Дәрістер тезистері



бет5/23
Дата23.12.2023
өлшемі151,23 Kb.
#198783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Жаңартылған мазмұндағы Ә.о әдістемесі (дәріс)

а) Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір шығармаларды оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің “Қырман үстіндегі ту” әңгімесін оқуға дайындалуда егін жинау, астық тасу жұмыстарында балалардың болған-болмағандары анықталып, әңгімеге тартылады.
С.Мұқановтың “Сең үстінде” әңгімесін оқымас бұрын жазғытұрым өзендерде сең жүру оқиғасы туралы әңгімелеуге болады.
ә)Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, мұалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді. Мысалы, “Сырым батыр”, “Тарас Шевченко” мәтіндерін оқымас бұрын бұл мәтіндердегі оқиға қай кезде болғанын Сырым батырдың немесе Тарас Шевченконың кімдер екенін айтып, түсінік беру керек.
Мұнда балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, шығарманы оқуға құмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда ғана дайындық әңгіменің талапқа толық сай өткені деуге болады.
б) Ұжымдасқан түрде әңгіме айту. Біреу білмегенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан кейбір жағдайда оқылатын материалға қажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырады. Мұғалімнің міндеті — балаларға басшылық жасау, егер қажет болса, олардың айтқандарын қорыту.
Әңгіменің барысында бұрын оқылып өткен материалдардағы деректерді немесе балаларға басқа кітаптардан, күнделікті тәжірибелерінен белгілі деректерді пайдаланған тиімді. Мысалы, Б.Майлиннің ІІІ сыныптағы “Күлпаш” әңгімесін оқуға дайындалуда ІІ сыныпта оқылып өткен, осы шығарманың басқы бөлімдерінде әңгімеленген оқиғалар еске түсіріледі. Ю.Гагариннің “Космосқа тартқан жол” әңгімесін оқыр алдында ІІ сыныпта өтілген, Ю.Гагариннің “Космоста мен не көрдім” т.с.с. материалдардан оқушылардың есінде қалған деректер пайдаланылады.
в) Экскурсияда байқағандарын пайдалану. Оқушылардың әңгімесі болсын, мұғалімнің әңгімесі болсын — қай-қайысысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Бұл айтылғаннан бір әңгімені немесе өлеңді оқыр алдында арнайы экскурсия ұйымдастыру керек деген ой тумасқа тиіс. Бірақ мұғалім жыл бойы өтетін материалдарды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін, балаларға табиғат тану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі экскурсиялар ұйымдастырады. Осы экскурсиядан көрген-білгендерін оқушыларға оқулықтағы шығармалармен танысу жұмыстарында пайдалануды үйретудің пайдасы мол. Мысалы, кейбір мұғалімдер балаларды көктемнің бас кезінде өзенге (жақын жерде өзен, көл бар жерлерде) экскурсия ұйымдастырып, сеңнің түсуін бақылатады. Осы экскурсияның материалы “Сең үстінде” (С.Мұқанов). Әңгімесін оқығанда пайдаланылады. Немесе күзде оқушыларға айналадағы өзгерістерді байқату үшін егістікке, қырманға т.б.с.с. жерлерге экскурсия ұйымдастырылады. Мұндай экскурсияның материалдарын оқулықтағы табиғат көріністерін суреттеген шығармаларды оқығанда пайдалануға болады. г) Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. Мысалы, табиғатты бейнелейтін суреттерді шығарманы оқымас бұрын қолдануға болады. С.Мәуленовтың “Қыс келбеті” өлеңін оқымас бұрын, тіл дамытуға арналған суреттердің ішінен “Қысқы ойын”, “Қыс” тақырыптарына берілген суреттерді көрсетуге болар еді. Немесе оқығалы отырған әңгіменің мазмұнына сай келетін суреттерді пайдалану (мысалы. М.Әуезовтың “Бүлдірген тере барғанда” әңгімесін оқуға дайындық кезінде Молдахмет Кененбаеватың “Қашаған қуу” картинасын көрсетуге болар еді). Жекелеген портреттер, суреттер де пайдалануға болады. З. Иманбаевтың “Мысалдарын”оқымас бұрын маса мен өгіздің, қасқыр мен кірпінің т.б.с.с суреттерін қолданған тиімді. Мұнда есте болатын нәрсе — оқулықта берілген суреттерді алдын ала көрсетіп, оқылатын материалдардың мазмұнын айтып қоюға болмайды. Өйткені ол суреттер материал оқылып шыққан соң немесе оны оқу барысында материалдың мазмұны жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін берілді.
д) Сұрақтар қою. Оқуға дайындық кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын ала ойластырылады. Мұнда көп нәрсе материалдың дауыстап немесе іштен оқылатынына байланысты болып келеді. Егер оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға материалды бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың ойдағыдай әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде алдын ала сұрақ берудің қажеті жоқ. Ал шығарма іштен оқылатын жағдайда оның мазмұны бойынша оқушыларға 2-3 сұрақ беріп қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет