Ескертпе: Зертханалықжұмысқызметкерлерменоқушыларүшінмүмкінқауіпкеие. НазарбаевЗияткерлікмектебіқауіпсіздіктіңтиістішараларынанықтауменқолдануғажауаптыболады. Осысхемадақауіпсіздіктехникасыбойыншаақпараттекиндикативтіболыптабыладыжәнетолықболмауымүмкін. НеХЕК, небағдарламакеңесшілеріқауіпсіздіктіңтиістішараларынқолданбаусалдарынажауаптыболмайды.
W = толық сыныппен жұмыс жасау
G = топпен жұмыс
I = жеке жұмыс
E =оқушы тәжірибесі
D = мұғалімнің демонстрациясы
f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет
= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес
Физика, Негізгі мектеп, 7-сынып
| Бөлім 7.3А:Үйкеліс |
Ұсынылатын алдыңғы білімдер
|
Оқушылар үйкеліс күшімен танысады және күштің ньютонмен өлшенетіндігін еске түсірулері тиіс. Оқушылар 7.1А-тарауын аяқтағаннан кейін денеге түсірілген күштердің қарапайым векторлық диаграммасын сыза алады.
|
Контекст
|
Бұл бөлімде 7.1А-тарауында берілген, күштің объектіге әсер ететіндігі және үйкелістің күш болып табылатындығы туралы идея неғұрлым толық мазмұндалған.
Осы бөлімде орындалуға міндетті зертханалық жұмыстар:
|
Осы бөлімдегі «Физика» пәні бойынша тілдік мақсаттар
|
Оқушыларға арналған ғылыми/академиялық тілде жазылған тілдік мақсат мысалы төменде беріліп отыр
|
Пән бойынша оқыту мақсаты
|
Оқытудың тілдік мақсаты
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология
|
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы
тіркестері
|
Оқушылар:
Үйкеліс күшінін оң және кері әсерлеріне мысалдар келтіре алады.
|
Оқушылар:
«PowerPoint» форматындағы плакатты немесе презентацияны қолдану және презентацияны дайындау үшін сәйкес фразаларды қолдана отырып, ауызша және жазбаша нысанда презентация жасайа лады.
|
үйкеліс, тыныштықүйкелісі, домалауүйкелісіжәнесырғанауүйкелісі
оңәсер,
керіәсер,
артықшылық,
кемшілік
|
Мен … туралы айтқым келеді
Менің сөз сөйлеуімнің тақырыбы, бүгін…
Менің презентациям … туралы.
Біріншіден, мен … бастаймын.
Осындан кейін … жасаймын.
Қорытындысында мен ...
Үйкелістің оң/теріс әсер ету мысалдары ...
Тыныштық үйкелісіне/домалау үйкелісіне/сырғанау үйкелісіне мысал болып келетін ..., артықшылық/кемшілік ретінде қарастырылуы мүмкін, өйткені…
|
Тілдік мақсаттың өзге үлгілерін құру және ғылыми тілді оқыту үшін қосымша көмек ретінде жоғарыда келтірілген «Тілдік мақсатқа кіріспені» басшылыққа алыңыз.
|
Қысқаша шолу
|
Тарау үйкеліс түсінігін енгізіп, оның пайда болу себептерін түсіндіруден басталады. Оқушылар үйкелістің түрлерін қарастырады және үйкелістің оң және теріс әсерлеріт уралы қосымша білім алады.
|
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
Оқыту мақсаттары
|
Сабақта қолдануға ұсынылатын тапсырмалар
|
Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер
|
Оқыту ресурстары
|
|
- тыныштық, сырғанау, домалау үйкеліс түрлерін айыру;
- үйкеліс күшінің оң және теріс әсерлеріне мысалдар келтіру және оны өзгерту жолдарын білу;
|
(W) (F) Оқушылардан олардың үйкеліс туралы не білетіндіктері туралы кез-келген идеяларын жазуды сұрай отырып, үйкеліс түсінігін енгізу.
(G)(E) Оқушылар бұдан әрі объектілерді әртүрлі беттер бойымен сүйретуге қажет күшті өлшейді. Объект беттер үстімен динамометрдің көмегімен сүйретіледі. Оқушылар күштің бастапқы мәнін және объектінің қозғалысы кезіндегі мәнін жазулары тиіс. Нәтижесінде тыныштық үйкелісі сырғанау үйкелісіне қарағанда күштірек болғандықтан күштің бастапқы мәні көбірек болу керек екендігін байқаулары керек.
|
Бұл тапсырма аталған тақырыпты зерттеудегі бастапқы нүкте қызметін атқаруы тиіс. Егерде оқушылар үйкеліс туралы теріс түсінікке ие болатын болса, олардан алақандарын бір-біріне үйкелеп, жылуды сезінулерін сұраңыз.
Егерде мектепте деректерді тіркеу құрылғысы болатын болса, оқушылар объектіні басқа жерге сүйрету үшін динамометрді немесе күш датчигін қолдана алады.
|
Төмендегі веб-сайт динамометрлердің қолданылуы туралы ақпаратты береді
http://www.dlis.eu/images/Energy/Documents/Friction.pdf
|
|
-қарапайым тәжірибені жеке және топта жоспарлай білу;
- алынған нәтижелердің нақтылығын растау үшін әртүрлі көздерден алынған деректерді жинау;
- зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтай білу;
- деректерді кесте, ақпаратты график, диаграмма және презентация т.б. түрінде жинақтау, өңдеу және беру;
- тәжірибелік жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын білу және сақтау;
|
(I)(f) Оқушылар үйкеліс күшінің дене массасына тәуелділігін оқуға бағытталған зерттеуді жоспарлайды.
Оқушылар 7.1а-тарауын оқу кезінде алынған «инерция» және «масса» тақырыптары бойынша білімдерін пайдаланып, массаны ұлғайтқан кезде үйкеліс күшінің қандай жолмен өзгеретіндігін анықтайды. Олар өздерінің зерттеулерін жүргізуді жоспарлай алады, бірақ оны жүргізу үшін топқа бірігу керек.
(f)Нәтижелер мен баға сараптамасы өз бетінше жүргізілуі тиіс.
|
Осы жұмыс үш сабаққа бөлінуі тиіс.
Бұл білім берудің осы міндеттерін бағалаудың бір ғана мүмкіндігі.
Оқушылардың тәжірибе жүргізу кезінде осы міндеттердің кем дегенде біреуін көрсетулеріне қолдау көрсеткен жөн.
Кейбір оқушылар баяндама жазу үшін тірек сызбалары түріндегі көмекке мұқтаж болуы мүмкін, мысалы, пайдаланылатын тақырыпшалар түрінде.
Жүргізілген талдау мен баға оқушының тақырыпты түсінгендігін көрсетуі тиіс.
|
|
|
- тыныштық, сырғанау, домалау үйкеліс түрлерін айыру;
- үйкеліс күшінің оң және теріс әсерлеріне мысалдар келтіру және оны өзгерту жолдарын білу;
|
(D немесеE) Оқушылар сырғанау үйкелісі күшімен салыстыра отырып домалау үйкеліс күшінің пайда болуын зерттейді. Олар тақтайшаны жазық бетімен орналастырып, одан соң оның астына шығыршықтар орналастырады. Олар динамометр көмегімен күшті әр ретте өлшейді.
|
Аталған жұмыс сайтта жан-жақты берілген. Ол екі бет қозғалған кезде, беттер арасындағы үйкелістің азаятындығы идеясын көрсететін болады.
|
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/friction-between-solid-surfaces
|
|
- үйкеліс күшінің
оң және теріс әсерлеріне мысалдар келтіру және оны қолдану әдістерін білу;
|
(W) Оқушыларға әртүрлі жағдайларды көрсететін бірнеше кескіндерді көрсету қажет, мысалы, мұздың үстіндегі адамды, велосипедтің тежегішін, ағаш пен ағашты үйкелеу арқылы от алуды. Үйкеліс күшінің қандай жолмен туындағанын, оның пайдалы немесе пайдалы еместігін талқылау.
(I немесеG) Оқушылар «PowerPoint» форматындағы презентацияны немесе «Үйкеліс күші» тақырыбындағы плакатты дайындайды. Олар үйкеліс күшінің оң және әсерлеріне келтірілген мысалдарды зерттейді. Соңында «PowerPoint» бағдарламасындағы презентациясы немесе плакат түріндегі өздерінің тұжырымдамаларын сыныпқа көрсетеді.
|
Осы міндетті орындау үшін екі сабақ қажет болуы мүмкін.
Оқушыларға олардың қанша мысал келтіре алатындығының – олардың уақыттары мен топтың мүмкіндіктеріне тәуелді екендігін хабарлаған дұрыс.
Бағалау нысаны ретінде сыныпқа презентация көрсету және зерттеу тақырыбы бойынша басқа оқушылардың сұрақтарына жауаптар қолданылуы мүмкін.
|
|
Ескертпе: Зертханалық жұмыс қызметкерлер мен оқушылар үшін мүмкін қауіпке ие. Назарбаев Зияткерлік мектебі қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтау
мен қолдануға жауапты болады. Осы схемада қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек индикативті болып табылады және толық болмауы мүмкін. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.
W = толық сыныппен жұмыс жасау
G = топпен жұмыс
I = жеке жұмыс
E =оқушы тәжірибесі
D = мұғалімнің демонстрациясы
f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет
= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес
Физика Негізгі мектеп 7-сынып
|
Бөлім 7. 3В: Қатты заттардағы, сұйықтықтардағы және газдардағы қысым
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Оқушылар география пәнінен атмосферлық қысымның ұғымын біледі. Олар Атмосферлық қысымды өлшейтін аспабын біледі
|
Контекст
|
Бұл бөлімде қатты заттардағы, сұйықтықтардағы және газдардағы қысым қарастырылады.
Осы бөлімде орындалуға міндетті зертханалық жұмыстар:
Сұйықтықтағы қысымды анықтау
Архимед заңын тексеру
Денелердің жүзу шарттарын зерттеу
|
Осы бөлімнің тілдік мақсаттары
|
Оқушыларға арналған ғылыми/академиялық тілде жазылған тілдік мақсат мысалы төменде беріліп отыр.
|
Пәнді оқыту мақсаты
|
Тілді оқыту мақсаты
|
Пәндік лексика және терминология
|
Диалогқа/жазуға қажетті сөз
тіркестері
|
Оқушылар орындай алады:
қысымның анықтамасын білу, қысым мен тығыздық теңдеулерден р =ρgh формуласын шығару және оны қолдану
|
Оқушылар орындай алады:
қатты дененің қысымның күштен және тіректің ауданынын әсер алатынды ауызша қорытындылау
|
Броундық қозғалыс, барометр, манометр, Денелердің жүзу шарттары, итеруші күш
|
Менің тақырыбым…
Мен ... ұсынамын
Біріншіден, мен … бастаймын ...
Осыдан кейін мен...
Қорытында мен….
Қатты заттардағы қысым …
Сұйықтықтардағы және газдардағы қысым
Кысым өседі /азаяды …
Газдар туралы айтқанда (менің ойымша) қысым үленрек/кішірек бола алады …
|
Тілді оқыту мақсаттарына сай қосымша басшылық және басқа тілдік мақсаттарды қою үшін ғылыми тілді үйрету мен оқытуға қатысты «Тілдік мақсаттар туралы» қараңыз.
|
Қысқаша шолу
|
Оқушылар барлық материяның үздіксіз қозғалыста болатын бөлшектерден тұратыны туралы пікірмен танысады және осы қозғалыс көптеген құбылыстарды түсіндіретінің біледі, мысалы, газдың түсіретін қысымы. Олар материалдардың ішкі құрылымын оқып үйренеді, материяны бақылай отырып, оның моделін жасайды, материяның кинетикалық теориясымен танысады, сонымен бірге, оны белгілі процестерге қолданатын болады.
|
Молекулалық физика
|
- қысымның анықтамасын білу және оны молекулалық-кинетикалық теория негізінде түсіндіру;
- қысым терминін түсіну және оны мына формула бойынша есептеу: қысым = күш / аудан;
- қысым мен тығыздық теңдеулерден р =ρgh формуласын шығару және оны қолдану;
- сұйықтар мен газдардағы итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
- есептерді шығару кезінде Архимед заңын пайдалану;
|
(W) Газдың моделін қозғалтқыштың әсерімен, «газ бағанасы» төменгі бөлігіндегі мембранаға соғылып дірілдейтін (вибрация) пенопласт шарларын демонстрациялау. Бетке соғылған бөлшектер туралы пікірді пайдалана отырып, оқушылар бөлшектердің қатты қағаздың кесегін неге жоғары көтеретінін түсіндіріп берулері керек. Оқушылардан қозғалтқыштың вибрациясының жылдамдығын арттырған кезде қатты қағазды көтере алуын түсіндіруін сұрау керек. Оқушылар қозғалтқыштың энергиясы бөлшектердің кинетикалық энергиясына сәйкес келетінін, яғни газдың қызуына байланысты энергияның жиналуын түсінуі керек.
(I) Оқушылардан еденге көбірек, яғни максимал қысым түсіретіндей тұруларын сұрау керек.
(W) Нәтижені талдау және тапсырманы бәрінен де жақсы орындаған оқушыны марапаттау. Қысымды Қысым=күш/аудан формуласымен тағы да анықтауға арналған қарапайым қос сұрақтарды қолдану.
(W) Тіктөртбұрышты затты пайдалана отырып, мысалы, кірпіш, оның қандай үш түрлі қысым түсіруі мүмкін екенін сұрау.
(E) Оқушылар кірпіштің үш жағынын аудандарын және үш қысымды есептеу үшін оның салмағын өлшеулері керек. ХБЖ-дегі Н/м2 өлшем бірлігін еске түсірулері қажет. Оқушылар кірпіштің ұзындығын, енін және биіктігін өлшеу үшін қандай аспапты пайдалануға болатынын таңдап алулары керек. Өлшеудің дәлдігін талдау.
Қарапайым есептеулердің көмегімен білімдерін бекіту.
(W) Бұл пікірді сұйықтарға дейін дамыту. Судың түсіретін қысымын қалай арттыруға болады?
(I) Мини-тақталардың көмегімен көбірек және азырақ қысым түсіру үшін суды құйатын ыдыстардың суреттерін оқушылар салулары керек. Талқылау.
(W) Сұйықтың түсіретін қысымын анықтауға арналған формуланы анықтау. р =ρgh. Манометрлер және барометрлер үшін сұйықтың тығыздығы неліктен маңызды?
(D) Газдың қысымын өлшеу ішін сұйықтың бағанын қалай пайдалануға болатынын көрсететін қарапайым манометрді қолдану маңыздырақ.
(G) Интернетті және т.б. пайдаланып манометр мен барометрдің қалай жұмыс істейтінін зерттеу.
(I) Оқушылар тығыз сұйықтағы және тығыздығы төмен сұйықтағы бөлшектердің орналасуын сызулары керек.
Тапсырма:
(D) Түсіндірмей демонстрациялау.Бірдей деңгейде толтырылған үш қыздыруға төзімді пробиркалар. Біріншісінде мұз, екіншісінде су, ал үшіншісінде глицерин болуы керек. Үш өлшеуіш цилиндр, оның бірінде – су, екіншісінде мыс сульфатының ерітіндісі, үшіншісінде спирт бар. Кезек-кезегімен әрбір қыздыруға төзімді пробирканы өлшеуіш цилиндрлерге салу керек. Оқушылар нәтижелерді жазуға арналған кесте құрулары керек; пробиркалардың әртүрлі орналасу биіктіктерін белгілеу және оларды өздерінін кестелеріне жазу. Содан кейін олар өздерінің бөлшектер теориясы туралы білімдерін пайдалана отырып, болжамдарын жасаулары керек.
(W) Архимед заңын анықтау. Оның қолданылуына мысалдар келтіру, мысалы, қайықтар және жүктер. Жүктер маркасы.
|
(f) Бұл тәжірибе оқушылардың 6-сыныпта өткен қысымның принциптерін түсінгендерін көрсетеді. Оқушылар бір аяқпен немесе аяқтың ұшымен тұрулары керек, яғни олардың салмағы аз ауданға түсуі керек.
Кірпіштің салмағы таралатындай, оны айналдыра отырып ауданын өлшеу, қысым туралы түсінікті қалыптастырады және бекітеді.
Сұйықтардың қысымы туралы түсінік жоғарыда айтылған тәжірибеден қалыптасады, себебі, ол сұйық бағанынын биіктігіне тәуелді, ал оның көлеміне тәуелді емес. Бұны демонстрациялау үшін әртүрлі пішінді түтікшелері бар Паскаль аппараты пайдаланылады, онда су бірдей деңгейде болады.
Газбен жабдықтау лабораториясында газдың қысымын демонстрациялау үшін манометрді пайдалану керек.
Бұл тапсырманы орындау барысын, яғни қыздыруға төзімді пробиркаларды өлшеуіш цилиндрлерге кезек-кезек салу керек екенін талқылай отырып орындау. Оқушылар өздері бақылау жасаулары және өздерінің нәтижелерін жазулары керек. Бұл теорияның масалы болып ареометрлер, сондай-ақ, үлкен жүк кемелерінің теңізде жүзуі, табылады. Жаңалықтарда кемелерді қалай құтқаратындығы туралы жиі айтылады; Титаник туралы әңгімені еске түсіруге болады.
Қағаздан/қорғасын фольгадан жасалған пісіруге арналған формалардың суда жүзуін қадағалауға және әртүрлі салмақты заттармен толтыруға болады. Олар ауыр немесе аз салмақты көтере алады ма екенін көру үшін олардың пішіндерін өзгертуге болады. Оқушылардың түсініктерін бекіту немесе қалыптастыру үшін әртүрлі тығыздықты заттардың жүзгіштігін салыстыруға арналған зерттеулерді жасауға болады. Әртүрлі материалдардан, балауыз, тығын, мұз, металл, ағаш, шыны сияқты материалдардан жасалған қырлары 2 см болатын бірдей текшелерді суға орналастыруға, одан кейін нәтижесін талқылауға болады. Суы бар ыдысқа салынған қарапайым содасы және диеталық содасы бар банкалардың тығыздықтарын салыстыру. Судың және басқа материалдардың тығыздықтарын салыстыру қажет.
|
Қарапайым қос сұрақтардың мысалы:
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/introducing-pressure
Паскаль аппаратына арналған U-тәрізді түтікшелердің демонстрациясы:
http://www.youtube.com/watch?v=e6_DDx07JJM
Қажетті өлшеуіш цилиндрлер, кюветтер, стақандар, кеселер және т.б. контейнерлер ұсынылуы керек.
U – тәрізді манометрлердің көмегімен қарапайым демонстрациялар, газ бен жабдықтау, су және азық - түлiк бояулары:
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/measuring-gas-pressure-using-manometers
Бұл материалдарды пайдалану міндетті емес, бірақ айырмашылықты анық көрсететін демонстрация үшін сұйықтар мен қоспаларды өлшеуіш цилиндрлер мен өлшеп алу керек.
http://phet.colorado.edu/sims/density-and-buoyancy.en.htm
Архимед заңын демонстрациялау үшін видеобаяндар (клиптер) мен видеоларды қолданыңыздар, мысалы:
http://www.bbc.co.uk/learningzone/clips/weight-density-and-upthrust-in-fluids/277.html
|
Достарыңызбен бөлісу: |