Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет9/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
2.Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991
3.Қазіргі қазақ тілі /Синтаксис/(Ф.Ш.Оразбаеваның редакторлығымен). 2005ж.
4.Әміров Р.С.Жай сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1983
5.Балақаев М.Б., Қордабаев Т.Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971
6. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. - Алматы, 1994.
7. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002.


Дәріс тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. Сөйлемнің күрделену жолдары
Сағат саны:2
Негізгі сұрақтары: Үйірлі мүше, орын тәртібі, айқындауыш, қыстырма сөздер, байланысу тәсілдері
Жоспары:
1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
2.Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылы күрделенуі.
3.Үйірлі сөйлем мүшелері.
4.Айқындауыш мүшенің атқаратын қызметі, тұлғалық белгісі, сөйлемдігі орны, интонациясы.
5.Қыстырма сөздер. Одағайдың мағыналық, тұлғалық белгілері.Қаратпа сөздің құрамы.
Дәріс тезисі:
Осыны еске алып, қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі, негізінде, екі түрлі болады дейміз: сөйлемдегі бірқатар сөйлем мүшелерінің орын тәртібі тұрақты, бірқатарының орын тәртібі жылжымалы болады. Орын тәртібі тұрақты болатындар – жалғаусыз қабыса байланысатын сөйлем мүшелері, орын тәртібі жылжымалы болатындар – жалғаулар арқылы қиыса, меңгеріле, матаса байланысатын сөйлем мүшелері.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған жалаң сөйлемде бастауыш бірінші орында, баяндауыш екінші орында тұрады.
Сіз оқыңыз. Сендер оқушысыңдар. Ол – бригадир.
Сен айта ғой: Сабыр тәртіпті. Асан – жақсы бала.
Күн ысып кетті. Ол жалқау емес. Көп қорқытады.
Бастауыш пен баяндауыш жайылма сөйлемде де өз орындарын сақтап бастауыш бұрын келеді, баяндауыш одан соң тұрады: Кеше жиылыс болды. Біз көп табысқа жеттік.
Бұл сияқты жайылма сөйлемде бастауыштың баяндауышпен қатар тұруы, не одан қашықтап тұруы сөйлемдегі тұрлаусыз мүшенің қай тұрлаулы мүшенің ықпалында болуымен байланысты не болмаса ой екпінінің сөйлемдегісөздің қайсысына түсетіндігімен байланысты.
Барлық сөйлемдерде толықтауыштардың қай-қайсысы болса да өздерін жетектеп тұратын етістіктен және есімдерден бұрын тұрады.
Бастауышы, баяндауышы бар сөйлемнің толықтауышы да болса, соңғының қалыпты орны, баяндауышы да болса, соңғысының қалыпты орны, негізінде, баяндауыштың қасы болады
Сөйлемде орналасу тәртібі онша қатал болмайтын анықтауыштар – изафеттік құрылыстағы ілік жалғауда жұмсалатын анықтауыштар. Олардың орын тәртібі негізінде былай болады: ілік жалғауындағы анықтауыш тәуелдеулі сөзден бұрын келеді: Мұғалімнің беделі артты. Колхоздың малы көбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет