Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті



бет20/21
Дата04.11.2016
өлшемі5,71 Mb.
#219
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21



Салкебаева А.Д.

Ақылжан Т.Б.

(Қарағанды ҚарМТУ)


Кеңестік империяның құрсауындағы елдердің тарихы бұрмаланып, сол кездегі саяси ауа райына қарай икемделіп отырды. Сондықтан болар тәуелсіздік тұғыры қонған сәтте де қаһарман тұлғаларды ескермей, кейбір жағдайларда ұмытып, қоғамның рухани игілігіне жарата алмай отырған жайымыз бар. Ойымыздың өрнегін төтесінен кестелесек.

Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, алмағайып аласапыран кезеңдерде туған еліне ес болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орыны тым ерекше. Соның бірі ұлтымызға ХХ ғасырдың екінші ширегінде рухани сәуле шашып, қазіргі ұлт территориясының тұтас сақталып қалуына сүбелі үлес қосқан нар, алып тұлға – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. Оның туған халқының алдындағы үлкен ерлігінің бірі — сұрапыл хрущевтік дәуренде Қазақстанның солтүстік аймағындағы байлығы шалқыған, егін-жайы толқыған бес облысын көрші Ресейге қосудан аман алып қалуы дер едік. Қазақтың ұлан-ғайыр киелі жерін талан-тараждан қорғап қалған Жұмабек  Ташеневті халық арасында «Кісендеулі жолбарыс» деп атап кеткен.


Жұмабек Тәшенев халқына адал, ел игілігі жолында асқан жауапкершілікпен еңбек еткен қайраткер тұлға болатын. Қазақтың тарихи сахнасында әр кезеңде ақылды, ойлы, ұлт мүддесін ойлаған азаматтар туылып отырған. Сондай өз заманына лайық туған, елім, жерім деп өмір сүрген, халқына жақсылық жасаудан жанын аямаған дара тұлғаны қандай сөзбен әспеттесек те жарасымды. Ол қандай мәселеге болсын әділдікпен қарап, белсеніп шығып, қызына сөйлеп, көзқарасын батыл қорғайтын. Ең үлкен дәрежедегі жиындарда өзі де пікірін ашық айтатын, өзгенің де жасқанбай сөйлеуін қалайтын. Өзінің қарақан басын, ағайын-туғандарын да ойламай, тек халықтың күйін күйттеп, жырын жырлап «халық үшін жан пида! " деп өткен асқақ рухты Жұмабек Ахметұлы Тәшенев сынды қазақтың озық ойлы азаматының тағдыры тарих, ісі өнеге.

Ұлттық рух болмаған жерде, ұлттық намыстың да болмайтыны белгілі. Қазақ ұлтының ұлт ретінде, мемлекет ретінде дамуы мен танылуы елдің бірлігі мен ынтымағына байланысты. Рухының биіктігімен, намысының күштілігінен, есімі халықтың жүрегінде сақталып қалған, істеген істері аңызға айналып кеткен, кезінде халықтық рухы жарқылдай көрінген осындай азаматтарымыздың бірі — Жұмабек Тәшенев еді.

Бұл-даусыз, бұл-ақиқаттың ең шарықтау шындығы. Сөзіміз дәлелді, ойымыз айғақты болу үшін тұлғаның халық игілігі үшін сарап болған еңбектерін көзі көргендер мен шарапаты тиген қызметтес достары һәм замандастарының ойларын ортаға салсақ.

Жұмабек Ахметұлының билікке келуін Кәрішал Асан-ата «Шынжырда өткен жолбарыс...» кітабында былай өрнектейді: «...Тәшеновтің Республика деңгейіндегі бірінші басшылардың алдыңғысының біріне айналуына Хрущев пен Бугалиннің 1955 жылдың басындағы Үндістанға барған сапары бірден-бір себепкер болды. Шығысқа ұшып бара жатқан барлық ұшақтар жолда Ақтөбе аэропортында аялдама жасайтын. Мәскеуден Делиге дейін тура ұшатын лайнерлер ол кезде болмағандықтан Хрущев ұшағы Ақтөбеге табан тірейді. Аэропортқа обкомның бірінші хатшысы Ж.Тәшенов қонақтарға бас тартып қазақша сый құрмет көрсетеді. Облыстың барлық жетістіктерімен таныстырады...» [1]. Міне, осылайша Мәскеудің отағасы Хрущев көзіне түскен Жұмабектің қызметтік өрлеуі басталады. Орталық диктатураның қанша нұсқауы болғанымен ұлтын шексіз сүйген өр тұлға ұлт игілігі үшін атқарылған әрбір істің басында тұрды. Қазірде Республика сарайының алдында рухани сәуле шашып тұрған Абай ескерткіші салынуы, репрессия құрбандарын ақтау комиссиясының төрағасы ретінде талай-талай мықтыларымыздың ақталуын жеделдетті, сондай-ақ, қазақ кадрларын билікке тарту және т.б. тізбектеп келтіре беруге болатын қызметтері алмағайып.

Дегенмен де, Жұмабектің отан алдындағы асыл парызын өтеудегі ең ұлы қызметін ғалым, жазушы, мемлекет қайраткері Әди Шәріпов естеліктерінде «Баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары мен Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп сыртқы жаулармен соғысып аман сақтап қалған қазақ халқының ата-мекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам – Жұмабек Тәшенов. Қазақ халқының ерте заманнан бері қоныстанған тамаша шұрайлы жерін, бір қатерден оның сақтап қалғанының куәсі болғанбыз», [2] - деп жазады.

Мәскеудің нұсқауымен Жұмабек Ахметұлын талай рет жамандап, түрлі айдарлы сөздер тағуға тырысқан Исмайыл Юсуповтың өзі тұлғаның ел алдындағы азаматтық қызметін мойындап: «Қазақ халқы бір азаматқа қарыздар болса, ол осы Жұмабек Тәшенов болар. Ол ел алдындағы парызы мен қарызын адал атқарған адам. Ол ата-бабадан қалған кең байтақ қазақ жерін жанымен қорғап, сол үшін барлық игілігінен айрылған адам»[2]. Сірә, осыдан кейін-ақ сөз қозғаудың өзі қиындау екен.

Міне, бүгінде шын бағасын алмай жүрген ғасыр тұлғасы Жұмабек Тәшенұлы 100 жасқа толып отыр.
Ол халқымыздың тәуелсіздігін армандап, қазақ халқының өз жерінде өзі қожайын болуын аңсаған. Соңғы демі қалғанша ұлтына қызмет етіп, қазақтың жері үшін күресті. Тәшенев нар тұлға ғана емес, үлкен қайраткер, халқының болашағы үшін ұлы күрескер де бола білген. Осындай ел ардақтысына айналған, ұлттық мүддені қорғаған арыстарымыздың есімдері ел есінен өшпей, жыл өткен сайын жаңғыра берсін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Кәрішал Асан ата «Шынжырда өткен жолбарыс...»: «Үш қиян», 2004.

2. Жұмабек Тәшенев туралы естеліктер. – Алматы: Білім, 2005.

ПОЛИТИЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Ж.А. ТАШЕНОВА

Сериков А. (КарГТУ,1 курс),

Мажитова Д. (КарГТУ,1 курс),

Ахметова Д. (КарГТУ,1 курс),

Науч. рук. м.п.н., ст. преп. Тусупбекова Э.К.


Жумабек Ахметович Ташенов родился в 1915году 7 марта ауле Танагуль Акмолинской области.

Советский государственный и партийный деятель член ЦК КП Казахстана. Председатель Совета Министра Казахской ССР, кандидат экономических наук

Его партийная деятельность началась с должности областного секретаря Акмолинского райисполкома с июня 1934 года. Побыв на этой должности  четыре месяца, Жумабек Ташенов становится ответственным секретарем Красно Армейского райисполкома. Того рода должности в различных регионах Казахстана он занимал до 1952 года когда, он стал Председателем Президиума Верховного Совета Казахской ССР. Этот пост он занимал до 1955 года. С 1955 года по 1960 год Жумабек Ташенов был на   посту Председателем Совета Министров КазССР. Таким образом с 1961 года до пенсий он находился на должности заместителя председателя исполнительного комитета Шымкентской области.

Быть во главе руководства  республики которая находится под тоталитарном контролем дело не простое и очень ответственное требующие выдержки и колоссальных умственных способностей . А тем более когда интересы вышестоящих людей идут против интересов твоего народа. Занимая такую должность Жумабек Ташенов  старался решать проблемы с максимальной пользой для своего народа. В отличии от некоторых людей которые старались угодить Москве. Наверно  это касается не только Казхстана но других республик бывшего Союза.

         Начало 50-х годов прошлого столетия ознаменовалось попытками реформирования тоталитарной системы, либерализацией различных сфер общественной жизни. Но основы командно-административной системы оставались без изменений, сохранялся диктат Центра над союзными республиками. В то время первым секретарем ЦК КПСС был Никита Хрущев. Именно при нем началась знаменитая целинная эпопея. В 1961 году Н. Хрущев предложил целинный край (пять северных областей Казахстана) присоединить к РСФСР. Шымкентскую область —Узбекистану, Мангыстаускую область — Туркменистану и таким образам обкорнать Казахстан, Председатель Совмина КазССР Жумабек Ташенов выступил против, апеллируя к Конституции Советского Союза. За этот смелый поступок его через два месяца сняли с должности. С 1961 года до самой пенсии Ж. Ташенов работал заместителем председателя Шымкентского облисполкома. Трудился с полной отдачей, стал пенсионером союзного значения. И до конца жизни не жалел о том, что выступил против хрущевских планов.

Освоение целина залежных земель как и всякий проект имел негативную и позитивную стороны. Как отметил глава нашего государства Н.Назарбаев в выступлений в своем выступлении на X сессии Ассамблеи народов Казахстана, состоявшейся к 50 летнему  юбилею  с начала освоения целины Те события полувековой давности дали мощный импульс развитию сельскохозяйственного производства республики.

  Это действительно так. С тех пор появились новые города и другие населенные пункты, а республика превратилась в один из крупнейших зерносеющих регионов. Были построены дороги, сложилась эффективная транспортная и телекоммуникационная система, единая экономико-социальная система. Все это привело к улучшению благосостояния населения. Сегодня Казахстан является экспортером не только нефти, но также зерна. Основы такой практики были заложены в те далекие годы освоения целины.

Помимо выше сказанных преимуществ, безусловно были и другие, но отрицательных последствии по моему мнению больше и ощутимей по сей день. И это при том что Советскому руководству не удалось осуществить план полностью. Благодаря Ж.Таженову.

         Кроме этого Ж. Ташеновым  были инициированы вот каких акции.

 -он предложил одну из главных магистралей города Алматы назвать проспектом Абая и у начала его воздвигнуть памятник великому мыслителю


-добился того, чтобы построенный в центре Алматы добротный 120-квартирный дом был всецело отдан выдающимся деятелям культуры Казахстана, многие из которых годами скитались по Алмате без квартиры;
-инициировал лично выдвижение романа «Абай» Мухтара Ауэзова на Ленинскую премию;
-всячески содействовал присвоению третьей Золотой Звезды Героя Соцтруда Нурмолде Алдабергенову, звание Героя Советского Союза Бауыржану Момышулы и Рахымжану Кошкарбаеву, однако не смог сломить яростное сопротивление хрущевской клики, а также маршала И. Конева;
-настойчиво и принципиально ратовал за рост и воспитание молодых и деятельных национальных кадров во всех сферах государственной политики и, будучи Председателем Совета Министров Казахстана, привлек на работу в правительственный аппарат двенадцать человек коренной национальности;

-решительно высказывался против ядерных испытаний на территории Казахстана. Однако он не был наказан, потому что в то время Н. Хрущев симпатизировал молодому, энергичному Ж. Ташеневу, и обнадеживал его со словами: «Потом посмотрим, обсудим

Возвращаясь  к вопросу о Целине, спор между Н.С. Хрущевым и Ж.Ташеновым вызвал удивление у многих тогдашних лидеров.

Честь и достоинство своего народа отстаивал отчаянно, иногда бесшабашно              С годами, точка зрения на прошедшие  событья меняется, становится яснее. Те вещи, которые при Советской власти скрывались, сейчас стали известны. Подвиги таких людей которые, я уверен, есть у каждой нации которая была под тоталитарном режимом, стали достоянием общественности. Жертвы политических репрессий, про которых нас заставляли забыть или пытались создать отрицательное впечатления рассказывая об их «не советской» деятельности не принесли ожидаемого результата. Жумабек Ташенев был настоящим патриотом, вступившим в борьбу за целостность земель своей страны. Поэтому он является для всех нынешних и последующих поколений образцом для подражания. Жумабек Ташенев внес весомый вклад в сохранение целостности территории Казахстана.

Список использованных литератур:

1 Газета «Караван». Он говорил Хрущеву «Нет!»

2 Жумабек Ташенов. Он противостоял Хрущеву .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет