Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет6/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
2.Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991
3.Қазіргі қазақ тілі /Синтаксис/(Ф.Ш.Оразбаеваның редакторлығымен). 2005ж.
4.Әміров Р.С.Жай сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1983
5.Балақаев М.Б., Қордабаев Т.Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971
6. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. - Алматы, 1994.
7. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002.


Дәріс тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сағат саны:2
Негізгі сұрақтары: Сөйлем мүшелері, жай сөйлем, атаулы сөйлем, тұрлаулы мүшелер Жоспары:
1.Сөйлем мүшелерінің зерттелуі
2.Бастауыштың мағыналық, тұлғалық белгілері. Бастауыш болатын сөз таптары.
3.Бастауыштың құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінетіндігі.
Дәріс тезисі:
Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерін үш кезеңге бөліп қарастырады. 1) 1922-1940; 2) 1940ж. оқулық, айтыстар; 3) 1950ж. бергі түрлі айтыс, бағыттар. 1936-40ж. – ол кезде сөйлем мүшелері туралы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, У.Бәйтенов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Ә.Ермеков, М.Балақаев еңбектері. Онда сөйлем мүшелері жасалу жолы, қалыптасу, тұрақтану мәселесіне де назар аударды. Түрлі көзқарастар болды.
Сөйлем мүшелеріне арнайы тоқталған ғалым – А.Байтұрсынов. 1924ж. Орынборда шыққан «Тіл танытқыш» (3 кітап) синтаксиске арналған. Онда сөйлем мүшелерін бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп береді. Осылардың ішіндеА.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтар көбіне сөйлем мүшелерінің ғылыми жүйеленуіне назар аударса, ал басқа ғалымдар сөйлем мүшелерітуралы еңбектерінде жасалу жолына ғана назар аударған. Қ.Жұбанов сөйлем мүшелерінекі жақты қарастырды. Сөйлем мүшелерінің көбінесе орын тәртібі,жасалуы мәселелер бойынша «Из истории», «О построении речи...», «Қазақ тілінің грамматикасы» тоқталған. «Жаңа грамматиканың жаңалықтары» толықтауыш, айқындауыш деп екіге бөледі. Ол басқа ғалымдардың сөйлем мүшелерін топтастыруда көбіне мағыналыққа ерекшелікке қарауын дұрыс емес деп тауып, ол сөйлем мүшелерін топтастыру тұлғалық принципті алады, сөйтіп септік жалғауы сөздердің бәрін (ілік септік) толықтауышқа жатқызады.
Жай сөйлемнің құралымдық ұйысымы жалпы тіл білімінде жай сөйлемнің формалық ұйысымы деп те аталады. Бұл – жай сөйлемнің құрамына, құралымдық пішініне (схема) сәйкес қолданылатын ұғым. Яғни, кез келген сөйлемнің белгілі бір құрылымы болады. Ол сөйлем бірнеше сөздерден құралуы мүмкін. Немесе екі сөзден, тіпті бір сөзден де жасалатыны белгілі. Әр нәрсенің өзіне тән формасы болатынындай сөйлемнің де құрамындағы сөздердің санына сай формалары әр түрлі болып келеді.
Сөйлемді құрайтын сөздер сөйлем мүшелеріне жіктеледі. Бұл мүшелердің өздеріне тән атқаратын қызметтері болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет