Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл



бет14/14
Дата13.08.2017
өлшемі2,39 Mb.
#23427
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Мәдина КӨБЕЕВА, ақын, «Қазақстан-Тараз» облыстық радиосының аға редакторы.
БҰЙЫРҒЫНДЫ ӨЛКЕДЕН ЕСКЕН БҰЛА ЖЫР
«Әдебиет – ардың ісі». Ал, поэзия – сезім патшалығы. Ол патшалықта шежірелі Таластың талай талантты түлеткен топырағында дүние есігін ашқан Баймаханбеттің де ізі айшықталып жатыр... Ол қасиетті қара өлеңнің ізі. Бұйырғынды өлкенің бұйығылау ақынының бұла жыры, ішкі сезім арпалыстарынан туған жырдың ізі. Ол із жалғаса береді, жалғаса береді...

Сейсенбі күні Тараз қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі, бірнеше республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, поэзия деген шалқар әлемде өзіндік жолын қалыптастырған ақын Баймаханбет Ахметтің «Өлең, саған борыштымын!» атты шығармашылық кеші өтті. Тараз қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың қолдауымен, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен ақынның жыр кешіне жырға сусаған өлеңсүйер жұртшылық пен зиялы қауым өкілдері көптеп-ақ жиналды. Қонақтар ең алдымен ғимараттың фоесінде ақын шығармашылығына арналған көрмені тамашалды. «Бұйырғынды өлкенің бұла әуені» атты бұл көрмеге Баймаханбет ағаның әр жылдарда жарық көрген жеке жыр жинақтары, республикалық, облыстық мерзімдік басылымдарда жарияланған топтама өлеңдері қойылыпты.

Жырға ғашық көпшілік асыға күткен ақынның шығармашылық кеші «Ақын әлемі» атты поэтикалық қойылымнан басталды. Онда Тараз қаласындағы қазақ-түрік экономикалық есеп колледжінің студенттері Б. Ахметтің «Бір ақын бар...», «Өмір жолы», «Табиғатта секілді кілтім менің», «Айтыңдаршы, ақынмын ба мен?», «Монолог», «Автопортрет», «Өлеңім өзім секілді», «Күндер-ай» секілді өлеңдерін нәшіне келтіре мәнерлеп оқыды. Шалқар шабыт үстінде жазылған осынау ақын жырларының әрқайсысында бір тұнық сыр бар. Жүрек қылын тербетер тәтті мұң бар. Бүгінгідей дертті қоғамда періште-ғұмырды аңсаған сағыныш сазы бар. Адами сананы сан-саққа сенделткен ауыр ой бар. Және тұңғиық...

Мінезді ақынның адуынды жырларынан кейін жұртшылық кеш иесінің өзін зор қошаметпен ортға шақырды. Сахна төріне жайғасқан ел еркесіне көпшілік көкейлеріндегі түрлі сұрақтарын қойып, оған ақынның өз аузынан жан-жақты жауаптар алды.

Содан кейін ақынның ел алдында жүрген ағалары мен інілері сахнаға шықты. Көпшіліктің алдында еңбек ардагері Берден Байқошқаров, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Өмен Байшығашев, Талас ауданы әкімдігінің бас инспекторы Мамлакат Шоңова, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық бөлімшесінің төрағасы Кәдірхан Баққараев, белгілі ақын Айша Көпжасарова, облыстық «Арай» газетінің бас редакторы Болат Бекжанов таластық шайыр туралы ойлары мен пікірлерін ортаға салды, бақытын өлеңнен тапқан Баймаханбет ақынның жырларын жоғары бағалады. Кештің құрметті қонақтарының сөздері ақынды әр түрлі қырынан танытты.

Кезек кеш иесінің өзіне де келді. Ол «Ақтаспа жол», «Анаға хат», «Адамдар, біргемін сендермен» өлеңдерін зор шабытпен оқыды. Жырға шөлдеген жұртшылық бір серпіліп қалғандай еді ақынның ақ шалқар жырларынан кейін. Ақынның шығармашылық кеші «Шолпы», «Асылай» би топтарының мың бұралған әсем билерімен, қала өнерпаздарының сырлы әндерімен өріліп, әсерлене түскенін де айта кеткен жөн. Сондай-ақ, осы кеште Баймаханбет Ахметтің ізін басып келе жатқан бір топ інілері тұма жырларымен көпшілікке шашу шашты.

Кеш соңында жырсүйер қауым ақынмен бірге естелік суретке түсіп, гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыс етті.

Асхат РАЙҚҰЛ («Ақ жол», 17 маусым 2010 жыл).
ТАҢДАЙ ТҰНЫҚ ЖЫРЛАР
Талас ауданының тумасы Баймаханбет Ахмет ағамыз – терең сырын өмірбаянынан емес, өлеңдерінен іздететін «жұмбақ» һәм талантты ақындарымыздың бірі. Жігері жалындап тұрған жастық шағында Алматыдағы аламан доданың арасына өзіндік қолтаңбасымен, дауылды дауысымен атой салып кірген Баймаханбет ақын ә дегеннен-ақ өзінің ақын екендігін дәлелдеп үлгеріпті. Топтамасымен «Жалын» журналына жарияланған жас ақынға журналдың сол кездегі бас редакторы Тұманбай Молдағалиевтің «Зады, ақын жігітсің!» деуі де тегін емес-ті.

Олай деуге жетпей ме батылдары,

Білмейді екен жат түгіл, жақындары

Бұйырғынды өлкеде бұйығылау

Баймаханбет есімді ақын барын! -

деп ақынның өзі жырлағандай, «бұйығылау ақынды» Тұманбай ағамыз жазбай таныған екен. Мүмкін «қыран қыранды алыстан таниды» деген қазақ сөзінің әулиелігі осында жатқан шығар.

Тегінде ұқсамауға ұмтылу, ұқсатпай жазуға ден қою – шынайы талантқа ғана тән мінез. Баймаханбет жырларынан осы қасиет «менмұндалап» тұрады.

Шағылды шыңға үр табы күннің,

Сағызды төбе, бұйырғын маңым...

Шұғамен қырды қымтады іңір,

Сарғалдақ құстың сұйылды ырғағы.

Кеберсіп таңдай, көбеңсіп тәні,

Аптаптан кейін дала үгітіле...

Қараша қаздар жөнелді ұшқалы

Қанат суылы ауаны тіле, - деген жыр жолдарын таулары биік, баулары жасыл қазақ поэзиясының тарихында тек ұқсамайтын таланттар айта алады десек, артық емес шығар. Өрнегі бөлек, үлгісі таза жырларды оқып отырып, тебіренбеу, таңырқамау мүмкін емес.

Сірә, мұндай өз оқырманын адаспай тапқан жырлардың ғұмыры баянды болатынына еш күмәніміз жоқ.

Жыр жазу қиындап барады,

Оқырман талабы өскендіктен бе.

Шаршатты әбден шиырлап сананы,

Көне елес, көшкен түстер де...

Тәйірі, өлең жазу қай ақын үшін де оңай ғой деймісіз! Оңай болса, «идеалсыз халтурщиктер» үшін оңай шығар.

Иә, Баймаханбет Ахмет – қазақы өлеңнің «бес жылдық» жоспарға бағынбайтын қарапайым ұлдарының бірі. Бір сөзбен айтсақ, ақын. Оның «Көзайым», «Пенде ғұмыр» жыр жинақтары да сол кездегі қазақы қара өлеңнің кезекті табысы екендігіне еш күмәніміз жоқ. Ол өлеңінде өзі болып қалды. Өзіндік қолтаңбасы бар ақынға айналды.


Хамит ЕСАМАНОВ, ақын.
АҒАЙЫНДЫЛАР
«2001 жылы Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінен тәжірибеден өтіп жатырмын. Газет басшылары журналист Ахмет Баймаханбетке мық­тап тұрып табыстаған. Ағамыз бастан-аяқ үстімді сынай шолып шығып: «Не туралы жазасың?» деп сұрап еді, «Тіл туралы жазамын», дедім жұлып алғандай. Ағамыз: «Тіл туралы Шерағаң осып, ойып тұрып жазған. Содан асып жаза аласың ба?» деп қайыра сұрады. «Бұл не дегеніңіз?» деген сұраулы жүзбен түк ұқпастан мен тұрмын. Тараздық журна­лис­тің «не жазсаң да, ба­йы­бына барып, тереңіне сүңгіп, қайна­ры­нан сарқып ішіп жазу керек» дегенді па­рықтаған пәлсапа­лық ойын араға жылдар салып түсіндім ғой. Осындай өнегелі түй­реу­сөздер ғой журналисті өсіретін»
ӘУЕСБАЙДЫҢ Қанаты, «Қазақстан» телеарнасының қызметкері.
ШЫН ЖҮРЕКТЕН
(ғаламтор арқылы жолданған хаттардан)
«Баймахан аға, сәлеметсіз бе? Халыңыз қалай? Аға, танымадыныз ба? Мен Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде өндірістік тәжірибеден өткенде жетекшім болдыңыз ғой. Мүмкін, ұмытқан шығарсыз... Қаншама жыл өтті. Иә, «Ақ жолда» мен 3 жыл бойы жаз айларында және бір рет қыс мезгілінде тәжірибеден өттім. Жетекшілерімнің ішінен сізді үлгі тұттым. Мен негізі көп іздедім сізді. Таразға жолым түскенде, бір рет бардым редакцияға. Ол кезде сіздер басқа бір мекен-айға көшіп кетіпсіздер, редакция ғимаратына жөндеу жүргізілуде екен. Аға, кеше сіздің ұялы телефоныңыздың нөмірін таптым. Хабарласам. «Тәйірі, мен не үйреттім сонда?» дейсіз ғой енді. Бұл сұрақты маған қоймас бұрын шәкіртіңіз сізді ұмытпай іздеп жатса, қандай ұстаз болғандығыңыздың жауабы белгілі емес пе? Аға, іздеген адам табады гой. Әр кезде де сау-саламатта болыңыз. Шәкірттеріңіз көбейе бергей!
(Айка БЕКТҰРСЫН, Астана қаласы, 14.06.2012 жыл).
* * *

«Қымбатты Баймахан аға, бүгінгі кәсіби мерекеңіз құтты болсын! Сізге бірінші денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік, шығаршылық табыстар тілеймін!!! Әрқашан ойлы, мазмұны терең мақалаларыңызбен халықтың сөзін өойлеп жүре беріңіз!!! Еңбегіңіз жана берсін, сіз қандай марапатқа да лайықсыз... Құдай қаласа, Президент сыйлығын алыңыз.

Мен де өз кезегімде сіздің сеніміңізді ақтауға, үдеңізден шығуға барымды саламын! Жақсы, аға! Рахмет алтындай уақытыңызды бөліп, менімен шынайы ниетпен әнгіме-дүкен құрып отырғаныңызға. Сіздің батаңыздан асқан қандай сый, қандай марапат керек дейсіз маған. Жылы лебізіңізге көптен көп рахмет...»
(Индира БАЙҚОНЫСОВА, республикалық «Ел» газетінің бас редакторы. Астана қаласы).
* * *
Иә, аға, мені де өзіңіздің шәкірттеріңіздің бірі деп ойлаңыз. Сонау мектепте оқып жүрген кезімнен бастап, жазуға деген құштарлығымды кемітпей, қайта жетілдіре көтермелей қолтығымнан демеп, қауырсын қаламымның қатаюына септесіп, ақыл кеңес беруден жазбай келесіз. Журналистік шеберліктің бірден емес, біртіндеп, жас өсе, өмірді көре-біле келе қалыптасатынын санама жеткізе айтқан кеңестеріңіз әркезде де жадымда. Сол бір қамқор сөдеріңіз ҚазМҰУ-ді бітіріп, оқу-тоқудың «түбіне жетіп» келгеннен кейін де құлағымнан кетпей, ұдайы алға жетелеумен тұрады. Қазір де басыма ауыр қиындықтар түсе қалса, ең әуелі өзіңізге хабарласып ақыл-кеңес сұрайтыным да содан болар. Өзіңізді тау тұлға көремін, баяғысынша... Әр кезде де қаламыңыздың қуаты кемімесін, шығармашылығыңызбен, үлгі-өнегелік болмысыңызбен бізге құбыланамадай тура жол, айқын бағдар көрсетіп жүре беріңіз, аға!
(Раушан ШЕГЕБАЕВА, Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкері)

МАЗМҰНЫ

ДІЛ. ДІН. ТІЛ. РУХ.


  1. Ауылыңа бардың ба?

  2. Ел әңгімелері

  3. Қазақ руханияты қайтсе оңалар

  4. Жоғары мәртебелі мемлекеттік тіл

  5. Қара күбі, қол диірмен...

  6. Күретамырды іздеу

  7. Жұмбақ жан

  8. Медет баһадүр

  9. Алды ақ жайлау аға еді...

  10. Мәскеуді мойындатқан...

  11. Жазықсыз жапа шеккендер

  12. Біз мәдениеттіміз бе?


ӘЛЕУМЕТ ЖӘНЕ ӘЛЕУЕТ


  1. Жатақтар бар, жатақханалар жоқ

  2. Өндіріс жұмысы өзімізден-ақ артылмайды

  3. Асыраушы саланың ахуалы

  4. Өңірдегі уран кеніштері

  5. Құм көшкініне тосқауыл бар ма?


ӨМІР ӨРІМДЕРІ
18. Диссидент

19. Болат қайнауда шынығады...

20. Редактор Рекең

21. Бір атаның балаларындай

22. Қалам қайраты

23. Жас шынар, тәкаппар шынар...



24. Бір бүйір ойлар

ӨНЕР ӨРІСІНДЕ
25. Тараз рухы

26. Бес жәдігер

27. Жанартау жанымызда жүр..

28. Жырдың пірі Жамбылдың мұрагері

29. Сумоншақтардың сыңғырлы әуені

30. Жоқшы


ӘРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗДЕРІ
31. Ауыл деген – жұлдыз жыры, ай әні

32. Бұла әуен

33. Бұйырғынды өлкеден ескен бұла жыр



34. Таңдай тұнық жырлар

35. Шын жүректен
Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі
files -> Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет