Маңғыстау облысында ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2007-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама.
Бағдарлама мақсаттарының аясының тарлығын ескере отырып, бағдарламаның орындалмаған міндеттерін денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық жоспары шеңберінде қарастыру қажет.
«Маңғыстау облысының қоршаған ортасын қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған» өңірлік бағдарламасы.
Бағдарламада қарастырылған іс шаралардың барлығы жүзеге асырылуда, бірақ қоршаған ортаны қорғау мәселесі Аумақтарды дамыту бағдарламасында әрі қарай шешімін табуды талап етеді.
Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болғандықтан Аймақты дамыту бағдарламасында осы мақсаттар мен міндеттерді қарастыру қажет.
2006-2010 жылдарға арналған Маңғыстау облысы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде әзірше өзекті болып отыр. Ұсыныстар: аймақтық даму бағдарламасында алдын алу шараларын қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |