Ескертпе: Зертханалық жұмыс қызметкерлер мен оқушылар үшін мүмкін қауіпке ие. Назарбаев Зияткерлік мектебі қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтау мен қолдануға жауапты болады. Осы схемада қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек индикативті болып табылады және толық болмауы мүмкін. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.
W = толық сыныппен жұмыс жасау
G = топпен жұмыс
I = жеке жұмыс
E =оқушы тәжірибесі
D = мұғалімнің демонстрациясы
f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет
= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес
Физика, Негізгі мектеп, 7-сынып
| Бөлім 7.4A: Энергия |
Ұсынылатын алдыңғы білімдер
|
Оқушылар энергия түрлерін естеріне түсіре алатындай жағдайда болуы тиіс және 6-сынып бағдарламасынан энергияны беру диаграммасын сипаттай алулары тиіс.
|
Контекст
|
Аталған бөлімде 6-сынып бағдарламасында ұсынылған энергияны беру туралы ойы дамытылып, сондай-ақ энергиямен энергия ұтымды қолдану (ПӘК) туралы мәселе қарастырылады.
Бөлім оқушыларды 9-сыныпта энергия бойынша тақырыптарына даярлайды.
|
Осы бөлімдегі «Физика» пәні бойынша тілдік мақсаттар
|
Оқушыларға арналған ғылыми/академиялық тілде жазылған тілдік мақсат мысалы төменде беріліп отыр
|
Пән бойынша оқыту мақсаты
|
Оқытудың тілдік мақсаты
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология
|
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы
тіркестері
|
Оқушылар:
Құрылғыны пайдалану кезінде энергияны жоғалтудың себебін дұрыс көрсете және тапсырманы шешу үшін ПӘК түсінігін пайдалана алады.
|
Оқушылар:
Үйде жүргізілген ПӘК бойынша зерттеудің негізгі сәттерін ауызша немесе жазбаша нысанда бере алады.
|
энергетика, энергияны ұтымды пайдалану, энергияны түрлендіру, ПӘК, энергия үнемдеушілік, атқарылған жұмыс, әлеуетті энергия, Дж
|
Мен … тақырыбын зерттеумен айналыстым.
Осы баяндамада менің … зерттеу идеяларым қысқа берілген.
Менің … зерттеу жүргізуім үшін … ақпарат көзі қызметін атқарды.
… жағдайда энергияның жоғалатынын (менбілдім).
Орынжайды жылытудың/… тамақөнімдеріндайындау/сақтаудыңнеғұрлымтиімдіәдісі … болыптабылады.
Осы сызба/кесте/график… көрсетеді.
(Қорытындысында / Мен ұсынамын) … үйде неғұрлым энергия үнемдейтін болып келеді.
|
Тілдік мақсаттың өзге үлгілерін құру және ғылыми тілді оқыту үшін қосымша көмек ретінде жоғарыда келтірілген «Тілдік мақсатқа кіріспені» басшылыққа алыңыз.
|
Қысқаша шолу
|
Осы тарау энергияны беру туралы ойы сілтемеден басталады және қарапайым әдістерде энергияны сақтау принципін түсіндіруден тұрады.
|
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
Оқыту мақсаттары
|
Сабақта қолдануға ұсынылатын тапсырмалар
|
Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер
|
Оқыту ресурстары
|
|
-энергияның бір түрден екіншісіне ауысуын түсіндіру, мысалдар келтіру жәнемеханикалық энергияны сақтау заңын білу және пайдалану;
- жүйенің ПӘК мағынасын түсіну және ПӘКесебі формуласын есептеу кезінде қолдану;
|
(W)(f)Сабақты оқушыларған белгілі энергия түрлерін атау өтінішімен басталады.
(I)(f) Оқушылар әртүрлі заттарды қарап, олардың әрқайсысы үшін энергияның түрленуін жазады.
(W) Энергияның сақталу ойын талқылау және энергияның жалпы мөлшерінін қандай жолмен өзгеріссіз қалатынын талқылау. Электр шамы үшін энергияның біршама мөлшердің жылу тәрізді аз пайдалы түрінде жоғалатындықтан, энергияның түгелдей пайдалы түргеөтпейтіндігіоймен байланыс жасау.
(W +I) ЭнергияныңПӘК ойын талқылау, оқушыларға энергияның тұтынылуы мен энергияның берілуін көрсететін Сэнк диаграммасы мысалын көрсету. Олар оны ПӘКесептеу үшін қолданулары мүмкін.
|
Осы жұмыс оқушыларға 6-сынып бағдарламасынан энергияны беру туралы еске түсіру үшін жүргізіледі.
Батареядан және күнбатареясымен жұмыс істейтін электршамдары тәрізді заттарды қолданыңыз.
Орындалған пайдалы жұмыс, шамның электр энергиясының бөлігін (тұтынуды) жарық энергиясына (пайдалы беру) беретіндігімен, ал энергияның қалған бөлігін жоғалатын жылу ретінде беретіндігімен түсіндірілуі мүмкін.
|
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/aqa_pre_2011/energy/heatrev5.shtml
энергия мен Сэнк диаграммасын беру мысалдары берілген
|
|
- тәжірибеде энергияның жоғалуын бағалай білу, жүйенің ПӘК мағынасын түсіну және ПӘК есебі формуласын есептеу кезінде қолдану;
|
(I) Оқушылар үйлерінде энергияның тиімділігі бойынша ойларды қарастырулары тиіс. Олар үйде неғұрлым энергия үнемдейтін болып келетін мүмкіндіктерді зерттей алады және өздерінің қорытындыларын кейбір түрде қандай да болмасын формада сыныптың қалған оқушыларына көрсете алады.
|
Осы жұмыс энергияның үйді жылыту, жарықтандыру немесе электр аспаптарын пайдалану кезінде жоғалатындығы туралы ойды дамытуы тиіс. Зерттеуді үйді жылытудың ең тиімді әдісі, тамақ өнімдерін дайындау немесе сақтаудың неғұрлым тиісті әдістері тәрізді, көптеген бағыттарда келтіруге болады.
|
|
|
- Ek=mv2/2 кинетикалық энергияның формуласын білу және қолдану;
- сандарды стандарты түрде жазған кезде қысқа және үлестік қосымшаларды білу және пайдалану;
|
(W) Автомобиль, ұшақ немесе поезд тәрізді қозғалатын объектілерге бірқатар бейне мысалдар көрсету. Осы объектілердің кинетикалық энергияға ие екендігін түсіндіру. Оқушылардан объектілердің қайсысының ең жоғары кинетикалық энергияға ие екендіктері туралы болжамдарын ортаға салуды сұрау. Оқушылардың массаның және/немесе жылдамдықтың ұлғаюының объектінің кинетикалық энергиясының ұлғаюына алып келетіндігі қорытындысын жасауға алып келу.
Ek=mv2/2 формуласын шығару.
(I) Оқушылар белгілі жылдамдықта келе жатқан берілген массадағы объектілердің кейбір мысалдарын есептеумен айналысады.
(W) Кинетикалық энергияның автомобиль көлігіне байланысын жеткізу. Оқушылардан бірдей жылдамдықа келе жатқан жағдайда, автомобильге қарағанда жүк машинасының неліктен жоғары кинетикалық энергияға ие болатындығын түсіндіріп беруді сұраңыз. Оқушылар автомобиль немесе жүк машинасы бір нәрсемен соқтығысқандағы салдарын болжай алатындай болады.
|
m = масса (кг), v = жылдамдық (м/с),
энергияның өлшем бірлігі Дж
Массаны өлшеу үшін килограмм терминін қолданған кезде кило- префиксі қолданылады
|
|
|
- Жер бетінің маңында Ep=mghәлеуетті энергияның формуласын білу және пайдалана білу;
|
(W) Оқушыларға тегіс шыңда бейнеленген шарды көрсету. Шар шыңда орналасқан жағдайда потенциалдық энергияға ие екендігін және бұл энергияның шар шыңнан құлаған соң кинетикалық энергияға түрленуі мүмкін екендігі идеясын талқылау.
(G) (E) Оқушылар одан кейін шарларды әртүрлі биіктіктерден лақтырып, секіруін өлшейді.
(I)(f)Оқушылар әр биіктіктегі потенциалдық энергияны есептей алады және секіру биіктігінің неліктен өзгеретіндігін түсіндіру үшін деректерді қолдана алады.
|
Балама ретінде американдық горкадан тік құлау бейнеклипі көрсетіледі және потенциалдық және кинетикалық энергиямен байланыс жасалады.
Жұмыс оқушылардың доптың құлауы кезінде қандай жолмен өзгеретіндігін түсінулерін бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Қабілеті жоғары оқушылар серпімді энергия туралы оймен таныстырылуы мүмкін.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |