КҮЛДЕН АРЫЛТУ ЖӘНЕ ЖАРҒАҚТЫ ЖҰМСАРТУ 1. Жарғақты күлден арылту және жұмсарту
Жүннен арылтқаннан кейінгі алынатын жартылай фабрикат күлденген жарғақ деп аталады. Оның бойында ұсақ бөлшектер немесе ерітінді түрінде әк кездеседі. Әк біртіндеп коллагендік талшықтарға сіңеді. Күлденген жарғақ өзеңнің суланған кездегі ісінуіндей жағдайда болады.
Жартылай фабрикат күлдеуден кейін жоғары сілтілікке ие болады. Оған кальций гидроксидінің жарғақпен химиялық байланысқан және капиллярлы сіңген мөлшері мен натрий сульфиді себепші болады.
Келесі үрдістерді дұрыс жүргізу үшін жарғақты күлден арылту керек, яғни артық сілтілікті бейтараптап, ісінуді жою қажет. Жарғақты жүннен арылту үшін былғары өндірісі тәжірибесінде көбінесе аммоний тұздарын қолданады, әдетте аммоний сульфатын, сонымен қатар басқа да реагенттерді қолдануға болады (органикалық және минералды қышқылдар, натрий гидросульфиті және натрий гидросулфаты, т.б.).
Аммоний сульфатын күлден арылтуға қолдану, бұл қосылыстың гидролиз үрдісі кезінде бейтараптауға әсерін тигізетін, күкірт қышқылының түзілуіне негізделген.
(NH4)SO4 + 2 H2O = 2NH4OH + H2SO4
Сонымен қатар, түзілетін аммоний гидроксиді жарғақтың ісінуін туғызбайды және жұмсақтығын сақтайды, кейіннен аммоний гидроксиді оңай ұшып кетеді. Бұл жүйе теңдікте болғандықтан күкірт қышқылы сілтілерді бейтараптауға қанша кетсе, сонша түзіледі, сөйтіп үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Жұмсақ, иілгіш, тегіс және беті нәзік болып келетін былғарылық жартылай фабрикаттар күлден арылтудан кейін жібітіледі. Жібіту үрдісі күлден арылту үрдісімен бірге жүргізіледі және онымен тығыз байланысқан. Жұмсарту жүннен арылған жарғақты қысқа уақытта ферментті препараттармен өңдеу арқылы жүргізіледі. Соның нәтижесінде жарғақтың беткі қабаты және былғары жұмсақ, иілгіш және тегіс болады. Сонымен қатар, ақуыздың шіріген қалдықтарын (гнейст) және коллаген өнімдерінің ыдырау заттары келтіріледі. Ферментті препараттар ретінде ірі қара малдың асқазан асты бездерінен алынған протеолитикалық ферменттер (мысалы панкреатин) және микробтан шыққан препараттар қолданылады.
Күлден арылтуды бақылаудың негізі - жарғақ тіліктерінің рH-ын тексеру. Күлден арылғаннан кейінгі жарғақ бейтарапқа жақын болуы керек. Тәжірибе жүзінде күлден арылту үрдісінің аяқталғанын фенолфталейн көмегімен анықтайды (0,1 % спирттегі ерітіндісі). Әдетте тіліктерді жарғақтың сауыр жағынан алады. Ауыр шикізаттардан алынған жартылай фабрикат үшін тіліктің ортасы барлық қалдықтың 30% дейін сынақ кезінде фенолфталейнмен қызыл түске боялуы керек. Бұл кезде терінің қалың жағы толық күлден арылуы керек, яғни тіліктің барлық қалыңдығы түссіз болуы керек.
Майда шикізаттардан тұратын жартылай фабрикаттар үшін тілік толық түссіз, яғни толық күлден арылған болу керек. Ферментті препараттардың шығыны олардың белсенділігіне байланысты, перапараттардың белсенділігі қаншалықты жоғары болса, оның шығыны соншалықты аз болады және керісінше. Сондықтан өндіріс әдістемелерінде ферментті препараттардың концентрациясы оның белсенділігіне байланысты берілген. Айта кететін жағдай, жұмсартқыштың концентрациясы мен белсенділігінің арасында тікелей байланыс жоқ. Жұмсарту ұқыпты түрде бақылануы керек, әсіресе оның ұзақтығы және босаңсытқыш сұйықтықтың белсенділігіне айрықша көңіл аудару керек. Жұмсартқыш сұйықтықтың өте жоғары белсенділігі былғарының бос және ақауы болуына әкеліп соғады.
Жұмсарту үрдісінде жартылай фабрикаттарды бақылау органолептикалық түрде жүргізіледі. Жұмсартудан кейін жарғақтың беткі қабаты біркелкі және майда болуы керек, жарғақтың беткі қабатын саусақпен басқанда ізі қалуы керек. Майда жартылай фабрикаттар үшін жұмсарту үрдісінің аяқталғандығын «желқабы» сынауы арқылы тексереді, яғни ауа өткізгіштігіне байланысты жарғақты қап ретінде бүктеп, содан соң ауа жібермей қысады. Дұрыс жұмсарған жарғақтың бетінен ауа көпіршіктері шығуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |