Список литературы:
1. Арчажникова Л.Г. Профессия учитель музыки. М.: Просвещение, 1984г.
2. Тельчарова Р.А. Музыка и культура . М.: Знание,1986 г
3. Каган М.С.Искусство как феномен культуры : Сб./Искусство в системе культуры/
1999г.
4.Музыкальное образование в школе: Учеб.пособие/ под ред. Л.В. Школяр. – М., 2001
5.Панкевич Г.И. Искусство музыки. – М.,1987
71
71
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТЫҢ РОЛІ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
Тамабаева М.Қ.
Қарағанды қ. Орталық-Қазақстан Академиясы
Адам баласының даму тарихы-қарым-қатынас. Өйткені қарым-қатынас адам
тіршілігінің:
әмбебап формасы және адам тұрмысының тәсілі.
Көп уақытқа дейінгі қарым-қатынас адам іс-әрекетінің, қоршаған ақиқаты өзгертуге
бағытталған тәсілі ретінде қарастырылады. Ал, енді ғана дамуының кейінгі кезеңдерінде
қарым-қатынас іс-әрекеттің өзіндік түріне айнала бастап, басқа да көптеген қызметтерді
атқара бастайды:
-
Саясаттың қозғаушы күші ролін;
-
Әлеуметтік процестердің жетілдіру ролін;
-
Саяси және әлеуметтік процестердің католизаторы ролін;
-
Жеке базаны әлеуметтік қорғау құралы ролін;
-
Әлеуметтік шиленістерді болдырмау әдісті ролін атқара бастады.
Ал, адам дамуының әртүрлі кезеңдерінде, әртүрлі әлеуметтік жағдайға байланысты
жинақталған тәжірибелерді байыта отырып қарым-қатынастың формальді өзгеріске түсіп
отыр. Қарым-қатынас бірден-бір сирек тұлға әлеуметтік құбылыс. Қарым-қатынас адамның
кез-келген іс-әрекеттінің табиғи бөлігі. Сондықтан бұл проблема көптеген ғылымдардың
зерттеулеріне айналады.
Сөз жоқ, сол зерттеулер барысында тарихтың әрбір кезеңдерінде қарым-қатынас
тарихы түсінік сапалық өзгерістерге еніп отырды. Яғни,
1.
Қарым-қатынастың мәнісін түсіну процессі жүрді,
2.
Оның дамуының диалектикалық заңдылығы іздестірілді.
Дегенмен, зерттеулердегі адам қарым-қатынастың мәнісін түсіндіру әртүрлі өлшемде,
әртүрлі мазмұнда оның жан-жақты функциясының анықталуы біркелкі болмайды. [1].
Л.Фейербахтың матералистік концепциясында адамның адамға деген сүйіспеншілігі-
қарым-қатынастың ең жоғарғы формасы деп түсіндіреді. Бұл пікірде Фейербах қарым-
қатынастың ақиқат мәнісін көрсетіп адамның адам екенін көрсететін бірден-бір шарт қарым-
қатынас дейді. Қарым-қатынастың мәнісімен ерекшелігі көптеген ғылымдар мен
саясаткерлердің еңбектерінде анықталған. Өйткені адам өркенді дамуы барысында, бұл
проблеманың талдануы, ұғынып түсіндіру жеткілікті дәрежеге жетеді. Тарихта Сократтың,
Платонның, Ерте Шығыс ойшылдардың әңгіме-диалогтары белгілі. Олар логика, диалектика,
теология ғылымдарына негіз болып табылады.
Кейінгі (1917) жылдары қарым-қатынастың теориясы мен практикасын белсенді
зерттегендер- Л.А.Леонтьев, Б.А.Ломов, Б.Д.Парыгин, М.С.Каген және басқалар. Сөйтіп
келген шетел зерттеушілердің еңбектері аударылып ұсыныла бастады. Мысалы, Д.Карнеги,
И.Атватер, Э.Берн және басқалар. Сонымен қарым-қатынастың әлеуметтік мәні (маңызы)
осы сұрақ төңірегінде ғылымдардың әртүрлі түсіндірмесін білеміз.
-
(В.Соковкин)- қарым-қатынастың мәні белгілі мақсатқа арналған ақпараттық алмасу.
-
(Ч.Осгуд)- бұл қарым-қатынас процесі.
-
(Л.Выготский)- адамның ойы мен көңіл күйін бере алатын ақылға негізделген
процесс.
-
Б.Д.Парыгиннің берген сипаттамасы мынадай Қарым-қатынас өте қиын және
көптүрлі әрекет.
Қалай дегенмен осы айтылған анықтамалардың ешқайсысында нақтылы, дәл
түсініктемелер емес дейміз. Бәрін жинап мына төмендегідей анықтама беруге болады.
Қарым-қатынас адамның өмір сүру әрекетінің әмбебабы ретінде.
72
72
Сондықтан да болар бұл мәселені әртүрлі ғылым саналады. Зерттеуге объект қылып
алғанда. Философия, филология, психология, педагогика, социология және т.б.
Дегенмен, әлеуметтік ғылымда қарым-қатынастың алатын орны ерекше, себебі, бұл
ғылымның объектісіде, пәніде, мақсатыда, міндетіде, мазмұныда, әдістері мен құралдары да
тек қана адам. Сондықтан қарым-қатынас бұл ғылымда ерекше құнды. Ал, әлеуметтік
жұмыста қарым-қатынас іс-әрекетіміздің басты тәсілі (құралы) осыған қарай (қарым-
қатынасқа) басқару-ұйымдастыру және әлеуметтік қызметкердің жұмыс сапасы өлшенеді
[2].
Спецификалық субъект-объективтік қатынаспен байланыс қарым-қатынастың
әлеуметтік-практикалық аспектісі болып табылады. Яғни әрбір жеке адамның іс-әрекет
объектісі де басқа бір адам. Бұл аспектісі (қарым-қатынастың).
-
жеке бастың қалыптасуында да
-
топтың қалыптастыруларында да.
-
Коллективтің қалыптасуларында іс-әрекеттердің субъектісі ретінде қарым-қатынас.
Қарым-қатынас барысында жеке адамдардың рациональдық, эмоциональдық, еріктік
байланысуы көрінеді де ортақ сезім, көңілділік ой, көзқарастардың бірігуі өзара түсіністікке
бірігуге итермелейді.
Қарым-қатынасты зерттеу адам баласы дамуының мәдинетін, өркениетін тарихи
кезеңде сәйкестіріп зерттеу деген сөз. Ол, қазіргі біздің Қазақстан Республикасы қоғамда
мейлінше қажет болып отыр. Себебі тарихымызға немқұрайлы қарау, мәдениет
мұраларымызға қызығушылықпен, шын өркениеттілікті жарлығымен, шын мәдениеттілікті
сезбеумен және т.б.міне, осы жұмыстардың ұйтқысы да ұйымдастырушысы да әлеуметтік
саладағы қызметкерлер. Олардың прфессиональдық міндеттерді адамдармен қарым-қатынас
жасау болып табылады [3].
Бұл кезеңде өтпелі әлеуметтік қызметкердің іскерлігі, білімділігі, гуманизмі, жеке
адамдармен қарым-қатынас жасауы қоғамда ерекше орын алып отыр.
Әлеуметтік жұмыстағы қарым-қатынасты шартты түрде 2 бөлікке бөлуге болады.
Бірінші, белгілі бір қоғам өмір сүре алмайтын адам тіршілігі процесіндегі стихиялық
қарым-қатынас.
Екінші, әлеуметтік жұмыстағы арнайы мақсатпен белгілі ұйымдар, жеке адамдар
арқылы іске асатын қарым-қатынас процесі.
Әлеуметтік жұмыстағы арнайы мақсаттағы қарым-қатынас жүйесі төмендегі
себептерге байланысты.
-
Біріншіден, ықпалдық әмбебап сипаты;
-
Екіншіден, арнайы мақсатқа негізделген қарым-қатынас адамның бүкіл іс-әрекетінде
жүзеге асады;
-
Үшіншіден, қарым-қатынастың әрекеттерінде шарттылығына байланысады;
-
Төртіншіден, тікелей қарым-қатынастардың арқасында адамда сендіруге, диалогке
баруға, әртүрлі көзқарастарды талқылауға мүмкіндік туғызады;
-
Бесіншіден, кейінгі жылдардағы зерттеулер мен тәжірибелер, әлі де әлеуметтік салада
қызмет жасайтындардың қарым-қатынас мәдениетінің төмендегісін көрсетіп отыр.
Сонымен, қарым-қатынас процесс екі бағытта қарастырылып жүр. Тікелей және
жанама, мұнда адамның-өзімен емес, оның рухани және материалдық іс-әрекетімен
байланысады.
А) тікелей қарым-қатынас адамдар арасындағы контактіге эмоциональдық ықпал
жасап, аз контактілі топтардың бірігуіне, нығаюына әсер етеді, ал жанама қарым-қатынаста
адам баласы мәдениетін меңгеру барысында жеке бастың қалыптасу негізі
қамтамасыздандырылады.
Б) жанама қарым-қатынас үлкен әлеуметтік қауымдардың ұйымдасуына ықпал етеді.
Өйткені адамдар арасындағы қарым-қатынас контактісін туғызу мүмкін емес болған
жағдайда [4].
73
73
Кез-келген формадағы қарым-қатынастың дәнекерлеушісі адамның рухани іс-әрекеті,
идеялары, құндылықтар,сезімдер, материалдық заттар-бұлар адам тіршілігінің объектісі мен
адам тәжірибелері. Профессор П.Р.Якобсон, адамдарды белгілі бір мақсатпен бір-бірімен
қарым-қатынас жасауға итермелейтін себептерді, шартты түрде үш тиіпке бөледі.
1.
Қоғамдық функцияны орындау үшін бірігіп жұмыс жасаудағы байланыс
(іскерлік қарым - қатынас).
2.
Адамдардың өмірлік қойылымын өзгертуге байланысты жеке басқа немесе
топқа ықпал ететін әрекетін немесе қылығын дұрыс жолға бұру үшін жасалынған байланыс.
3.
Көңіл-күйі қажетін өтеуге байланысты қарым-қатынас жасау, яғни екінші бір
адамнан ниет-ықыласын аударуды қажетсінуге байланысты.
Мысалы, әлеуметтік жұмыс барысында нақтылы бір адаммен қарым-қатынас үстінде
осы тиіптердің үшеуінде қолдануы мүмкін.
Сонымен қарым-қатынас әлеуметтік жұмыстардың аса маңызды технологиялық
инструменті. Ал оның құралдары ретінде: ауызша сөз, паралингвистикалық жүйе (жест,
мимика және т.б.) өзара түсіністік сөздің функциясы негізінде қабылдау барысында жүреді.
Сөздің функциялары:
-
Хабарлау
-
Коммуникативтік
-
Бейнелі, мәнерлі сөз, түрткі, ізденіс сөздер
Демек, қарым-қатынастың негізгі функциясы не?
Олар:
-
Ақпараттық
-
Саяси
-
Адамгершілік-әрекеттік
-
Катализатор ретіндегі әлеуметтік қорғау
Катализатор (шапшаңдау немесе баяулаулық) функциясы мыналардан көрінеді:
-
Түзеу, толықтыру
-
Үйрену, бейімделу
-
Мақсатқа жету , қосындылау, шығару, табу.
Сонымен, әлеуметтік саладағы қызметкердің іс-әрекет мазмұны, мен міндеттері
адамдар мен қарым-қатынас барысында мыналардан құралады:
-
Жеке адамдарға көрсететін көмек (әлеуметтік, экологиялық, рухани т.б.)
-
Әртүрлі қиындықтардан қолдау, ақтап, түзеу;
-
Заңға сәйкес қорғансыздарды қорғау:
-
Әрбір клиенттің әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі қорғауына ықпал ету.
-
Әлеуметтік қорғаудың кез-келген құралдары мен жолдарын пайдалану.
Міне, осы міндеттерді іске асыру, әрбір қызметкердің өз ісінің профессионалдық
дәрежесінде төмендегі борыштарды білу керек:
-
Жұмыс жағдайына қажетті жағдай жасау;
-
Келген адамға және өзіне кері әсер ететін сезімдерді байқап, оны болдырмау
-
Клиенттердің жеке ерекшеліктерін, ұлттық, әлеуметтік және мәдени-тарихи
ерекшеліктерін зерттеп-біліп, есепке алу керек.
Қатынас барысындағы араздықты, дұшпандықты, келіспеушілікті білу керек.
-
Кәрілер мен ауру-сырқаулықтың салдарынан көмекке мұқтаждарға қол ұшын беру
керек.
-
Адамдар мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынастарын байқап, оны түсініп, талдау
жасау керек.
-
Ауызша сөздей немесе жазбаша қарым-қатынас жасау керек.
-
Әртүрлі жағдайда интервью алу, радио, телевидение арқылы байланыс жасау керек.
Осы айтылғандардың барлығына сөз жоқ қажетті білік дағды керек.
Олар мыналар:
-
Белгілі мақсатпен түсініп тыңдай білу
74
74
-
Жағдайды талдап оны бағалауға қажетті информации мен фактіні таңдау
-
Қарым-қатынас туғызып оны жетілдіре білу
-
Әртүрлі диагностикалық әдістермен клиенттің мінез-құлқын байқап, талдай білу.
-
Қамқорлықтағы адамның сезіміне кіре білу
-
Қиын проблемалардағы көңіл-күй бағытымен талқылай білу
-
Араздасушы адам мен топтардың қарым-қатынастарын реттеуге араласу
-
Зерттеу жүргізіп, қорыта білу
-
Қамқорлықсыз өз проблемасын шешуге белсендіре білу
Екінші айтатын мәселе, әрбір әлеуметтік қызметкер тәжірибелі психолог, дарынды
педагог болуы міндетті.
Әрине клиентпен қарым-қатынас нәтижелі болу үшін теңділік байланыс жасауға
алдын-ала және кейінгі мұқият дайындық керек, ол үшін.
-
Контакт жасауға дайындық (келешек сөйлесетін адамның психологиялық
ерекшелігін ескеріп проблеманы жақсылап түсініп алу керек);
-
Тікелей контакт жасау (әңгіменің жоспарын сақтай отырып негізгі мақсатты
ұмытпау);
-
Тікелей контактінің нәтижесіне баға беру (теріс нәтиже, әрі қарай не істеу керек т.б.);
-
Қарым-қатынас жасайтын адамға өзінің осы проблеманы шын берілгендігі
инабаттылықпен, сеніммен көрсете білу керек.
Іскерлік қарым-қатынасқа қойылатын талаптар:
1.
Клиенттің сөзімен ойына мейлінше зейін қою керек;
2.
Клиентпен келіспеген жағдайда сыпайы, әдепті тактиканы сақтай білу керек;
3.
Кесіп тастаудан сақ болу керек;
4.
Сөйлеген сөздің ортасында қандай пікір барын білу керек;
5.
Өз пікіріңізді анық, жай, нақтылы бере білу керек;
6.
Әңгіме барысында да мінезіңде сыпайгершілік болу керек.
Ал егер, іскерлік қарым-қатынастың этикалық аспектісін алсақ, ол «этика кодексі» мен
анықталады.
Кодексте не делінген:
1)
Жеке басыңның мінез-құлқы үлгі болу керек
2)
Клиенттің жеке өмір тіршілігін силап, оны жамандамау керек
3)
Ұжым мүшелерімен қарым-қатынаста силампаз, кішіпейіл болу керек
4)
Жұмыс барысында моральдік нормаларды сақтап, өз мамандығының
құндылығын жоғалтпау керек
5)
Өз мамандығының арқылы қоршаған ортаға қызмет жасау керек
Қорыта келе «Әлеуметтік жұмыс дегеніміз – көп мағналы кәсіби-қоғамдық іс-әрекет,
яғни, көмекті қажет ететін адамдарға қол ұшын беріп, олардың шығармашылық, өнегелік,
интелектуалдық мүмкіншіліктерін жіне қасиеттерін жүзеге асыру».
А) Әлеуметтік қарым-қатынастірі эмоционалдық-адамгершілік негіздегі әлеуметтік
жұмыстардың негізі
Б) Әлеуметтік қарым-қатынас-барлық әлеуметтік жұмыстардың түрлері, формалары
мен әдістерінің топтастырылған қасиеттері.
В) Әлеуметтік қарым-қатынас:
- Қызметкерлердің жеке басының әрі қарай жетілуіне мүмкіндік жасайды
- Басқа адамға нәтижелі ықпал жасауға мүмкіндік береді
- Топтар да, ұжымдарға адамгершілік-психологиялық атмосфера туғызады
- Қоғамдағы әлеуметтік шиленістерді болдырмай, тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |