Қазыналы биікте. Р. Нұрғалидің азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті. –Алматы,



бет5/22
Дата23.10.2016
өлшемі5,95 Mb.
#69
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Т.Жұртбай


АРДАКҮРЕҢ


Әр пенденің өмір өзегімен өзектескен бір адамы бары аныќ. Оның алдында сенің, сенің алдыңда оның жасырып істер тойы болса да ойы болмайды. өйткені, жалт еткен көзінің ќиығынан, ќатар ќадам басќанда тыныс алысынан, әңгіме арасында сөзінің әрінен оның жан демеуі мен медеуін, көңіл күйінішін сезе ќоясың. Жайшылыќта сырт беріскендей көрінгенімен де, оңашада жұлын-жүйкеңнің ќырындысына дейін еріп сала береді. Мен үшін Рымғали Файзоллаұлы Нұрғали сондай етене жандас та, ќандас та, тағдырлас та әрі аға, әрі ұстаз. Ойлап отырсам, менің балаң санама көркемдік талғам мен ойлау жүйесінің жүлгесін есіп берген де, жазушылыќтың терең сырын түсіндірген де, адамдыќ тағдырдың ќилы сәттеріндегі ќиналысының куәсі де осы адам екен. Тіпті менің бойымдағы кейбір мінездер де осы Ардакүреңнен (Жәнібек, Несіпбек үшеуміз Р-ағаңды осылай атайтынбыз) ауысќанын өзім де аңғарып ќаламын. Мұны еліктеудің де, тәрбиенің де жемісі деп ќабылдауға болар. Басќаны ќайдам, дәл осылай деп айтуға менің толыќ ќұќым бар сияќты. Оны өзі де жоќќа шығара алмас. Еркелеген де, елжіреп сағынған да, еркінсіген де, ренжіткен демейін, өкпелеткен демейін, наз артќан кезім де болыпты. Біраќ соның барлығының астарында да туған ағасына туған бауырының өзімсінген терең сезімі жатыр еді.

Ќазір де сол күйден арыла алмай, бастап ќойған сөздің арасын бір ай өткен соң ќайта жалғастырып отырмын. Өйткені бауырында өскен отыз бес жылдың ішінде талай-талай ќабырға ќайыстырар ауыр күндерде аспандағы бұлтты ысырғандай, бауырлап ќалғанда жерден көтере демегендей, тығырыќќа тірелгенде тыныс ќосќандай болған жанашырлыќ демін сезініп, ќашан ќанатым ќатайғанша ќамќорында, ќолтыќ ќарында, бүйрек бүлкілінде жүріппін. Сондыќтан да ќысќа маќалада ойымды маған тікелей ќатысы бар өмірдегі мінезді сәттерге ғана негіздегім келді.



Мінез демекші, аға мен бауырдың, ұстаз бен шәкірттің арасындағы ілтипатымыздан бұрын мінезіміз танысќан сияќты. Алғашќы таныстығымыз ќабылдау емтиханының үстінде өтті. Сахнасы келіспеді демесең, ішкі ырғасуы мен үшін “Еңлік-Кебектегі” Еспенбет пен Көбейдің тартысынан кем еместей көрінген. Сол жылдары маған жаќсылыќ та, жамандыќта әкелетін осы “Еңлік – Кебек” болды. үш жыл бұрын осы екі бидің айтысын сыныптастарыма түсіндіріп беремін деп “ру араздығын ќоздырушы” ретінде тоғызыншы класта мектептен шығып ќалғанмын. Мұхтар Әуезовтің пьесасы да арашаға жарамады. Әйтеуір, он бес күннен соң Семейдің облыстыќ театры “Еңлік-Кебек” спектаклін біздің ауылға әкеліп ќоя ќалмасы бар ма. Кітапты оќымаған Еңлік пен Кебектің туыстарының келесі, яғни, ата-аналар кеңесі спектакльден кейін шешімін ќайтарып алып, “әділдік орнатќан”. Былтыр кеудені әдемі арман мен болашаќќа деген ұлы үміт әлдилеген он жеті жасымда Алматыға келіп, университеттің журналистика факультетіне емтихан тапсырғанмын. Шет тілін оќымағандар да емтихан тапсыратын болып шыќты. Одан да өтер едім, басты кілтипан шығарма мен әдебиеттің ауызша емтиханынан шыќты. Екеуінен де үш алдым. Ал өзге-өзге, бұл маған өліммен тең еді. Біраќ кейін аныќталғанындай, бұл “үш” “саяси баға” екен. Ауызша емтихан кезінде лыпып-аќ тұрғанмын, Мырзатай Жолдасбеков ағамыз маќтап-маќтап кеп билеттен тыс: “Еңлік-Кебектің” жазылу тарихын сұрады. Тура осы оќиғаны оќушының дәптеріне толтырып жазып үш алған “Сүйікті шығармамның” кемшілігін толтырайын деп “Еңлік-Кебектің” жазылуын Шәкәрімнен бастап, суылдата жөнелдім. Мырзакеңнің ќабағы кіржің ете ќалды. Дауысы бәсең тартып: “Мына бала сайрап тұр”-деді. Ќасындағы тілші: “Естідім ќалай сайрағанын. Екі”- деді. Жүрегім су ете ќалды. Аќыры үшке келісті (Тілші: “Төлегеновтен ќұтылсаң ЌазГУ-ді бітіргенің”- дегендегі Төлегенов ағамыз болып шыќты. Ал содан бері Мырзакеңнің маған беретін бағасы ылғи бестен басталып, үшпен аяќталып келеді). Келесі жылы Несіпбекпен, Жүрсінмен, Асќармен, Намазәлімен, Жанболатпен бірге оќысын деген шығар, ауылға ќайттым. Бір жыл бойы әбден таќыстанып, шығарманы 4 бет етіп, Алтынсарин мен Ильминскийдің достығын мөлдіретіп жазып бергемін. Ќазаќ тілінің емілесі мен тыныс белгісін тастай еткенмін. Алдында Оралхан Бөкеев “Лениншіл жас” газетіне суретіммен өлеңдерімді шығарған. Бұл кітабы шыќќан аќындар да сирек көрген ќұрмет еді ол тұста. “Ќабылдау комиссиясының төрағасы Т.Кәкішев: “Жұртбаевты ќұлатып алмаңдар - деп тапсырма беріпті, Рымғали деген сенің өз аулыңнан. Атағы жер жарып тұр. Сені іздеп жүр. Жүсекең – Жүсіпбек Елебеков шаќырып жатыр” – деп бәрін танитын Жәнібек Кәрменов келгенде жүрексініп бармап едім. Ауызша емтиханды тапсыруға ішке кіргенде шығармадан тағы да үш алғанымды білдім. Үшті ќойған Рымғали Нұрғалиев. Дүние төңкеріліп түсті. Емтихан ќағазын ќайтып беріп, кетуге бет алдым. Паңгерей марќұм аты-жөнімді біле сап Тұрсекеңді шаќырып: “Әлгі байќа деген Жұртбаевыңыз емтихан тапсырмаймын дейді. Міне, өзі. үш алыпты”-деп мені нұсќады. Тұрсекең ќағазды алды да: “Е, өз ағаң екен ғой. Рымғалидың осындайы бар. Тапсыр. Емтиханды сенен Рымғалидың өзі алады. Ќалғанын беске тапсырсаң сөзсіз түсесің”- деп жетектеп апарып аудиторияға кіргізіп жіберді. Көзілдірікті дәу ќара, сырбаз сөйлейтін ағамыздың (Мырзатай Серғалиев) ќасында шашын артына ќайырған, көзі оттай лапылдаған (жанып емес), денесі ќызудан көтеріліп-басылған жанартаудай, бәрін билеп-төстеп, өктем-өктем сөйлеген аќсары жігіт отыр. Мына жігіттен аман ќұтылмасым белгілі. Билетті алмай ќасарысып тұрдым да алдым. Бір бала бағасын алып кеткесін маған ќарап:

- Әй, сен бізді арбап тұрмысың, немене?- деді.

- Жоќ.

- Ендеше мына сұстиып тұрысың не?

- Емтихан тапсырғым келмейді.

- Ендеше біреу сені зорлап кіргізді ме?

- Иә. Емтихан төрағасы.

- Ей, сен өзің бір ќырсыќ бала екенсің. Неменесіне бұлданасың. Ал ќане билетті, әйтпесе емтихан ќағазыңды әкел. Екіңді ќойып берейін.

- Бәрібір тағы да үш ќоясыз. Оќуға түсе алмаймын. Біраќ шығарманы ќатесіз жазғанмын. Тура оќулыќтағыдай. Тексертейін деп едім, болмай осында кіргізіп жіберді.

- Ей, сен өзің бізден емтихан алғалы тұрсың ғой. Фамилияң кім өзі сенің?

- Жұртбаев…

- Е, әлгі “Ќызылтудан” келген аќын бала сен бе?- дауысы бәсең тартып, кілт түсі жылып сала берді. - Шығармадан үшті мен ќойыппын. Не туралы жазып едің?

- Ыбырай Алтынсарин туралы.

- Әлгі “ХІХ ғасырдың екінші жартысында төбеге шығып, төңірегіне ќараған ќазаќтың бірі”- деп басталатын ба?

- Иә.

- Ќап. Мұндай сөз мектеп бітірген баланың ауызына түспейді. Көшіріп алған - деп ар жағын оќымай үш ќойып жіберіп едім. Ештеңе етпейді. Келесілерінен бес алсаң түсесің. Ќане, билетіңді алып отыра ғой, айналайын.



Соңғы сөзі жүрегімді жылытып жіберді де көңілсіздеу болса да билетті алдым. Екі рет дайындалмай жауап беруге ұмтылып едім, рұќсат бермеді. “Ана баладан менсіз емтихан алма”- деп әріптесіне тапсырып, сыртќа шығып, біраз бөгеліңкіреп барып келді. Ќазаќ тілінің сұрағын ќағазға жазып беріп ем, Мырзатай ағамыз:

  • Мен осы баланы сөйлеткім келмей тұр. Бәрін дұрыс түсіріпті. Ќалғанын өзің біл – деді.

Сұраќтардан сүрінбегенім есімде. Біраќ ќосымша сұраќ дегеніңді жаудырды-ай дерсің. Тағы да “Еңлік-Кебек” шыќты алдымнан. Аузым күйіп ќалған. Білмеймін дедім.

  • Ќалайша білмейсің? Ќой. Ауылыңның іргесінде моласы тұр емес пе?- деп шошып кетті де өзі де менің білмегенім үшін жасып ќалғандай көрінді. Әуелі спектаклін көргенімді, одан кейін Мағауияның дастанын, одан кейін Ойќұдыќтағы 1917 жылғы ќойылымын айттым. Тіпті ќазбалап ќоймағасын тағы бір нұсќасы бар дейді - деп ќашќаќтадым. Ќоймады. Е, биыл да маған оќу жоќ екен - дедім де:

  • Аға! Бұл ќажының – Шәкерімнің дастаны. Тоғызыншы класта Сираќбай Досмағамбетов деген үлкен кісіге көшіріп бергем. Сол үшін мектептен шыќтым. Былтыр осы үшін үш ќойдыңыздар. Ол былай басталады - дей беріп ем ќайтадан жылышырайланып, Мырзакеңе ќарады. Аќыры өлең оќытып тынды. Ќойшының ќызы туралы өлең еді.

  • Е, ќойшының ќызы ќойшы жігітті армандаса жетіскен екен. Сонда ќазаќтың ќамын кім ойлайды? Ал, Мырзатай, мына балаға неше ќоясың?

  • Бес ќоямын. Өзің ше?

  • Мен алты деген баға болса алты ќояр едім. Енді екі бес алса оќуға түсе ала ма? Ал, сен енді өкпені ќой. Тарихтан жаќсылап дайындал. Бес ал. Осында Баќтажар Мекішев деген ағаң бар. Білесің бе?

- Білем. Мекішпен менің әкем ќұрдас.

- Ендеше неге жолыќпайсың. Ќазір мені күт. Емтихан біткен соң шығамын- деді.

Сыртта жаңа ғана танысќан кірпі шашты, ќаршыға көзді Несіпбек күтіп тұр екен. Болған жайды айттым. Ол Рымғалиды біледі екен. Ағасы Ќабдеш Жұмаділов пен Мұхтар Мағауин оған тапсырып ќойыпты. Ќойшы, содан екеуміз екінтіге дейін бас почтаның алдында ағаны тостыќ. Жоќ. Сөйтіп тұрғанда көрші ауыл “Ќайнардан” бітірген Айғали Файзуллин жолыға кетті. Мен жөнімді айтып едім, телефонға жүгірді. “Ќайда жүрсің? Сені күтіп жүр ғой” – деп телефонды маған бере салды. Рымғали аға: Хабарласып тұр. Үйге кел. Ќалғанына көмектесемін. Айғалиға аќылыңды айт. Түскен соң да ќыдырасыңдар - деп ағалыќ мейірім танытты. Сөйтсем, Айғали Рымғали ағаның туған кенже інісі екен. Әрине, бұл маған үлкен демеу болды. Алатын бесін алып оќуға түстік. Сөйтіп, “Еңлік-Кебек” мені үш рет сүріндіріп, Рымғали ағаның алдына тағзым еткізіп барып жолымды ашып еді.

Бұл арада мен өзімді емес, Рымғали ағаның жас кезіндегі өтімді де өрт, асќан мейірімді, әділ, жігіттің сұлтаны шағындағы мінезін көрсеткім келді. Шындығында да ажары ғажап, алды алымды, еңсесі өр еді. Ќазір де сол мінезі сирек те болса сыртына шыға келгенде іштей сүйсініп тұрамын, кейде әдейі сөйлеткім келіп мінез де көрсетіп ќоятын кезім бар. Жалғыз мен емес, сол кезде көргендердің бәрі де сол әсерді сезінген екен. Тұрсынбек Баймолдаев сияќты шәкірттері ќазір де ұстазының үлгісімен екпіндетіп сөйлеуден танбай келеді.

Бұл 1969 жылдың 2 тамызы еді.

Сол күннен бастап Рымғали ағаның бауырына кірдім. Оның әр сөзі, мейірімі, аќылы туыссыраған көңілдің жұбанышына айналды. Күзгі дәріс басталғанша “Трагедия табиғаты” атты монографиясын оќып шыќтым. Күз соңында “Талант тағдыры” да ќолға түсті. Алғашќы кірген көп ќабатты пәтер, ќабырға толы кітап сөресі, неғыласыз, ќала мен білім ќарекетіне ќатысты жайдың бәрін осы үйден көріп, таптым. Ал Рымғали ағаның оќыған лекциясын айтсаңшы. Алла, сөз бен білім дәл осылай ќабысып та шығады екен-ау. Пафос ќандай! Өзің де көтеріліп отырасың. Кейде бойыңды шымырлатып, кейде тітіркендіріп, кейде суытып, миыңның ішін шаңдатып кететін. Дәріс кезінде сескендіріп сөйлегенімен жеке әңгімелескенде керемет мейірімді еді. Алғашќы айдың өзінде маған ол жылдары жасырын оќылатын Мағжанды аќтау туралы Дінмұхамед Ќонаевќа жазған башќұрт аќыны Сәйфи Ќұдаштың көлемді хатын таныстырды. Іле Сәду Машаќовтан алып келген Жүсіпбек Аймауытовтың “Жан жүйесі” мен Міржаќыптың “Баќытсыз Жамалын” үйіне жатып оќытќызды. Сол әсермен ұлттыќ кітапхананың сирек ќорынан Ахаңның, Әлекеңнің, Міржаќыптың, Жүсіпбектің, Мағжанның шығармаларына бірінші курста-аќ ќаныға бастадыќ. Лекция болардың алдына ағамыздың өзі де бізбен бірге кітапханада отыратын. Ал әдебиет туралы пікірлері ұшан-теңіз. Жазушылыќ сапарға шыќќанда кітап алып келеді. Кейбірін маған сыйлайды. Ян Парандовскийдің “Сөз сиќыры” әлі күнге дейін менде саќтаулы. Екі рет ќайырып беріп, үшіншісінде сіңіріп кеттім. үйіне ќонып шыќќан күні Айғали екеумізге үш теңгеден, Ләпәң – Ләтипа апай он теңгеден береді. Бұл күтіп ұстаған адамды жиырма күн толыќ асырайтын. Ойымыз бен өреміз, ойлау жүйеміз, ќоғам туралы пікіріміз бірден өзге бағытќа өріс алды. Ол жылдары жазушылар Хэмингуей мен Сэлинджерсіз сөйлемейтін, біздің шал, әлгі шал деп, бір-бірін Мағауин, Ысќаќов, Аязбаев, Шайкенов, Әкімжанов деп фамилиясымен атайды. Бұл “ауру” бізге де жұғып, бір-бірімізді Кәрменов, Айтов, Алпысбаев, ал ағаның өзін Ардакүрең дейтін болдыќ. Одаќтағы түрлі жиналыс пен сьездің шаќыруы Р-ағаңның мойнында. “Көшпенділер” мен “Соңғы көш”, “Көк мұнар” талќыланғанда да ағаның ќолтығында жүрдік. Сол жылдары аға аќын-жазушылармен де ұстазымыз таныстырып, Ілияс Есенберлин бастатќан ќаламгерлермен кездесулерді жиі өткізіп тұрдыќ. Әлем әдебиетінің тарихымен де әуелі Рымғали ағаның үйдегі лекциясы арќылы танысып, екінші курста бесінші курстың деңгейіне жетіп ќалдыќ. Абайдың 125 жылдыќ тойында Оралхан екеуін Ќарауылда ќонаќ етем деп Алматыдан ауылға ұшып кеп, аќыры өздеріне ќонаќ боп ќайтќан аңғал да алаңғасарлау сәттер де болды. Несіпбек Ќабдеш пен Мұхтар ағасының ортасында “ќорғасындай балќып жүрді”, мен Рымғали ағаның етегінен ныќ ұстап айырылмадым.

Сынды көркем де шешен тілмен жазу осы Рымғали ағадан басталған дәстүр. Жалынды жастыќ оты ќайтпай тұрып отыз жаста докторантураға шыќты. Бұл сол жылдары ќоғамдыќ саладағы шектен шыќќан данышпанның да ќолынан келе бермейтін оќиға еді. Сол күннен бастап ағамыздың әбігері басталды. Зерттеуі ќиын жазылды. “Күретамырдың” басылуы да баяу жүрді. Ал ќорғаудың алдындағы ќарбаласты айтпаңыз. Біз машинкадан шыќќан беттерді оќимыз. Әріп кесіп жапсырамыз. Жан-жаќќа автореферат жібереміз. Әдеби ортада тілектестер көп, ғылыми ортаның баќталасы басым. Ќорғауға байланысты ќиянаттарды естігенде төбе ќұйќаң шымырлайды. Ќорғауға жетпістегі әкесі Файзолла атамыз келді. Ұзаќ талќыланды. Дауыстан өткенін естігенде атамыздың мойнынан ќұшаќтап жібермей тұрып алғаным әлі есімде. Дастархан әзір еді үйде. Біраќ Мұхтар Мағауин екеуі үйге кірмей үш сағаттан астам уаќыт Панфилов паркінің ішінде ұзаќ әрі алаңдаулы күйде әңгімелесті. Айғали екеуміз ту сырттарынан алыстау жерде ілесіп отырамыз. Әйтеуір дастарханға бұрылғанда көңіліміз орнына түсті. Бәрі де тынышымен біткен сияќты болатын. Арада үш ай өткен соң ағаның алаңы ашыќ ќауіпке ұласты. Сөйтсек Мәскеуге өзге ағаларымыз салмаќты арыз жазып та үлгеріпті. Ол да жабылып, жарты жылдан соң жаќсылыќќа бет алған сияќты болатын. Біраќ екінші рет ќайталанып жазылған арыздар аќыры диссертацияны бекіттірмеді. Бұл лаулап тұрған жанартауды өшіргендей сенімсіз, біраќ шындыќ оќиға еді.

Адамның адамға ашыќ ќиянатын көргенім осы еді. Келесі ќайта ќорғау өткенге дейінгі бес-алты жыл Рымғали ағаны жүйкелетіп жіберді. Ұйќысыздыќ, мазасыздыќ, жалғыздыќ, сенімсіздік, өзін ќорланғандай сезіну, айналасының алаңы төзімді жұќартты. Сондай сәттерде Жәнібекті, Ќұныпияны, Несіпбекті, мені шаќырып алып ќона-жастана әңгімелесіп, ќасынан шығарғысы келмейтін. Саяжай сатып ап барып жаны сая тапќандай болды. Адал да аяулы досы, курстасы Ќұрманбай Толыбаев ағамызды алдыға салып ап барып тұрамыз. Неше түрлі ќалжың да сонда туды. Несіпбекті “Ќарға бойлы Ќазтуған” атанып: “Галстугін байлап ап, екі бетін майлап ап, бірі келер сәнденіп, бірі келер бәлденіп. Жаның болса Кәрменов, ќаның болса Кәрменов, Алпысбаевты ал келіп” - деп шұбыртатыны да сол Обсерваторияның түбіндегі саяжайда өтті. Ой деген ұры емес пе, онда да тыныштыќ бермеді. Аќыры көлік сатып алып барып езгі ойды шаң ќаптырып адастырып, серги берді. Еңсесін көтерді. өзі “Аќ бұзау” деп атаған жеңіл көлікпен біз ќайда бармадыќ десеңші. Әсіресе, Несіпбек, Жәнібек, Ќұныпия ағаның тұраќты жол серіктері болды. Шалкөде, Жіңішке, Көкќасќа аттың жайлауы, Сартауќұм, Бозой, Сарќан, Алакөл арасындағы айтылған әзіл, Жәнібек пен Несіпбектің айтысы бір томнан асып жығылар еді. Соны ұйымдастыратын да, тарќататын да, басты кейіпкер де Рымғали ағаның өзі болатын.

Екінші рет ќорғауға таќырыбы бекітілген соң тамырына нәр жиып, ќуаттана күш алды. Біраќта баяғы жанартау, жалын от, өктем ой сол ќалпына ќайтып келмеді. Бір күні Төлебаев көшесінің бойындағы ұстаздарының көңілін сұрауға шыќты. Әуелі Темірғали Нұртазиннің үйіне кірді. Үмітсіз дертті еді. Ол кісі: «Рымғали әлі жассың. Осы әдебиеттану ғылымына жолама. Сатќын ғылым екен. Сен жаңа ой айтасың. Ертең оны біреу малданып кетеді. Артыңа із ќалдырмайды екен» - деп өсиет етіпті. Содан Бейсекеңнің - Бейсенбай Кенжебаевтың үйіне кірді. ұлы ұстазы: “Темірғали да нашар жатыр. Мен де сыр бере бастадым. Темірғали көңілге беріліп кетеді. Бастағанды тастама. Сын - ұлы ғылым. Берік бол”- деп шегелеп ќоя берді. Одан өрлеп Мұхамеджан Ќаратаевќа сәлем бере кірді. Ортаңғы бөлмедегі үлкен столға басын ќойып ќатты ойға кеткен екен. Басын көтеріп: “Жағдайдың несін сұрайсың. Жан-жағыма бомба түсіп отап жатќандай, Темірғали мен Бейсенбайға да тырнағын салыпты. Сол бомба енді маған ќашан түседі деп күтіп отырған жай бар. Ќуатың бар кезінде ќаламыңды ќатты ұста. Өкініш өмір болмайды” – депті. Сыртта ќалған мен осы сөздерді Рымғали ағадан естігенде тіксіне ќалдым. Сынға үйір едім. Ќайтып жоламаспын-ау деп іштей бекінгенім әлі есімде (Неден ќауіптенсең соған жолығасың деген. Аќыры айналып сол шырғаға түстік ќой). Ќалай дегенмен де үш ұстазының да өсиетін кезек-кезегімен орындады. Әуелі “Дән” атты өмірлік дерекке ќұрылған әңгімелерді, содан кейін “Ертең ат шабыс” хикаятын жазды. Іле драматургия туралы монографиясын ќолға алды.

Әдебиет туралы әңгімелер тағы да алдыңғы ќатарға шыќты. 1976 жылдың ќыркүйегінің соңғы күндерінің екінтісі болатын. Әңгімелесе жүріп Рымғали ағаның ауласына кіргенде кезіккен егде тартќан өжет әйел батыл-батыл сөйлесе амандасты. “Бұл мыќты апаңыздан Әуезовтің өзі именіп жүретін болған. Әйгілі “Ќаралы сұлудың” прототипі осы кісі. Мыќты кемпір. Тура сенің аулыңнан.”- деді. Жалпы ол кісінің туған-туыстарынан хабардар болатынмын. Әйгілі Ике мен Мұсатайдың келіндері. Сөз Әуезов шығармаларының шығу тарихына ауысып кетті де соңы тапсырмамен аяќталды. Абай мен Әуезовтің шежірешісі мен болуым керек екен. Оның өлең мен көркем шығармаға ќатысы жоќ екен. Шәкерім мен Мағжанның өмірін тұспалдап жазған “Жер-бесіктің” екінші бөлімінің шешімін мүлдем өзгерттірді. Зиянынан ќорыќты. Сөйтіп менің ќалған шығармашылыќ өмірімнің арнасын мүлдем басќа жаќќа бұрып жіберді. Міне, оған да отыз жылдан асыпты. Сол күні басталып кеткен, келе-келе өлеңді де, прозаны да шетке ысырып тастаған Мұхтар Әуезов туралы шығарманы әлі бітіре алмай жүрмін. Докторлығын екінші рет ќорғаудың алдында аралас адамдарының өзгере бастағанын байќап ем: “Ал енді бұрынғы ағаларыңды іздеп әуре болмаңдар. Бұл жолы аянбаймын. “Жанашырларыммен” жаќынымдай, жаќындарыммен жатымдай аралассам таң ќалма” – деді. Сәтті ќорғалды. Оппонент Мәскеуден келді. Оны достары Сейіт Ќасќабасов пен Өмірзаќ Айтбаев оңаша күтті. Сонда да өз ќатарының алдындағы ең жас доктор, ең жас академик, ең жас лауреат атанды. Жаңа достарының кітап жазуға мүмкіндік бермегені болмаса, дегенінің бәріне жеткізді. Керісінше өз ағайындарын өкпелетіп алды. Әрине, бұл түсінуге болатын, солай істелуге тиісті жай еді.

Бұдан кейінгі менің тіршілігім жеке тағдырға ұласты. Рымғали ағаның өзі әуелі мектепке, Алматыда мектепке қабылдау да қиын болатын, содан кейін университетке түсірген менің туған ќарындасым Төлеу аќ ќаннан ќайтыс болды. 1963-1964 жылы тура полигонның өз ішінде Дегелең мен Балапан шахтасының ортасында, біреуінен 6, біреуінен 15 шаќырым жерде тұрып ек. Пәле содан жабысќан болып шыќты. Ќарлы ќарашаның ќайғылы ќара түнінде, түнгі сағат үште ќараңғы көшенің бойындағы телефонмен үйіне жылап тұрып хабарласќаным есімде. Ондай дертке ұшыраған адамның мәйітін бірден бере ќоймайтын. Ендігі уайым сол еді. Таңғы сегізде ауруханаға келіп бас дәрігердің рұќсатын алып берді. Іле ағаның ең сүйікті де талантты суретші інісі де сол полигонның дертіне шалдығып өмірден өтті.

Сондай күңгірт күндердің бірінде, дәлірек айтсам 1980 жылдың 6 мамыр күні, Асанәлі Әшімов СССР халыќ артисі атағын алған күні Ќалибек Ќуанышбаев туралы дерек іздеп театрға барамын деп мен бір шолаќ оќиғаға іліктім. “Жұлдызға” жаңа орналасып, белімді тіктегендей шаќ еді. Сейілғазы досым түнделетіп біраз адамға хабарлапты. Таңертең ерте Рымғали ағаның машинасына отырып Сағат Әшімбаев марќұм, Жәнібек марќұм және Несіпбек мені Алматыны шыр айналып іздеуге шығады. Сөйтіп алаңдап жүргенде апатќа ұшырайды. Сағаттың аяғына заќым келген, Несіпбектің иығы шыќќан, әйтеуір өздері аман-есен. Ал “аќ бұзаудың “көркі кеткені” өз алдына. Бұдан бейхабар мен үш күннен кейін барып болған жайды естідім. Өзімді ќоярға жер таппадым. Не хабарласудың бабын білмедім. Содан жарты жылға дейін кездеспей тайсаќтап жүрдім. Көліктің дауының өзі ұзаќќа созылды. Бір күні Рымғали ағамен де, Сағатпен де бетпе-бет келіп ќалдым. Екеуі де: “Сенің не жазығың бар. Тек ќалдарыңыз ќалай демегенің болмаса”- дегенде иілген бас ќайтып көтерілмей ќалды. Аталған жігіттердің адамгершілігіне осы күнге дейін тағзым етем. Әрине, алдымен Рымғали аға мен Сағат марќұмға. 1982 жылы тамызда ұлым Алмас суға кеткенде: “О, сорлы!” – деп көріскендегі суыќ дауысы ќазір де ќұлағымның түбінде. Сол сөз менің ішкі сезімімді тітіркендіре суытып жіберді. Табалағаны ма, жаны ашығандыќ па – деген сұғанаќ ой миымды көпке дейін тілгіледі де жүрді. Бірінші рет ағаның осы сөзі көңіліме келді. Мұны ол кісіге айттырып, маған соны естірткен де тағдыр ғой. Дегенмен де…

Сол бір ауыр күндердің табы тағдырымыздан әлі де сезіліп ќалады. Кейінгі жылдары Айғалидың ќазасы соны еске салған тосын оќиға болды. Осыдан кейін Рымғали ағаның көңіліне кәдімгідей уайым кірді. Өмірдің өзге де берекелі бейберекеті жүрегін шаншыған шығар. Бауырдан айырылу бастан өткен жай ғой. Орынсыз еркелеп кетіп өкпелетіп аламын ба деп оңаша жолығудан бойымды ќашыќ ұстауға тырысатыным да содан. Өйткені сөгілген жіптің тігісін табуы ќиын. Ал мен ќандай жетістікке жетсем де соның басты бір себепшісі осы Рымғали аға деп жүремін. Кемістігімді ескерткен сәттерінде: “өзіңізден көріңіз дұрыстап, жеріне жеткізе тәрбиелемеген ”- деп сытылып кететінім де бар. Мұның барлығы сол баяғы өзімсінген көкбауыр мінездің демі.

Аз сөзге көп мағына беріп жазуға тапсырыстың уаќыты тығыз боп, көп оќиғаның ќайырымы келмей ќалды. Өзі шарапатын тигізген шәкірт інілерінің бірі есебінде бұрынғыдан да ќаттыраќ бауырына баса түссе екен деп тілеймін.


Мұхтар Әуезов сияқты ұлы суреткер шығармашылығын зерттеу – совет әдебиеттануының аса зор да жауапты міндеттерінің бірі. Осы орайда жас ғалым Р.Нұрғалиевтің бұрын белгісіз архивтік, тарихи материалдар тауып, сол негізде ойлар айтқанын атап өткіміз келеді.
Л.Соболев




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет