Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



бет31/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   144
Өсімдік шаруашылығы. Облыстың жер алқаптарының жалпы ауданы 16,5 млн. гектарды, оның 12,7 млн. гектары ауыл шаруашылығы алқаптарын, оның ішінде игерілген суармалы жердің жалпы ауданы 1200 гектарды құрайды.
Төменде 2011-2013 жылдардағы өсімдік шаруашылығындағы өндіру көлемі мен НКИ келтірілген:



Жылдар

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

Нақты көлем индексі (НКИ),%

Барлығы

оның ішінде, өсімдік шаруашылығы

Барлығы

оның ішінде, өсімдік шаруашылығы

2011

7011,4

1955,2

119,5

184,2

2012

7174,0

1396,8

95,9

77,2

2013

7227,0

1197,0

96,6

77,9

Кестеден көрінгендей, өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі жылдан-жылға төмендеуде. Негізгі себеп – өсімдік шаруашылығындағы статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістемесінің жетілмегендігі.


Мысалға, 2013 жылдағы статистикалық есеп бойынша жалпы өнімі 6331 тонна (өнімнің 38%-ы) болатын 279,6 га егістік ауданы есепке алынбаған. Осы себепке байланысты, саланың НКИ 77,9% құрады (АДБ бойынша күн ілгері белгіленген жоспар – 100,2%). Нәтижесінде, тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша осы екі көрсеткіш бойынша жоспардың орындалмағаны анықталды.
Жағдайды жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен ашық топырақтағы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын және сапасын көтеруге берілетін субсидиялау нормативтері 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда орташа 40%-ға арттырылды.
Озық ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды енгізу ауданы жыл сайын артуда, өнімді өңдеу бірте-бірте жолға қойылуда, көкөніс қоймалары мен жылыжай шаруашылығының желісі дамуда.
Ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды қолдану арқылы 2013 жылы 483 га қамтылды (2012 жылы – 288,5 га, 2011 жылы – 200,9 га). Бүгінгі күнге ылғал қорларын сақтау технологиясын – тамшылатып суаруды қолданумен 651 га жер қамтылған.
Өңірде жалпы ауданы 5,2 га өнеркәсіптік үлгідегі 2 жылыжай және жалпы ауданы 3,2 га фермерлік үлгідегі 6 жылыжай жұмыс істейді. Облыстың аудандарында тағы бірқатар жылыжайлар салу жоспарлануда.
Ветеринария. Эпизоотияға қарсы шаралар өткізуге: энзоотиялық аурулардың алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринарлық препараттар сатып алуға, серологиялық зерттеулер үшін қан сынамасын алу мен жеткізуге республикалық бюджеттен 2013 жылы – 152,5 млн. теңге; 2012 жылы – 167,9 млн. теңге; 2011 жылы – 107,6 млн. теңге бөлінді.
Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жылдық жоспары 100%-ға орындалып, өңір аумағы эпизоотиялық қолайлы болып табылады.
Мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру үшін республикалық бюджеттен 2013 жылы 216,2 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлініп, арнайы машиналар, ветеринарлық жабдықтар, сондай-ақ қызметтік жиһаз бен компьютер техникасы сатып алынды және ветеринарлық станциялар мен ветеринарлық пункттерге таратылды.
Қала базарларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мал шаруашылығының шикізаты мен дайын өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптауды жүзеге асыру, мал соятын бірнеше объектіде дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін, облыста екі зертхана: «Маңғыстауветсервис» МКК мен «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК жұмыс істейді. «Маңғыстауветсервис» МКК-ның жарғылық капиталын толықтыруға (ветеринарлық зертхананың материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға) жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді.

Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет