БАҒдарламасы (силлабус) Пән : Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру теориясы мен әдістемесі


Сұрақтар мен бақылау түрлері тақырыптарының тізбесі



бет2/7
Дата20.06.2018
өлшемі0,53 Mb.
#43657
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Сұрақтар мен бақылау түрлері тақырыптарының тізбесі.

  1. Тәрбиедегі іс-әрекеттік келістің мәні.

  2. Тәрбиедегі жүйелілік келістің мәні.

  3. Тәрбиедегі тұлғалық-бағдарланған келістің мәні.

  4. Тәрбиедегі философиялық-антропологиялық келістің мәні.

  5. Тәрбие тұжырымдамасы түсінігі. Тәрбие тұжырымдамалары.

  6. Тәрбие технологиялары.

  7. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары

  8. Балалар ұйымының қызметін ұымдастыру

  9. Тәрбие жүйесі түсінігі. Тәрбие жүйесін құрастыру.

  10. Тәрбие жұмысының диагностикалау.

  11. Тәрбие жұмысын жоспарлау.

  12. Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмысының формалары.



Рефераттар тақырыптары:

1. Бүгінгі таңда мектептегі кәсіби бағдарлау жұмыстарының ерекшеліктері.

2. Қазіргі таңдағы оқушылар тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі.

3. Мектепте оқушылардың шығармашылық қабілетіліктерін дамыту.

4. Тұлғаның құндылық бағдарлары тәрбиенің міндеті ретінде.

5. Бала тәрбиесінде халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қолдану.

6. Отбасының бала тәрбиесіндегі алатын орны.

7. Қазіргі таңдағы балалар ұйымдары.

8. Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру

9. Қиын оқушылармен жұмыс ерекшеліктері

10. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігінің формалары


  1. Баға бойынша ақпарат

бақылау түрі (ағымдағы, аралық, қорытынды);

бақылау әдістері (сұрау, жазбаша жұмыс, тесттер)

9. Бағаны қою саясаты

Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген және бағалардың төмендегідей бөлінуін қарастырады


Бағалау баламасы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық балама

Балдардың пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз

10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты

сабақтарға қатысу;

сабақтағы тәртіп ережелері;

көтермелеу және талап ету.



«Тәрбие жұмыстарының әдістемесі және технологиясы»

пәні бойынша қысқаша дәрістер.
1-Дәріс.

Тақырыбы: ТӘРБИЕ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
Ерекшеліктері. Формалары.
Дәрістің жоспары:

  1. Тәрбиенің құрамды бөліктері (бағыттары).

  2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.

Педагогикалык ғылымдардың дамуы барысында тәрбие беру жұмысы методикасы да өзіндік бет-бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Оның міндеті – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсету, педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу.

Тәрбиені комплексті түрде жүргізу идеялық-тәрбие жұмысының бәрін жоғары өнімді еңбекке және белсенді қоғамдык-саяси қызметке қабілетті жан-жақты дамыған жеке адамды қалыптастыруға бағдар тұтуды білдіреді. Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпактың тіршілік қызметінің алуан түрлі – өндірістік, коғамдык-саяси, рухани, адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.

Біздің еліміздегі мектеп оқушыларының шамамен жартысы оқитын селолық мектептерде мұғалімнің міндеті, ең алдымен ауыл шаруашылығы еңбегіне деген ынта мен сүйіспендікті тәрбиелеуден, ауыл шаруашылық кәсіптері әлеміне ендіруден, ауыл шаруашылығын техникалық жағынан қайта жарақтандыру перспективаларын ашып көрсетуден, техникалық творчество мен тәжірибе жасауға деген талғамды бойға сіңіруден тұрады.

Тәрбие диалектикасы дегеніміз – жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу.

Тәрбиенің құрамды бөліктері:



  • Адамгершілік тәрбиесі

  • Патриоттық тәрбиесі

  • ақыл-ой тәрбиесі

  • құқық тәрбиесі

  • еңбек тәрбиесі

  • экологиялық тәрбие

- эстетикалық тәрбиесі

- экономикалық тәрбиесі

- дене тәрбиесі

Адамгершілік тәрбие берудің негізгі мазмұнын патриотизм және интернационализм, коллективизм және гуманизм, еңбекке және қоғамдық меншікке деген көзқарас, тәртіптілік және ұйымшылдық, принципиалдылық және өзіне сын көзімен қараушылық, шыншылдық және әділеттілік жоғары жауапкершілдік және қоғамдық парызды сезінушілік сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру құрайды. Оларды қалыптастырудың алдында қарапайым мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін меңгеру, өзін көпшілік ішінде ұстай білуді бойға сіңіру, қоғамдық тәртіп пен тәлімді сақтау тұрады. Саналы тәртіпті тәрбиелеу тілалғыштық пен уайымшылдық, дәлдік пен инициативалылық, ұстамдылық пен белсенді творчестволық іс-әрекет сияқты моральдық қасиеттер мен мінез сипаттарын қарастырады. Мектеп оқушыларына еңбек сүйгіштік пен әділеттілік, қарапайымдық пен сыпайлық үлкенді сыйлаушылық пен кішкентайларға қамқоршылық сияқты адамгершіліктің өте қарапайым нормаларын сіңіру кажет.

Адамгершілік тәрбиесін беру мазмұнында жігіттер мен қыздар арасында дұрыс өзара қарым-қатынас орнату, оларды жеке өмірге даярлау едәуір орын алады.



Адамгершілік тәрбиесі – белсенді процесс. Ол жағымды қасиеттерді қалыптастыруды ғана емес, жағымсыз қасиеттерді жеңуді, маскүнемдікке, бұзақтылықка, бейпіл ауыздылыққа, тоғышарлық көңіл күйге, тұтынымпаздық психологияга тайсалмай қарсы шығуының маңызы үлкен.

Патриоттық тәрбиенің негізгі міндеттері – Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық мақтаныш сезімін жетілдіруге, бейбітшілік пен демократия ісіне берілгендікке, кез келген сәтте Отанды корғауға дайын болуға, тәрбиелеу.

Мағжан Жумабаев өз халқының патриоты ретінде оны халқының, ұрпағының болашағы үнемі толғандырып, тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойында ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру оларды халықтың рухани мәдениеті мен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен кеңінен қаруландыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, бұрын қолданып келе жатқан тақтық жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ үлгі тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп, ата-анаға отбасында балаға ұлттық тәрбие беру қажеттігін ерекше айтып өтеді.

Еңбекке тәрбиелеудің мазмұнында еңбекке әзірлікті бойға сіңіру, ойдағыдай еңбек ету үшін қажетті моральдық-еріктік қасиеттерді қалыптастыру үлкен орын алады.

Еңбекке тәрбиелеу процесінде үнемшілдік сезімі дамиды, мектеп оқушылары халық игілігін сақтау және молайту жөнінде қамқорлық жасауға үйренеді, мектеп бұйымдарын, оқулықтарды күтіп ұстайды.

Соңғы жылдарда мектеп оқушыларының табиғаты қорғау жұмысына араласуы едәуір қанат жайды. Бұл туған табиғатты білуді оны қорғау жөніндегі творчестволық және мақсаты еңбекпен үйлестіруге, оқушыларды табиғат байлықтарына ысырапсыз, шаруақор көзқараспен қарауға жәрдемдеседі. Сондықтан экологиялық тәрбие беру, табиғи ресурстарды қорғауға және орынды пайдалануға дағдыландыру. Праволық тәрбие беру мазмұнына праволық білім, праволық сенім және праволық мінез-құлық сияқты құрылымдық элементтер кіреді.

Мектептегі жастарға праволық тәрбие беру – право бұзушылықты алдын алу шараларының бірі. Заңдарды білмеу оларды бұзушыларды кіналарын жеңілдетпейтіні белгілі. Ол право бұзушылықтарды ақтай алмайды.

Қоғамның ғылыми техникалық прогресс жағдайында экономикалық білім мен тәрбие үлкен мәнге ие болады. Бұл, ең алдымен, оқушыларды экономикалық білім негіздері мен қаруландыру, экономикаға деген ынтаны ояту және жетілдіру, иегерлік сезімді тәрбиелеу. Экономикалық білім мен тәрбие берудің аса маңызды міндеті – экономикалық, еңбек қарым-қатынастары саласына енуге даярлау.

Эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан түрлі творчестволық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады. Эстетикалық тәрбие процесінде табиғат пен өнердегі әсемдікті ғана емес, адамдардың әрекет-қылықтарындағы, өзара, қарым-қатынастарындағы әсемдікті ұғына білудің маңызы үлкен. Адамгершілік ұғымдары мен тығыз байланысып жатады адамдар қарым-қатысы, тәртіп, еңбек пен тұрмыс әсемдігі ерекше үлкен мәнге ие болады.

Өмірдегі, өнердегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақта пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онды болмысқа деген эстетикалық көзқарастың негіздері қаланады. Мектеп окушылары табиғаттағы, өнердегі, адам қарым-қатыстарындағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыланады. Олар әсемдік заңы бойынша өмір сүреді үйренеді. Мектептегі кездің өзінде жігіттер мен қыздарды өздерінің эстетикалық талғамдары мен творчестволық қабілеттерін дамытуға үйретудің маңызы бар.

Дене тәрбиесі дененің қалыпты жетілуін, денсаулықтың нығаюын қамтамасыз етуде, жастарды еңбекке, социалистік Отанды қорғауға даярлауды көздейді. Дене тәрбиесі еркі мықты, тәртіпті, батыл және инициативалы, еңбекке және өз Отанын қорғауға дайын адамдар әзірлеуге көмектеседі.

Балаларға және жасөспірімдерге ұйымдастырылған тәрбиелік әсерді кеңейтуге мектептен тыс мекемелердің де ролі зор. Олар әр түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізеді, оқушылардың демалуын ұйымдастыруға көмектеседі, олардың жан-жақты дамуына үлес қосады.

Бұқаралық информация құралдары. Баспасөз, радио, телевизия, кино – идиологиялық ықпал етудің қуатты кұралдары. Ол адамның өз бетімен білім көтеруіне және өзін-өзі тәрбиелеуіне аса бай материал береді. Біздің елімізде газеттердің, журналдардың және басқа мерзімдік басылымдардың тиражы жыл сайын өсіп келеді.

Тәрбие жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Тәрбие процесін тәрбиешілер мен тәрбиенушілердің мақсатты бағыттағы және өзара байланысты қызмет процесінде жеке адам мен коллективтің қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым-қатынастары ретінде анықтауға болады.

Тәрбие беру процесінің көп факторлы процесс екенін есте сақтау керек. Ол тек мектептер емес, семьяда да, мектептен тыс мекемелерде де жүзеге асырылады. Тәрбие процесінің екінші ерекшелігі оның ұзақ процесс екендігінде. Ол балалар мектепке түсерден көп бұрын басталады да мектеп бітіргеннен кейін де жалғасады.

Тәрбие процесінің ұзақтығын оның нәтижесі бірден байқала қалмайтындығы да дәлелдейді. Мектеп оқушысы қысқа мерзім ішінде арифметика ережелерін жаттап, тарихи фактілерді, оқиғаларды, даталарды еске сақтай алады. Бірақ оны тез арада коллектившіл, жақсы жолдас, сергек және қарапайым адам болуға үйретіп шығару қиын. Бұл ұзақ уақытты қажет етеді.

Тәрбие процесінің үшінші ерекшелігі оның сатылы сипатта болатындығы. Оны шартты түрде бірқатар кезеңге бөлуге болады. Бірінші сатысында балалар семьядағы, мектептегі тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Оларда қарапайым сезімдер ояна бастайды және мінез- құлықтың аса қарапайым дағдылары бойға сіңеді. Екінші сатысында оқушыларда тәртіп туралы бастапқы ұғымдардың негізінде этикалық түсініктер қалыптасады, белгілі бір жағдайда дұрыс қылық көрсете білу, қоғамда қабылданған тәртіп ережелерін сақтау дағдысы бойларына сіңеді. Сонымен бірге жағымды сезімдердің одан әрі дамуы және жағымсыз сезімдерді жеңу процесін жүріп жатады. Үшінші саты көзқарастардың қалыптасуымен, мінез-құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға сіңуімен және сезімдердің одан әрі дамып, баюымен сипатталады. Осы сатыда мектеп оқушыларының идеялық, адамгершілік принциптерімен анықталған іс-әрекет мотивтері әлдеқайда айқын көрініс береді. Бұл сатылардың арасында үзілді-кесілді шек болмайды, олар тығыз байланы­сты болады. Тәрбие процесінің келесі, төртінші ерекшелігі – тәрбие жұмысы мазмұнындағы концентризм. Бұл тәрбие процесінде жеке адамның бір қасиетінің өзіне бірнеше оралып соғуға тура келетінін білдіреді. Бірақ бұл тектен-тек қайталау емес, ал жас шамалық ерекшеліктерге және тәрбие деңгейіне сәйкес одан әрі кеңейту және тереңдету бағытындағы қайталау.

Тәрбие беру процесінің бесінші ерекшелігінің мәні оның екі-жақты және белсенді процесс екендігі. Оны тәрбиелеушілерге педагогикалық ықпал жасаумен ғана шектеуге болмайды. Тәрбиешілердің ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі белсенділігін оятудың ынта-жігерін жұмылдырудың, олардың ішкі белсенділігін оятудың, олардың дербестігін дамытудың маңызы үлкен. Тәрбие процесінің алтыншы ерекшелігі - онда балалар коллективі мен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізудің үлкен орын алатындығы А. С. Макаренко тәрбие беру жұмысы, ең алдымен, ұйымдастырушының жұмысы деп кездейсоқ айтпаған. Тәрбие процесінің ұйымдастырушылары ролін мектеп басшылары, кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар, класс жетекшілері, мұғалімдер атқарады. Олар окушылар коллективтерінің, пионер және комсомол ұйымдарының іс-әрекеттеріне бағыт береді, бала тәрбиесіне ата-аналар мен жұртшылықты тартады. Тәрбие процесінің тиімділігі көбіне мұғалімдердің тәрбиенушілік күш-жігерін үйлестіруге, оқушылар коллективінде дұрыс қарым-қатынастар тудыруға, оқушылардың үлкендермен және өз құрбыластарымен араласу сипатына да тәуелді. Мұның бірі педагогтық үлкен шеберлікті, тірбиелеу өнерін меңгеруді талап етеді. Тәрбие нәтижелері көбіне тәрбиешінің жеке басына, оның тәрбиеленушілермен қарым-қатынастарының сипатына тәуелді екені белгілі.

Тәрбие процесінің жетінші ерекшелігі – оның нәтижелерін сырттай қарағанда бірден анғарыла қоймайтындығы. Олар оқу жұмысындағыдай өзін көзге тез түсірмейді. Тәрбие берудің аяқталғанын аңғару және анықтау қиын. Жеке адамның кез-келген қасиеті шексіз дамып, жетіле беруі мүмкін.

Ақырында, тәрбие процесінің сегізінші ерекшелігі - оның болашаққа ұмтылған іс-әрекет болатындығында. Тәрбие міндеттері мен мазмұнын ашып көрсету кезінде қоғамдық даму перспективаларының өз беттерімен өмір сүруге аяқ басатындықтарын, қоғамдық қарым-қатынастарда қазіргіден белгілі бір айырмашылығы болуы мүмкін екенін ескеру керек. Сондықтан тәрбие процесін бүгінгі ғана емес, ертеңгі күн міндеттері мен қажеттіліктерін негізге ала отырып құру керек. Әрине, мектеп алдында тұрған ағымдағы міндеттері ұмытпауы керек. Әрине, мектеп алдында тұрған ағымға болмайды. Дегенімен, қазіргі кез талаптарын ескере отырып, сонымен бірге перспективалық міндеттерді есте ұстау, қоғамның дамуының негізгі тенденцияларын көре білу керек.

К.Д.Ушинский қарастырып, күнделігіне жазып қойған мінез-құлық ережелері ерекше назар аударуға тұрарлық. Оған мынадай пунктер енген:

  1. Өте байсалдылық, тым болмаса сырттай байсалдылық.

  2. Сөз бен қылықтағы туралық.

  3. Ойланып әрекет жасау.

  4. Батылдық.

  1. Қажетсіз жерде өзің жайлы бірде-бір сөз айтпау.

  2. Уақытты саналы өткізу; кез-келген іс емес, көңілің ауған істі істеу.

  3. Құмарлықпен емес, кажетті немесе ұнамды нәрсеге шығындау.

  4. Әр күннің соңында саналы түрде өз қылықтарың жайлы есеп беру.

  5. Ешқашанда болып өткен, болып жаткан, келешекте болатын нәрсені мақтап етпеу.

  6. Осы журналды ешкімге көрсетпеу.

Ережелерде нені тәрбиелеу керек екендігі ғана емес, қалай тәрбиелеу керек екені де жиі көрсетіліп отырады. Олар мінез-құлықтар әрекеттер кейпін анықтайды, шынайы мінез-құлықты осындай болса екен дейтіндей мінез-құлықпен салыстыруға мүмкіндік береді.

Моральдық сезімдерді жетілдіру, әдет қылықтарын бойға сіңіру:

- Адамгершілік тәрбиесі

Қоғамдық пайдалы еңбекке, кәсіпті саналы түрде таңдауға даярлау:

- Еңбек, кәсіптік бағдар беру

Тәрбиелеу:

- Қоғамдық тәжірибені игеру барысында қалыптасатын тұлғаның белсенді іс-әрекетін ынталандыру және ұйымдастыру бағытталған және саналы түрде жүргізілетін педагогикалық процесс.

Тәрбие мақсаттарын қоюға әсер ететін жалпы факторлар:

- Қоғамның қажеттіліктері.

Өскелең ұрпақтарды өмірге дайындау барысында алдын-ала болжанатын нәтежиелер:

- Тәрбие мақсаты.

2-Дәріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет