«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


Өзара әрекеттегі ара қашықтық ұстаным бағыты



Pdf көрінісі
бет33/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Өзара әрекеттегі ара қашықтық ұстаным бағыты
. Балалар мен үлкендердің 
тұлғалық тұлғалық – бағдарлы әсерлесуінің алғышарттары негізінде өзара байланыс орнату. 
Педагогтың тұлғалық – бағдарлы ұстанымы серіктестік ретінде көрінуі; 
Белсенділік бағыты.
Мектепалды дайындық құрылымында үлкендер мен 
балалардың белсенділгі көрінетін жағдай қарастырылған. Олар тұлғалық – бағдарлы өзара 
әрекетте өздерінің заттық орталарын жасаушы болады. 
Тұрақты – өзгермелі орта бағыты.
Дамуортасын педагогикалық міндеттердің және 
балалардың көңіл – күйі мен талғамдарына байланысты өзгертіп отыру мүмкіндігінің 
қалануы; 
Кешендендіру бағыты.
Бұл бағыт алдыңғы бағыттармен тығыз байланыста келеді. 
Ортаның өмірлік кеңістігі балалардың әрқайсысының өз қалаулары мен қызығушылықтары 
бойынша бір – біріне кедергі келтірмей бір мезгілде бірнеше әрекет түрімен айналысуға 
мүмкін болатындай деңгейде ұйымдастырылуы керек. 
Ортаның эмоциялық бағыты.
Балалар мен үлкендердің эмоциялық жайлылығын 
қамтамасыз ету. Балалар түрлі іс – әрекеттермен айналыса отырып, олардан қуанышқа 
кенелуге, ал қажет болған жағдайда мұндай белсенділікті бәсеңдетіп, оларға демалуға 
мүмкіндік беру; 
Ортаны эстетикалық ұйымдастырудағы қалыптан тыс элементтер мен 
үйреншікті элементтердің өзара үйлесімділік табу бағыты. 
Балалардың эстетикалық 
категориялармен танысуы ең қарапайымнан басталады. Өнердің өзіндік тілін: дыбыстардағы
әдемілікті, түстердің сия дағын, абстракциялық сызықтарды және т.б. ұғынуы; 
Ашықтық – жабықтық бағыты.
Табиғатқа ашық болу – адам мен табиғаттың 
бірлігін жасау, бұл жасыл бөлмелер, ішкі аулалар әйнектелген болуы мүмкін, оның ішінде 
ағаштар, шөптер, үй жануарларының балалармен бірге болуы т.б. Мәдениетке ашық болу – 
әдебиеттің, музыканың және өнердің болуы. Өзіндік «Мен» бейнесінің ашық болуы, -деп 
көрсеткен [4]. Заттық кеңістік ортасының құрылымдық бөліктерін төмендегілерді 
жатқызамыз. Заттық – ойын ортасы: 

Ойындардың түрлері және дидактикалық құралдар


79 
79 

Заттарды түрлі нұсқада қолдану; 

Бөлмені әртүрлі жағдайларда пайдалану; 

Релаксация зоналары; 

Әр баланың жеке траекториясының болуы. 
Заттық ойын ортасында педагогтың балалармен өзара іс – әрекеттеріне: 

Серіктестік қарым – қатынас орнату; 

Жекелік және даралық ерекшеліктерді есепке алу; 

Шығармашылық қарым – қатынастың болуын қамтамасыз ету жатады. 
Жоғарыда педагог психолог ғалымдардың еңбектеріне жасалған таңдауларды 
қорытындылайтын болсақ, заттық кеңістік орта дегеніміз бұл баланың өзін қошаған 
әлеуметтік, тұрмыстық қоғамдық, материалдық және рухани жағдайларда тіршілік етуі. 
Заттық кеңістік орта баланың тілін дамытуда ойын технологиясын пайдалануда заттық 
кеңістік ортаның атқаратын рөлі зор. 
Ойын барысында бала өзін қоршаған ортадан көргенін, байқағанын өзінің өмірінен 
алып, оны басқаша қайтадан тереңірек білуге тырысады. Психологиялық педагогикалық 
әдебиеттерге жасалған талдаулар мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуда ойын 
технологиясын пайдалануда заттық кеңістік ортаны дұрыс ұйымдастыру қажеттігін көрсетті. 
Баланың тіллін дамытуда сөйлеу басты рөл атқарады. Сөйлеудің негізгі және басты 
өлшем қарым қатынас құралы ретінде коммуникативтік қызмет атқарады. Бала әлеуметтік 
қарым қатынасқа түсуде ақпарат алысады. Тілдің коммуникативтік қызметінің бұл 
аспектілерін мектеп жасына дейінгі балалар белсенді меңгереді. Дәл осы тілдік қызмет 
баланың тілді меңгеруіне ықпал етіп фонетика, лексика, грамматикалық тұрғыда дұрыс 
сөйлеуі мен диалогтық сөйлеуді игертеді. 
Диалогтық сөйлеу тілдік қатынастың негізгі формасы ретінде көрініс тауып, 
байланыстырып сөйлеуге үйренуге негіз болады. Тілдік қатынастың екі түрін ерекше атауға 
болады. Олар: үлкендермен және құрбыларымен қатынас жасау. Мектепалды даярлығында 
диалогтық сөйлеу олардың өзара пікірлерін бөлісуде, өз тәжірибесін айтуға қоршаған 
ортадан, табиғат аясында көргендері мен байқағандарын әңгімелеп беруде, сүйікті 
ойыншықтары және т.б. белсенділік танытуынан көрінеді. Құрбыларымен диалогты 
сөйлеуінде олар тепе – теңдікті сезініп, бірінің – бірі әңгімесін тыңдауға, сұрақ қоюға, жауап 
беруге, талдауға қатысады. Әрине бұл жерде балалар үлкеннің, педагогтың көмегін қажет 
етеді. Сондықтан да балалар педагог балалардың оқу іс – әрекетінде, ойын барысында бір – 
бірімен мазмұнды, түсінікті тілді сөйлесуге, рөлдерді бөлісуде, бағыт беріп отыруы тиіс. 
Сонда ғана ойын технологиясының баланың тілін дамытуда табиғи рөлі артатыны сөзсіз. 
Қорыта келгенде, мектепке дейінгі ұйымдарда баланың тілін дамытуда ойын 
технологияларын пайдаланудың ерекшеліктерін сипаттайтын ғылыми негізделген 
әдістемесін жасау қажет деп санаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет