«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет32/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Ж.Жақыпов «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» 
2.
Қ. Есенов «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі» 
3.
Қ.Есенов «Қазақ тіліндегі күрделенген жай сөйлемдер» 
4.
Т.Қордабаев «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі». 
БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Нұржанова Бейбиттигул Жумадиловна әдіскер 
№16 «Алтынай» балабақшасы КМҚК Қарағанды қаласы 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы басты міндеттердің бірі мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту болып табылады. [1.]. Осы міндеттерді шешуде 
мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. 
Өйткені, мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан әрбір педагог 
ойын технологиясын жетік меңгеруі тиіс деп санаймыз. 
Қазақстан 
республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырымдамасының мақсаты – мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу 
бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білімалуына 
бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Осы тұжырымдаға негізгі міндеттердің бірі 
бес жастағы балалардың мектепалды даярлығының мазмұнын, балаларға тән қызмет 
түрлерін, жасына және даралығына сай тәсілдерді ескере отырып қайта қарау және оқу – 
тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде заттық кеңістік ортасын жасау, - деп көрсетілген [2.]. 
Мұның өзі мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді бүгінгі қоғамдық қажеттілікке сәйкес 
педагогикалық үдерісті жаңаша ұйымдастыруды, педагогикалық технологияларды саралап 
пайдалануды талап етеді. 
Педагогика ғылымында «заттық кеңістік орта» термині «үлкендердің және 
балалардың өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін материалдық – техникалық, 
санитарлық – гигеналық, эстетикалық, психологиялық – педагогикалық жағдайлар кешені 
ретінде» - түсіндіріледі [3.]. Бұл өз кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалармен 
жүргізілетін педагогикалық үдеріске барлық жағдай жасау қажеттігі, яғни бағдарламалық 
материалдарды меңгертуде материалдық базаның, балабақшаның, топтың санитарлық – 
гигеналық талаптарға сәйкестігі, оң психологиялық ахуалдың болуы сияқты, педагогикалық 
жағдайлармен қамтамасыз етілуі тиіс екенін ескертеді. 
Қазақстан Республикасында мектеп дасына дейінгі балалардың тілін дамыту және 
тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде ойындарды пайдалану мәселесін ғалымдар: Н.Құлжанова, 
Б.Б. Баймұратова, Ә.С.. Әмірова, А.Б. Бақрединова, Р.Қ. Аралбаева, Х.Т. Шерязданова, Г.М. 
Қасымова, Б.О. Арзанбаева, Ұ.И. Ауталипова, К.К. Метербаелар зерттесе, ал, ТМД 
ғалымдарынан: А.И. Комарова, Н.Н. Ханина, Ф.А. Сохина, И.И. Насруллаева, В.Г. 
Захарченко, Р.М.Рахимова, В.Н. Полосухина, С . Сакиева және т.б. құнды тұжырымдар 
жасаған. 


78 
78 
Педагогикалық үдерісті жетілдіруде ойынның алар орнын ғалым Н.Құлжанова жете 
зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, күнделікті негізгі іс – әрекет және оның жеке өмірі деп 
дәлелденген. Ғалымның айтуы бойынша, ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану – 
баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай 
бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ойындар баланың қисынды ойлау қабілетін 
және қиялдау (жақсы мағынада) қабілеттерін дамытуға жетелейді. Ғалым: «Бала ойында 
шынығып, жұмыс жасап», өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп қарым – қатынас жасау 
мүмкіндігі артады», - деп атап көрсеткен.[4.]. Автордың бұл пікіріне мектепке дейінгі 
ұйымдарда педагогикалық үдерісте ойынды пайдаланудың мақсатын айқындап бергенін 
көруге болады. 
Б.Баймұратованың пайымдауынша, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту 
үшін аланың белсенді сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуге үйретудің мәні зор. 
Ғылыми тұрғыда негізделген нұсқау әзірлеген ғалымның [5.]. әдістемесі бүгінде мектепке 
дейінгі ұйымдарда оқу іс- әрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алынып отырғанын айта 
кеткіміз келеді. 
Ойын арқылы бала дүниені таниды. Шынында да, бала үшін ойын өмір сүрудің 
белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс – әрекетін, қарым – 
қатынастарын үйренед, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік 
рөлдер атқару үшін заттық кеңістік орта құру қажет. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық кеңістік ортаны құрудағы негізгі мақсат – 
тұлғаны қалыптастыруда әлеуметтік , рухани жағынан өмір сүре білу тәжірибесі, білімді 
беруде қажетті құзіреттіліктерді меңгерту болып табылады. 
В.А. Петровский заттық ортаны құрудың төмендегідей негізгі бағыттарын айқындап 
береді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет