Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет11/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
2.Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991
3.Қазіргі қазақ тілі /Синтаксис/(Ф.Ш.Оразбаеваның редакторлығымен). 2005ж.
4.Әміров Р.С.Жай сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1983
5.Балақаев М.Б., Қордабаев Т.Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971
6. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. - Алматы, 1994.
7. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002.
Дәріс тақырыбы: Құрмалас сөйлем – синтаксистік тұлға. Оның формасы, предикативтілігі, компоненттерін байланыстыратын тіл амалдары. ҚС коммуникативтік қызметі және грамматикалық формасы, олардың қатынасы
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары: : Құрмалас сөйлем де, жай сөйлем де – екеуі де сөйленіс бірлігіне жатады, қарым-қатынас процесінде екеуі де бірдей қатысымдық қызметте жұмса.
Жоспары:

  1. Құрмалас сөйлемнің синтаксистік тұлға ретіндегі анықтамасы.

  2. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен ерекшеліктері, өзіне тән формасы.

  3. Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын тіл амалдары

Дәріс тезисі:
1. Анықтамалар: 1. Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін, интонациялық жағынан бір бүтін болып тұратын сөйлемдер құрмалас сөйлемге жатады (Т.Қордабаев.24-б). 2. Құрамындағы екі не одан да көп сөйлемдердің предикаттық қатынастың негізінде тұлғалық, мағыналық және интонациялық жағынан өзара тығыз байланыста жұмсалып, күрделі бір ойды білдіре айтылуын құрмалас сөйлем дейміз (Қ.Есенов. 5-б.). 3. Құрмалас сөйлем деп екі не одан да көп предикативтік компоненттердің өзара лексика-семантикалық, грамматикалық тәсілдердің көмегімен мағыналық, құрылымдық, интонациялық біртұтастық жасап бірігуі арқылы күрделі ойды білдіруге қызмет ететін коммуникативтік бірлік түрін айтамыз (Қазақ грамматикасы. 690-б.).
2. Құрмалас сөйлем де, жай сөйлем де – екеуі де сөйленіс бірлігіне жатады, қарым-қатынас процесінде екеуі де бірдей қатысымдық қызметте жұмсалады. Екеуіндегі мәліметтің көлемі де бірдей болуы мүмкін. Бұл ортақ тұстары. Айырмасы мынада: 1.Жай сөйлем бір предикативтік орталыққа, ҚС кем дегенде екі предикативтік орталыққа ие. 2. Жай сөйлем компоненттері - сөз тұлғалар мен сөз тіркестері, ҚС компоненттері – предикативтік бірліктер. 3. Грамматикалық мағыналары бір емес: жай сөйлемнің грамматикалық мағынасы – модальдық, жақтық, шақтық категориялармен берілетін предикативтілік мағына, ҚС бөліктері арасында – мезгілдік, себеп-салдарлық, шартты т.б. мағыналық қатынастар. 4. ҚС-нің өзіндік интонациясы болады. Ол ҚС компоненттерін әрі ажыратып, әрі байланыстырып екі жақты қызмет атқарады. 5. ҚС компоненттерін байланыстыратын лексика-семантикалық, грамматикалық амал-тәсілдер болады. Қазақ тілінде олардың қалыптасқан жүйесі бар (Т.Қордабаев.22-24-б., Қ.Есенов. 9-10-б., Қазақ грамматикасы. 688-690-бб.).
3. Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын тіл амалдары: 1) ҚС компоненттерінің мағыналық жақындығы: Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды. Дәл кірер жері тар болғандықтан, Көкбай бастаған жігіттер бірінің артынан бірі тізілді (М.Әуезов). 2) ҚС компоненттерін байланыстыратын синтетикалық және аналитикалық тәсілдер бар: синтетикалық тәсілге компоненттерінің бірінің баяндауыштарының тиянақсыз тұлғада (көсемше, есімше, шартты рай тұлғалары, септік жалғаулары мен кейбір жұрнақтар және көмекші сөздер тобы) келуі жатады (Қазақ грамматикасы. 688-690-бб.). Компоненттердің жалғаулық арқылы байланысуын Т.Қордабаев аналитикалық тәсілмен байланысуға жатқызады (Т.Қордабаев.27-б). 3) ҚС компоненттерін интонация мен компоненттердің орналасу тәртібі де байланыстырады. 4) ҚС компоненттерін байланыстыратын өзге де амалдар қатарына мыналар жатады: компоненттеріне ортақ бір сөздің келуі; екінші компоненттегі есімдіктердің алдыңғы компоненттердегі ойды нұсқауы (онысы); қандай, сондай қатыстық сөздерінің келуі; алдыңғы компоненттің толымсыз келіп, кейінгі компонентпен толығуы; компоненттердің құрылымы, шақтық, жақтық жағынан ыңғайласып келуі; синтаксистік қатар құруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет