Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Латын граматикасының клиникалық терминологиясы



бет7/11
Дата31.01.2018
өлшемі4,37 Mb.
#36797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Латын граматикасының клиникалық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Клиникалық, физикалық және химиялық белгілер мен қасиеттерді, клиникалық маңызды қатынастарды білдіретін дербес терминоэлементтер.
Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988



Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978



2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
Invia est in medicina via sina lingua latina

Латын тілінсіз медицинаға жол жоқ


Латын тілі – жарқын болашақ кепілі


САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.

Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.

Латын граматикасын оқу барысында негізінен клиникалық терминологиялық сөз жасамды толық меңгеріліп, ауру малға диагноз қою және латын терминдерін ветеринариялық медицина саласында пайдалану үйретіледі.
- Ветеринария саласындағы кең қолданыстағы латын терминдерін пайдалануды үйреніп, шипа ұсынымды жазуда, диагноз атауларын т.б қолдануды үйренуге негізделеді;

- Болашақ ветеринариялық іс-шаралардағы күнделікті қолданыстық терминдік сөздерді және сөзжасамды сауатты қолдану болып табылады.

- латын тілі грамматикасын, сөйлем құру әдістерін игеру;

- латын тілінде оқудың негізгі ережелерін үйрену;



- сөздікпен жұмыс істеуді;

- жануарлардың клиникалық белгілерін көрсету мен диагноз қою барысында сондай-ақ, емдеудегі терминологияны пайдалана алуы керек.

- ветеринариялық терминдердің мән мағынасын анықтау, қолданыстағы терминоэлементтерді пайдалана отырып, тиісті салаға сәйкес сөзжасам құрылымын құру;

- бағдарлама шеңберінде латын тілінде оқуды және жазуды

- латын терминдерді, ғылыми түсініктерді теориялық және тәжірибелік мағынасында пайдалану;
ҚОСЫМША: Терминоэлементтер тізімі. Негізгі терминоэлементтер.
Сабақ барысында қарастырылатын латындық ұғымдар:

Клиникалық, физикалық және химиялық белгілер мен қасиеттерді, клиникалық маңызды қатынастарды білдіретін дербес терминоэлементтер:

1. Сезім мүшелерінің патологиялық күйін білдіретін терминоэлементтер.

2. Емдеу əдістерін, патологиялық күйді білдіретін терминоэлементтер.

3. Ісіктердің латын атаулары.
–opia, -opsia терминоэлементтері көру патологиясын білдіретін

офтальмологиялық терминдер құрамына кіреді.

Екі терминді білген жөн:

hypermetropia – жақыннан көрмеу жəне myopia – алыстан көрмеу.

-opsia терминоэлементі «балау мақсатымен тірі ағзадан азғана ұлпа-

нының микроскопиялық зерттеуге алынуы» деген мағына беретін “biopsia”

терминінің құрамына кіреді. Жаттығуларда «биопсия» деп қолдануға болады.

Төменде келтірілген терминоэлементтер жеке термин ретінде де терминоэлементтер ретінде де қолданыла береді:

Некроз (necrōsis, грек. nekrōsis өліеттену) - тірі ағзадағы торша топтары,

тоқыма не мүше бөлігінің қызметінің қайталанбас тоқтауына алып келетін

өліеттену, яғни жергілікті өлу.

Стеноз (stenōsis; грек. stenōsis тарылу) - қуысты мүшенің түтігінің

тарылуы.

Склероз (sclerōsis; грек. sklerōsis қату, нығыздалу) - ұлпасын дəнекер

ұлпа басқандықтан белгілі бір мүшенің нығыздалып қатаюы.

Стаз (греч. stăsis іркілу, тоқталып қалу) - тамырларда не қуыс

мүшелерде (мысалы: қан тамырында қанның, ас қорыту мүшелерінде

жынның) физиологиялық сұйықтықтың тұрып қалуы.

Спазм (spasmus; от грек. spasmos немесе spasma) - көлденең жолақты не

бірыңғай салалы ет ұлпасының еркінен тыс жиырылуы.


Терминоэлементтер тізімі

Грек ТЭ Терминэлементтер мағынасы

cheil(o)- ерін (хейлит)

chrom(at)- түс (ахроматопсия)

dactyl(o)- саусақ (мегалодактилия)

derm(at)(o)- тері (эритродермия)

dipl(o)- Сыңарланған, екіленген (диплопия)

erythr(o)- Қызыл, эритроциттерге қатысты (эритропсия)

galact(o)- Сүт, сүтті (галакторея)

kak(o)- жаман, жағымсыз (какосмия)

phac(o)-

(-phakia)

Көз бұршағы (факосклероз, афакия)

xanth(o)- сары (ксантопсия)

-necrōsis Торша мен ұлпаның өліеттенуі (остеонекроз)

-opia, -opsia, -optĭca Көру, көз (анопия, эритропсия)

-osmia Иіс, иіс сезу (какосмия)

-phagia Жұту, жеу (пищи) (дисфагия)

-phasia Сөйлеу, сөйлеу мəнері (дисфазия)

-phonia Дауыс, дыбыс (дисфония)

-sclerōsis тығыздану (факосклероз)

-spasmus спазм, еріксіз жиырылу (блефароспазм)

-stăsis Тұрып қалу (лимфостаз)

-stenōsis тарылу (бронхостеноз)


Префикстер

ГрекТЭ Терминоэлементтер мағынасы

pro- Алдыңғы, алдындағы (прохейлия)
Жаттығулар:

1. Терминдердің құрамын талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

anopsia, hyperosmia, macrocheilia, agalactia, cheilōsis, osteonecrōsis,

xerodermia, gastrobiopsia, proctospasmus, hypermetropia, micropsia, dermato

sclerōsis, paraphasia, bradyphasia, diplomyelia, lymphostăsis, bradyphagia,

hemiopia, adermia, phlebostenōsis, acrodermatītis, dysosmia, diplophonia,

macrophonia, onychophagia, kakosmia, dyschromatopsia, xanthochromia,

galactostăsis, xanthoerythrodermia, cardiostenōsis, duodenostăsis, hemispasmus


2. Соңғы терминоэлементтермен терминдер құрап, мағынасын

үсіндіріңдер:

1. –opia/-opsia (dipl-, my-, poly-, a-, hemi-, hypermetr-)

2. –phagia (dys-, a-, tachy-, brady-, onycho-, cheilo-, poly-, trich-)

3. –necrōsis (osteo-, micro-, nephro-, pancreo-, chondro-)

4. –stenōsis (broncho-, laryngo-, pyloro-, cardio-, tracheo-, phlebo-)

5. –sclerōsis (acro-, dermato-, cardio-, myo-, nephro-, phaco-, phlebo-)
3. Терминдерді латын тілінде жазып, мағынасын түсіндеріңдер:

гипосмия, сиалостаз, дисфония, тахифагия, ангиоспазм, микрофония,

ахейлия, полиопия, афазия, энтеробиопсия, паросмия, энтероспазм, ахрома-

топсия, хондронекроз, прогерия, галакторея, нефросклероз, онихохей-

лофагия, ксантопсия, холестаз, дерматоз, миопия, кардиосклероз, проктостаз,

макропсия, афагия, прохейлия, олигофазия, ринофония, микронекроз,

гастроспазм.
4. Төменде келтірілген сөздерден терминдер құраңдар:

1) иіс сезудің болмауы;

2) ерін қабынуы;

3) дауыстың болмауы;

4) терінің қызаруы;

5) бүйрек ұлпасының өліеттенуі;

6) жұтудың қиындауы (қызметі бұзылуы);

7) бұлшық еттегі дəнекер ұлпаның нығыздалуы;

8) екі елі ішектің кілегейлі қабығының биопсиясы;

9) бет бұлшық еттерінің спазмы;

10) зəр жолдарында зəрдің тоқтап қалуы;

11) терінің іріңді аурулары;

12) сүт безінің секреторлы функциясының төмендеуі;

13) қорқу – қандай да бір түстен не боялған заттардан қорқу;

14) көз бұршағының болмауы;

15) қорқу - қызыл түстен қорқу;

16) кеңірдек тесігінің тарылуы.
Латын афоризмдері

1. Potius sera, guam numgvam – ештен кеш жақсы.

2. Valetudo bonum optimum — ден саулық зор байлық.

3. Est modus in redus – судың да сұрауы бар.


Бақылау сұрақтары:

1. «биопсия» түсінігіне анықтама беріңіз.

2. «некроз» түсінігіне анықтама беріңіз.

3. «стеноз» түсінігіне анықтама беріңіз.

4. «склероз» түсінігіне анықтама беріңіз.

5. «стаз» түсінігіне анықтама беріңіз.


–ōma –ға аяқталатын ісіктерді ұқсас терминдерден ажырата білу

керек: –stōma терминоэлементтері бар терминдер (мысалы: colostōma –

бүйен ішектің қолдан жасалған қаяуы), термин haematōma (көгеру), glaucōma

(көз ауруы), sclerōma (тыныс жолдарыныңың қабынуы), scotōma (көру

аймағының ақауы), trachōma (көздің індетті созылмалы ауруы).

–oma-ға аяқталатын ісіктердің атаулары үшінші жіктеудің ортаңғы

тектік түріне жататындығына көңіл аударыңыздар: (мысалы: adenoma, atis n).

Ісік атауларына соңғы ōsis терминоэлеметі жалғанса, ол көп ісікті

білдіреді: adenōma + ōsis = adenomatōsis – аденомалардың көп болуы.

–iăsis терминоэлементі созылмалы, қиын емделетін ауруды білдіреді

(psoriăsis). Термин –lĭth терминоэлементімен (lithiăsis) тас пайда болуын

білдіреді (urolithiăsis – тынжытас ауруы). Соңғы –lĭth терминоэлементы бар

термин ауруды емес, тасты (конкременты) білдіреді, мысалы: urolĭthus –

тынжытас. Бұл терминдер қабыну ауруларының атауларымен шатастырмау

керек: (мысалы: альвеолит – alveolītis, бірақ ринолит – rhinolĭthus)!

–tonia – терминоэлементі екі мағыналы:

«тонус»-қа байланысты, ағза мүшелерін, жеке жүйелерді жəне

организмді ұзақ уақыт бойы белсенді деңгейін бір қалыпты ұстап тұру

(dystonia – организм тонусының бұзылуы).

Екінші мағынасы қысымға байланысты (мысалы: hypertonia). Қазіргі

кезде бұл терминді көп қолданғанмен, қолданыстан шығатын терминдер

қатарына жатады жəне бұл терминді –tensio терминоэлементіне (hypertensio)

айырбастаған жөн.
Қатерсіз жəне қатерлі ісіктердің латын атаулары – neoplasmăta maligna et benigna

1. carcinōma, ătis n Қатерлі ісік, карцинома

2. in situ «ин ситу» (орнында)

3. leukaemia, ae f лейкоз

4. lymphoblastĭcus, a, um лимфобласты

5. lymphocytĭcus, a, um лимфоцитарлы

6. malignus, a, um қатерлі

7. melanocytĭcus, a, um меланофорды

8. melanōma, ătis n меланома

9. metastatĭcus, a, um Қайталанатын, екінші (ісікке байланысты, «метастаз»)

10.monocytĭcus, a, um моноцитарлы

11.myeloproliferatīvus, a, um миелопролиферативті

12.naevus, i m невус (пигментті дақ)

13.neoplasma, ătis n ісік

14.plasmocytĭcus, a, um Плазматоршалы
2 - ші сабаққа
1. Емдеу əдістерін, патологиялық күйді білдіретін терминоэлементтер.

2. Терминоэлементтер тізімі.

3. Ісіктердің латын атаулары.
терминоэлементтердің есте сақталуын арттыру мақсатында:

–iatria терминэлементінің –therapia терминоэлементінен айырмашылығы – «емдеу» мағынасында ғана қолданылып қоймай, медицинаның белгілі бір ауруларды емдейтін аумағы болып есептелуінде.

Мысалы: фониатрия – дауыс аппараты қызметі бұзылуын емдейтін оториноларингология бөлімі.

Терминдерді салыстырыңдар: психотерапия – ауру ағзасына психикалық жолдармен емдік əсер ету жүйесі. Психиатрия – клиникалық медицинаның жүйке жүйесін емдейтін бөлігі.

plasia – терминоэлементі мүше, ұлпа, дене бөлігінің өсуін білдіреді.

Көбіне «дисплазии» терминоэлементі қолданылады. Мысалы: myelodysplasia

- жұлын өсу аномалиясының жалпы атауы, аплазия - мүше не дене бөлігінің туа бітті болмауы.

ptōsis – терминоэлементі жеке қолданыла береді, птоз – туа бітті не жүре пайда болған жоғарғы қабақтың салбырап кетуі (сонымен қатар, pseudoptosis – қабақтың жалған салбырап кетуі). Күрделі термин құрамында бұл терминоэлемент «қандай да бір мүшенің салбырауы, түсіп кетуі» деген мағына берді.

trophia терминоэлементі гректің trophē – қоректену, тамақтану сөзінен, дегенмен, бұл терминоэлемент ұлпа не мүше қоректену процесін емес, ұлпа, торша қоректенуі, зат алмасуы бұзылуының негізіндегі патологиялық күйді білдіреді. Бұл жерде дистрофияның түрлері мен атрофия туралы айтылып тұр.

Атрофия – қызметінің төмендеуі не нашарлауы салдарынан болатын мүше мен ұлпа салмағының жəне көлемінің кішіреюі; атрофия негізіне ұлпа қоректенуінің бұзылуы жатады.

Дистрофия – ағзаның созылмалы қоректенуінің бұзылуы салдарынан болатын, малдың өсуінің, иммунитетінің нашарлауымен сипатталатын паталогиялық күй.

cēle – соңғы терминоэлементі «грыжа, выпячивание» мағынасын береді.

Жарық (hernia) - тері астына, бұлшық ет арасына, қуыстарға тесік арқылы бір мүшенің не мүше бөлігінің шығып тұруы.

pnŏё – тыныс алудың патологиясы (dyspnŏё – ентігу). Ентігу – ауа жетіспеушілігімен, қиналып тыныс алумен сипатталатын, тыныс алудың жиілігінің, тереңдігінің жəне ырғағының бұзылуы.


Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

api- (лат.) Ара (араның уымен емдеу)

eu- Жақсы, қалыпты жағдайдағы (эйкапния)

irid(o)- Көздің құбылмалы қабағы (иридоцеле)

mis(o)- Жек көру (мизопедия)

orth(o)- Тік, жоғары қараған, дұрыс, қалыпты жағдайдағы (ортопедия)

oxy- оттегі (оксибаротерапия)

phon(o)- Дауыс, дыбыс (фониатрия)

phthisi(o)- туберкулез (фтизиатрия)

pseud(o)- жалған (псевдартроз)

psych(o)- психика (психиатрия)

splanchn(o)- Ішкі мүшелер (спланхнопексия)

thalass(o)- Теңіз, теңіз климаты (талассотерапия)
Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

-cēle жарық (гепатоцеле)

-iatria емдеу (психиатрия)

-kapnia көмір қышқыл газына қатысы бар (гиперкапния)

-plasia пайда болу, өсу, формалану ( ұлпа, мүше, дене бөлігі, ағза) (аплазия)

-pnŏё тыныс алу (апноэ)

-ptōsis төмен түсу, салбырау (нефроптоз)

-therapia емдеу (баротерапия)

-trophia қоректену (торшалық, ұлпалық)
1. Терминдердің құрамын талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

thalassotherapia, hyperplasia, glossoptōsis, orthopaedia, pseudoptōsis, hyperkapnia, craniodysplasia, mastocēle, apnŏё, eutrophia, orthoptĭca, hepatoptōsis, apiphobia, geriatria, hypnotherapia, nephroptōsis, iridectomia, myelodysplasia, cystocēle, psychiatria, amyotrophia, normokapnia, pseudostenōsis, bradypnŏё, onychatrophia, phoniatria, osteochondrodysplasia, coloptōsis, galactocēle, orthopnŏё, hydrocephalia, hemiatrophia


2. Терминдерді латын тілінде жазып, мағынасын түсіндіріңдер:

гипоплазия, мастоптоз, атрофия, мизопедия, гистероцеле, фтизиатрия, диспноэ, эйкапния, геронтопсихиатрия, гистероптоз, остеодисплазия, дистрофия, гиперпноэ, аниридия, педопсихиатрия, спланхноптоз, миелоцеле, гипокапния, хондродисплазия, тифлоптоз, гипертрофия, гастроцеле, олигопноэ, мегалоплазия, ортодонтия, псевдохолелитиаз, фтизиофобия, иридоцеле


3. Емдеудің əртүрлі түрін білдіретін терминдерді талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

климатотерапия, гормонотерапия, диетотерапия, механотерапия, химиотерапия, магнитотерапия, радиотерапия, термотерапия, физиотерапия, оксибаротерапия, музыкотерапия, фармакотерапия, баротерапия, психотерапия, витаминотерапия, гемотерапия, гирудотерапия, пиротерапия


1. Тотықтардың, пертотықтардың, гидрототықтар

2. Терминоэлементтер тізімі.
Оксидтердің, пероксидтердің, гидроксидтердің латын атаулары екі

сөзден тұрады:

· Бірінші: ілік септігіндегі химиялық элемент атауы

· Екінші: сөз oxўdum, i n (оксид, окись), peroxўdum, i n (пероксид,

перекись) немесе hydroxўdum, i n (гидроксид, гидроокись) атау септігінде

Мысалы:


· Zinci oxўdum - мырыш тотығы

· Hydrogenĭi peroxўdum - сутегі асқын тотығы

· Aluminĭi hydroxўdum - алюминия гидроксиді

N.B.! Тотықтардың, пертотықтардың, гидрототықтардың аттары дəрілік

зат формалары атауларынан кейін бас əріппен жазылады.

Мысалы:


· Solutĭo Hydrogenĭi peroxўdi dilūta – сұйытылған сутегі асқын тотығының ерітіндісі
1. -benz- Бензол тобы бар Benzobarbitalum Benzotephum

2. -cyan- Синил қышқылы жəне оның туындылары Cyanocobalaminum Cyanidum

3. -fur(a)- Микробқа қарсы заттар Furazidinum Furazolinum

4. -hydr- Судың, сутегінің не гидрототығы тобының болуы Hydrocortisonum Hydrochlorthia-zidum

5. -naphth- Мұнай өнімдерінің негізіндегі препараттар NaphthalginumNaphthazinum

6. -oxy- Оттегі жəне оның туындыларының болуы Oxylidinum Oxyfedrinum

7. -phosph- Фосфор жəне оның туындыларының болуы Phosphocreatinum Phosphoestrolum

8. -phtha(l)- фтал қышқылы туындыларының препараттары Phthalylsulfathiazolum

Phthalazolum

9. -phthor- Фтор жəне оның туындыларының препараттары Phthorothanum Phthoracizinum

10. -sulf- күкірт жəне оның өнімдерінің препараттары Sulfadiazinum Sulfobarum

11. -thi- Тұз бен қышқыл атауларында күкірт атомының болуы Thioridazinum Thiaminum

12. -yl- Көміртегі радикалының болуы Benzylpenicillinum Sulfacylum-natrium

13. -zid-, -zin-, -zol-, -az(a)-, -(a)zon- гетероциклдык қосылыстарда азот атомының болуы

Azathioprinum Norsulfazolum Sibazonum
Химиялық ақпарат беретін көп кездесетін кесінділер

Латын химиялық терминдерінің орфографиясында жақсы бағыт алу үшін, жиілік кесінділер деп аталатын, көп қайталанатын грек түбірлерінің латын орфографиясын білу қажет. Фармацевтикалық препараттардың аттары бас əріппен жазылатынына көңіл бөлген жөн.

Көп кездесетін кесінді

Этимология Химиялық информация Мысалдар

hydr(o) Грек. hydor - су Сутегі, су не сутегі тобының болуы Hydrogenium, i nhydrochlorĭdum, i n
oxy Грек. oxys -қышқыл

Оттегі не оның қосылыстарының болуы Oxylidīnum, i n peroxўdum, i n

phthor(o) Грек. phthoros - бұзылу

Фтор қосылыстарының болуы Phthoracizīnum, i n Phthorocortum, i n thi Грек. theion - күкірт

Тиосол жəне тиоқышқыл атауларында күкірттің болуы Thiopentālum, i n Thiamīnum, i n

aeth Грек. aether - эфир Этил тобының болуы Aether, ĕris m Aethazōlum, i n


Көп кездесетін кесінді

Этимология Химиялық информация Мысалдар

meth Грек. methy – шарап Метил тобының болуы Methylēnum, i n

Methylii salicỹlas

phen Грек. phaino - жарық қыламын

Фенил тобының болуы Phenacetīnum, i n Phenobarbitālum, i n

benz араб. Benzoa-арамот шырыны

Бензол сақинасының болуы Benzohexonium, i n benzoĭcus, a, um

yl Грек. hyle - зат Көмір сутегі радикалдарының болуы Benzylpenicillīnum, i n

salicylĭcus, a, um


Латын тіліндегі тұз атаулары.

2. калий жəне натрий тұздары атауларын рəсімдеу ерекшеліктері.


Латын тілінде тұз атаулары екі зат есімдерден тұрады:

2. Катион аты - бірінші орында, ілік септігінде

3. Анион аты - екінші орында, атау септігінде.

Мысалы:


Aluminĭi nitras - алюминия нитрат

Epinephrini hydrochlorĭdum - эпинефрина гидрохлорид

Natrĭi nitris - натрия нитрит

Катиондар қашанда бас əріппен, ал ониондар жай əріппен жазылады.

(мысалы: Solutĭo Natrĭi tetraborātis glycerinōsa). Катион ретінде дəрілік заттар мен химиялық элементтер қолданылуы мүмкін.

Латын жəне қазақ тіліндегі анион атаулары

Латын тілінде анион аттары -as, -is, -ĭd(um) суффикстері арқылы пайда болады. Төменде келтірілген кестеде ілік, атау септігіндегі латын суффикстері жəне қазақша аудармасы келтірілген:

Латын тілінде Қазақ тілінде

атау/ілік септ

мысалдар атау/ілік септ. мысалдар

-as

-ātis


Aluminii nitras

Aluminii nitrātis

-ат

-ата


алюминий нитрат

алюминий нитрат

-is

-ītis


Aluminii nitris

Aluminii nitrītis

-ит

-ита


алюминий нитрит

алюминий нитрит

-ĭdum

-ĭdi


Natrii chlorĭdum

Natrii chlorĭdi

-ид

-ида


натрий хлориды

натрий хлориды

Кестеге түсінік:

-as, -is суффиксіне аяқталатын анион аттары латын тілінде 3


жіктеудегі зат есімдерге жатады. Оларды қазақ тіліне аударғанда соңғы -s əрпі –т ауысып кетеді.

Мысалы:


· citras - цитрат

· phosphas - фосфат

· nitris - нитрит

· -as, -is суффиксіне аяқталатын ілік септігіндегі аниондар басқа 3 жіктеудегі зат есімдер сияқты аударылады:

Салыстырыңдар_______:

· citras, ātis m - tuberosĭtas, ātis f

· -ĭd- суффиксі бар аниондар 2 жіктеудегі n тектік түріндегі зат есімдерге жатады:

Мысалы:


· chlorĭdum, i n - хлорид

· bromĭdum, i n - бромид

Ескерту: негізгі тұздардың қазақша атаулары «негізгі» деген сөзбен жазылып, латын тілінде «sub-» қосымшасына сай келеді.

Мысалы:


· негізгі висмут нитраты - Bismŭthi subnitras

· негізгі висмут нитратының - Bismŭthi subnitrātis

Калий жəне натрий тұздарының рəсімдеу ерекшеліктері

Калий жəне натрий органикалық тұздарының екі компонентінен тұратын, дефис арқылы жазылатын атаулары латын тіліне жəне латын тілінен қазақ тіліне аударғанда сол сөз тəртібін жəне септеулерді сақтап қалады:

Мысалы:

· сульфацил-натрий- Sulfacylum-natrium



· сульфацила-натрия - Sulfacyli-natrii

Ескерту: қазақ тілінде бір сөзден, латын тілінде екі сөзден тұратын тұз атауларын есте сақтаған жөн:

·метилсалицилат - Methylii salicylas

·фенилсалицилат - Phenylii salicylas

·амилнитрит – Amylii nitris

·хлоралгидрат – Chlorali hydras

Лексикалық минимум

Дəрілік өсімдіктер атаулары

1. Papāver, ĕris n Көкнəр

2. Strychnos, i m Қисық жалғақ

Анион атаулары

3. acetas, ātis m ацетат


4. benzoas, ātis m бензоат

5. bromĭdum, i n бромид

6. carbonas, ātis m карбонат

7. chlorĭdum, i n хлорид

8. gluconas, ātis m глюконат

9. hydras, ātis m гидрат

10. hydrocarbonas, ātis m гидрокарбонат

11. hydrochlorĭdum, i n гидрохлорид

12. hydrotartras, ātis m гидротартрат

13. iodĭdum, i n йодид

14. lactas, ātis m лактат

15. nitras, ātis m нитрат

16. orotas, ātis m оротат

17. phosphas, ātis m фосфат

18. salicylas, ātis m салицилат

19. subcarbonas, ātis m негізгі карбонат

20. subnitras, ātis m негізгі нитрат

21. sulfas, ātis m сульфат

22. tetraboras, ātis m тетраборат

23. trimethylacetas, ātis m триметилацетат

Дəрілік заттар атаулары

24. Coffeinum-natrii benzoas

Coffeini-natrii benzoātis

кофеин-бензоат натрия

25.Kanamycinum, i n канамицин

26.Methylthionii chlorĭdum метилтиония хлорид (метилен көк)

27.Methylii salicylas (ātis m) метилсалицилат

28. Phenylii salicylas (ātis m) фенилсалицилат

29. Strychninum, i n стрихнин

30.Vinylinum, i n винилин

Басқа да лексика

31. isotonĭcus, a, um изотониялық

32.massa (ae f) pilulārum (a, ae f) пилюл массасы

33. praecipitātus, a, um тұндырылған

34. tritus, a, um үгілген

Латын афоризмдері

1. Est modus in redus – судың да сұрауы бар.

2. Homo ornat locus, non hominem locus – орта адамды емес, адам

ортаны көркейтеді.

3. De lingua stulta incommŏda multa - ақымақ тілден көп қолайсыздық

(тіл бас кеседі).
5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №13 тәжірибелік сабақ


Модуль 2 Латын граматикасының фармацевтикалық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Фармацевтикалық терминология. Шипаұсыным құрылымы.
Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988



Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978



2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992
Invia est in medicina via sina lingua latina

Латын тілінсіз медицинаға жол жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет