларында дəрілік зат формасы мен өсімдік атының ортасында ілік
септігіндегі өсімдік бөлшектерінің атаулары жазылады (жапырақ, тамыр,
шөп жəне с.с.) Infūsum foliōrum Digitālis – оймақгүл жапырақтарының
тұнбасы.
9. Күрделі құрамдағы дəрілік заттардың компоненттерін тізбектеп жазып
жатпау үшін оларға коммерциялық ат беріледі. Алдымен дəрілік зат
формасы, соңынан тырнақшаның ішінде атау септігінде коммерциялық аты
жазылады: Suppositorĭa «Anaesthesōlum» - балауыз «Анестезол».
Көп кездесетін құрам (жиілік кесінділер) – белгілі бір мағынасы мен
жазылуы бар фармацевтикалық терминнің құрылымдық компоненті.
Фармацевтикалық терминдердің құрамындағы бұл құрамдар
орфографиялық дұрыс жазуға жəне көп терминдерің мағынасын түсінуге
себеп болады.
Реттік саны Латын тілінде
Мағынасы Мысалдар
1. -cillin- Пенициллин тобындағы антибиотиктер Penicillinum
2. -cyclincycl- Циклдық құрылымы бар Demeclocyclinum Cyclobarbitalum
3. -menth- Жүйке талшықтарына тітіркендіріп əсер ететін заттар (бұрыш жалбыз препа-раттары) Mentholum Boromentholum
4. -mycin- антибиотиктер Monomycinum Erythromycinum
5. - myc(o)-Саңырауқұлақтарға қарсы Mycosolonum Mycoseptinum
6. -pyr- анальгетиктер-антипиретиктер “Pyrameinum”Anapyrinum Дəрілік заттар атауларында қосымша ретінде сан есімдер көп қолданылады
1. mono- Бір (моно-) Monomycinum
2. di- Екі (ди-) Diaethylcarbamazinum
3. tri- үш (три-) Triamcinolonum
4. tetra- Төрт (тетра-) Tetracainum
5. pent(a)- Бес (пента-) Pentazocinum
6. hex- алты (гекс-) Нexoestrolum
7. hept(a)- жеті (гепта-) Heptavitum
8. oct- Сегіз (окт-) Octodiolum
9. Тоғыз қолданылмайды
10. deca- он (дека-) Decapeptylum
Рецепт (receptum; лат. recipĕre - алу) - дəрігердің белгілі бір мөлшердегі жəне дəрілік зат формасында дəрі жасап беруі туралы дəріханаға немесе фармацевтке арнап жазған жазбаша сұрауы. Рецепт – маңызды заңдық жəне медициналық құжат болып саналады.
Дəріханаларда дəрігердің бақылауынсыз жіберілетін дəрілер бар (валидол, ацетилсалицил қышқылы, валериан таблеткасы, т.б.). Мұндай препатарттар рецепсіз жіберілетін дəрілер немесе ОТС (ағыл.over the counter – сөреден) деп аталатып, тізімі қажетті құжаттарда келтіріледі.
Қалған дəрілердің бəрі рецепт бойынша жіберіледі.
Рецепт алты құрамдас бөлімдерден тұрады:
I inscription – кіріспе. Бұл бөлімде емдеу мекемесің таңбасы, ауру мал туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-жөні, т.б.), рецепт жазылған уақыты жəне рецепт жазушы дəрігердің аты-жөні жазылады.
II praeposition - Дəрігердің фармацевтке өтініші. Қысқаша Rp.: (resipeалыңыз) деп жазылып, үш нүкте қойылады. Себбебі, ол біріншіден қысқартылып отырған сөз, екіншіден, ол сөзден кейін дəрілердің аттары жазылады.
Дəрілер латын тілінде көбіне жекеше түрде, ілік септігінде жазылады.
Кейде ілік септігінде көпше түрде, табыс септігінде жекеше не көпше түрде жазылады.
ал не? Қаншалықты? (Acc.) нені? (Gen.)
Recĭpe: 10 ml Tincturae Valeriānae
Ал: 10 мл Тасшүйгін тұнбасын
Recĭpe: Tincturae Valeriānae 10 ml
III designation materiarum. Дəрілік заттардың атаулары. Рецепт құрамындағы дəрілік заттар белгілі бір тəртіппен, ретпен жазылады:
бірінші - remedium basis - негізгі дəрілік зат
екінші - remedium adjuvans – көмекші дəрілік зат
үшінші - remedium corriqens - дəмдік заттар
төртінші - remedium constituens – форма түзгіш заттар жазылады. Бұл бөлімде дəрілік заттарды бір рет қолдануға немесе емдік курсқа тағайындалған мөлшері көрсетіледі, ал форма түзгіш заттар керегінше алынсын quantum satis (q.s.) деп жазылады.
IV subscriptio – дəрі жасау жəне оны босату (жіберу) туралы мəлімет беріледі. Алдымен дəрілік заттарды (екі немесе бірнеше болса) араластыру-Misce (M), содан соң жасалынсын - fiat – орындалсын, болсын деп, ең соңында қандай дəрілік форма жасау керек екендігі көрсетіледі. Дəрігердің дəрілік заттар берілсін деген нұсқауы рецепте Da, denture (қысқаша D) деген сөзбен жазылады. Егер дəрілік заттарды қара түсті ыдыспен беру керек болса
– Da in vitro nigro, парафинделген қағазбен - Da in corta paraffinata, қорапшада берілу керек болса - Da in scatula деп көрсетіледі.
V signatura (S) дəрілердің қолданылу тəсілі, қанша мөлшерде жəне қанша рет, қашан берілуі керек екендігі көрсетіледі. Бұл бөлім ауруға түсінікті ұлт тілінде жазылуы керек.
VI nomen medici дəрігердің қолы. Бұл бөлім рецептің ең жауапты бөлімі болғандықтан, дəрігер мұқият қарап шығуы керек.
Дəрігер ресми (лат. officina – аптека, фармациялық көшірмеден түскен жазбалар) жасаған жазбалар жəне магистрлік (лат. magister – оқытушы, ex tempore, қажеттілігіне қарай) жазбаларды түсіне білуі керек.
Рецептік мысал:
I inscription – кіріспе «Айболит» клиникасы
Азамат С. Айтқұловтың 2 жасар итіне
20 _05_ 10
XII
ветеринария дəрігері Асанов Ж.
II praepositio Rp.: Tincturae strophantini 100 (basis)
III designation Themisali 50. (adjuvans)
Sirupi simplicis 20.0 (corriqens)
Aqua distillatae 20.0 (constituens)
IV subscriptio M.f. mixture
Vsignatura таңертеңгісін жəне кешкісін бір ас қасықпен ішке қабылдау үшін
VI nomen medici дəрігердің қолы
Науқасқа дəріні шұғыл түрде босату қажет болған жағдайда дəрігер рецептің көрінетін тұсына Cito! - Тез! Немесе Statim! - Дереу! деп жазуы керек. Дəрі мұндай жағдайда кезексіз жіберіледі.
Егер дəріні бірнеше рет қайталау қажет болса, Repetātur – қайталансын; Bis (tres) repetātur - екі (үш) рет қайталансын деп жазылады.
Рецептте орфографиялық қателіктер жіберілмеуі тиіс!!!
Рецепттер құрамына қарай:
· қарапайым мөлшерленбеген - бір ғана дəрілік заттан құралған:
Rp.: Streptosidi 100.0
D.S. жараға себу үшін
· қарапайым мөлшерленген - бір ғана дəрілік заттан құралған:
Rp.: Streptosidi 50.0
D.t.d. №20
S. ұнтақтан күніне төрт рет ішкізу үшін
· күрделі мөлшерленбеген - екі немесе бірнеші заттан құралған:
Re.: Cupri citrātis
Lanolīni
Vaselīni ana 5,0
M.f. ungutntum
S. жараға жағу үшін
·күрделі мөлшерленген (диспензиялық-бөлінген):
Rp.: Streptosidi 5.0
Synthomicini 3.0
M.f. pulvis D.t.d. №10
S. күніне 3 рет 1 ұнтақтан ішкізілсін
·күрделі мөлшерленген (двизиондық-бөлінбеген):
Rp.: Streptosidi 50.0
Synthomicini 30.0
M.f. pulveres №10
D.S. күніне төрт рет 1 ұнтақтан ішкізілсін
Дəрілік заттардың малдарға арналған мөлшерін жазу ережелері:
· граммда - «грамм» сөзі жазылмайды, сан ондықпен белгіленеді,
грамм бөлшектері «0» – 10,0 (10 грамм) қойылады; 0,25 (0,25 грамма), т.с.с.
· миллилитрде - 10 ml (10 мл), 0,2 ml (0,2 мл);
· тамшыда – тамшы саны рим цифрімен белгіленеді – жекеше түрде guttam (бір тамшы - guttam I), көпше түрде guttas (капель пять - guttas V);
· кейбір антибиотиктер бірлік əсерде жазылады - ƏБ: 100 000 ƏБ – 100000 əсерлік бірлік).
мысалы: Recĭpe: Kalĭi chlorĭdi 3,0
Insulīni 25 ЕД
Solutiōnis Glucōsi 10% - 1000 ml
Misceātur. Sterilisētur!
Detur. Signētur: ішке құю үшін
· кейде дəрігер мөлшерді көрсетпей (мысалы, балауызда), оны фармацевтің қалауына қалдырады; бұл жағдайда рецепте quantum satis – қанша керек) деп жазылады.
Егер бірнеше дəрілік зат бір мөлшерде жазылатын болса, мөлшері тек соңғы дəрінің тұсына жазылады да, санның алдында ana (бірдей, тең) деп көрсетіледі.
Мысалы: Recĭpe: Cupri citrātis
Lanolīni
Vaselīni ana 5,0
Ал: Мыс цитратын
Ланолин
Вазелин тең 5,0
Дəрілік заттардың коммерциялық (патенттелген) атаулары тырнақшаның ішінде атау септігінде жекеше түрде жазылады.
Re.: Tabulettas "Quamatel" numĕro 28
Da. Signa: бір таблеткадан тəулігіне 2 рет
Сұйық дəрілік заттар формасы ерітінділер – Solutiōnes
·Solutiōnis қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·Ерітінділер сулы, спиртті, майлы, глициринді болуы мүмкін: Aqua purificāta – дистилденген су (бұл атау қазіргі кезде Aqua destillātaның орнына қолданылады), Spirĭtus aethylĭcus – этил спирті, Glycerinum – глицерин, сұйық майлар – Oleum Vaselini – вазелин майы, Oleum Olivārum зəйтүн майы жəне Oleum Persicōrum – шаблады майы.
· Рецепте Recĭpe сөзінен кейін ерітінді аттары ілік септігінде былай жазылады: Solutiōnis spirituōsae, Solutiōnis oleōsae, Solutiōnis glycerinōsae (solutio – femininum тектік түрінде), сын есімдер рецепт сөйлемінің соңына жазылады. «майда» сын есімі латын тілінің “oleōsus, a, um” сын есіміне сəйкес келді: (майдағы камфора ерітінідіс– Solutiōnis Camphŏrae oleōsae), бірақ, майдың нақты аты келтірілсе, “in” конструкциясы қолданылады:
(зəйтүн майындағы камфор ерітіндісі – Solutiōnis Camphŏrae in oleo Olivārum).
·Ерітіндінің концентрациясы төменде келтірілгендей белгіленеді:
Recĭpe: Solutiōnis Camphŏrae oleōsae 10% - 100 ml.
Шырыштар– Mucilagĭnes
·Mucilagĭnis - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·Көп қолданылатын сөздер: Mucilāgo radīcis Althaeae (жалбызтікен тамырының шырышы ), Mucilāgo Amўli крахмал шырышы).
Суспензиялар – Suspensiōnes
·Suspensiōnis - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·мысалы: Recĭpe: Suspensiōnis Hydrocortisōni acetātis…
Эмульсиялар – Emulsa
·Emulsi - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·Майлы эмульсия дайындау үшін Oleum Ricĭni –кастор майы, Oleum Amygdalārum – миндаль майы, Oleum jecŏris Aselli vitaminisātum – дəруменделген треска балық майы қолданылады
·Қысқартылған түрде:
Recĭpe: Emulsi olei Amygdalārum 200 ml
Codeini phosphātis 0,2
Misce. Da. Signa: бір ас қасықпен күніне үш рет
Қысқартылмаған түрде:
Recĭpe: Olei jecŏris Aselli 30 ml
Gelatosae 15,0
Aquae destillatae ad 200 ml
Misce, fiat emulsum
Da. Signa: екі рет қабылдауға
Тұнбалар мен қайнатпалар - Infūsa et Decocta
·Infūsi, Decocti - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
Дəрілік зат атынан кейін дəрі дайындалған өсімдіктердің бөлшектері жазылады:
*қабық- cortex (ілік септ. – cortĭcis)
*тамыр – radix ((ілік септ. – radīcis)
*тамыр сабақ – rhizōma ((ілік септ. – rhizomătis)
*жапырақ – folĭum ((ілік септ. Жекеше түрде– folĭi, көпше түрде -foliōrum)
*шөп – herba (ілік септ. – herbae)
*гүл – flos (ілік септ. – floris, көпше түрде - florum)
·мысалы: Recĭpe: Decocti cortĭcis Quercus …
Ал: Емен қабағының тұнбасы….
тұндырмалар– Tinctūrae
·Tinctūrae - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·мысалы: Recĭpe: Tinctūrae Valeriānae… .
Экстракты – Extracta
·Extracti - қысқартылған Recĭpe сөзінен кейін жекеше түрде ілік септігінде жазылады.
·Сұйық экстрактылар (Extractum fluĭdum – Extracti fluĭdi), қою экстрактылар (Extractum spissum – Extracti spissi) жəне құрғақ экстрактылар (Extractum siccum – Extracti sicci) бар.
·мысалы: Recipe: Extracti Frangŭlae fluĭdi... .
Ескерту: рецепте тек сұйық экстрактілер (fluidum)жазылады – spissum, siccum сөздері жазылмайды.
Көп кездесетін кесінділер
Латын мағынасы мысалдар
1. -anth- грек. “anthos” – «гүл», өсімдік тектіHelianthus Galanthamini hydrobromidum
2. -camph- камфоралы Camphonium Bromcamphora
3. -ephedr- грек. “ephedra” – «қылқан жапырақты» Ephedrinum Ephedrosanum
4. -erythr-, -eryth- грек. “erythros” – «қызыл» Erythromycinum Erythaemum
5. -estr-, -oestrəйел жыныс гормондарының препараттары Oestradiolum Synoestrolum
6. -glyc-, -gluc-
грек. “glykys” – «тəтті» Nitroglycerinum Glucosum
7. -phyll- грек. “phyllon” – «жапырақ» Euphyllininum Theophyllinum
8. -phyt- грек. “phyton” – «өсімдік» Phytinum Phytolysinum
9. -stroph- Строфант препатары Strophanthus Strophanthinum
10. -theo- Латындалған қытай тілінен “theа” – «шəй» Theophedrinum Theophyllinum
Лексикалық минимум
Дəрілік өсімдік атаулары
1. Adōnis (ĭdis m, f) vernālis (e) Көктемгі жанаргүл
2. Chamomilla, ae f түймедақ
3. Crataegus, i f долана
4. Farfăra, ae f өгей шөп
5. Glycyrrhiza, ae f Қызыл мия
6. Неlianthus, i m күнбағыс
7. Rheum, i n рауғаш
8. Salvia, ae f жалбыз
9. Strophanthus, i m строфант
10.Thermopsis, ĭdis f термопсис
Дəрілік заттар атаулары
10. Alūmen, ĭnis n Ашу тас
11. Amўlum, i n крахмал
12. Camphora, ae f камфора
13. Flucytosinum, i n флуцитозин
14. Furacilinum, i n фурацилин
15. Gelatosa, ae f гелатоза
16. Glucosum, i n глюкоза
17. Ichthyolum, i n ихтиол
18. Nitroglycerinum, i n нитроглицерин
19. Oleum Amygdalārum миндаль майы
20. Oleum Helianthi күнбағыс майы
21. Oleum jecŏris Aselli vitaminisātum дəруменделген треско балық майы
22. Oleum Olivārum зəйтүн майы
23. Oleum Persicōrum шабдалы майы
24. Resorcinum, i n резорцин
25. Strophanthinum, i n строфантин
26. Vinylinum, i n винилин
Басқа да лексикалар
27. aethylĭcus, a, um этилді
28. aqua, ae f су
29. bacca, ae f жидек
30. crystallisātus, a, um кристалды
31. destillātus, a, um дистилденген
32. glycerinōsus, a, um глицеринде
33. oleōsus, a, um Майда
34. purificātus, a, um тазартылған (су)
35. rectificātus, a, um тазартылған (спирт)
36. spirituōsus, a, um спиртті
37. spirĭtus, us m спирт
ad 10,0 10 граммға дейін
ad usum externum сыртқа қолдануға
ad usum internum ішке қолдануға
ana теңдей
bis (tres) repetātur екі рет қайталансын (үш рет)
cito! жылдам!
contra tussim жөтел (ден)
cum radicĭbus … тамырымен …
in ampūllis ампулада
in capsǔlis капсулада
in vitro nigro көрінбейтін ыдыста
non repetātur қайталанбасын
numĕro санмен
pro adultis үлкендерге (ірі малға)
pro auctōre автор үшін
pro infantĭbus төлдерге
pro injectionĭbus инъекцияға
pro me маған
quantum satis қанша қажет (қажет болғанша)
statim! тез! (жылдам)
Латын афоризмдері:
1. Errare humanum est - адамға қателесу тəн
2. Gutta cavat lapidem - тамшы тас теседі
3. Pigritia est mater omnium vitiorum – барлық кемшіліктің негізі – жалқаулық
Бақылау сұрақтары:
1. Дəріні тез жіберу керек болса, дəрігер қандай қосымша сөз қоса алады?
2. Дəріні бірнеше рет қайталап жіберу керек болса, қандай қосымша сөздер енгізіледі?
3. Recĭpe сөзінен кейін дəрілік зат қандай септеуде жазылады?
4. Дəрілік заттардың мөлшері қалай жазылады?
5. Ресми жəне магистральді рецепт деген не?
6. Рецепт құрамы.
7. Ерітінділердің түрлері.
8. Шырыш түрлері.
9. эмульсия дайындағанда қандай майлар қолданылады?
10. Экстрактың түрлері.
11. Сұйық жəне жұмсақ дəрілік зат формаларының ілік септігіндегі
атаулары.
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №15 тәжірибелік сабақ
Модуль 2 Латын граматикасының фармацевтикалық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Фармацевтикалық терминология мақсатындағы етістік граматикасы. Шипа ұсынымдағы бұйрық және шартты райлар.
Негізгі әдебиеттер
1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006
2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990
3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988
Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
Invia est in medicina via sina lingua latina
Латын тілінсіз медицинаға жол жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |