Дипломдық ЖҰмыс 5В010300-Педагогика және психология Шымкент, 2022 ф-19-01/02


ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................. 88



бет2/10
Дата16.01.2023
өлшемі142,93 Kb.
#165620
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Арзимат
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................. 88
ПайдаланЫЛған әдебиеттер ТІЗІМІ ..........................................90

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамсы. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында [1], «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» [2], Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытудың 2015 жылғы дейінгі тұжырымдамасында [3] жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге, олардың бойындағы адами, рухани байлықтарын жетілдіруге және еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеуге баса назар аударылған.
Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту мәселелер тәуелсіз еліміздегі саяси-әлеуметтік даму талаптарынан туындайтындықтан үздіксіз тәрбие мен білім берудің жүйесін жетілдіру ісі адамзаттық құндылықтарға негізделіп, жаңа бағыт алуда.
Білім беру жүйесін реформалауға қатысты қабылданған, не жоба деңгейінде дайындалған құжаттарда білім беру салаларының мақсат-міндеттерін, құрылымын, мазмұнын әлемдік талаптарға сай жаңа сапалық деңгейге көтеру және ұлттық болмысқа сай жаңарту көзделеді.
Отандық білім жүйесінің алдына қойылып отырған осындай жаңа да маңызды көптеген міндеттерді жүзеге асыру Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясына жүктелуде.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдар ішінде халқымыздың рухани және мәдени мұраларын жан-жақты зерттеп, білім беру мен тәрбие жүйесінде қолдану мақсатында мемлекеттік тұрғыдан кешенді бағдарламалар мен тұжырымдар қабылдап отыр. Бүгінгі таңда тарихи мұраларды зерделеу арқылы ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың маңыздылығы артып келеді. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан педагогикасының дамуында өзіндік орыны бар ғылыми- педагогикалық институттардың тарихын зерттеу маңызды болмақ.
Қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған, ғылыми-педагогикалық институтты қалыптастыруда және оның іргетасын қалауда белсене ат салысқан халқымыздың Ш.Әлжановтың, А.Байтұрсыновтың, С.Меңдешевтің, С.Сейфулиннің М.Жолдыбаевтың педагогикалық мұрасының бүгінгі таңда ғылыми мәні орасан зор. Олардың 20-30 жылдары жарық көрген ғылыми еңбектері ғылыми-педагогикалық институттың қалыптасу мен даму тарихын зерттеуде бірден-бір құнды материалдар болып табылады.
Сонымен бірге Академияның тарихи даму кезеңдерін зерттеуге қатысты республика басылымдарында жарық көрген ғылыми еңбектері мен мақалалары (А.Құсайынов, А.Сейдімбек, Қ.Арынов, С.Шәкілікова, Орта білім институтының ғалым-хатшысы болған Қ.Аганина, Қ.Қожахметова, К.Өстеміров, М.Жадрина, Ш.Таубаева т.б.) ғылыми-педагогикалық институттың қалыптасуы мен даму тарихын зерттеуде бірден-бір құнды материалдар болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық институттың қалыптасуы мен дамуын баяндайтын жұмыстың жоқтығы оның көкейтестілігін көрсетіп, тақырыпты «Қазақстанда ғылыми-педагогикалық институттың қалыптасуы мен дамуы» деп алуға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет