ПИКЕЛДЕУ
Пикелдеу үрдісінің мақсаты мен мәні. Күлден арылту мен жұмсартудан кейін жарғақта бейтараптау реакциясы болады. Хромдық тұздармен иелу үшін жарғақ қышқыл болуы қажет, алайда қышқылдық ісіну болмауы керек. Сондықтан хромдық тұздармен илеу алдында жарғақ қышқылдар ерітіндісімен (күкірт немесе тұз) және ас тұзының ерітіндісімен өңделеді. Осының нәтижесінде жарғақтың қышқылдылығы жоғарылайды, бірақ ісінбейді. Осы кезде жарғақтың жартылай құрғаылуын қол жетеді және коллаген талшықтарының кейбіреуі қопсиды.
Пикельдеу - былғары жартылай фабрикаттарын илеуге даярлау үшін және өзеңнің талшықты құрылысын жұмсартып сонымен қатар, мех терілерінде илеуге даярлау үшін қолданылады. Бұл процесте тері өңдеу пикельде яғни, өзеңнен коллаган талшықтарын кептіру мен борпылдақтар, ас тұзы мен қышқыл ертіндісінде жүреді.
Қышқыл ерітіндісі мен ас тұзынығ қоспасы пикел деп аталады, ал осы қоспамен жарғақты өңдеу пикелдеу деп аталады.
Пикелді жақсылап сіңірген жарғақ бактериялардың әсеріне жақсы тқтеп береді, пикелдеу жарғақты, әсіресе қой мен ешкі терілері, консервілеу үшін де қолданылады. Былғары өндірісінде пикельдеу үшін күкірт, кей кезде сірке қышқылын, ал мех өндірісінде күкірт және сірке, көбінесе құмырсқа қышқылын, қолданады. Қышқыл тек өзең бетінің борпылдақтануына әсерін тигізеді. Бейтарап түз ретінде әдетте, натрий хлоридін пайдаланады. Тұз теріні ісіндіреді де, кейін жарылуына әкеліп соғады. Ертінділер келесі концентрацияға сәйкес болғаны жөн: H2 SO4 - 9-12 г/л, ас тұзы - 50-60 г/л. Оптимальды температура 25-28оС, жібіген және шелденген теріден ертінді 5-6 есе артық болады. Теріні пикельдегенде орташа 10-12 сағат ұстайды, егер оның температурасы мен концентрациясына параметр қойылса, тіпті бірнеше күн жатса да ештеңе етпейді.
Осыдан кейін тері жұмсақ және икемді болады да, одан өнім жасау оңайға соғады. Егер қайтадан жуып кептірсе, тері қатайып кетеді. Бұны болдырмас үшін, тағы бір операция илеу қажет. Илемес бұрын теріні ертінділерден жуып, сығып, мех жағын жоғары қаратып, оның үстіне тақтай жауып, жүкпен бастырады да, 2-3 тәулікке қояды. Сосын бейтараптау керек. Бейтараптау үшін 1-1,5 г/л сода және фотографиялық гипосульфит - 10 г/л концентрациялы зат пайдаланылады. Теріні осы ертіндіде 20-60 минут ұстайды.
Кейде кейбір шикізаттардың түрлерін пикельдеу кезінде (қоян, түлкі, шиебөрі т.б.) қышқыл мен алюминийдің ашудас қоспаларын қолданады. Былғары және мех сапасы пикельдеудің дұрыс жүргізілуіне байланысты. Мысалы жарғақты пикельдеу кезінде қышқылдар жеткіліксіз болса, онда жарғақтың беті хром илегіштерінің негізділігінің күрт көтеріліп кетуіне байланысты тартылып қалады. Керісінше пикельде қышқылдың артық мөлшерімен берілуі былғарының қатты болып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |