Қазыналы биікте. Р. Нұрғалидің азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті. –Алматы,



бет3/22
Дата23.10.2016
өлшемі5,95 Mb.
#69
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

АБЫРАЛЫНЫҢ АҚИЫҒЫ



Өмір көшінде ўзаќ жылдар иыќ тіресіп, ќатар жүрген адам туралы жазудың ќиындығы сол – анталаған көп ойлар мен көзбен көрген сан оќиғалардың, бастан кешкен ыстыќ-суыќ күндердің, өтіп кеткен сағынышты сәттердің ќайсысының жалынан ўстарыңды білмей аңтарылып ќалады екенсің. Талай адаммен сапарлас, ќызметтес, аралас-ќўралас өмір кешіп келеміз. Бірінен ўзын жолдың үстінде көз жазып ќалсаң, енді бірі жолайрыќта, бел-белестің арасында сағымдай бўлдырап ќалып ќояды. Ал жастыќ, бозбала шағыңнан бүгінгі пайғамбар жасынан асќанға дейін араң суымай, достығың тозбай, ой-пікір, іс-әрекетің үйлесіп, жаќсылығына ќуанып, ол ќиналса ќабырғаңа бататын адамдарың әрине көп емес. Мен үшін сондай аздың бірі – Рымғали Нўрғали баласы.


Бүгінде ўлан-ғайыр іс тындырған, халќына зор еңбек сіңірген, атаќ-даңќы, ғылыми мәнсабы, жазған шығармаларының көлемі атан түйеге жүк болатын Рымғалидың барша өмірі, күресі мен жеңісі, ќуанышы мен реніші, тіпті, жастыќ-мастыќ шаќтағы ќыз-ќырќынға ќырындаған тәтті күндеріне дейін көз алдымда өткені рас. Өйткені біз бір-бірімізден алшаќ жүріп сыр жасырысќан емеспіз. Әлі де жолыға кетсек айтылар әзіл, еске алар ќызыќ сәттер, бөлісетін ойларымыз жеткілікті.

Кей адаммен ќашан, ќайда жолыќќаның, не айтысќаның ойлансаң да есіңе түспейді. Ал санаңда тайға таңба басќандай із ќалдырып, ќай уаќытта да суреттері айќын, сөздері наќты саќталатын кезеңдер болады. Он сегіз жасар Рымғалиды алғаш көрген сәтім де күні кешегідей көз алдыма келеді.



Бўл 1958 жылдың шілде айының соңы болатын. Мектепті жаңа бітіріп, ЌазМУ-дің филология факультетіне түсуге емтихан тапсырып жатќанбыз. Алматыдағы Чайковский мен Пастер көшелерінің бўрышында тўтас бір кварталды алып жатќан жалғыз ќабатты, жалпаќ үй – ЌазМу-дің спорт залы атанады. Соның ішінде ќаз-ќатар ќойылған жүзге жуыќ темір төсектердің бірі менің еншіме тиген. Жатќандардың бәрі әртүрлі факультеттерге түсуге ниет еткен талапкерлер. Шетінен «сен тўр, мен атайын» дейтін мыќтылар. Сөздеріне, екпiндерiне ќарап, оќуға түсер-түспесіңе күдіктеніп, жаның шошиды. Менің ќасымдағы төсекте бәкене бойлы, ќағылез, сўлу жүзді жігіт көп сөзге араласпай оќулықтан ќажыған сәтінде үнемі тығып ўстайтын ќалың дәптеріне әрнені жазып жатады. Күн бойы кітапханаға кетіп, тек кешке ќарай оралғандағы тірлігі осы. Бірде сөйлесіп ќалдыќ. Ол бір жыл Ауылшаруашылығы институтында оќыпты. Ќазір оны тастап мен тапсырған факультетке түспек екен. Жерлес болып шыќтыќ. Семейдің Шўбартау ауданынан келіпті. Аты-жөні – Төлек Тілеуханов. Иә, бүгінде ќазаќтың белгілі жазушысы болған Төлек Тілеуханов осы жігіт еді. Біраќ ол кезде аќын боламын деп талмай өлең жазады. Екеуміз ќатар жатќандыќтан көп сөйлесеміз. Ол өлеңдерін оќиды. Менің де біраз шимайларым болатын. Біраќ Төлектің өлеңдерінің ќолына су ќўюға жарамай ќалды. Алғашќыда бөсіңкіреп «аќындығымды» айтып ќалғаныммен кейін ол таќырыпќа жоламайтын болдым. Бірде Төлек маған өзінің кластас екі досын таныстырмаќ болды. Айтуынша, екеуі де болашаќ классиктер, ќазаќ әдебиетінің көгіне жўлдыз боп жану үшін астанаға оќуға келіпті. Мўхтар Мағауин дегені филфактың бір курсын бітіріп те тастаған, ауыз әдебиетін ќазірдің өзінде игерген, болашаќта асќан ғалым болмаќшы, ал Рымғали Нўрғалиев – Төлекпен бірге Ауылшаруашылыќ институына түскен екен жаќсы оќып жүрсе де жүрегі ќаламай, енді Ќаз МУ-дің филфагіне тапсырып жатыр. Басќа жатаќханада тўрады. Екеуі кешќўрым ќаланы аралатпаќшы болып бізге келді. Шашын тыќырлап алғызған, ќалќайған екі ќўлағы төбесіне шошайта киген сары түсті ши ќалпағының етегіне тірелген, жылт-жылт еткен жанары ойнаќы, әзілкештігі бірден сезілетін ќуаќы жігіт Рымғалимын деп танысты. Екіншісі – жалпаќ бет, торсыќ шеке, көзі баданадай, ќоңыр шашын желкесіне дейін жылмита тараған, шалќаќ төстісі – Мўхтар болды. Олар келген бетте ќол алысып:

  • Ал сен Оразалинсің ғой, – деді төтесінен.

  • Иә.

  • Медалиспісің?

  • Иә!

  • Мына тўрған үшеуміз де медальмен бітіргенбіз, – деді ќарсы алдымда талтайып тўрған Мўхтар «онда тўрған ештеңе жоќ» дегендей иегін жоғары көтеріп. – Баршатаста бірге оќыдыќ.

  • Естідім. Төлек айтты.

  • Төлек сен туралы бізге де айтты. Ағаңның үйінде Ќасым Аманжоловтың жылағанын көргенің рас па? – деді Рымғали әлде бір сезікті күйде көзін сығырайтып.

  • Рас. Абайдың зиратына барып келген соң өлең жазып отырғанда көзінің жасы тамшылап тўрғанын көрдім. Ол кезде мен бастауыш класта оќитынмын. Ќатты таңырќадым.

  • Үйлеріңе Сәбит пен Ғабит келгенде ќолдарына су ќўйыпсың ғой, – деді ол енді ќызыға, күлімдей ќарап.

  • Ќўйдым.

  • Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Ғабдол Слановты таниды екенсің. Ќандай екен? Әңгімелері ќызыќты ма?

  • Ағамның үйінде талай рет көрдім. Көп әңгімелер айтады. Олар мені де таниды.

  • Кеше Ќайнекей Жармағанбетовтің үйінен шәй ішіп келгенің рас па? – деді сөзге Мўхтар араласып. – Кітапханасы бай дейді ғой. Онда неше түрлі архив те бар шығар?

  • Рас. Ол Кәмен ағамның жаќын досы. Бір бөлмесі кітапќа лыќа толып тўр. Біраќ әркімге бермейді екен.

Екеуі менің әдеби білімімді де біраз тексеріп, көңілдері тынған соң енді ќатарға ќосылатынымды, дос болатынымызды айтысты.

  • Көздерің жетті ме? – деді үнсіз тўрған Төлек тоќмейіл риза көңілмен. – Айттым ғой, аржағында нәрі бар.

Енді үшеуі де көпті көрген көнекөздердей сәби жүздері есейіп, салќын, сабырлы кейiпте маған жөн айтуға кірістi.

  • Сўлтан,– деді Рымғали. – сенің көргендерің Париждің әдеби салондарынан бірде кем емес екен. Біз оны көрмедік. Бўл – артыќшылыќ. Айтарым, осының бәрін жадыңнан шығармай, көкірегіңе саќта. Кейін жазғаныңа керек болады.

  • Артыќшылыќ дейсің бе? Тек әзірше ғана! – дедi Мўхтар. – Әзірше!

Ол тістеніп сөйлегендей көрінді. Бұдан кейін қалада үшеуі жүріп-тұруды, студент бола қалсам қандай киім сатып алуымды сөз етті. Әсіресе, Рымғали іші-бауырыма кіріп, жанашырлық танытады. Ол аяғымдағы ауылдан киіп келген жұлығы ақжем болған көнетоз туфлиіме қарап қойып:

- Есіңде болсын, - деді, - туфли сатып алсаң табаны жалпақ, жиегі сыртқа шыққанын алма, қысқа қарай галошқа (кебіске) сыймай әуре етеді. Алматыда қысқы-жазғы киімің біреу-ақ, екі түрлісіне шамаң келмес. Галош алатын кезде айт, өзім таңдап әперемін. Әйтпесе, былтырғыдай бізге ұқсап, алданып қаласың…

Сағымдай сырғып, студенттік жылдар да өте шықты. Махаббатқа, қызыққа, әлдебір сәулетті, нұрлы дүниеге ұмтылған күндер… Бірақ Рымғали жеңіл тіршілік іздеген жоқ. Күн сайын, апталар бойы, айды-айға ұластырып кітапханалардың есігін тоздырды. Архивте жұмыс істеуді, сирек қордағы сарғайған қолжазбалар сырын ақтаруды сүйетін. Ол қаршадай кезінде-ақ Алаш арыстарының қасіретін оқып, ұғып, жан-жүрегінен өткізе білді. Кейін олар ағарған кезде ғалымдардың алғашқы легінде асыл ағалары туралы тамаша зерттеулерін жариялады.

Рымғалидың шығармашылық сапары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінен басталды. Әлдебір қуаң даладан шөліркеп кеп мөлдір бастаудың салқын суына бас қойған жолаушыдай ол жазуға ашқарақтана кірісті. Оның тың өлкесінен жіберген репортаждарында, суреттемелері мен очерктерінде өмір ұшқыны, көркем ой, адамдардың тосын мінезі көрінетін. Рымғали сол бетімен көркем проза жазып кетсе, бәлкім, өресі биік, қабырғалы талай шығармалар дүниеге келер ме еді, кім білсін. Бірнеше роман, хикаят, әңгімелері жарық көрдi. “Ай қанатты арғымақ” романы –соның ішіндегі шоқтықты туынды. Ал Дегелең қасіретіне арналған деректі әңгімелері ше? Тек “Өлген ту” мен “Қабір қанша тұрады?” деген екі әңгімесін оқыңыз. Бұлар – ойдан құрастырылған ондаған әңгімелерді қанжығасына бөктеріп кететін шығарма. Әңгіме кейіпкерлері Сапарғали Бегалин мен Орынғалиды мен де білемін. Қазақтың белгілі жазушысы өзінің мүшел тойында кіндік қаны тамған Дегелең тауына жете алмай, оған дүрбімен қарап, балалық базары өткен жердің атом сынағынан ойран ботқасы шыққанын көреді. Адам өледі, тіршілік иесі өледі, бірақ таудың өлгенін кім көрген? Соны көріп, сақалынан алты тарам жас ағып отырған қарияның қасіретін көз алдыңызға елестетіңіз. Ал қырықтың қырқасына жаңа шыққанда айықпас дертке ұшыраған Орынғалидың онкология институтынан қашып шығып, өзінің басына қандай құлпытас қойылатынын, оны қоюға бала-шағасының шамасы келе ме, жоқ па, соны ойлап зират кезіп жүргенін оқығанда жүрек қылдарыңыз үзіліп кеткендей әсерде боласыз. Таяуда Рымғали өзінің “Дегелең дерті” атты жаңа кітабына қолтаңба жазып жіберген екен:

“Сұлтан! – депті. – Ата қоныстан, аға-бауырдан айырған, ұрпақ тамырына балта шапқан Дегелең дерті – менің ғана дертім емес, сенің де дертің, Сұлтан, еліңнің дерті. Бұл кітапты сол көз жасының бір тамшысы деп білерсің. Рымғали.”

Иә, Дегелең – менің де дертім. Мен Қарауылдағы Абай атындағы орта мектепте оқып жүргенде апта, ай құрғатпай Дегелеңде атом сынағы өтіп жататын. Үкімет халықты алғашқыдағыдай сай-сайға тығып, сақтық ойлауды да қойған. Бар-жоғы селоның ортасына орнатылған радио табақшасын бар күшіне қойып, саңқылдаған дауыстан бомбаның қашан жарылатынын сағат-минутына дейін хабарлап тұрады. Адамдар жарылыстан құлайтын үйлердің астында қалмас үшін тоқал тамдардан сыртқа шығып, құдық пен пештің аузын бітейді. Мектепте сабақ тоқтап, балалар үйдің төбесіне шығып алып, сымға тізілген бозторғайдай қатарласа отырып Дегелең жаққа көз тігеміз. Бір кезде қып-қызыл алып күн пайда болады. Одан кейін қалпағы көк тіреген саңырауқұлақ шығады. Ол сейіле бергенде Қарауылға қарай шаңытқан қара дауыл жетеді. Жер-дүниені бозғылт мұнар басады. Дегелеңнен жүз шақырым жердегі Қарауылдың жәйі әлгіндей болғанда оның іргесінде жатқан Рымғалидің ауылы Қайнар қандай күйде десеңізші! Кейін елге барып жүріп өзіммен мектепте бірге оқыған, үйдің төбесінен Дегелеңге көз тіккен бозторғайдай замандастарымды іздесем көбін таппаймын. Бәрі Дегелең дерті – ақ қан мен қатерлі ісіктің құрбаны болған. Бірең-саран тірі жүргені елден жырақта тұрады. Қара ормандай біздің әулет те сиреп қалды. Ал Рымғалидың туыстары ше? Мен білетін екі інісі – Жеңіс пен Айғали сол ортақ дерттен көз жұмды. Жеңіс талантты суретші болатын еді, бірақ тағдыр оны бұйыртпады. Ал Айғали елге тұтқа боларлық, Нұрғали әулетіндегі кесек азамат болатын, қыршынынан ерте қиылды.

Халықта “Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қамал алмайсың, елуіңде ел шаңын көре алмайсың” дейтін аталы сөз бар. Рымғали отызында-ақ орда бұзып, әдебиеттануда қатарынан оқ бойы алға шықты. Оның “Трагедия табиғаты” атты алғашқы монографиясы-кейіннен іргелі зерттеулерге ұласқан төлбасы. Айналасы он жылдың ішінде іркес-тіркес жазылған “Күретамыр”, “Өнер алды – қызыл тіл”, “Өнердің эстетикалық нысанасы” атты кітаптары әдебиеттану ғылымына сүбелі үлес қосып, қазақ әдебиетінің эстетикалық негіздерін саралауда тың тұжырымдар жасады. Жалпы Нұрғали ғалымдығының, зерттеулерінің басты бір арнасы – қазақ драматургиясын түптеп, түгендеп қарау. Біз жоғарыда атаған “Трагедия табиғатынан” бастап кейіннен ұлғайып, тереңдеп, қанаты кеңи беретін “Күретамыр”, “Айдын”, “Драма өнері” тәрізді іргелі еңбектер қазақ драматургиясын жан-жақты қарастырып, бастау көздерінен бүгінгі өрісіне дейін жинақтап, теориялық зор біліммен, аса мол деректерге сүйене отырып зерделеген қазақ әдебиеттану ғылымындағы сирек құбылыс. Жалпы Рымғалидың ғалымдық аңсары әдебиеттің бір жанрымен ғана шектеліп қалмайды. Оның проза, поэзия, әдеби сын, сахна өнері туралы жазған ғылыми еңбектері ой тереңдігі, пікірінің айқындығы, логикасының беріктігі, эстетикалық талғамының биіктігімен бөлекше танылады. Осы еңбектерді оқып отырғанда стиль сұлулығына, тіл шеберлігіне сүйсінесің. Ғылыми қасаңдық – оған жат.

Соңғы жылдары жарық көрген “Қазақ әдебиетiнiң алтын ғасыры” атты кiтабының ғылыми құндылығы мен ой-түйiндерiнiң сонылығын айтпағанда, ондағы көсемсөздiң, тiптi, лирикалық сарынның молдығы жоғарыдағы пiкiрiмiзге дәлел болса керек. Кiтаптан үзiндiнi бөлiп алмай-ақ әрбiр тарауға қойылған аттарға назар салыңыз: “Қаз едiк қатар ұшып қаңқылдаған” – Ахмет туралы, “Мен бiткен ойпаң жерге аласа ағаш” – Мiржақып туралы, “Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да” – Мағжан туралы, “Ой, кер заман, кер заман” – Жүсiпбек туралы, “Ғашығым менiң – бостандық” – Сәкен туралы, “Соғайын сөзiмнен бiр сұлу сарай” – Iлияс туралы, “Ей, халайық, барым ең сен” – Мұхтар туралы, тағы басқа. Әрине әр суреткердiң өз сөздерiн өзiне пайдаланғанымен олардың мазмұны авторының бүкiл болмысын, жан-дүниесiн, шығармашылық ерекшелiгiн ашып беретiнiн Рымғали дәл пайымдаған. Зерттеуiнiң iшкi мазмұны да соған сай.

Ғылым қуған, өнер тудырған, ақындық, жазушылықты мұрат еткен адамдардың мансап пен атаққа селқос қарайтыны болмайды. Рымғали да солай. Оның еңбектерi бұл күндерi толық әрi әдiл бағасын алды. Оннан аса ғылыми, шығармашылық мансабы мен атақтарын түгел тiзiп жатудың қажетi бола қоймас. Ол – қалың жұртқа белгiлi.

Бұл күнде қазақ әдебиетiнiң iрi зерттеушiлерi, алдыңғы ағалары, әрi ұстаздары М.Қаратаев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмаилов, Т.Нұртазин, С.Қирабаев, З.Ахметов, З.Қабдолов т.б. зерттеушiлердiң iзiн басып, өнерiн жалғастырып, тiптi, кейбiрi жете алмаған ғылыми мансаптың биiгiне шықты. Еңбегiңнiң жанғаны деген осы. Мен жоғарыда айтқандай, отызында орда бұзса, қырқында қамал алып, мемлекеттiк сыйлықты иелендi, алпысында академик атанды. Бұл өзi таңдаған шығармашылық жолдың биiк белестерi.

Кез келген жүйрiктiң күндеушiсi қасында жүретiнi белгiлi. Ғылым мен мәдениетке екпiндей кiрген жасқа кейбiреулердiң тосырқай қарап, қылтасынан қағып жiбергенiне де куә болдық. Рымғали қазақ әдеби ғылымында бұрын бола қоймаған үрдiстi бастап, отыз үш жасында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми кеңестiң алдында ол маған:

– Бiр өтiнiшiм, қорғау кезiнде менiң берген жауаптарыма сын көзiңмен қарап, залдағы ғалымдардың мiнез-құлқын бақылай отыршы, – дедi. Өңi боп-боз едi. Әлденеге өте алаңдаулы болатын. Әрине, жауапты сәттегi көңiл толқыны ғой деп ойладым. Бiрақ оның астарын кейiн бiлдiм. Қорғау сәттi өттi. Дәстүр бойынша диссертация қорғалып болған соң Рымғали үйiне шақырып дәм бердi. Халық кеш тарады. Түнгi үштiң мөлшерiнде үйге қайтқалы тұрған менi ол жiбермей, оңашалап далаға алып шықты.

– Сұлтан, – дедi ол, – сен ойлап тұрған шығарсың, мен бүгiн қуаныштан, жеңiстен масаттанып тұр деп. Тiптi де олай емес. Бағанадан бергiнiң бәрi көз қылып сыртқы түгiмдi тiкiрейткенiм ғой. Шынымды айтсам, бүгiн менiң ең ауыр күнiм, опасыздықтың не екенiн, көре алмаушылықтың қандай болатынын барша болмысыммен түсiнген күнiм.

Бұл қорғаудың аяғы ұзақ дауға ұласып, ақыры дұшпандық жеңдi. Бес жылдан кейiн диссертация бекiмей қалды. Үмiт пен күдiкке, жала мен пәлеге толы бес жыл. Жiгерсiз адам болса осындай моральдық соққыдан жүнжiп кетер ме едi, қайтер едi?! Бiрақ Рымғалидың қайсарлығы, сабырлылығы, шығармашылық қуаты, ғалымдық таланты iске қосылып, iргелi еңбектерiн жаза бердi. Он жылдан кейiн диссертациясын қайта қорғады. Сүйтiп амандық жамандықты жеңдi.

Ол –ағайын-жұртқа, студент шәкiрттерiне өте мейiрбан адам. Оның қолдауымен көптеген талантты жастар ғылым айдынына шықты. Өзiнiң жақын достарының талай туыс-туғандарын оқуға түсiрiп, бiлiм алып, адам болуына септiгi тидi. Сонда “Сендерге сөйттiм-ау” деп бәлсiнгенiн көрген емеспiн. Достарының балаларына да ықыласы ала бөтен, қашан көрсе бауырына басып, мейрiленiп жатқаны. Жастайынан анасынан айрылып, жетiмдiк көргендiктен бе, менiң шешем Күләндi “қара кемпiр” деп әлi күнге жанындай жақсы көредi, аузынан тастамайды. Анамның да Рымғалиға пейiлi түсiп, қатты еркелететiн, көзi жұмылғанша екеуiнiң әзiлi жарасып өттi. Осыдан бiраз жыл бұрын Меккеге барып қайтқан соң Рымғали:

– Әй, Орзалин, мен Қаағбаны жетi айналып жүргенде өз әке-шешеммен бiрге сенiң анаң “қара кемпiрдiң” де жаны жәннатта болса екен деп Аллаһ тағаладан тiлеу тiледiм, – дедi. Достарының сәттi туындыларын оқи қалса, оған қуана пiкiр айтып, көңiлiне қанат байлап жiберетiн мiнезiн де айту ләзiм.

Рымғалидың ғылымға адалдығы, принциптiлiгi, тарихи деректерге ыждағаттылығы, алаш ардагерлерiн пiр тұтуы, ұлттық құндылықтарды қорғай бiлуi, халқын сүюi, намысшылдығы – үлгi тұтар қасиеттер. Кейде басына пәле болып жабысса да көңiлi қаламаған iстi өткiр тiлмен жайратып айтатыны бар. Сондай оқиғаның бiрiне тоқсаныншы жылдардың басында куә болдым. Сол кездегi Ақпарат министрi Қ. Сұлтанов премьер-министрдiң орынбасары болып көтерiлдi де, оның орнына отыз жасар А. Сәрсенбаев тағайындалған болатын. Бұрын студент-жастарға арналған көп тиражды, шағын ғана “Өркен” газетiн басқарғаны, Министрлер кабинетiнде бiр жылдай ғана қызмет атқарғаны болмаса А. Сәрсенбаевтың еңбегiн де, есiмiн де көпшiлiк бiле бермейтiн. Қандай қасиетiмен министр болғанын түсiне алмадық. Жаңа басшыны ұжымына таныстыру үшiн ертiп әкелген Қ. Сұлтанов өзi бiраз сөйлеген соң пiкiр айтатын басқа адамның бар-жоғын сұрады. Көпшiлiктiң ортасынан “Қазақ энциклопедиясының” бас редакторы Р. Нұрғали қол көтерiп, орнынан құлықсыздау тұрды. Оның Қуанышқа жұмыс бабында ренiшi бар екенiн бiлетiнмiн, бiрақ арыздасатын жер бұл емес. Рымғали сөзiн әрiден бастап, жастарды қолдау, көтеру саясатының дұрыстығын, бұндай үрдiстiң көршi елдерде бар екендiгiн, бiрақ олар елге еңбегiмен танылып, ерекше қабiлет-дарыны көрiнген соң ғана мансап сатысына көтерiлетiнiн айтып сөзiн созып кеттi. Жұрт қозғалақтай бастағанымен жаңа басшылардың жүздерi албырап, сүйсiне тыңдап қалыпты. Сол кезде Рымғали кенеттен сiлкiнгендей бойын тез жинап алып, бар еңсесiмен оларға бұрылды да:

– Ал, Қуаныш Сұлтанұлы, сiз бүгiн Бисмарктiң қызмет дәрежесiне таяп қалдыңыз. Бiрақ ешқашан Бисмарк бола алмайсыз, – дедi. – Бiздiң министрлiкке келетiн болсақ, оны басқаруға лайықты, тәжiрибелi адамдар жетерлiк едi ғой. “Бота бастаған көш оңбас, бала басқарған ел оңбас” деген... Тiрi болсақ көре жатармыз...

Ол сөзiнiң аяғын жұтып қойғандай түйiлiп қалды да орнына отырды. Залда қолайсыз, өлi тыныштық орнады.

Рымғалидың бұл сөзi де шындыққа айналды. А.Сәрсенбаев басқарған жылдарда Ақпарат министрлiгi сан мәрте өзгердi, тоз-тозы шығып, қаңқасы ғана қалды. Оңбады... Сөз жоқ, Рымғали әрбiр талант иесi тәрiздi – күрделi тұлға. Ол да өз мақсаттары үшiн күрестiң сан түрлi тәсiлдерiн жетiк меңгерген. Керек жерiнде қой аузынан шөп алмас – моп-момақан, қажет болса азуын батырып жiберетiн жыртқыштығы тағы бар. Табиғаты солай болса керек, адамның мiнiн көргiш. Көп достарына таңбалап қойған жанама аттары бар. “Ағаш аяқ”, “Темiр тiс”, “Гастрит”, “Мүңкiтпе” тағы басқа. Ал өзiне жас кезiмiзде қойған “Құлақ” деген жанама есiмiн еске алсақ, жаратпай, қызарақтап қалады. Рымғалидың осы мiнезiне кейбiр достары, iнiлерi ренжiп жүредi. Марқұм Жәнiбек Кәрменов қаза табарынан екi күн бұрын маған жолығып, Рымғали ағасына деген үйдей өкпесiн ұзақ айтқаны бар. Бала кезiнен бiрге өскен досы Мұхтар Мағауин талай рет ат құйрығын кесiспек болды. Менiң де көңiлiмдi қалдырғаны аз емес. Бiрақ, Рымғали өз мiнiн сезетiн болса керек, түк болмағандай артынан жуып-шайып жiбередi.

Бiрде Мұхтар Мағауин үйге телефон соқты. Жарылардай болып, ашуланып тұр екен.

– Әй, Оразалин, өзiмiз жолығатын жерге тез шықшы, – дедi дегбiрсiзденiп. – Ана сенiң досың туралы айтатын сөз бар.

– Қай досым?

– Қай досың болушы едi, Нұрғалиевтi айтамын.

– Ол сенiң де досың емес пе?

– Барынан жоғы ондай достың! Тез шық...

Мұхтар жолығысымен Рымғалиға деген ренiшiн айта бастады. Менiң құптауымды қалағандай бетiме жалтақ-жалтақ қарап қояды. Мұхтардың оған деген ренiшiн бiрiншi естуiм емес, кейiннен екеуi қайта табысып кететiн. Сондықтан үндемей тыңдай бердiм. Шыдамы таусылған Мұхтар:

– Сен неге үндемейсiң! Менiкi қисық па? – дедi.

– Жоқ, Мұха, секiнi дұрыс. Бiрақ Рекеңе кiна қоюға болмайды.

– Неге?


– Олай болса тыңда. Мен саған бiр мысал айтайын:

“Баяғыда қоян мен шаян жан аяспастай дос болып, ұзақ уақыт бiрге жүрiп, бiрге тұрыпты. Бiрде екеуi жалпақ жайылған өзеннiң жағасына тоқтайды. Ар жағы жасыл шалғын екен. Өзеннен өтулерi керек. Шаян болса суда жүзе алмайды. Қоян досын арқасына мiнгiзiп суды жалдап келе жатады. Шаян жайлы, жұмсақ жерге отырып алып, өзеннiң орта тұсына жеткенде досының майлы желкесiне көзi түсiп кетедi де, шағып алады. Жай әншейiн, жаман оймен емес, шаяндығы ұстап кетедi. Сөйтiп, сеспей қатқан қоянмен бiрге өзi де суға кетедi.” Мiне, осылай достым, Рымғали да әдейi iстемейдi, бойына бiткен мiнезi сондай, ащы тiлiн өзi де байқамай сұғып алады. Мен оған ренжудi қойғанмын.

Кейiннен Мұхтар:

– Әй, Оразалин, сенiң айтқан әңгiмең көкейiме қонды. “Е, оның жаратылысы сондай ғой!” деп Рымғалиға кешiрiммен қарайтын болдым, – дедi.

Пендешiлiк кiмде жоқ? Ұлы Абайдың өзi “ат шаба алмас мiнiмнен” демей ме? Сондықтан бiрде келiсiп, кейде тебiсiп, өмiр жолын бiрге өткерген досыңды жамандыққа қимайсың. Ол туралы бөтеннiң ғайбат сөзiн, қиянатын бiлсең намысың қозып шыға келедi. Рымғали да солай. Өзi айтса да өзгеге дес бермей, қорған болуға жарайды. Сондықтан мен досымды “қисық ұшып, түзу өлетiн қыранға” балаймын.

Рымғалимен сан рет сапарлас болдық. Соның бiрi – жетпiсiншi жылдардың басында арнайы барып, Шыңғыстау мен Абыралыны аралағанымыз естен кетпейдi. Қайнарда бiздi Нұрғали ақсақал қарсы алды. Жетпiстен асқан кезi. Қуанышында шек жоқ. Екi ұлын төбелерiне қойып күттi, ауылдастарына да күткiздi. Бiрде Қайнардың түбiндегi тiк шаншылған Қобыланды биiгiне шығып, Қобыланды батыр отырды деген тас-тақытты маған көрсетпек болды. Келгеннен берi ел шежiресiн, осы өңiрден өткен оқиғаларды көзбен көрiп, қолмен ұстағандай шебер баяндаған сұңғыла-шешен шал тауға шыққанда да отыз жасар бiзден озып кеттi. Қобыланды тағына шығу өте қиын екен.

– Таққа лайық баламсың, – дедi Нұрғали ақсақал. – Арнайы келгенде оған отырғызбай жiбермеймiз.

Сөйтiп өзi бiр қапталға тұра қалып, екiншi қапталға ұзын бойлы, атан жiлiктi, ақкөңiл азамат, аудан басшысының бiрi – Қадiрдi тұрғызып, менi тiк көтерiп жартасқа шығарды. Сол биiк жартастың қиясынан тамыры тасты жарып тереңге сiңген жап-жасыл арша ағашын көрген едiм. Бұндай ағаш Абралының құз-қиясында көп өседi екен. Желге де, ыстық-суыққа да шыдамды жасыл арша iргедегi Дегелеңнiң төбесiнде жасын боп, аждаһадай от шашқан атом жалынына да төтеп берiптi.

Менiң Рымғали досым да сол қияға бiткен, жапырағын кеңге жайып, маңайын жасыл желекке бөлеген төзiмдi, қызулы, тастай берiк арша ағашына ұқсайды. Тiк шаншылған Қобыланды тауының биiктiгi мен құнарлы қасиетi оның бойына терең сiңген.

Таяуда Рымғалидың “Қазақ әдебиетiнiң алтын ғасыры” атты сөз өнерiндегi жүз жылдық табысымызды зерделеген қомақты кiтабын алдым. Оған Рымғали былай деп жазыпты: “Сұлтан! – дейдi ол. – Жарты ғасыр бiрге кешкен ғұмырымызда достық, адалдық, құрмет сезiмiнен айырмаған Алла қалған күндерiмiзде де сол рыздықты сыйлай берсiн! Рымғали. 3.04.2005.”

Менiң де саған тiлейтiнiм осы, қадiрлi Рекем!

У.Қалижан

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ

Мен абитуриент едім.

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне құжаттарымды тапсырып, бір үміт, бір күдік үстінде жүрдім. Сол, 1966 жылы мектепті 10-11 класс қатар бітіріп, конкурс тым көп болды. Қазақ әдебиетінен ауызша емтихан тапсырып отырмын. Емтихан алушы, қою қара шаштарын көтере тараған ашық жүзді жас жігіт. Ол Рымғали Нұрғалиев екен.

Билеттің екінші сұрағы, Сүйінбай мен Қатағанның айтысы туралы. Жауап бере бастадым.

- Сен өзің қай ауылдың баласың, - деді ол жауабымды бөліп.

- Жамбыл ауданынан.

- Менің бір ұсынысым бар, - деді ол екінші емтихан алушыға. Кейін білдім, ол жас ғалым Мырзатай Жолдасбеков екен.

- Айт.


- Біздің абитуриент, әруағыңнан айналайын Сүйекеңнің ауылының азаматы болып шықты. Одан оқулықтарда жоқ дерек сұрайық. Ауыз-әңгімелер көп қой. Егер білсе, «5» қойып жіберелік.

- Келістік.

Анам марқұм Мәртәй өте әңгімешіл, ескі жырларды көп білетін. Нұрилә ақын, Сүйінбай мен Қатағанның айтысы туралы әңгімелейтін. Содан жадымда қалғандарын терлеп-темшіп баяндап жатырмын.

Сүйінбайдың Қатаған түйреп сөз тастағанда үні шықпай қалыпты, - дейсің бе?

- Иә, Қатаған көптігін айтып, «Кенесары – Наурызбайдай батырыңды...», - деген ғой.

Сүйінбай үндей алмай булығып қалыпты. Сонда «көмейіңе құм құйылған ба?», - деп Тезек төре оның жонынан қамшымен тартып жібергенде, қазақ ақыны, ау Қатаған, Қатаған, - деп дауысы күркірей шығып, дүлей толқындай дес бермей, жырлай жөнеліпті.

- Мына, бала бір нәрсені бүлдірмей тұрғанда 5-ті қояйық та, жіберейік, - деді сылқ-сылқ күлген, кербез сөйлеп, керіле отырған жігіт ағасы. Ол доцент Сұлтанғали Садырбаев екен.

Сонымен, абитуриенттен студент атанып, ұстаздар алдына келдім. Рымғали Нұрғалиев осы сәттен бастап жүрегіме жақын ұстаз, замандас аға болып кетті.

Рымғали Нұрғалиев лекциялары біз үшін беймәлім тақырыптардың бет-пердесін ашты. Біз Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды қазақ әдебиетінің репрессияға ұшыраған бірегей өкілдері туралы алғашқы мағлұматты Рекеңнің сыналап айтқан әңгімелерінен ести бастадық. Ол кезде бұл азаматтардың атын атау өте қауіпті болатын. Соған қарамастан жас ғалым ақпараттары жалғаса берді. Мүмкін, докторлық диссертациясын Мәскеу арқылы бірінші рет бекітпей тастауының бір сыры осында жатқан болар.

Терең білімді ұстаз алдын көру мен үшін өмірлік көзқарасымды айқындап берді деп айта аламын. Профессор Бейсенбай Кенжебаевтың шәкірті ретінде қазақ әдебиетінің ескішіл, діншіл ақындары туралы зерттеу жасауды ұсынған да Рекең болып шықты. Сондықтан да атақты профессор Бейсекең өзіне аспирант етіп қабылдады. Ақмолла ақынның өмірі мен творчествосынан кандидаттық диссертация қорғатты және болашақ зерттеу тақырыбын белгілеп берді.

«Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттерінің бас редакторы болып жүрген кезімде де ұстаз сөзін есіме салып, докторлық диссертация қорғауды ескертіп жүрді және докторлық жұмыстың тақырыбын ұсынды: «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым». Бұл қазақ әдебиеті тарихына жаңа көзқарас еді. Осылай Рымғали Нұрғалиев ғылыми жетекшім болып, ғылым докторы болуыма жол ашты.

Рекеңмен кез-келген мәселеде пікір алысып, ақыл-кеңес алуға болады.

- Есіңізде ме, Реке бізді Бұғымүйіз-Бесмойнақ ауылына барғанымыз.

- Әрине, сондай поэзияға тұнып тұрған ауылды қалай ұмытуға болады. Университетті бітіре салып, профессор Бейсенбай Кенжебаев екеуімізді ауылыңа апарғаның жүрек жұтқандық қой...

Көптен көңілім дес бермей жүрген бір мәселе бар еді. Ол 1948 жылы әкемнен бір айлығымда қалып, жетім өскендігім. Кейін туған анам Уәли анам екеуімізді оқуын бітіріп, Алматыға көшіріп алды. Бауырымның да өмірі қысқа болды. Елден қол үзіп кеттім. Бірақ әкемнің басы қарайтылмай қалды. Бейітін таба алмадым. Ауыл ақсақалдары әр бейітті көрсетіп, бір мәмілеге келмедік.

- Түсіндім бауырым. Сен «Ұланның», «Жас Алаштың», «Егемен Қазақстанның» бас редакторы болдың. Оның жалпы тиражы миллиондап тарады. Бас редактор Қалижанов деп газетке қол қойдың. Кітаптарың шығып жатыр. Бұдан артық қандай ескерткіш керек.

Осы бір сөз өрекпіген жүрегіме сабыр әкелді. Бірақ іздеуді тоқтатқан жоқпын. Кейін таптым. Ескерткіш қойдым, ас бердім.

Жоғарғы кеңестің, Парламент Мәжілісіне екі мәрте депутат болып сайланғанымда да қасымда ұстазым жүрді.

Мен бұл шағын лебіз сөзде Рекеңнің ғылыми еңбектері туралы талдау жасауды мақсат етпедім. Тек өзімнің өмірлік жолымда кездескен азамат туралы інілік ізетімді білдіргім келді. Және, пайғамбар жасынан асып, бүгінде Қазақ әдебиетінің көрнекті өкіліне айналған, ғалым, жазушы, республика мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Рымғали Нұрғалиевті ұлттың ұлы деп мақтанышпен айта аламын.

З.Бисенғали


Каталог: repository -> history
history -> Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у
history -> Қазақ Әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана,
history -> Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
history -> Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!
history -> Халел досмұхамедов
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет
history -> ҚазақТЫҢ ЖҮз романы. Оқу құралы. Құрастырып, баспаға дайындаған академик Рымғали Нұрғали. –Астана: «Фолиант», 2004. 456 бет. «Қазақтың жүз романы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет