Спортшыға мінездеме
Ә.Молдағұлова атындағы
облыстық мамандырылған
олимпиадалық резервтегі
мектеп-интернат-колледжі
КММ спортшысы
Советов Ислам
МІНЕЗДЕМЕ
Советов Ислам 2003 жылы, мамыр айының 15, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келді. 2015 жылы Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжіне түсті. Спорт мектебінде 2014 жылдан бастап дайындалады. Осы жылдары аралығында өзін тек жақсы жағынан көрсетті.
Спорт мектебіне келгеннен бастап өзін ұқыпты және байсалды, салмақты, төзімді ұстайды. Жаттығу барысында өзін жақсы жағынан көрсетеді. Жаттығудан себепсіз қалмайды.
Мінезі өте ақкөңіл, ашық-жарқын, салмақты, әрдайым көңілі көтеріңкі жүреді. Өзінің ақжарқын мінезімен айналадағы адамдарды баурап алады. Үлкенді сыйлай, кішіге қамқор бола біледі, нағыз ұлттық рухта тәрбиеленген. Рухани тұрғыда да, саяси тұрғыда сауатты. Ол мейірімді, әрдайым қол ұшын беруге дайын тұрады. Жаттықтырушылардың айтқан тапсырмаларын дер кезінде орындайды. Кез келген жарыста, я болмаса жаттығу кезінде өзінің белсенділігін көрсетеді.
Исламның айналысатын спорт түрі – бокс. Мектеп қабырғасында жүргенде , мектепішілік немесе қалалық жарыстарына қатысып, жүлделі орындары бар. Жезқазған қаласының Балалар-Жасөспірімдер спорт мектебінде дайындалып жүргеніне бір жылдың көлеміндей уақыт болып қалды. Аз уақыт болсада, жетістіктері баршылық. Талпынысы өте жоғары, Исламмен практикаға келген күннен бастап тез тіл табысып кеттік.
Тек бокс ғана емес, сонымен қатар спорттық ойындарға да жақын. Мысалға айтсам: волейбол, баскетбол, футбол ойындарын жақсы көреді.
Ислам өте еңбекқор. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жақсы дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, ұқыпты, тиянақты.
Ислам өзіне сенімді, айтқан сөзінде тұра алады, отан сүйгіш бала. Кез келген адаммен тез тіл табысады. Бірге дайындалатын спортшылар мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды. Жаттықтырушыларының тарапынан тапсырылған тапсырманы жауапкершілікпен орындайды.
Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді. Арақ ішу, темекі тарту деген жаман нәрселерден бойын аулақ ұстайды. Қыз балаға деген сыйластығы өте жоғары деңгейде.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол. Қазақстан Республикасының ардақты сыйлы азаматы болады деп сенемін.
Топ жетекшісі: Шілдебаев Мейірлан
Практикант студент: Мусаева Ақерке
Достарыңызбен бөлісу: |