Дипломдық ЖҰмыс 5В010300-Педагогика және психология Шымкент, 2022 ф-19-01/02


Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнының даму тенденциялары



бет8/10
Дата16.01.2023
өлшемі142,93 Kb.
#165620
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Арзимат
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
2.2 Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнының даму тенденциялары

Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі ұрпағын тәрбиелеу, іргелі зерттеулер жүргізу бағытындағы міндеттерін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім беру академиясы орындауда. Академияның ғылыми-зерттеу жұмысының ішіндегі ең өзектісі – жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұнын жетілдірудегі ғылыми-әдістемелік негіздері (қолданбалы ғылыми зерттеу) жасау дер едім.


Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім беру акдемиясы педагогика ғылымы, білім мазмұнын анықтау, осы салада ғылыми-зерттеу жүргізетін бірден-бір орталық.
1933 жылы құрылғаннан бері Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім беру академиясы Қазақстан мектептерін білім беру стандарттарымен, бағдарламалармен, оқулықтармен қамтамасыз ету міндеттерімен айналысуда. Бұл міндеттрді жедел түрде жүзеге асыруға сол кездегі Академиялық орталықтың мүшелері ұлы ағартушылар А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. оқулық жасауға аянбай атсалысып, қазақ елінде тұңғыш рет оқулық, бағдарламалар жасап, балаларға арналған ауыз әдебиеті шығармалары жинағы, хрестоматиялық оқулықтар жасағандары мәлім. Аты аталған жазушы-педагогтардың үздіксіз білім беру, оқыту, тәрбиелеу жұмысын кешенді ұйымдастыру туралы озық идеялары күні бүгінге дейін құнды екеніне өмірдің өзі дәлел.
Сонымен қатар, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов білім беру мен оқыту үдерісін жетілдіру, оқулықтар даярлау, білім мазмұнын іріктеу мәселелерін тереңінен зерттеп, өз үлестерін қосқан.
Білім беру мазмұнын анықтаудың жалпы теориялық негіздері В.В.Давыдов, Л.М.Занков, В.В.Краевский, В.С.Леднев, И.Я.Лернер М.Н.Скаткин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде сипатталған.
Білім беру мазмұнын әртүрлі салада ғалымдарымыз К.Құнантаева (Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуын), М.Ж.Джадрина (нұсқалы білім беру мазмұнын құрастырудың дидактикалық негізін), А.А.Бейсенбаева (жалпы білім беру мазмұнын), Т.М. Әлсатов, А.Қ.Құсайынов, Ұ.Ә. Асылов (мектеп оқулығының даму тарихы мен оған қойылатын дидактикалық талаптар мен ұстанымдарын), Н.Нұрахметов, С.Е.Чакликова (төл оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптарды) зерттеген.
Өскелең ұрпаққа білім беру, жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау, олардың мазмұны мен құрылымын жетілдіру мәселелерімен көп жылдар бойы педагог-ғалымдар, тарихшылар, әдіскерлер айналысуда.
Мектепте білім берудің мазмұны оқу жоспарында, оқу бағдарламаларында және оқулықтарда көрініс табады.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында оқу жоспары деген ұғымға мынадай анықтама берген «оқу жоспары – оқу орындарында оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәнініе берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгіліейтін құжат»[38, 117 б].
Оқу жоспарына сәйкес оқу бағдарламасы жасалады. Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында оқу бағдарламасына мынадай анықтама береді «оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілген дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат» [38,117 б].
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Педагогика және психология» сөздігінде білім ұғымына былайша анықтама берілген: «білім – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдардың, деректері мен пайымдарының т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды құралдарының бірі болып табылады. Білім бүкіл адамзат ақыл-ойының адамды қоршаған табиғатты, айналаны танып білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы; қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалар мен адамның өмірлік әрекетінде айқындалып дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі. Білімді танымдық дәрежесіне, шындықты жан-жақты қамтуына, терең мәніне, жете бейнеленуіне, дәйектілігі мен дәлдігіне қарай мынадай түрлерге бөлуге болады: тұрмыстық білім, ғылымға дейінгі білім, ғылыми білім, эмпирикалық білім, териялық білім. Білімнің қай түрі болмасын адамзат тәжірибесінің негізінде дамып отырады» [39, 251 б].
Философия ғылымы тұрғысынан ғалым Д.Кішібеков «Білім дегеніміз – материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы, әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасына дұрыс, объективті бейнеленуі» - деді [40, 200 б].
Ю.К.Бабанский «білім мазмұны – оқыту үрдісінің негізгі компоненті, ол ғылыми білімнің, біліктер мен дағдылардың жүйесі, оны меңгеру оқушылардың ой және дене қабілеттерінің жан-жақты дамуына, адамгершілік қасиеттрі мен мінез-құлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке баулуға дайындауға септігін тигізеді» - деп атап көрсетеді [41, 369 б].
С.Ледневтің пікірінше білім мазмұны біртұтас прцестен тұрады: аға ұрпақтың тәжірибесін игеру, тұлғаның типологиялық сапалық мінезін тәрбиелеу, адамның ақыл ойын және физикалық жағынан дамыту [42,91-б] 57, 91-б.
Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбырайымжанов «Педагогикалық сөздікте» білім беру және тәрбиелеудің мазмұны ұғымына былайша анықтама берген: «Білім беру және тәрбиелеудің мазмұны – тәрбиеленушілердің ақыл-ойы және күш-қуаттық қабілеттерінің, олардың дүниеге көзқарасын, моралін, жүріс-тұрысын, қоғамдық өмірге және еңбекке даярлығының меңгеруін қамтамасыз ететін ғылыми білімдердің, біліктердің, дағдылардың, қатынастардың және шығармашылық іс- әрекеттің жүйесі. Білім беру және тәрбиенің көзі болып мәдениеттің бүкіл көп түрлілігі» [43, 90 б].
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ұсынған «Педагогика және психология» сөздігінде білім мазмұны ұғымына былай анықтама берген: «Білім мазмұны – жас ұрпақтың өркениетті, демократиялық қоғамда өмір сүру үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту білім мазмұнын жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез-келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игеру бағыттарын белгілейді» [39, 251б].
Демек білім беру адамның дүниені тану процесін қалыптастыру арқылы жүйелі білім мен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.
Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.С.Леднева, Б.М.Бим – Бад , А.В.Петровский еңбектерінде баяндалған. Жеке тұлғаның жан – жақты дамуы мен қалыптасуын И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім мазмұнының теориялық тұрғыда білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде шығармашылық іс-әрекетпен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді және қоғамның мәдени-рухани материалдық байлығын дамытып және оны сақтауды ұсынды.


  1. кесте – Білім беру мазмұнының логикалық – құрылымы



Білім беру мазмұнының логикалық - құрылымы

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың көзі

Бабанский бойынша білім беру мазмұнының категорияларын таңдау

Білім беру мазмұнының принциптерінің құрылымы



И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Краевский бойынша білім беру мазмұнының компоненті

Білім беру мазмұнын анықтайтын оқу-нормативті құжаттар



- қоғам;
- адам;
- табиғат;
- ғылым;
-өндіріс орындары;
-(рухани материалдық)
мәдениет

- бейнесінің тұтастығы;
- ғылымдар негізінің білім беру мазмұнының ғылыми және тәжірибелік мәні;
- пәнді оқы- туға берілген уақытпен сәй кестігі;
- білім беру мазмұнын құруда дүние жүзілік тәжірибені ескеру;
- мектептің оқу-әдістемелік базасының материалдық жағдайының сәй кестілігі.



-тұлғаның қоғамның мәдениет пен ғылымның білім беру мазмұнының принциптеріне қоятын талабы мен сәйкестілігі;
- оқытудың мазмұнды процесуалдық бірлікте болу принципі;
- білім беру мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуы ның бірлігі, гумандық, фундаментал дық принципі

-табиғат, қоғам, техника туралы білімдер;
- іс-әрекет тәжірибені жүзеге асырудағы ойлау қабілеті;
- шығармашы- лық тәжірибе өзіңе және басқа адамдарға қарым-қатынас жасауда оқитын объектінің нақтылығы- ның бағдарлы эмоционал- дық құндылық тәжірибесі.



-ҚР-ның жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің мемлекеттік стандарты;
- базистік оқу жоспары (инвариант тық, вариа- тивті, құзырлық);
-оқу бағдарлама- сы, оқу құралы және оқулықтар;


Ю.К.Бабанский ғылым мазмұны негіздерін совет педагогикасында төмендегі өлшемдер бойынша таңдады:



  1. Ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мазмұнының негізгі теориялары, заңдары мен ұғымдарын тұтас түсіндіру, өлшемі.

  2. Білім беру мазмұны материалының жоғары ғылыми және тәжірибелік мәнін мектептегі оқылатын, өздігінен білімін көтеретін материалдарды әрбір пәнге және оқу пәндер жүйесін енгізу.

  3. Білім мазмұнының күрделігі оқушылардың жас ерекшелігімен оқу мүмкіншілігіне сай болуын қарастыру өлшемі.

  4. Әрбір пәнді оқытуға берілген мерзімі білім мазмұнының көлемімен сәйкес болуы.

  5. Жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнын құруда дүниежүзілік тәжірибені ескеру.

  6. Қазіргі кездегі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен білім мазмұнының сәйкес болуы [44].

Ғалым Қыяқбаева Ұ.Қ. өзінің «Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуы» атты ғылыми зерттеуінде бастауыш мектептедегі білім беру мазмұнын екі кезеңге бөліп көрсеткен:
1кезең – 1991-1994 жылдар. Бірінші кезеңді біздер «Егеменді Қазақстан және қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы» деп анықтаған.
2 кезең – 1995-2007 жылдар. Екінші кезеңде «Қазақстан Республикасындағы қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының әрі қарай дамуы» деп тұжырымдаған.
Әрбір кезеңнің қоғамның саяси- әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына, мектепке қойылатын талаптарға байланысты өзіндік ерекшеліктері бар.
Бірінші кезеңге ( 1991- 1994 жж.)
- тәжірибелік сипаттағы инновациялық ізденістер тән болды;
- жаңадан ұйымдастырылған лицей мен гимназиялар негізінен қабілеттері жоғары оқушыларға бағытталған жұмыстың жаңа ұйымдастыру формалары іздестірілді;
- көптеген мектептер профильдік іріктеуге бағытталды;
- профильдік оқыту кейбір пәндерді тереңде оқытуға негізделді;
- басым көпшілігінде білім беру мазмұнын өзгертуге бағытталмай оқу процесін ұйымдастыру мен байланысты жаңалықтар кеңінен таратылды;
- білім мөлшерінің өсуі және күрделенуі оқушылардың шамасынан тыс болып денсаулықтарына кері әсерін тигізді;
- заңнамалық база қалыптаса бастайды. Қабылданған білім беру іс-әрекетін реттейтін негізгі заң актілерінің бірі ол «Білім туралы» Заң (1992) болды;
- осы жылдары бірқатар тұжырымдамалар мен мемлекеттік бағдармалар қабылданып бекітілді. Олардың қатарында «Білім беруді мемлекет тарапынан қолдайтын Ұлттық бағдарлама», «Жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік комплекстерді даярлау және шығарудың мақсатты бағдарламасы» болды. 1991 жылы Казақстан Республикасындағы гимназия және мектеп-лицей туралы Үлгі Ережелер жарияланды.
Екінші кезең (1995-2007жж.)
- мемлекеттік базистік оқу жоспарының, бастауыш білімнің тұңғыш мемлекеттік стандартының қабылдануымен, (1998 ж.), кейіннен ( 2003 ж.) өзгертілген жаңа нұсқасының ұсынылуымен,
- «Гимназия туралы Ереже», «Лицей туралы Ереже» ( 1996 ж.) жариялануымен сипатталады [45, 14 б].
Қазақстан Республика бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымы төмендегідей түзілген еді:

  1. Жалпы сипаттама

    1. Бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері. Білім мазмұнының құрамы.

    2. Стандарттың құрылымы. Білім беру салалары.

  2. Базалық (инварианттық) білім мазмұны.

  3. Бастауыш сыныпты бітіретін оқушы дайындаған деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар [46, 245 б].

1998 жылғы дайындалған Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты мемлекеттік стандарттау ұлттық орталығында тіркеуден өтпегендіктен және оның құрылымы мемлекеттік стандарттау ұлттық орталығында тіркеуден өтпегендіктен және оның құрылымы мемлекеттік стандарт талабына сәйкес жасалмағандықтан, 2002 жылғы Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартының құрылымы білім мен тестілеудің мемлекеттік стандартының ұлттық орталығы (Астана, 2002) дайындалған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты. Негізігі ережелер. Жоба. Астана. РИК. 2001 ҚР білім және ғылым министрлігі (2001 жылы мамырда № 404-бұйрығымен бекітілген) құжат басшылыққа алынды. Осыған сәйкес пәндер бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті стандарттарын дайындау жөніндегі ұсыныстар (ҚР 003-2001. МЖМБС-на қосыша) Қазақстан Республикасы экономика және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау комитетін келісілген 2001 жылы 12 ақпанда № 195 хататма бойынша құрылды [47].
Ғалым Қыяқбаева Ұ.Қ. өзінің зерттеуінде білім беру мазмұны туралы былай дейді: «Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны күрделі көп аспектілі ұғым. Бiлiмнiң мазмұнын анықтау, бұл өсiп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай-ақ оқытудың мақсатын, мiндетiн анықтау туралы мәселенi шешу деген сөз. Осыған орай, мектепте қайда, қашан, кiмдi және не үшiн оқытады деген сұрақтарға жауап берiлуiне қарай бiлiм мазмұны әрқилы шешiледi. Бiлiм берудiң мазмұны дегенiмiз – оқушыларды жан-жақты дамытып, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiмнiң, iскерлiктiң, дағдының дәл белгiленiп алынған шеңберi. Бiлiм берудiң аса маңызды құрамды бөлiгi – бұл жалпы бiлiм. Жалпы бiлiм – табиғат, қоғам, адам баласының ойлауы туралы оқушыларда негiзгi ғылымдардың бiлiмдерiмен қамтамасыз етедi. Қандай да болсын, қоғамда мектеп бiлiмнiң мазмұны түгелдей тәрбие беру мақсатына байланысты және осы мақсаттың нақтылы көрiнiсi болып табылады»[48].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, білім беру процесіне қатысушылардың білім мазмұнына, оқу жүктемесінің көлеміне және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды дәл түсінуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш, негізгі, жоғары сатыларындағы оқу пәндері бойынша жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары жасалды.
Білім беру стандарты – білім беру саласындағы мемлекеттің өзінің азаматы және азаматтың мемлекет алдындағы міндеттемелерін баяндайтын түпқазық қызметін атқарар құжат.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ұсынған «Педагогика және психология» сөздігінде мемлекеттік білім стандартына былай анықтама берген: «мемлекеттік білім стандарты – 1) оқушылардың білім алу ісіне қарамастан, алуға тиіс білім деңгейін анықтайтын негізгі құжат; 2) оқу пәні бойынша білімнің соңғы нәтижесі айқындалған негізгі құжат. Мемлекеттік білім стандарты пәндік білімнің мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың түсініктері мен дағдыларын, білім нәтижелерін тексеру техникасын белгілейді. Сонымен қатар негізгі білімдік бағдарлама мазмұнын, оқушылардың оқу жүктемесінің көлемін, бітірушілерді әзірлеу деңгейінің талаптарын анықтайды» [39].
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиялық сөздігінде «мемлекеттік білім стандарты – жалпы білім беру ісінде басшылыққа алынатын негізгі құжат. Онда оқушылардың білім алу түріне қарамастан, алуға тиіс білім деңгейі, тоқу пәні бойынша білімнің соңғы нәтижелері айқындалған» - деп атап көрсетеді.
«Стандарт» термині білім жүйесінде тұңғыш рет америкалық математик мұғалімдердің ұлттық кеңесінің ұсынуымен 80-жылдардың ортасында қолданыла бастады. 80-жылдардың соңыда АҚШ-та, Ұлыбританияда, Нидерландияда алғашқы білім стандарттары жасалды.
ТМД елдерінде білім стандарттары туралы әңгіме 90-жылдардың басында қозғалды. Содан бері оқу процесін реттеуші нормативтік құжат ретінде стандарттың орны мен мазмұны туралы ғылыми пікірталастар үздіксіз жүріп келеді.
Қазақстанда бұл проблеманы ғылыми тұрғыда зерттеуді Білім министірлігінің тапсырысымен 1994 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институты жүргізе бастады. Нәтижесінде «Қазақстан Республикасында жалпы орта білімнің мемлекеттік стандарты», «Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің даму тұжырымдамасы», «Жалпы орта білімнің мазмұны тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары» жасалып, олар білім стандартының негізгі қызметін, білім ситандарты құрамын, Базистік оқу жоспарының жаңа нормативтік құжат ретіндегі орнын айқындады, әрі жеке пәндер бойынша білім стандарттарын жасаудың қажеттігін негіздеп берді.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының 1994-1998 жылдардағы зерттеулердің мақсаты негізгі мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнын жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтап жасау болды.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді шешу белгіленді:

  • білім мазмұнын оқыту әдістерін жаңартудың негізгі бағыттарын анықтап тұжырымдау;

  • пәндер бойынша бастауыш білімнің мемлекеттік стандартын, мазмұнын, құрылымын, жүйесін анықтап ғылыми тұрғыдан негіздеу;

  • базалық оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендер дайындап мектеп тәжірибесіне енгізу.

1997-2003 жылдар аралығында білім мазмұнын жаңарту мәселесі бойынша бастауыш білім лабораториясында белгіленген жұмыстарды орындауға лабораторияның ғылыми қызметкерлері К.Жүнісова (1993-1999, лаборатория меңгерушісі), М.Ералиева (1999-2003, лаборатория меңгерушісі), П.Жаманқұлова (1990-2003), Р.Ізғұттынова (1930-2003), С.Нұрсейітова (1993-1998), С.Дүйсебаев (1999-2003), Ә.Наурызбаева (1989-1998), З.Айдарова (1990-1998), Р.Мағауина (1990-1993), Н.Декембаева (1996-1998) қатысты.
1995-98 жылдары лабораторияда оқу пәндері бойынша жаңа білім мазмұнының оқу бағдарламаларын жасау қолға алынды. Нәтижесінде 1995 жылы «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының оқу бағдарламалары» (1-4 сыныптар) жобасы, ал 1998 жылы негізгі нұсқасы «Республикалық баспа кабинетінде» жарық көрді.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің алғашқы мемлекеттік стандартының авторлары сол кездегі Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемалары институтының бастауыш білім беру лабораториясының меңгерушісі К.Ж.Жүнісова, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғалымдары С.Рахметова, Т.Оспанов, Г.Уайсова, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының ғылыми қызметкерлері П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова, Г.Бадамбаева, З.Айдарова, Ш.Құлманова, Т.Оралбекова, М.Тұрыскелдиева болатын.
Олар стандарт жасау барысында мына мәселелерді басты назарда ұстады:
1) шешуді қажет ететін келелі мәселелер;
2) өткен тәжірибедегі жетістіктер;
3) сол саланың әлемдік деңгейдегі даму тенденциясы.
Бастауыш білімнің алғашқы мемлекеттік стандарты біздің республикамызда 1998 жылы қабылданды. Оның құрылымы төмендегідей түзілген еді:
1. Жалпы сипаттама.
1.1 Бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері. Білім мазмұнының құрамы.
1.2 Стандарттың құрылымы. Білім беру салалары.
2. Базалық (инварианттық) білім мазмұны.
3. Бастауыш сыныпты бітіретін оқушы дайындығы деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар.
Бірақ бұл стандарттың құрылымы мемлекеттік стандарт талабына сәйкес жасалмағандықтан, мемлекеттік стандарттау ұлттық орталығында тіркеуден өтпеді. Сондықтан 2002 жылғы Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымын білім мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы дайындаған болатын.
Жалпы бастауыш білім стандарты Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым Министірінің бұйрығымен 2002 жылы бекітіліп 2003 жылы жарық көрген болатын.
Аталған мемлекеттік стандарттың жаңа құрылымы мынадай мазмұнда ұсынылды:

1) Қолдану аймағы.


2) Нормативтік сілтемелер.
3) Анықтамалар және қысқарған сөздер.
4) Жалпы ережелер.
5) Пәннің жалпы сипаттамасы.
6) Оқу бағдарламаларының түрлері және олардың мазмұны.
7) Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі.
8) Пән бойынша оқу бағдарламаларының базалық мазмұны.
9) Оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
10) Пән бойынша бастауыш жалпы білім мазмұнын құруға және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар (Кесте 2 ).
4 кесте – Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттарының салыстырмалы құрылымы.


1998 жылғы Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымы

2003 жылғы Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының құрылымы

1. Жалпы сипаттама.
1.1. Бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері. Білім мазмұнының құрамы.
1.2 Стандарттың құрылымы. Білім беру салалары.
2. Базалық (инварианттық) білім мазмұны.
3. Бастауыш сыныпты бітіретін оқушы дайындығы деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар.



1. Қолдану аймағы.
2. Нормативтік сілтемелер.
3. Анықтамалар және қысқарған сөздер.
4. Жалпы ережелер.
5. Пәннің жалпы сипаттамасы.
6. Оқу бағдарламаларының түрлері және олардың мазмұны.
7. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі.
8. Пән бойынша оқу бағдарламаларының базалық мазмұны.
9. Оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
10. Пән бойынша бастауыш жалпы білім мазмұнын құруға және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар.

Жаңадан қабылданған бастауыш білім стандартында пәннің мақсаты, міндеттері белгіленді. Стандарт құрылымы негізгі ғылыми талаптарға сәйкес жүйеленді, базалық білім мазмұны нақтыланды, оқушылар біліміне қойылатын талаптар айқындалды, «білім», «білік» ұғымдары жүйеленіп, ғылыми тұрғыдан негізделді. Онда берілген пәндер бойынша берілетін білімнің басқа пәндермен сабақтастығын айқындау, дамыта оқытудың мүмкіндіктерін қарастыруға қатысты негізгі көрсеткіштерге баса көңіл бөлінді. Оқушылар білімін бағалау тәсілдері жасалды. Білім стандартының компоненттеріне оқушы білімін бағалау және тексеру жүйесі енгізілді. Бұл жүйеде білімді бағалау талаптары мен ережелері ескеріліп, оның жаңа білім мазмұны мен оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейінен шығу жағына баса назар аударылды.


Бұндай негізгі мақсаттарға жету үшін 2003 жылы қабылданған білім стандартында төмендегідей міндеттерге көңіл бөлінген болатын:
- мектепке дейінгі тәрбие үдерісін ескеріп, сабақтастыру;
- оқушының қоршаған дүние мен әлеуметтік ортаға бейімделуі;
- оқу әрекеттерінің икемділігін, оқуды негізгі сатыда одан әрі жалғастыруға қажетті жалпы білімділіктің бір деңгейін меңгеру;
- өзінің өзгелермен қатынас мәдениетін, эстетикалық және экологиялық нормаларды қалыптастыру;
- дүние туралы ең қажетті түсінік алу (көркем және ғылыми-бұқаралық әдебиет материалдары бойынша дүниенің ғылыми бейнесі туралы білім элементтерін);
- мемлекеттік стандартта белгіленген бастауыш білімнің ең қажетті минимум мазмұнын, әрбір пән бойынша оқушыларға қойылатын талаптарды айқындау;
- әрбір пәнге жалпы сипаттама беріліп, оқу жүктемесінің жалпы көлемі, оқу бағдарламаларының базалық мазмұны белгілеу.
Жетілдірілген білім стандартында оқушылардың әл-қуатына, қызығушылығы мен икемділігіне қарай, оның шығармашылық мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуына жағдай жасай отырып, міндетті (минималдық) деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді.
Өз елінің, Отанының, ұлтының тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, табиғаты, табиғи байлығы тұрғысынан білім беру негізінде оқушының оқу әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаны дамытуға, қарым-қатынас мүмкіндіктерін тәрбиелеуді жүзеге асыруға білім мазмұнын бағыттау міндетін бағдарға алды.
1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы ұжымы бастауыш, негізгі, бағдарлы метептердің Базистік оқу жоспарын жетілдіру жұмысын аяқтады, оқу пәндері бойынша білім стандарттарының жобасын дайындады.
1999 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік білім стандарттарын жасау, бекіту және енгізу мерзімінің тәртібі туралы» Қаулысына орай білім стандарттарын рәсімдеу мен оның мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеген стандарттаудың жаңа ережесіне жасалды.
Стандарттар құрылымына қойылған бұл жаңа талаптар Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының Жалпы ережелері мен жеке пәндер стандартының құрылым жүйесін жасауды қажет етті.
2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің тапсырмасымен және жан-жақты қолдауымен Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясында Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, оның ішінде Жалпы білім беру мекемелерінің Базистік, Типтік оқу жоспарлары, жеке пәндер бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарын рәсімдеу бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарын рәсімдеу бойынша нұсқаулар және мектептің үш сатысына арналған 41 оқу орны пәні бойынша жалпыға міндетті білім стандарттары жасалды.
Оқу пәндерінің стандарттарын жасауға еліміздің барлық аймақтарын 200-ге жуық ғалымдар, әдіскерлер, педагогтар шақырылды.
2002 жылы жазылып бекітілген Мемлекеттік жалпы білім стандарттарын жасауда төмендегідей маңызды нәтижелерге қол жеткізілді:

  • білім стандарттарын ұйымдастыруда қалыптасқан дәстүрлі түсініктерден арылуға, яғни білім мазмұнын соған сай оқыту нәтижелерімен бірге егжей-тегжейлі баяндаудан арылуға мүмкіндік туды;

  • қазіргі стандарттарда «шығу», яғни білімнің тек соңғы нәтижелерін көрсететін үдерісі басым. Жалпы білім стандарттарын ұйымдастырудың мұндай тәсілі әлемдік тәжірибеде тиімді деп есептеледі;

  • негізгі тірек ұғымдар мен олардың анықтамасы ғылыми-теориялық категориялар ретінде нақтыланды, олар мектептік білімнің базалық мазмұнының құрамы мен құрылымына және оқушы дайындығының деңгейіне қойылатын талаптардың бірлігін анықтаға негіз болды;

  • жалпы білім мекемелерінің әр сатысындағы білімнің базалық ауқымын реттейтін талаптар бекітілді;

  • оқушылар мен білім мекемелерінің құқықтары мен міндеттерін реттейтін талаптар бекітілді;

  • оқу жүктемесі көлемін және оларды білім мазмұнының тұрақты және жылжымалы бөліктерінде бөлуді реттейтін талаптар бекітілді;

  • мектептің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатыларына арналған базистік оқу жоспары жасалды.

2002 жылдың 6-7 мамыр күндері Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА облыстық білім департаменттері мамандарының, облыстық білім беру институттары қызметкерлерінің, республиканың барлық облыстарының мұғалімдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Онда стандарттарды ұйымдастырудың негізгі идеялары түсіндіріліп, оның басты үдерістері мен құрылымы таныстырылды.
Стандарт бастауыш сатыны бітіретін оқушының білімі және тәрбиесі жағынан, белгілі бір деңгейін қамтамасыз етіп, анықтап сипаттайды. Білім беру стандартынан оқу бағдарламаларының бағыты анықталады. Алғашқы оқу бағдарламаларының авторларына тоқталайық:


Оқу бағдарламалары

Авторлар

Қазақ тілі

Уәйсова Г.И.,п.ғ.к., Ізғұттынова Р.О.,
ғылыми қызметкер., Жұмабаева А оқытушы.

Ана тілі

Рахметова С.Р., п.ғ.д., проф.,Жаманқұлова П.К., ғылыми қызметкер.

Орыс тілі

Бадамбаева Г.Ә., п.ғ.к., проф., Қабдолова Қ.Л.,
П.ғ.к., Масғұтова С.С., әдіскер

Математика

Баймұханов Б.Б., п.ғ.д., проф., Оспанов Т.Қ п.ғ.к.,проф., Өтеева Қ.Ә., п.ғ.к., Наурызбаева Қ.А ғылыми қызметкер., Ерешева К.А. мұғалім.,
Абраева Б.Е. мұғалім., Қайынбаев Ж.Т. оқытушы,
Құрманалина Ш.Т., әдіскер, п.ғ.к.

Дүниетану

Жүнісова К.Ж., п.ғ.к.,доцент., Бірмағанбетов Ә.Б. п.ғ.к., доцент.,Аймағанбетова Қ.А. п.ғ.к.,
доцент., Жапанбаева Н.М., оқытушы.

Бейнелеу өнері

Әлмұқанбетов Б.Ә., п.ғ.к., Айдарова З.Ш. ғылыми қызметкер., Левченко Т.А. аға оқытушы., Байназарова Т.Б. оқытушы.

Еңбекке баулу

Оралбекова Т.Ш п.ғ.к., Сатқанов О.С. п.ғ.к., Нұрсейтова С.Д. ғылыми қызметкер., Өстеміров К.Ө. п.ғ.к.

Музыка

Құлманова Ш.Б п.ғ.к., доцент., Оразалиева М.А.
аспирант., Сүлейменова Б.Р. оқытушы

Дене шынықтыру

Тұрыскелдина М.Т. п.ғ.к., доцент, проф., Тілеуғалиев Ю..Ғ. п.ғ.к., Құрманбаева К.Т. мұғалім.

Бағдарламалар мемлекеттік білім стандартының негізі ретінде алуға боларлықтай сипатта және қазіргі заманғы педагогикалық–психология ғылымдарының дамыта оқыту идеясына сай жасалған. Бұл бағдарламалар арқылы жүзеге асырылатын білім беру мақсаты мен міндеттерінің дәстүрлі оқытудан түбегейлі өзгешеліктері бар: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушының жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып, ең алдымен білім, білік, дағдыларды меңгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету міндеттерін шешу көзделінді.


1996 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің «Жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау мен шығарудың мақсатты бағдарламсы туралы» қаулысы жарияланғаннан кейін жаңа буын оқулықтарын шығарудың тұжырымдамасы жасалған болатын. Оқулықтарға қойылатын талаптар Академия институттарының ғылыми-әдістемелік кеңестерінде талқыланып, ортақ тұжырым жасалғаннан кейін ғана авторлар құрамы оқулықты жасауға кірісті. Міне, сондықтан-да Акдемияда дайындалған жаңа буын оқулықтарын ғылыми-әдістемелік дайындықтың үлкен еңбектің жемісі деп айтуға болады.
Қазақ тілінде оқытатын мектеп ашып, оқулық жазу ісі ХХ ғасырдың алғашқы 10-15- жылдарынан бастап едәуір жандана түсті. Бұл кезде қазақ зиялыларының әмбебеп дарынды және қоғамдық-саяси белсенділігі күшті, қуатты шоғыры қалыптасқан еді. Олар халықтың болашағын, тәуелсіздіктің тағдырын жас ұрпақты оқытып, оларға жаңаша білім, тәрбие беретін ұлттық мектеппен байланыстыра қарастырды.
1922-1923 жылдары құрылған Академиялық орталық ұлт мектептерін төл оқулықтармен, бағдарламалармен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды. Осы орталық физика, грамматика, алгебра, педагогика, мектеп гигенасы тағы басқа оқу құралдарын жазуға қазақ зиялыларын ұйымдастарды
Бұлардың алдыңғы қатарында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, А.Аймауытов, М.Әуезов т.б. ғалымдар болды.
А.Байтұрсынов «Мектеп керектері» - атты мақаласында да тоқталады:
«Бізде, қазірде төте оқу жолымен оқыта білетін педагогика, методикадан хабардар мұғалімдеріміз жоқ қасында. Бастауыш мектепке керек құралдарымыз сайлы емес. Кесіп-пішкен программа (бағдарлама) жоқ. Сондықтан қазаққа қандай мектеп керектігін сөйлегенде, ол мектепке не керек екендігінде айту тиіс.
... оқыту ісіне керек құралдар қолайлы Һәм сайлы болуы, құралсыз іс істелмейді һәм құрал қандай болса, істеген істе сондай болмақшы. Істің толық жақсы болуына құралдың сайлы һәм жақсы болуы шарт...
Мектепке керек нәрсенің бірі сайлы болмаса да, мектеп ақсайды. Сондықтан мектеп керек болса, мектепке керек нәрселер де сайлы болуы керек» - деген еді [49].
Ал, қазақ бастауыш мектебіне қажетті құрал жабдықтар және оқулықтар мен бағдарламалар бұрын-соңды қазақ бастауыш мектептері үшін жасалып көрген емес. Оның табиғи дәлелдері де мол. Солардың ішінде ең бастысы - өмір талабы. Өйткені өмір үнемі өрлеу, даму үстінде болғандықтан оның әр кезеңде, әр дәуірде мектепке қоятын талабы оқулыққа да қойылды.
Ең алғаш А.Байтұрсынов төте оқуға жол салып, орыстандыруға бастайтын орыс графикасын емес, «дінмен бірге келген орыс жазуды», яғни ділімізге жақын жазуды реформалады. Оның емлесін – дұрыс жазу ережелерін жасады.
Ғұлама ғалым мектеп – оқу таза ана тілінде жүретін ұлттық мектеп болуы керек, ондағы оқу мазмұны халықтың ділімен, салт-дәстүр, тәрбиемен байланысып, заманауи білім беруі керек деп қарады.
Сөйтіп, жаңаша оқып, жазуға кең жол ашқан араб алфавиті негізіндегі төл жазуымыз дүниеге келді.
Оның тұңғыш басылымы 1910 жылы жарық көрген Әліппесі мен 1912-1914 «Оқу кітаптарында» жоғарыда аталған талаптар басшылыққа алынған.
Осы кезеңде І және ІІ басқышты бастауыш мектептер саны көбейе түсті. Оларға арналған сауат ашу құралдары мен оқу кітаптарынан басқа да оқулықтар жазыла бастады. Солардың ішіндегісі бір елеулісі – белгілі қоғам қайраткері, атақта ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың І және ІІ басқыш сыныптарға арналған «Есеп құралы» деп аталатын оқулығы. Олар қазан төңкересіне дейін де, кейін де талай рет қайта басылды.
РСФСР Халық ағарту комиссариаты 1918 жылдың 30 қазанында «Шағын ұлттардың мектеп туралы» қаулы қабылдады, онда аз ұлттардың өз ана тілдерінде әр дәрежелі оқу орындарын ашуына болатыны туралы айтылды. Бірақ ол мектептер коммунистік идеологияны, таптық көзқарасты басшылыққа алған, ұлтсыздық бағытындағы мектептер бола алатын еді, ақыры солай болды да. Бұрынғы мектептер енді бір үлгідегі еңбек мектептері болып қайта құрылды. Оларда Мәскеу жіберген оқу бағдарламалары мен оқулықтар басшылыққа алынып жүрді.
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов қазақ тілі мен әдебиеттану, психология мен педагогика, өсімдіктану мен тіршіліктану, математика пәндері жөніндегі сындарлы оқулық әрі тұңғыш оқулық болып табылады. М.Дулатов, М.Тынышбаев, С.Асфендияров, Т.Рысқұловтың да тарих саласындағы зерттеулері де сол шамада жазылды.
Ұлт мектептерінде оқуды ана тілінде ұйымдастыруға байланысты, ғасыр басында мәдениттік оқу орнында оқитын қазақ, қырғыз, өзбек т.б. жалпы түркі тілдес халықтың балаларына арналып шығарылған әліппелер пайдаланылды. Мұндай әліппелер И.Арабаев пен Қ.Сарсекеевтің «Әліппе, яки төте оқуы», Мухан Ораз Нұрбайұлының «Қазақша әліппе», З.Ерғалиұлының «Қазақ әліппесі», К.Сергалиннің «Қазақша әліппе кітабы», атты оқулықтар алғашқылар еді [50].
Дегенімен, бұл әліппелер, оқу-ағарту саласында көп жылдық, ұзақ мерзімді қолданыс таба алмағаны мәлім.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласында пікірлес жолдасы, қазақ бастауыш мектебінде математика «Есеп құралы» оқулығын жазған қазақтың біртуар ұлы перзенті М.Дулатов, әліппе оқулығына бірлесіп авторлық құрған әріптесі Т.Шонанов, тіл біліміне жан-жақты зерттеген Х.Досмұхамедов пен Е.Омаровтар, сондай ақ А.Байтұрсыновпен бірге оқу-ағарту саласына үлкен үлес қосқан кіші замандастары Ы.Сәдуақасов, М.Әуезов, М.Жұмабаев есімдерін атап өту міндеттіміз. Бұлар қазіргі бастауыш мектеп педагогикасы туралы ғылым саласының негізін қалауда да, жазған оқулықтары, жеке зерттеу еңбектері арқылы бастауыш мектеп педагогикасы ғылымының дамуына зор үлес қосқандар.
Қазіргі педагогика ғылымының жетістігінде «оқулық» ұғымының мән-мағынасы ашылып, оған анықтама берілген.
Педагогикалық энцеклопедияда «Оқулық дегеніміз – бағдарламада белгіленген мақсатарына бағытталған және дидактика талаптарына сәйкес белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімдердің негізін анықтайтын кітап» деген анықтама берілген [51, 410 б].
Ал орыстың ұлы педагогы Ушинскийдің «Оқулық – ғылыми категорияларды педагогикалық категорияларға айналдыру жолымен өңделген, оқушыларға арналған құрал» деген [52, 56 б].
Бүгінгі таңда оқулық теориясымен айналысатын ғалым Құсайынов «Оқулық дегеніміз – ғылымды педагогикалы тұрғыдан баяндайтын, басқаша айтқанда, ғылыми категорияларды педагогикалық категорияларға өңдеп, оқушыларға ұсынатын құрал» дейді [53, 24-25 б].
Ал ғалым Қоянбаев Р.М. оқулық ұғымына «Оқулық – дидактикалық талаптарымен және бағдарламамен анықталған, оқыту мақсаттарына сәйкес оқу пәні бойынша ғылыми білімдерің негізі баяндалған кітап» - деп түсінік береді өзінің педагогикалық сөздігінде [43, 90 б]
Белгілі теоретик С.Г.Шаповаленко : «Оқулық – ғылым негіздерін меңгеру үшін оқушыларға арналған құрал. ... Оқулықтарда белгілі бір мөлшерде оқу пәндері оқу әдістемесі де көрініс табады», - дегеп тұжырымдаған [54, 13 б].
Белгілі ғалым М.И.Скаткин: «Оқулыққа белгілі бір мөлшерде оқыту әдістемесі де ендірілген... Бұл мағынада оқулық алдағы оқыту қызметінің өзінше бір сценрийі (бастапқы нобайы, жобасы) болып табылады», - дейді. [55, 67 б]. Басқа да бірқатар ғалымдар өз еңбектерінде осыған ұқсас пікірлер айтады. Мысалы, И.Я.Лернер, В.В.Краевский, Н.Ф.Талызина сияқтык көрнекті теоретиктер: «Оқулық жасау – оқу-тәрбие процесін жобалау жөніндегі жұмыс», - десе, белгілі чех педагогі М.Карликова оқулықты «нақты оқу поцесінің нобайы (прообраз)» деп қарайды [56, 22 б]. Н.Ф.Талызинаның «оқулықтың іс жүзінде оқу процесінің барлық кезеңдерінде пайдаланып толықтай немесе ішінара оқытушының міндеттерін атқара алатыны » [57, 32 б] жайындағы пікірі мен И.Я.Лернердің «оқулық бүкіл оқыту процесіне қызмет етуге арналған » [57, 46 б] деген ой пікірлерінің сабақтасып жатқанын көреміз.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім мазмұны тұжырымдамасында «Оқулық мектеп ұстанатын оқу материалының базалық (инварианттық) деңгейіне сай жасалды, яғни оқулықта базалық білім мазмұны толық, жан-жақты ашылуы тиіс. Сонымен қатар, оқулықта бастауыш сатыдағы бала психикасының әр жасқа сәйкес ерекшеліктері ескеріліп, тартымды, түсінікті, стилистикалық жағынан сауатты жазылған мәтіндер берілуі қажет» - деп анықтаған [58, 247 б].
Оқулықтар оқу бағдарламалардың негізінде жасалды. Олар оқушыларға білім берудің негізгі көзі. Әрбір оқулыққа қойылатын талаптар:

    • оқу материалдарының жоғары иддеялық және ғылыми деңгейінде түсінікті болып баяндалуы;

    • оқу-әрекетінің негізгі тәсілдерін қалыптастыру;

    • пәнаралық және пәнішілікке байланысты жетілдіру;

    • оқу материалдарының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

    • жалпы орта білім мазмұнында табиғат, қоғам, техника, мәдениет және адам жайындағы ғылымдардың барлық негізгі бағыттарын тұтас бейнелеу;

    • біздің елімізде және басқа дамушы елдерде салыстырмасы бағалау әдістерінің көмегімен жалпы білім мазмұнын таңдап алу жайындағы халықаралық тәжірибені ескеру.

Оқу пәнідері бойынша білім мазмұнына осындай критерилерді енгізу, үдемелі ғылыми-тоериялық және елімізде қоғамдық өмірді қайта қарау қажеттігіне мүмкіншілік туғызады [59, 387 б].
Ғалым Қыяқбаева Ұ.Қ. өзінің «Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен даму» атты ғылыми зерттеуінде 90 – шы жылдары жасалған оқулықтарды екі кезеңге бөліп ғарастырған:
Бірінші кезең: 1990-1995 жылдар;
Екінші кезең: 1996-2002 жылдар.
Бірінші кезеңдегі дайындалған оқулықтар егемендігімізді жаңадан алып, еркіндігіміз қолға тиген кезде жалпы бастауыш білім мазмұнында ескерілмей келген республикалық ерекшеліктерді оқу үрдісіне ендіруге бағытталған.
Екінші кезеңдегі дайындалған оқулықтарға мемлекеттік білім стандарты негізінде кешенді түрде жасалып біртіндеп оқу үрдісіне ендірілген жаңа буын оқулықтары жатады[48].
«Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептер үшін оқулық және оқу-әдістемелік кешендерді дайындау және шығарудың мақсатты бағдарламасы» 1996 жылғы 26 қыркүйекте Үкімет Қаулысымен (№1173) бекітілді [60, 95 б].
Бұл жаңа буын оқулықтарының жаңалығы дамыта оқыту теориясының элементтерін ендіруінде.
Жаңа буын оқулықтарының бұрынғы оқулықтардан негізгі ерекшеліктері:

  • оқулықтарды қазақстандық авторлар құрамының жазуы және осы оқулықтарда қазақстандық ақын-жазушылардың, суретшілер мен сазгерлердің шығармалары мен ғалымдар еңбектерінің көптеп берілуі;

  • мәтіндер Кеңес идеологиясы (коммунист – капиталист, бай – кедей) тақырыбынан тазаланғандығы;

  • материалдарда тарих, әдет-ғұрып, батырлар жырлары, ұлағатты ақыл-ойшылдардың нақыл сөздері, бір сөзбен айтқанда азаматтық-елжандылық сезімдерін оятатын этномәдени белгілермен суарылғандығы.

Жаңа буын оқулықтарының сапасының көңілдегідей болмағанын уақыттың аздығына сайған дұрыс. Біз сол олқылықтарды әр пән бойынша сараламай жалпы кемшіліктерге тоқталайық.:

  • білім мазмұнында шығармашылық міндеттердің шешілуі, қабілетті дамыту кең түрде қарастырылмаған;

  • оқулықтарда дамыта оқытудың мүмкін үлгілері толық қамтылмаған;

  • оқулық мазмұнында міндетті және мүмкіндік деңгейлері, саралап оқыту жүйесі дұрыс жолға қойылмаған;

  • көптеген оқулықтар мәтін, сұрақ, тапсырмамен шектелген.

1997-2000 жылдарда 1-4 сыныптарға арналған барлық пәндер бойынша (қазақ, орыс, ұйғыр мектептері үшін) жаңа буын оқулықтары (барлығы 140-тан астам) және оқу-әдістемелік кешендер «Атамұра» баспасында жарық көріп, Республика мектептерінің тәжірибесіне енгізілді. Оның ішінде Ы.Алынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының лаборатория қызметкерлері (авторлық бірлестікте) жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін жасауға атсалысты. Атап айтқанда, К.Жүнісова-«Дүниетану» оқулығы (1-4 сыныптар); Дүниетану оқулығының әдістемелік нұсқауы (1-4 сыныптар); Дүниетану оқулығының хрестоматиясы (1-4 сыныптар); Бақылау күнделігі (1-4 сыныптар); Дидактикалық материалдар (1-сынып);
Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова– «Әліппе» оқулығы (1-сынып); «Ана тілі» оқулығы (1-сынып); Сауат ашу әдістемесі; Ана тілі оқулығының әдістемесі; Жазу дәптерлері (№1, №2, №3); Ана тілінен жұмыс дәптерлері (№1, №2); Кеспе әріптер мен буындар;
Р.Ізғұттынова - Әліппе серігі; Ана тілінен оқу хрестоматиясы (1-сынып); Қазақ тілінен үлестірмелі-дидактикалық материалдар (2-сынып),
П.Жаманқұлова - «Ана тілі» оқулығы (2-сынып); Ана тілі оқулығының әдістемелік нұсқауы (2-сынып); Ана тілінен мазмұндамалар жинағы (2-3 сынып); Ана тілі хрестоматиясы (4-сынып),
С.Дүйсебаев - «Қазақ тілі» оқулығы (4-сынып, оқу орыс тілінде жүргізілетін мектеп үшін),
З.Айдарова - «Бейнелеу өнері» оқулығы (1-4 сыныптар); Бейнелеу өнерінің әдістемелік нұсқауы (1-4 сыныптар); Дидактикалық материалдар (1-4 сыныптар); Бейнелеу өнері дәптері (1-сынып),
С.Нұрсейітова - «Еңбекке баулу» оқулығы (1-сынып); Дидактикалық материалдар (1-сынып).
1998 жылы «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы» (лаборатория меңгерушісі К.Жүнісова) жарияланды.
1-4 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарының мектеп тәжірибесіне, оқуға толық енгізілуі олардың сапалылығын көрсетеді. Мысалы, ана тілі оқулығы (С.Рахметова, П.Жаманқұлова, Б.Қабатаева) жаңа мазмұында құрылып, онда орын алған шығармаларда халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, қазақ жерінің сұлу табиғаты, төрт-түлігі мен ата кәсібі, оқушыларымызды елі мен жерін сүюге тәрбиелейді. Оқулықтың әдістемелік аппараты дамыта оқытуды жүзеге асыру міндетіне сәйкес құрылған атауға болады.

  • Матемтика (1-4 сынып, Т.Оспанов т.б. жазған) оқулық дамыта оқытуға бағытталған.

Оқулықтың ерекшеліктері:

    • онда әр сабаққа сәйкес келетін материалдар беріледі, яғни оқулықты құрастыруда сабақтастық принцип сақталады;

    • жаттығулар білімді жүйелі түрде меңгертуге, білік пен дағдыны жетілдіруге бағытталған:

а) жаңа материалды оқытуға дайындау бағытындағы жаттығуар;
ә) жаңа материалмен таныстыруға арналған жаттығулар;
б) білімді тиянақтау және игерілген материал деңгейін тексеруге арналған жаттығулар.
Жаттығулар жүйесі бастауыш мектеп математика курсының нақты мәселелерін оқыту әдістемесін анықтайды;
Жаттығулардың әр түспен берулуі мұғалімге тапсырманы орындауға қатысты талаптарды айқындауға және сабақта оны тиімді түрде қолдануға көмектеседі:
а) қызыл түс – жаңа ұғым және онымен байланысты материалдарды игеруге арналған жаттығулар;
ә) қара түс – қайталауға арналған жаттығулар;
б) көк түс – дамыту сипатындағы жаттығулар;
в) жасыл түс – шығармашылық сипатындағы жаттығулар;
г) белгілеулер: □ – жасырын сан; - жасырын амал таңбасы, * - жасырын =, < немесе > таңбасы;

  • тапсырмаларды орындау ретін мұғалім өзі анықтайды, өзіндік жұмысқа, топтық және дербес жұмысқа арналған тапсырмаларды мұғалім өзі таңдайды, яғни оқулық материалдарын іріктеу мен оны үйлестіру шығармашылық тұрғыдан жүзеге асырылады;

  • жаттығуларды механикалық және бір сарында (үлгі бойынша) орындаудан бас тартуға негіз болатын, бақылау, салыстыру, қорытынды жасау және бірнеше альтернативті шешу нұсқаларын іздестіруді талап ететін дамытушылық сипаттағы жаттғулар жүйесі арқылы дамыта оқытуды жүзеге асыру;

  • шығармашылық жаттығулар арнайы жүйе құрайды, олар ерекше, дәстүрден тыс ойлауды, зейінділікті және ой тұжырымдай алуды талап етеді, сондықтан мұндай жаттығуларды орындау нәтижесі бағаланбайды, тек мадақталады (жасыл қоршаудағы жаттығулар);

  • оқулықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі – оқыту мен тәрбиелеуді өзара байланысты жүргізуге арналған материалдарды тиімді таңдап алуды ескеру:

а) сурет мазмұнының қоршаған ортымен байланысы;
ә) оқушыларды еңбектің қарапайым түрлерімен таныстыру, еңбек әрекетіне оқушылардың араласуына ықпал ету;
б) өз халқына, туған жеріне, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
в) ұлттық өнер, салт-дәстүрмен, мәдениетті сүю және бағалауға баулу;
г) географиялық және экономикалық мәліметтер мен деректер, этнографиялық факторларға көңіл бөлу;
ғ) оқулықтың әліппемен (сауат ашу) пәнаралық байланысы, нақты біліктік деңгей мен оқу жылдамдығының сәйкестігі;
д) тәрбие тақырыбында әңгіме құрастыруға болатындай мүмкіндік жасау мақсаты мен оқулықтың қосар бетіндегі сурет мазмұнын ортақ тақырыпқа сәйкестендіру; сурет мазмұнының жыл мезгілдеріне сәйкестігі, пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
Математиканы бастауышта оқыту бағдарламалары – үш бөлімнен тұрады: бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері, оқыту мазмұнына сипаттама, математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі, оқушылардың математикалық дайындығына қойлатын талаптар.
Дамыта оқыту идеясына құрылған жаңа мазмұнды оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарды тиімді пайдалану мұғалімнің басты міндеті оқу материалының мазмұнын оқушыға дайын күйінде жеткізу, түсіндіру, іс-әрекет үлгісін дайын түрде көрсету емес, оқушымен бірлесе, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып алға қойған міндеттерді түсіну, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Мұғалімнің негізгі қызметі өз ойын, пікірін айтқысы келген оқушыларды тыңдау, ой-пікір білдірушінің жағына шығып, оның логикасын түсіну, қате пікірді бірден жоққа шығармай, оқушылардың өзара пікір алысуы барысында елеусіз түзету, әр оқушыда «Менің ойымша...», «Мен онымен келіспеймін, себебі...» деген сияқты ситуациялар туғызу керек.
Жаңа буын оқулықтары оқушылардың логикалық ойлауын, қиялын дамытуға сай жазылған.
Қорыта айтқанда, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы мектептермен және оқыту мекемелерімен бірлесе жұмыс істеуі нәтижесінде жалпы орта білім берудің реформаларын жасау, жалпы орта мектептің білім мазмұнын жетілдіру және жалпы орта білімнің әдістемелік жүйесін жетілдіруде басты орын алатыны анықталды.

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІ (1985-2000 жж.)


Кеңестік дəуірдің 30 жылдары еліміздің Халық ағарту комиссариятының қарамағындағы Ғылыми – педагогкалық кабинет негізінде педагогикалық ғылыми зерттеу институты 1933 жылдың қаңтар айында қалыптасты. Осы мекеме Қазақстаннның педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосып, көшбасшы мекеме ретінде рөл атқарды.Институт құрамында алғашқы кезеңде бағдарламалық əдістемелік, педагогикалық, политехникалық, сектор жəне оқулық əдебиеттердің кабинеті болды /1/. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы Қазақстан Республикасының жетекшi ғылыми мекемесi болып табылды. Академияның қалыптасу тарихы ҚазКСР ағарту халкомы Ғылыми – зерттеу педагогикалық институтын құру туралы бұйрыққа қол қойған 1933 жылдан басталады. 1936 ж. ол педагогика жəне мектептердi ұйымдастыру Институты, 1938 ж. - мектептердiң ғылыми – зерттеу Институты, 1951 ж. – педагогикалық ғылымдардың ғылыми – зерттеу Институты болып қайта аталды.
Академияның негiзгi атқаратын мiндетi оқыту мен тəрбиелеу теориясы мен практикасын дамыту, реформалау үрдiсiн ғылыми жəне ғылыми - əдiстемелiк iлестiре жүру, жалпы орта жəне бастауыш, орта жəне жоғары кəсiптiк бiлiм берудi дамытуды қолдау жəне жетiлдiру, дүниежүзiлiк бiлiм кеңiстiгiне интеграциялану, психология – педагогикалық ғылымдарды дамыту, Қазақстан Республикасының əлеуметтiк – экономикалық дамуындағы, жалпы алғанда қоғамның прогрестi қайта құрылуындағы оныңролiн жоғарлату. Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтының директорлары қызметін еліміздің белді қоғам қайртакерлері мен педагогтары басқарып отырды. Оларды атап айтқанда:
Ш.Əлжанов (1933-1937 жж.), Е.Бекмаханов (1937-1941 жж.) Қ.Сытдықов (1943-1952 жж.) басқарып тұрған кезеңде институт базалық жағынан қалыптасып даму үрдісінің сара жолына түссе, Қ.Ермеков (1952-1954 жж.), Қ.Ысқақов (1954-1962 жж.), Қ.Сембаев (1962-1974 жж.), Р.Есенжолова (1974-1984 жж.) басшылық жасап тұрған кезеңде Кеңес Одағы тұсында педагогика кадрларын дайындауда үлкен іргелі қызметтер атқарды. Ал Н.Абаева (1984-1991жж.) тұсында өтпелі қайта құру кезеңі мен дағдарыс тұсында білікті педагоикалық кадрлар мен ғылыми дамуды үздіксіз жолға қоя білді. Ел тəуелсіздігін алған алғашқы жылдары Н.Нұрахметов (1991-1997 жж.) басшылық жасап, мемлекеттің білім саясатының талаптарына сай жасақталып, дербес еліміздің педагогика ғылымына жаңа өзгерістер əкелді. Осының негізінде 1998 жылдан бастап құрылымдинамикасында жаңа бөлімдер мен жекелей педагогика салаларын қамтитын институттар бой көртерді. Сөзіміз дəлелді болу үшін төмендегі құрылым динамикасын беріп отырмыз.
Ал 80 жылдардың екінші жартысында институт жетіліп, еліміздегі ірі педагогикалық ғылыми мекеме ретінде өрісті қызметке кіріскен кезең болды. 1984-1991 жылдары институтты педагогика ғылымдарының докторы Н. Абаева басқарды. Қоғам мен заман талабына сай жаңа ағымдар пайда болды. Мысалы: «Қазақстандағы педагогикалық ой – пікірдің дамуы» жəне т.б. идеялық жағынан ұтымды тақырыптар зерттеу жоспарына енді. 1981-1985 жылдары «Қазақстанның ұлттық мектептерінде оқытудың тиімділігін арттыру» мəселесі бойынша ұлттық мектептердігі оқыту үрдісінің ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту үрдісінің тиімділігі жетілдірілген бағдарламалардың əдістемелік аппаратын қолдану негізінде сабақ беруді жақсарту жолдары зерттелді.
Ал 1988 жылы осы институт қарамағындағы «Бастауыш мектептегі білім мазмұны мен оқыту əдістерін жаңарту жəне 1-2 сыныптардағы білім мазмұнын интеграциялап оқыту» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын қолға алды. 1990 жылы инститта құрылған ғылыми топ Білім мазмұнын интеграциялау жəне оқушылар мен балабақша балаларының эстеикалық дамуының ғылыми педагогикалық мəселелерін жетілдіріу ісімен айналыса бастады. Осының нəтижесінде «ХІ – ХІХ ғасырлардағы ақын – жыраулардың поэзиясындағы педагогикалық ой –пікірлер», «Ыбырай Алыынсариннің тəлім – тəрбиелік мұралары», мектептерді комютерлендіру проблемалары бойынша ғылыми мақалалар жинағы жəне бағадарламалар жарыққа шықты.
Қайта құру жылдарында институтта Қазақстандағы 14 ғасырлық педагогикалық ой – пікірлердің көп томдық антологиясын даярлаудың бастамасы қолға алынды. 1987 жылы мұғалімдердің озық тəжірибелерін жинақтап, педагогикалық ой – пікірлерді талдау барысында «Оқу – тəрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақтың тиімділігін арттыру» мəселесі бойынша жəне 1991 жылы «Халыққа білім беруді қайта құру жағдайындағы педагогикалық – психологиялық теория мен пратиканың əрекеттестігі» тақырыптарында өткен республикалық педагогикалық оқулар осы институт негізінде ұйымдастырылды.
1986-1991 жылдары КСРО педагогикалық ғылымдар академиясының оқытудың мазмұны мен əдістері институтының Қазақ филилы «Қазақ мектептеріндегі оқытудың, тəрбиенің мазмұны мен əдістерін жетілдіру» мəселесі бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізілді. Оның көшбасшы еңбектері ретінде М. Өтеғұловтың «Тарих сабақтарын жетілдіру жолдары», Т. Тұрлұғұловтың «Қазақ ССР тарихын оқыту методикасы» жəне тағы басқа да педагогика ғылымының мамандарын атай аламыз. Бұл ғалымдар ұлттық негіздегі білім беретін мектептердегі білім берудің сапасы мен құрылымдық, методикалық жағынан жетілуіне үлесті еңбек сіңірді. КСРО педагогикалық ғылымдар академиясының оқытудың мазмұны мен əдістері институтының Қазақ филилы осы жылдары Ы.Алтынсарын атындағы ғылыми зерттеу иснитутымен, Орталық, облыстық, мұғалімдер білімін жетілдіру инстиуттарымен, република жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс жүргізді.
Институт ғылыми қызметкерлер потенциялы ниститут қабырғасында ғылыми сараптан өткен озық ой – пікірлерді, əдістемелерді білім беру саласында кеңінен насихаттау жұмыстарын атқарды.
Осының негізінде семинарлар, конференциялар, курстар өткізілді. Мысалы: 1985- 1993 жылдар аралығында институт ғылыми қызметкерлері тарапынан 10 мың сағаттан астам дəрістер, 500- ден астам баяндамалар жасалынғандығын деректер ретінде келтіре аламыз.
Н.Назарбаев Республикадағы білім беру мəселесі бойынша Республика білім жəне ғылым қызметкерлерінің съезінде былай деген болатын: «Кейінгі жылдары білімберу саласына жасалып жатқан реформаларды қолдау жөінде маңызды қадамдар жасалды. Елдің білім əлеуеті сақталып, кеңейе түсті. Білім берудің құрылымы мен жүйесі реформаланды.Оның барлық буындарына арналған жалпыға бірдейміндетті стандарттар жасалып, енгізілді. Білім берудің мақсаты мен мазмұны өзгерді.
... «Білім туралы» жаңа Заң, «Білім» атты мемлекеттік бағдарлама, Үкіметтің осы көкейтесті мəселе бойынша бірқатар маңызды шешімдеі қаыблданды. Осыарқылы білімберу жүйесін нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып дамытуға жаңа жағдайлар жасай алдық /2/.
1993 ж. институт Қазақ бiлiм беру мəселелерi институты болып қайта құрылды. 1998 жылға дейін институт білім академиясы болып қайта қрылғанға дейін республикадағы педагогикалық ғылымдарды зерттеу міндеті осы институтқа жүктелді. Осы институт көлемінде дидактикалық зертхана 1988 жылы ашылды. Алғаш рет ол КСРО педагогика ғылымдар академиясының оқытудың мазмұны мен əдістері институтының Қазақ филиалында құрылды. Сол кездегі сұранысқа байланысты зертхана «Ұлттық мектептегі білім мазмұнын болжау» деп аталған. Кеңестер одағы бойынша аталған институттың филиалы тек Қазақстанда болғандықтан ұлттық мектептердегі берілетін білім мазмұнының жай – күйін, болашағын болжау осы зертханаға жүктелген. Қазақ филиалы Республикадағы педагогика ғылымдары ғылыми - зерттеу институтымен қосылғандықтан зертхана «Педагогика теориясы» деп аталады. 1985- 1990 жылдарда еліміздің саяси - экономикалық өмірінде болған өзгерістер қоғамдық құылыстарды демократияландыру, сондай –ақ қайта құру, жариялылық т.б. ұстанымдарды іске асыру институттың тарихи тақырыпқа бет бұрыс жасауын қажетсінді. Осыған байланысты 1986 жылдан бастап педагогика тарихы бөлімі тəлім тарихын зерттеу ісімен белсене айналысты. Нəтижесінде Қазақстандағы педагогикалық ойлардың кеңес дəуіріндегі даму барысы зерделеніп, 20 жылдық тəлім тарихын қамтитын «Қазақстан мектептерінің тарихы жəне педагогикалық ой – пікірдің дамуы жөніндегі қысқаша аннотациялық көрсеткіш» жарыққа шықты /3/. 1998 ж., шешiлетiн мəселелер деңгейiн жəне уақыт талабына сай жаңа бағыттарда зерттеулер ұйымдастыру қажеттiлiгiн есепке ала отырып, институт Қазақ бiлiм академиясы деген жаңа мəртебе алады. Институт қабырғасында Ы. Алтынсариннің 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми – пратикалық конференция 1991 жылы өткізілді. Осы конференция негізініде «Ы.Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары» атты ғылыми педагогикалық жинақ шықты. Осы ғылыми зерттеу институтының қарқынды жұмысының нəтижесінде 1990 жылы республиканың ұлт мектептерінде оқу тəрбие жұмыстарын ғасырлар бойы сыннан өткен халықтық педагогика қағидалары негізінде жүргізу мəселесі күн тəртібіне қойылды. Педагогикалық жоғары оқу орындарында этнопедагогика жəне этнопсихология кафедралары құрылып, бұл пəндер арнаулы курс ретінде өтілетін болды
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясының 1998 ж.
құрылған кезiнен бергi құрылым динамикасы

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы (1998 ж.)


Сейдiмбек Ақселеу Сланұлы
1. Орта жəне кəсiптiк бiлiм беру институты
2. Жоғары бiлiм беру институты
3. Республикалық баспа кабинетi (РБК)
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы (1999 ж.)
Озғанбаев Өмiрзак Озғанбайұлы
1. Орта бiлiм беру институты
2. Кəсiптiк бiлiм беру институты
3. Жоғары бiлiм беру институты
4. Тəрбие институты
5. Ақпараттық – талдау орталығы
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы(2001 ж.)
Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы
1. Мектеп жəне мектепке дейiнгi бiлiм беру институты
2. Кəсiптiк бiлiм беру институты
3. Тəрбие институты
4. Жоғары бiлiм беру институты
5. Оқулықтарды мониторингiлеу орталығы
педагогикалық зерттеулердiң ғылыми – зерттеу орталығы
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы
(2003 ж.) Арынов Қажымұқан Тохтиярұлы
1. Үздiксiз бiлiм беру институты
2.Тұлғаны əлеуметтендiру институты
3.Бiлiм сапасын бағалау орталығы
4.Бiлiм мен ғылым жүйесiндегi мемлекеттiк тiлдi дамыту орталығы
6.Оқу əдебиетi сапасын мониторингiлеу орталығы
7.Бiлiм берудегi инновацияның ақпараттық – талдау орталығы
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы
(2005 ж.) Құсайынов Амангелдi Құсайынұлы
1.Жалпы орта бiлiм беру институты
2.Жоғары бiлiм беру институты
3.Кəсiптiк жəне техникалық бiлiм беру институты
4.Бiлiм беру дамытудың стратегиялық зерттеулер орталығы
5.Тұлғаны əлеуметтендiру орталығы
6.Бiлiм беру жүйесi мазмұнын қамтамасыз ету орталығы
7.Ақпараттық – талдау орталығы
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы
(2007 ж.) Балықбаев Такир Оспанұлы
1.Жалпы орта бiлiм беру институты
2.Жоғары бiлiм беру институты
3.Кəсiптiк жəне техникалық бiлiм беру институты
4.Тұлғаны əлеуметтендiру орталығы
5.Бiлiм беру жүйесi мазмұнын қамтамасыз ету орталығы

Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының жоғары білім беру салалары бойынша жоғары білікті ғылымдарды даярлауға қомақты үлес қосып келеді. Академияның аспирантура бөлімі қырық жылдан астам жұмыс істеді. Осы жұмысының нəтижесінде көптеген заман мен қоғам талабына сай педагогтар мен білікті ғылыми мамандар қатары толыға бастады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет