|
- скалярлы және векторлық
шамалар арасындағы айырмашылықты білу және мысалдар келтіру;
|
(I) (f) Оқушыларға қозғалыстағы, қозғалмайтын, қозғалыс бағытын өзгертетін автомобиль үшін әртүрлі жағдайларға мысалдар беру. Оқушылардан автомобильге әсер ететін күштің бағытын көрсететін бағдаршаны салуды сұраңыз.
|
Аталған жұмыс оқушылардың күш туралы білімді қайталауларына және векторларды қосу мен азайту туралы білімдерін дамытуға бағытталған
|
http://greennotes.com.sg/physics/forces-3/309/
|
|
- терминдердің физикалық мағыналарын түсіну – траектория, жол, орын ауыстыру, жылдамдық, орташа жылдамдық және үдеу;
|
(W) Оқушыларға қисық (траектория) бойынша қозғалатын анимацияны немесе бейне объектіні көрсете отырып, қашықтық және орын ауыстыру траекториясы түсінігін енгізу, мысалы, жіберілген жебе немесе лақтырылған доп. Оқушылардан доптың қаншалықты алыс кеткендігін қандай жолмен бағалауға болатынын сұраңыз. Бұл сұрақ қашықтық пен орын ауыстыру арасындағы айырмашылық туралы талқылау себебі ретінде қызмет етуі мүмкін. Қашықтықтың сандық мәнге ие екендігіне, бірақ бағытқа ие еместігіне байланысты, оның скаляр шама екендігі туралы идеяны талқылаңыз. Ал орын ауыстыру вектор болып табылады, өйткені ол сандық мәнге және бағытқа ие.
(I) Оқушыларға сайттағы бейнеклипті көрсетіңіз. Оқушылар қисық сызықты траекторияны салады, одан соң айырмашылықты табу үшін қашықтық пен орын ауыстыру өлшейді.
|
Сайтта қашықтық пен орын ауыстыру арасындағы айырмашылықты түсіндіретін жақсы анимация берілген.
|
http://www.learnerstv.com/animation/animation.php?ani=26&cat=physics
|
|
- формуланы пайдалана отырып жылдамдық пен орташа жылдамдықты есептей білу: жүрілген жол / кеткен уақыт;
|
(W) Автомобильдің жылдамдығын талқылау барысында жылдамдық түсінігін енгізу және жылдамдықтың белгілі уақыт ішінде өткен қашықтық ретінде анықталатынын түсіндіру. Оқушылардан км және сағаттың неліктен км/сағ түрінде жазылатынын сұраңыз. Қашықтық пен жылдамдықтың (скалярлы) сандық мәнге ие болып, бірақ бағытқа ие болмауына байланысты скаляр болып табылатындығын талдау.
(G)(E) Оқушылар әртүрлі қозғалыс түрлері үшін қашықтықтарды және қозғалыс уақытын өлшеп, орташа жылдамдықтарын есептейді. Ұсынылатын қозғалыс түрлері:
әртүрлі қашықтыққа жүру, жүгіру, секіру;
денелердің көлбеу жазықтық бойымен төмен қарай домалау.
Оқушылар одан соң нәтижелер кестесін салу және формула бойынша жылдамдықты есептеу тиіс.
|
Аталған тапсырма оқушылардың жылдамдық пен уақтытты өлшеу үшін қолданылатын бірлікті ұмытпағандарын анықтау мүмкіндігін береді.
Аталған тапсырма айнымалы және тұрақты шамалар туралы ақпаратты ерекше көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Оқушылардан көлбеу жазықтықтың биіктігі өзгерген кезде қандай айнымалылар бақылау қажет екендігін сұраңыз.
|
|
|
- формуланы пайдалана отырып жылдамдық пен орташа жылдамдықты есептей білу: жүрілген жол / кеткен уақыт;
|
(G)(E) Оқушылар деректерді тіркеу құрылғысы болған жағдайда, оны жылдамдықты өлшеу үшін қолдана алады. Оқушылар көлбеу жазықтықтың әр жағынан жарық датчигін қойып, оларды көлбеу жазықтық бойынша түсіп келе жатқан объектінің жылдамдығын өлшеу үшін қолданады. Жұмыс көлбеу жазықтықтың биіктігін немесе объектінің массасын өлшеу кезіндегі жағдайларды зерттеумен толықтырылуы мүмкін.
|
Оқушылар әртүрлі әдістердің дәлдігін талқылау үшін тіркеу құрылғысының және секунд өлшегіштің нәтижелерін салыстыруды жүргізе алар еді
немесе
оқушылар жылдамдықты өлшеу үшін қозғалыс датчиктерін қолдана алады, қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтқа жүгініңіз.
|
жарық датчиктері мен қозғалыс датчиктерін пайдалану бойынша ойларын қараңыз
http://www.dataharvest.co.uk/distributor/files/documents/worksheets/D0152/do152_do152_2_5_minute_activities.pdf
http://www.dataharvest.co.uk/distributor/files/documents/sensors/3270/3270_ds041_4_motion_sensor.pdf
|
|
- терминдердің физикалық мағыналарын түсіну – траектория, жол, орын ауыстыру, жылдамдық, орташа жылдамдық және үдеу;
- скалярлы және векторлық шамалар арасындағы айырмашылықты білу және мысалдар келтіру;
- формуланы пайдалана отырып жылдамдық пен орташа жылдамдықты есептей білу: жүрілген жол / кеткен уақыт;
|
(W) Көп жағдайларда өлшенген жылдамдық орташа болып табылатындығы туралы оқушылармен идеяны талдаңыз.
Векторлық жылдамдықтың бағытқа ие болуын қарастырып, векторлық және скалярлы жылдамдық арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Векторлық жылдамдық орын ауыстыру=жүрілген жол жағдайында ғана скаляр жылдамдыққа тең болады. Көрнекіті түрде түсіндіру үшін, тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойынша қозғалып келе жатқан объектінің сызбасын салыңыз, жылдамдық тұрақты болғандығына қарамастан, бағыттың тұрақты өзгеретіндігін, сондықтан да жылдамдық векторының да өзгеретіндігін түсіндіріңіз.
(I)(f) Оқушылар әртүрлі жолдармен жылдамдықтың өзгерісі туралы өз білімдерін көрсете алады. Олар өздері қолданған жылдамдықты, орташа жылдамдықты, жылдамдық векторын, қашықтықты және скалярды, сондай-ақ әртүрлі әдістерді анықтау аспаптарын бейнелеген плакаттар дайындап алулары тиіс.
|
Бұл кезеңде жылдамдықты есептеу қажеттілігі жоқ, оқушыларға скаляр және векторлық жылдамдық арасындағы айырмашылықты есте сақтау керек.
Жұмыстың осы түрі бағалау жүргізу мүмкіндігі ретінде қолданылуы мүмкін.
|
|
|
- формуланы пайдалана отырып жылдамдық пен орташа жылдамдықты есептей білу: жүрілген жол / кеткен уақыт;
- сандарды стандарт түрде жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану;
|
(w) Көлбеу жазықтық қолданылатын тәжірибені қайталаңыз, оқушылардан «дене барлық түсу жолында бірдей жылдамдықпен қозғала ма?» деп сұраңыз.
(G) (E) Оқушылар өздерінің болжамдарын тексеру үшін, көлбеу бойымен төмен қозғалу кезінде автомобильдің немесе арбаның жылдамдығының қандай жолмен өзгеретіндігін анықтап бағытталған зерттеу жүргізеді. Тәжірибе көлбеу жазықтық бойынша әртүрлі орындарда жарық қақпаларын орналастыру жолымен жүргізіледі. Бұдан әрі нұсқауды «Data Harves» есептер жинағынан, № 19 жаттығудың бес минуттық тапсырмалардағы – «Ұшу-қону жолағындағы жылдамдықты өлшеу» тарауынан табуға болады. Оқушылар жарық қақпалары болмаған жағдайда, автомобильмен көлбеу жазықтығының әртүрлі бөліктерінде қозғалуға жұмсалатын уақытты өлшей алады.
(I) Үдеуді келесі формуламен есептеуге болатынын түсіндіріңіз: жылдамдықтың өзгеруі/қозғалысқа кеткен уақыт.
(f) Оқушыларға дербес жұмыс жасауы үшін, оларға осындай есепке мысал беріңіз.
|
Осы жұмысты, жылдамдықтың өзгерісін үдеу деп аталатындығымен, ол үдеуді немесе баяулауды білдіре алатындығы туралы идеямен байланыстырыңыз және ол бағытқа ие болғандықтан векторлық шама болып табылады. Одан әрі, егерде объект тұрақты үдеумен қозғалатын болса, онда ол тең айнымалы қозғалып келеді деп есептеледі.
Үдеудің өлшем бірлігі м/с2 негізгі (м және с), сондай-ақ туынды бірліктерден (м/с) тұрады.
|
Жарық қақпаларын мен қозғалыс датчиктерін пайдалану бойынша идея алу үшін, «Data Harves» есептер жинағынан, № 19 жаттығудың бес минуттық тапсырмалар тарауына жүгініңіз
http://www.dataharvest.co.uk/distributor/files/documents/worksheets/D0152/do152_do152_2_5_minute_activities.pdf
есептердің кейбір мысалдары бар веб сайттар
teacherweb.puyallup.k12.wa.us/ajh/.../acceleration_worksheet.doc
http://cis-science-and-technology.wikispaces.com/space/content
|
|
- түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарды ажырату;
- жылдамдықтың уақытқа және қашықтықтың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;
- графиктер мен кесте координата осьтеріндегі өлшем бірлігінің дұрыс белгіленуін білу;
|
(w немесе I) Оқушыларға қозғалмайтын немесе қозғалатын объектілерге мысал көрсетіп, қашықтықтың уақытқа тәуелділік графигі түсінігін енгізіңіз.
(f) Оқушылар графикті түсінулерін оны сипаттай отырып көрсетулері тиіс.
(I)(f)Одан соң қандайда болмасын саяхатқа сипаттама беріңіз және оқушылардан график сызуларын сұраңыз.
(G)(E) Одан соң оқушылар қашықтықтың уақытқа тәуелділігіне өздерінің графиктерін сызулары тиіс. Аталған жұмыс оқушылар санына қарай сыныппен немесе топпен орындалуы мүмкін. 100 м өлшеу үшін рулетканы немесе ұзын өлшегіш лентаны қолданыңыз. Қашықтықтың әрбір 10 м сайын секундөлшегіші бар адам тұруы тиіс. Өз еркімен шыққан жүгіруші 100 метрге жүгіруін бастайды. Жүгіруші жүгірген кезде әрбірі сынақ нүктесінде тұрған бала өз секундөлшегішін қосады. Секундөлшегіші бар оқушылар жанынан жүгіруші өткен кезде өздерінің секундөлшегіштерін тоқтатады.
(I) Одан соң деректер «уақыт» және «қашықтық» бағандары бар кестеге енгізіледі. Оқушылар қолмен немесе бағдарлама көмегімен қашықтықтың уақытқа тәуелділігі графигін тұрғыза алады. Оқушылар кестеде ұсынылған ақпаратты 100 м қашықтықтағы орташа жылдамдықты есептеу үшін және үдеу уақытын, жүгірушінің қозғалысын баяулауын немесе тұрақты жылдамдықпен қозғалысты анықтау үшін қолдана алады.
(I)(f) Оқушылар мына сайты қолдана отырып қашықтықтың уақытқа тәуелділігі графигін түсінуді бағалайалады http://www.sycd.co.uk/dtg/. Олар сайттан футболшылардың ойындары бар бейнеклипті қарап, оларды графикпен салыстыруы тиіс.
|
Мысалы, автомобиль тұрақты жылдамдықпен 2 сағат ішінде 200 км жүреді. Одан кейін 1 сағатқа тоқтап, одан соң 1 сағат ішінде тағы 60 км жүреді.
Оқушылардың секундөлшегіштерін бір уақытта қосатындай жолмен жұмысты ұйымдастыру біршама күрделі болуы мүмкін. Белсенді оқушылар осы тапсырманы орындай алуы мүмкін. Балама нұсқасы, оқушыларға бірнеше алдын ала дайындалған қашықтықтың уақытқа тәуелділігі графигін беруден және жүгіру, жүру, тоқтау жәнет.т. жолымен графиктер көрсетуді сұраудан тұрады.
|
Графиктердіңкейбірқарапайыммысалдарынсайттантабуғаболадыhttp://www.gcse.com/fm/dtg.htm
http://www.sycd.co.uk/dtg/
|
|
- жылдамдықтың уақытқа және қашықтықтың уақытқа тәуелділік кестесін жасау және талдау;
- жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен дене:
(1) тыныштық жағдайында болғанда,
(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалғанда,
(3) тұрақты үдеумен қозғалғанда,
(4) теңүдемелі емес қозғалғанда анықтау
|
(W) Оқушыларға қозғалатын объектіге мысал көрсете отырып, жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигі түсінігін енгізу.
(I)(f) Одан соң қандайда болмасын саяхатты суретке, оқушылардан график салуды сұраңыз.
(G)(E) Оқушылар көлбеу жазықтық бойынша түсіп келе жатқан объектінің жылдамдығын өлшеу үшін қозғалыс датчигін қолданады. Олар датчикті көлбеу жазықтықтың жоғарғы бөлігінде орналастырады. Объектіні алдыңғы бөлікте, бірақ датчикке тигізбей ұстайды.ақпарат жинау үшін деректер тіркегіші орнатылады, одан соң доп түсіріледі. Деректер тіркегіші арқылы жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі кестесі жасалады.
(f) Оқушылар графиктен дене жылдамдығы қандай жолмен өзгеретіндігі бойынша сипаттама беру ітиіс. Оқушылар әртүрлі төрт нүктемен графикте белгілеу тиіс
(1) тыныштық күйдегі дене,
(2) дене тұрақты жылдамдықпен қозғалады (тік горизонтальды сызық)
(3) дене тұрақты үдеумен қозғалады (көлбеу тік сызық)
(4) дене тұрақты емес үдеумен қозғалады (сызықтың иілген бөлігі, өйткені үдеу өзгереді)
|
Интернеттен бірнеше қарапайым мысалдар табуға болады, бірақ оны тексерген дұрыс, өйткені олар жиі жылдамдықты бейнелейді.
Мысалы, қозғалмайтын автомобильдің үдеуі жылдамдық сағатына 60км жеткенге дейін жалғасады; қозғалыс осы жылдамдықпен жүзеге асырылады, ол одан кейін жылдамдық тоқтағанға дейін баяулайды. Автомобильдің белгілі учаскедегі жолында тұрақты жылдамдықпен қозғалып келе жатқандығына көз жеткізіңіз, осылайша оқушыларға тұрақты жылдамдықтың көлбеу қима түрінде бейнеленетіндігі бойынша, кеңінен таралған қатені жіберіп алу мүмкіндігі беріледі.
Жұмыс көлбеу жазықтығы биіктігінің өзгерісі есебінен толықтырылуы мүмкін. Деректерді тіркеу құрылғысы болмаған жағдайда, арнайы лента-трекерлері бар арбаларды пайдалануға немесе оқушыларға график жасау үшін кейбір деректерді берген дұрыс.
Оқушылар қашықтықтың уақытқа тәуелділік графигін бейнелей отырып, бір-бірінің білім деңгейлерін бағалай алады. Оқушылар сөздің дұрыс лексикалық қорын пайдалана отырып модельдерге сипаттама бере алады.
|
түсінікті енгізу бойынша жақсы бейнеклип
http://www.bbc.co.uk/learningzone/clips/speed–time -graphs/10673.html
пайдалы материалдар http://physics.info/motion-graphs/
Таспа-трекерлері бар арбаны қолдана отырып, жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін салыңыз: http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/finding-average-acceleration-ticker-timer
Түсінікке бағалау жүргізуге пайдалы ресурс
http://www.gcse.com/fm/stg.htm
|
|
- дене өткен қашықтығын анықтау үшін жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен ауданды есептеу;
|
(I) Оқушыларға жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызу үшін кейбір деректерді беріңіз немесе оқушылар бұрын салған графикті пайдаланыңыз. Дене өткен қашықтықты графиктегі ауданды есептеу жолымен анықтауға болатынын түсіндіріңіз. Оқушыларға осы білімді қандай түрде қолдануға болатынын түсіндіріңіз, оқушылар одан кейін кейбір басқа мысалдарды келтіреді.
|
|
Мысалдарды мына веб-сайттан алуға болады
http://www.gcse.com/fm/stg.htm
|
|
-дене жылдамдығының шамасының графиктің көлбеу бұрышына тәуелділігін түсіну;
- векторлық және скалярлы шамаларды топтастыру: қашықтық, орын ауыстыру, ұзындық, жылдамдық, орташа жылдамдық, уақыт, үдеу, масса және күш;
- параллель векторларды қосу мен азайтуды жүргізуді білу және графикалық әдіспен нәтижелеуші екі векторды анықтау.
|
(I) Векторлық және скаляр жылдамдық арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Оқушыларға орын ауыстырудын уақытқа тәуелділік графигін салу үшін кейбір деректерді беріңіз, өйткені бұл график қашықтықтың уақытқа тәуелділік графигінен ерекшеленеді. Оқушылар одан кейін жылдамдықты есептеу үшін, көлбеуді есептейді.
(I) Тарау бойынша қорытынды жасау үшін оқушылардан орын ауыстыру, жол, қашықтық, жылдамдық (скаляр және векторлық), уақыт, үдеу түсініктерін скаляр және векторлық шамалар бойынша топтастыруды сұраңыз. Оқушылардан үш бұрыш немесе параллелограмм әдісін қолданып, қортқы орын ауыстыруды анықтау үшін кейбір векторларды қосу мен кемітуді сұраңыз.
|
Оқушылар жұмысты неғұрлым тиімді жасау үшін А нүктесінен шыға отырып, В нүктесінде бағытын өзгертіп және С нүктесінде тоқтау арқылы екі бағытта саяхат жоспарлай алады. Оқушылар одан кейін АС ауысуын есептейді.
|
http://physics.info/motion-graphs/
Векторларды қосу және азайту туралы кеңесті қараңыз
http://www.mash.dept.shef.ac.uk/Resources/introvector.pdf
|