Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет12/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Бақылау сұрақтары:
1.Құрмалас сөйлемнің синтаксистік тұлға ретіндегі анықтамасы қандай?
2.Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен ерекшеліктері, өзіне тән формасы дегеніміз не?
3.Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын тіл амалдары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Викория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хайамс. Тіл біліміне кіріспе, 10-басылым, Халықаралық басылым, 2018. -608бет
2.Байтұрсынұлы А., Қазақ тіл білімінің мәселелері, - Алматы, «Абзал-Ай» баспасы, 2013
3.Жұбанов Қ., Қазақ тіл білімінің мәселелері., -- Алматы, «Абзал-Ай» баспасы, 2013
4. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар (мнография, оқулық) – Алматы, 2016, 464 бет
5. АСаутова, Т. А. Кәсіби қазақ тілі : оқу құралы / Т. А. Саутова. - Алматы : Отан, 2015. - 138 бет.
6. Шалабай Б., Қазіргі қазақ тілі синтаксисі: оқу құралы/ -Алматы., 2012. -186 бет
7.Садирова К.Қ. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі: оқу құралы / -Ақтөбе, 2013
8. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002


Дәріс тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің грамматикалық түрлерін тану принципі, ол принциптердің қалыптасу тарихы. Түркологияда, қазақ тіл білімінде ҚС түрлерін ажырату принциптерінің айқындалуы. Олардың тілдердің құрылыс ережелеріне сай көрінуі.


Сағат саны:2
Негізгі сұрақтары құрмалас сөйлем, грамматикалық түрлері, қалыптасу принциптері
Жоспары:
1. Құрмалас сөйлемнің грамматикалық түрлерін тану принципі , олардың қалыптасу тарихы
2. Түркологияда, қазақ тіл білімінде ҚС түрлерін ажырату принциптерінің айқындалуы.
3. ҚС түрлерін ажырату принциптерінің тілдердің құрылыс ережелеріне сай келуі
Дәріс тезисі:
1.ҚС-нің грамматикалық түрлерін танудың негізгі өлшемі – предикативтік орталықтардың бір-біріне қатынасы, байланысы. Синтаксистік қатынас – синтаксистік құрылымдардың компоненттері арасындағы қатынас. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориялды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді. Ал синтаксистік байланыс дегеніміз – сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін құрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер мен сөйлем компоненттері бір-біріне бағыныңқылық және тең дәрежеде қатынас жасау арқылы синтаксистік байланысқа түседі.
2. Салалас пен сабақтас ҚС –ді ажыратуда түркологияда екі түрлі көзқарас қалыптасқан: 1) ҚС түрлерін ажыратудың меже-шегі – сыңарларының мағыналық қарым-қатынасы: егер сыңарлары мағыналық жағынан бірі екіншісіне тәуелді болып, бағынышты қарым-қатынаста жұмсалса, сабақтас құрмалас болады да, ал өзара теңдік қатынаста жұмсалса, сыңар баяндауыштарының тиянақты-тиянақсыз тұлғаларда тұруына қарамастан, салаласқа жатқызылады. Онда біздің сабақтас құрмалас деп жүрген кей сөйлемдер салаласқа жатады: Шай құйылып, ет асылып жатыр (Кәрібаев). 2) Салалас пен сабақтасты мағыналық белгілеріне қарай емес, тұлғалық белгілеріне қарай ажыратады.
3. Кейбір түркі тілдерінде салалас пен сабақтасты ажыратуда сыңарлар арасындағы интонацияның созылыңқылық сипаты түр ажыратуға негіз болады. Бұл туралы мәлімет Қ.Есенов оқулығында былай берілген: ...кейбір түркі тілдерінің грамматикаларында бір түрдегі құрмалас сөйлемді екі түрлі интонациямен айтсақ, осыған орай оның екі жақты танылатындығы көрсетілген. Мәселен, қарашай-балқар тілінің грамматикасында әдеттегі Биз келдик, сиз кетдигиз тәріздес салалас құрмаластың алғашқы компонентін көтеріңкі дауыспен айырықша бөліп айтсақ, оның енді сабақтас болып кететіндігі түсіндіріледі. Бірақ ҚС компоненттерінде болатын интонациялық заңдылықты бұлай қарауға болмайды. Сабақтас ҚС –дерді топтастыруда 3 түрлі принцип орын алған: 1) функциональды; 2) формальды немесе тұлғалық; 3) құрылым-семантикалық. Қазақ тіл білімінде соңғы принцип кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет