Бағдарламасы «Физика» пәні бойынша оқу жоспары 7-сынып Кіріктірілгенбілімберубағдарламасы



бет4/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,1 Mb.
#10035
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ескертпе: Зертханалық жұмыс қызметкерлер мен оқушылар үшін мүмкін қауіпке ие. Назарбаев Зияткерлік мектебі қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтау мен қолдануға жауапты болады. Осы схемада қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек индикативті болып табылады және толық болмауы мүмкін. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.


W = толық сыныппен жұмыс жасау

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

E =оқушы тәжірибесі

D = мұғалімнің демонстрациясы

f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

 = қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес


Физика.Негізгі мектеп. 7-сынып

Бөлім 7.2В: Күш, масса және салмақ


Ұсынылатын алдыңғы білімдер

Оқушылар 6-сынып материалына сәйкес СИ бойынша массаның өлшем бірлігін есте сақтаулары және атаулары тиіс.

Контекст

Оқушыларда бұл тарауда күштің денеге әсер ететіндігі туралы түсінік қалыптасады, сондай-ақ массамен салмақ арасындағы айырмашылық көрсетіледі. Осы бөлім арқылы оқушылар 9-сыныпта өтетін, гравитациялық өрістерді оқуға дайындық жүзеге асырылады.

Осы бөлімде орындалуға міндетті зертханалық жұмыстар:



  • Серпінділік күшінің серіппенің созылуына тәуелділігін зерттеу. Серіппенің қаттылығын анықтау.

  • Динамометрді градуирлеу

  • Серпімді бау диаметрінің (Серпімді лентаның енінің) жүк салмағына тәуелдігін зерттеу

Осы бөлімдегі «Физика» пәні бойынша тілдік мақсаттар

Оқушыларға арналған ғылыми/академиялық тілде жазылған тілдік мақсат мысалы төменде беріліп отыр

Пән бойынша оқыту мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

тіркестері

Оқушылар орындай алады:
Масса және салмақ арасындағы өзара байланысты сипаттай алады.



Оқушылар орындай алады:
Массамен салмақ туралы білетіндерін, жеке пікірлерін айтып,өз ойларын дамыта отырып, ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

масса, салмақ, күш, инерция
гравитация, материя, зат, бірлік, қозғалыс

Менің ойымша, ол...

Менің көзқарасым бойынша(Менің пікірім бойынша)...
Менің білуімше, ол ...

Мен оның ... сенімдімін


Менінше масса ол …, алайда салмақ …
Салмақ … тәуелді, бірақ масса … тәуелді
Салмақ … (бірлік) өлшенеді, ал бұл уақытта масса … (бірлік) өлшенеді
Сіз келісесіз бе?

Тілдік мақсаттың өзге үлгілерін құру және ғылыми тілді оқыту үшін қосымша көмек ретінде жоғарыда келтірілген «Тілдік мақсатқа кіріспені» басшылыққа алыңыз.

Қысқаша шолу

Осы тарау инерция туралы идеяны енгізуден және күштің денеге әсер етуінен басталады. Осыдан кейін масса және салмақ арасындағы айырмашылық түсінідіріліп, одан әрі күштің денеге әсері түсінідіріледі. Оқушыларға массамен салмақтың анықтамасын беру және олардың арасындағы қатынастыс ипаттау ұсынылады. Олар серпімділік күшін оқып біліп, Гук заңының көмегімен серпімділік күшін анықтайды.


Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Сабақта қолдануға ұсынылатын тапсырмалар

Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер

Оқыту ресурстары




- инерция құбылысын түсіну және сипаттау;
-массаның денедегі зат мөлшерінің өлшемі болып табылатындығын түсіну;
- массасы бар денеде, өзінің тыныштық немесе қозғалыс күйін өзгертуге, қарсы әрекет ету қабілеті бар екенін тұжырымдау;
-күш дене қозғалысын бастап, тоқтата алатындығын, шамасы мен жылдамдық бағытын өзгерте алатындығын, дененің көлемін немесе пішінін өзгерте алатындығын түсіну;
- күштерді берілген масштабта графикалық түрде бейнелеу;

(W)(D) Оқушыларға қозғалмайтын нысанды көрсете отырып, инерция түсінігін енгізу, нысан оның қозғалысының кез-келген өзгерісіне қарсыласатындығын және осы қарсылық инерция деп аталатындығын түсіндіру.

Масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін түсіндіру.

Оқышыларға массаны өлшеу жолдарын ұсыну өтінішімен жүгіну.

(W) Итеру күші мен тарту күші объектінің қозғалысын мен қозғалыс бағытын өзгерте алатындығы туралы идеяны талқылау. Оны оқушылардан қозғалмайтын нысанды итерген кезде не болатындығын айтып жіберуді сұрау арқылы жасауға болады.

(G)(E) Күштің массалары әр түрлі нысандарға әсерін зерттеу. Оқушылар алдымен нысанның массасын, соңынан нысанды бет бойымен жылжытуға қажет күшті өлшейді. Олар өз жұмыстарының нәтижелеріндегі заңдылықты анықтаулары тиіс.

(I) Оқушылар одан әрі түсірілген күштерді ескере отырып, нысанның диаграммасын сыза алады.




Бұл кейбір оқушылар үшін күрделі түсінік – олар массасы көбірек нысанның орын ауыстыруы үшін едәуір күштің қажет екендігін, сондықтан да орын ауыстыруды бастау үшін, инерцияның көп көлемінің талап етілетіндігін түсінулері тиіс.

Динамометрмен жұмыс істеу бойынша нұсқаулық қажет.

Топтың қабілетіне қарай осы жұмысты неғұрлым кеш мерзімге қалдыруға тура келуі мүмкін. Аталған кезеңде күш бағытын көрсету үшін бағыттауыштарды сыза алулары мүмкін.


http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b2b5a-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_6.swf
http://interneturok.ru/ru/school/physics/7-klass/vzaimodejstvie-tel/inerciya
http://interneturok.ru/ru/school/physics/7-klass/vzaimodejstvie-tel/vzaimodejstvie-tel-massa
http://www.s-cool.co.uk/gcse/physics/forces-moments-and-pressure/revise-it/what-can-forces-do

http://www.bbc.co.uk/schools/ks3bitesize/science/energy_electricity_forces/forces/revise1.shtml


http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b2b5e-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_10.swf
http://festival.1september.ru/articles/412783/




- масса мен салмақ арасындағы байланысты сипаттау;
- P=mg формуласын есте сақтау және пайдалану;

- физикалық шаманың өлшем бірлігін ұтымды таңдай білу;




(f)(W + G) Сынып оқушыларымен, олардың масса және салмақ туралы не білетіндіктерін талқылаңыз. Олар одан әрі зерттеу жүргізе отырып және плакат дайындап өз идеяларын дамыта алады. Плакат келесі түсініктерден тұруы мүмкін:

  • Масса қандай бірліктермен өлшенеді?

  • Салмақ қандай бірліктемен өлшенеді?

  • Гравитация деген не?

  • Масса мен салмақ Жер мен Айда қандай жолмен өзгереді (өзгеруі мүмкін бе)?

(I or G)(E) Оқушылар бірнеше түрлі нысандардың массасын өлшеп, P=mgформуласы бойынша салмағын анықтайды; Соңынан өздерінің салмақты дұрыс анықтағандарын анықтау үшін, динамометрдің көмегімен өлшеуді жүргізе алады.



Зерттеу интернетті немесе мәтінді (кітапты) қолдану арқылы аяқталуы мүмкін.

Неғұрлым қабілетті оқушылар осы жұмысты басқа әдіспен, массаны немесе салмақты өлшеу жолымен орындаулары мүмкін, олар



g мәнін табу үшін теңдеуді өзгертулері мүмкін.


Практикалық әдістер интернеттен табылуы мүмкін
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/home-made-springs
http://interneturok.ru/ru/school/physics/7-klass/vzaimodejstvie-tel/sila-sila-tyazhesti
http://interneturok.ru/ru/school/physics/7-klass/vzaimodejstvie-tel/ves-tela
http://all-fizika.com/article/index.php?id_article=2268





-пластикалық және серпімді деформацияларды ажырата білу;
-серпімділік күшін анықтау және мысалдар келтіру;

-серіппе созылуының серпімділік күшінің шамасына тәуелділік графигін түсініп, қолдана білу;


- F = -k∆x Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу;

(W) Сыныппен олардың «серпімді» сөзінің мағынасын қалай түсінетіндіктерін талқылаңыз. Серпімді және серпімді емес деформация арасындағы айырмашылықты көрсету үшін, оларға серпімді және серпімді емес материалдан жасалған заттарды немесе кескіндерді көрсетіңіз. Материалдардың қандай түрлері серпімді, ал қандай түрлері серпімді емес болып келеді? Оқушылардан серпімді күштердің қандай жерлерде қолданылуы мүмкін екендігі бойынша өз ұсыныстарын беруді сұраңыз.
(G)(E) Оқушылар серіппенің немесе созылғыш таспаның созылуын пайдалана отырып Гук заңын зерттейді. кейін олар созылудың (деформация өлшемі) күшке пропорционал екендігін көрсететін график тұрғызады.

(I) Оқушылар k мағынасын анықтау үшін графиктің градиентін есептейді. Ары қарай өздері белгілі шамаға дейін созылған серіппенің (немесе созылғыш таспаның) серпімділік күшін есептеу үшін коэффициентті пайдалана алады.




Талқылауды бастау үшін оқушыларға бейнебаян немесе садақ пен жебенін кестесін көрсетіңіз және олардан түсірілген күш тұрғысынан алғанда садақпен атудың қалай жүретіндігі туралы болжамдарын ортаға салуды сұраңыз.
Зерттеу барысында созылудың артуы (деформация өлшемі) күшке тең екендігін байқалады.

http://class-fizika.narod.ru/9_20.htm
http://www.fizika.ru/fakultat/index.php?theme=7&id=7258&PHPSESSID=b72gqjjqbbcbi5blo0psinghb4

http://www.s-cool.co.uk/a-level/physics/deformation-of-solids/revise-it/hookes-law






-серіппе созылуының серпімділік күшінің шамасына тәуелділік графигін түсініп, қолдана білу;
- F = -k∆x Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу;
-қарапайым тәжірибені жеке және топта жоспарлай білу.


(E)(G)(f) Оқушылар резеңке таспа және түрлі қалыңдықтағы бау тәрізді созылатын материалдарды салыстыру жолымен, әртүрлі материалдардың серпімділік күшін анықтау үшін зерттеуді жоспарлайды.
немесе
(E) (G) Оқушылар, өзіндік жұмыс ретінде, резеңке көмегімен динамометр дайындайды. Динамометрге калибрлеу жүргізіп, одан әрі түрлі заттардың массаларын өлшеу үшін пайдаланылады. Оқушылар өздері даярлаған динамометрлерін алдыңғы сабақта қолданған динамометрлермен салыстыра алады.

Осы жұмыс садақ босатылған кезде, серпімділік күшінің кинетикалық энергияға түрленетіндігін түсіндіре отырып, садақ пен жебе идеясына байланысты болуы мүмкін.
Егер уақыт мүмкіндік берсе, оқытушылар садақ құрылымын дайындауға неғұрлым қолайлы материалды іздестіруге бағытталған зерттеуді жоспарлай алады.
Бұл қабілеті төмендеу оқушылар үшін балама жұмыс. Нұсқаулықты интернеттен алуға болады. Жұмыс созылуға икемді, мысалы, түрлі баулар мен әртүрлі қалыңдықтағы созылғыш таспа тәрізді әртүрлі материалдарды зерттеумен толықтырылуы мүмкін.


http://www.ehow.com/how_7575727_homemade-force-meter.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет