Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет7/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
2.Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991
3.Қазіргі қазақ тілі /Синтаксис/(Ф.Ш.Оразбаеваның редакторлығымен). 2005ж.
4.Әміров Р.С.Жай сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1983
5.Балақаев М.Б., Қордабаев Т.Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971
6. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. - Алматы, 1994.
7. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002.
Дәріс тақырыбы: Баяндауыштың қазақ тілінде зерттелуі. Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны. Баяндауыш болатын сөз таптары
Сағат саны:2
Негізгі сұрақтары: : Баяндауыш, бастауыш, екі негізді сөйлем, грамматикалық мағына
Жоспары:
1. Баяндауыштың қазақ тілінде зерттелуі.
2.Баяндауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері, сөйлемдегі орны. Баяндауыш болатын сөз таптары.
3.Баяндауыш пен бастауыштың қиысуы
Дәріс тезисі:
Баяндауыштың грамматикалық белгілері мыналар:
а) баяндауыш бастауышқа қатысып, сол мүше біліріп тұрған субъектіге тән предикативтік істі, сапаны айтады. Кісі кеше келген – кеше келген кісі осында. Бірінші сөйлемдегі келген – баяндауыш. Екінші сөйлемдегі келген – баяндауыш емес.
ә) баяндауыш мүшеге тән грамматикалық формалар бар. Олар – шақтық форма, жақтық форма, модалдық форма. Осылар қатысып сөзге баяндауыштық форма береді.
б) бұнымен қатар –дікі, -нікі, - тікіжалғауларын жалғап иелік форма алған сөздер негізінен баяндауыш қызметінде жұмсалады: Кезек сенікі.
Баяндауыш ретінде барлық сөз таптары жұмсала береді. Дегенмен өзінің семантикасы жағынан осы қызметке ең бейім сөздер – етістіктер.
Баяндауыштар құрамы жағынан дара, күрделі болып келеді.
Дара баяндауыштар бір дара сөзден жасалады.
Күрделі баяндауыштар күрделі сөздерден – күрделі етістік, күрделі есімдерден жасалады. Сонымен қатар синтаксис деңгейінде пайда болатын күрделі баяндауыштық формалар бар: жас еді, жас болатын.
Шақ мағыналы баяндауыштар ретінде негізінен ашық рай етістіктер жұмсалады. Предикативтік мағынаның компоненті болып қалыптасқан шақ формалары түгелдей баяндауыш құрамында ғана көріне алады.
Синтаксисте көрінетін модалдық категорияның мазмұны, формалдық көрінісі туралы тіл білімінде пікір бірыңғай емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет