Дипломдық ЖҰмыс 5В010300-Педагогика және психология Шымкент, 2022 ф-19-01/02


Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының даму кезеңдері (1933-1990)



бет6/10
Дата16.01.2023
өлшемі142,93 Kb.
#165620
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Арзимат
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
1.2 Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының даму кезеңдері (1933-1990)

Тарихи оқиғалар, тарихи-педагогикалық құбылыстар, үдерістер белгілі бір уақыт пен кеңістікте өтеді. Қазіргі кезеңде өтіп жатқан оқиғалар өткенмен, кешегімен генетикалық тығыз байланысты. Қазіргі кезеңдегі өзгерістерді дұрыс түсіну үшін өткенге үңілу болашақ үшін аса маңызды және сол өткенді бүгінмен салыстыра отырып жаңа кезеңдерге бөлу, сын көзбен талдау жасау бүгінгі күні кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, біз өз тақырыбымызды қарастырмас бұрын, осы мәселе бойынша болған зерттеулерді, пікірлерді саралап қарауды жөн көрдік.


Жалпы педагогика тарихында дәуірлік даму кезеңдері мәселесін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған. Мысалы, Н.А.Константинов, Е.Н.Медынский, М.Ф.Шабаева «Педагогика тарихы» еңбегінде КСРО мектебі мен педагогика тарихын мынадай кезеңдерге бөліп қарастырады:

  1. Ұлы Қазан төңкерісі және білім беру мен тәрбие саласындағы түпкілікті өзгерістер кезеңі (1917-1920жж).

  2. Социалистік индустрияландыру және халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі кеңес мектебі және педагогикасы (1921-1930жж).

  3. Социализмнің барлық жерлерде орнауы кезеңіндегі кеңес мектебі мен педагогикасы (1931-1940жж).

  4. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес мектебі мен педагогикасы (1941-1945жж).

  5. Халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру кезеңіндегі және социалистік қоғамның одан әрі дамуы кезеңіндегі кеңес мектебі мен педагогикасы (1946-1958жж).

Социализмнің дамуы кезеңіндегі кеңес мектебі мен педагогикасы [16, 64 б].
Педагогика тарихын қарастырған ғалымдар Қ.Бержанов, С.Мусиннің «Педагогика тарихы» еңбегінің «Социалистік қоғам орнату кезеңіндегі кеңес мектебі мен педагогика тарихы» атты бөлімінде Ұлы Қазан төңкерісі және еліміздегі оқу-ағату саласындағы негізгі өзгерістердің басталуы (1917-1920 ж.ж.) [17]. Мұнда 20-жылдардағы Халық ағарту комиссариатының халық арасында жұмысы, кеңес мектебінің алғашқы қадамдары, мектептерді қайта құру жөніндегі декреттер қарастырылады.
1921-1936 жылдардағы кеңес мектебі және педагогика кезеңінде еліміздегі азамат соғысының жеңіспен аяқталғаннан кейінгі совет халқының тіршілігі, Қазақстандағы мектеп жүйесі, мектептегі оқу жоспары мен бағдарламар мәселелері сөз болды.
«Социалистік қоғам құруды аяқтау және коммунизм құруды өрістету дәуіріндегі совет мектебі мен педагогика» (1937-1980 жылдар) атты бөлімінде:
1 кезең – Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы кеңес мектебі (1937-1945 жылдар)
2 кезең – Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп пен педагогика (1946-1956 жылдар)
3 кезең – 1956-1970 жылдардағы кеңес мектебі мен педагогиканың дамуы.
4 кезең – Дамыған социализм дәуіріндегі педагогика және мектеп деп қарастырылған. Яғни, бұл ғалымдардың педагогика тарихын осындай кезеңдерге бөлуі, елдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты болған.
Кезеңдерге бөлу мәселесін өз еңбегінде қарастырған Қазақстан ғалымдарының бірі – В.Г.Храпченков болып табылады [18]. Ол өзінің «Научно-педагогические основы всеобщего обязательного среднего образования в Казахстана» атты докторлық диссертациясында 1917-1991 жылдар аралығындағы кезеңдегі Қазақстандағы мектеп пен педагогика дамуының кеңестік кезеңі деп алып, осы кезең ішінде кеңес мектептерінің дамуы мен қалыптаусының 3 кезеңге бөледі.
Бірінші кезең – 20-шы және 30 жылдардың басы. Автордың айтуынша, бұл кеңестік Қазақстанда жалпы білім беретін мектептердің пайда болуы және даму кезеңі. Бұл жылдары халыққа білім беру жүйесі мен басқару органдарының қалыптасуы басталады. Мектептердегі оқыту ана тілінде жүзеге асырылады. 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында жалпыға бірдей бастауыш білім беру жұмыстары басталды.
Екірші кезең – 30-шы жылдардың басы мен 50-ші жылдардың ортасы Қазақстанда білім беру жүйесі мен мектеп типтерінің қалыптасуымен сипатталады. Республиканың барлық жерінде жалпыға бірдей мектеп типологиясы-онжылдық (бастауыш, жетіжылдық, орта мектеп), бірдей білім мазмұны, оқу жұмысын ұйымдастыру формасы бекітілді. Бұл жылдары мектептер саны күрт көбейді.
1950 жылы республикада 9087 мектеп (1355 мың оқушы) оның ішінде жеті жылдық 2446, орта- 659. 4054 (182-орта) қазақ мектебі болса, онда 428,1 мың оқушы оқыды.
Үшінші кезең – 50-ші жылдардың ортасы мен 90-шы жылдардың басында мектеп жүйесінің одан әрі дамуымен сипатталады. Бұл кезеңде жалпыға бірдей жетіжылдық, орта білім беру жүйесі іске асырылды. Автордың айтуынша, бұл кезеңнің негізгі тенденциясы: жалпыға бірдей орта білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздерінің жасалынуы, оқу орындарының типтерінің дамуы, орта мектептер санының күрт өсуі, мектептердегі мұғалімдер арасындағы жаңашылдықтың дамуы болып табылады.
Қорыта айтқанда, В.Г.Храпченковтың еңбегінде педагогика тарихын кезеңдерге бөлу қазіргі кезеңдегі жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырылған.
Шұғаева Г.Қ. өзінің «Қазақстанда ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуы (1930-1960 жж.)» атты кандидаттық диссертацисында Қазақстандағы шағын жинақталған ауылдық мектептердің 1930-1960 жылдар аралығындағы дамуын 3 кезеңге бөліп қарастырды:
1-кезең – 1930-1940 ж.ж. Бұл кезеңде жалпыға бірдей бастауыш білім беру саясатына байланысты шағын жинаталған мектептердің санының өсуі және одан әрі дамуымен сипатталады.
2-кезең – 1941-1945 ж.ж. аралығын қамтиды. Ол Ұлы Отан соғысының қиын жағдайларына қарамастан, шағын жинақталған мектептердің сақталып, сонымен қатар, «жылжымалы мектептердің» жұмыс жасауымен ерекшеленеді.
3-кезең – кезең 1946-1960 ж.ж. Бұл кезең 50 жылдардың аяғында Н.С.Хрущевтың теріс саясатына байланысты көптеген шағын жинақталған мектептердің жабылуы мен және т.б. өзгерістермен сипатталады [19]. Осындай көптеген авторлардың пікірлеріне, зерттеулеріне сүйене отырып, біз өз еңбегімізде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру акдамиясының 1933 жылдан бастап дамуын бірнеше кезеңге бөліп қарастыруды жөн көрдік.
Зерттеу жұмысымызды төмендегідей 3 кезеңге бөліп қарастырамыз:
1-кезең 1933-1945 ж.ж.
2-кезең 1946-1970 ж.ж.
3-кезең 1970-1990 ж.ж.
Жалпы білім беретін мектептерді түбірімен жақсарту үшін Үкіметтің 1933 жылы ақпанда: «Бастауыш және орта мектеп оқушылары үшін оқулықтар құрастыру туралы», 1934 жылы мамырда: «Бастауыш және орта мектептің құрылымы туралы», 1935 жылы: «Оқу жұмысы бастауыш, орталау және орта мектептің ішкі тәртібін ұйымдастыру туралы» және 1934 жылғы: «КСРО мектептерінде азаматтық тарихты оқыту туралы» қабылданған қаулылардың мәні ерекше болды. Осы қаулылар негізінде жалпыға білім беру жүйесінің толық құрылымы аяқталды. Мектептердің жеке типтері айқындалды: бастауыш - 4 сыныптық, орталау - 7 сыныптық, орта -10 сыныптық болды.
БК(б)П ОК 1933 жылы 1қаңтарда наркомпросқа бастауыш және орта мектептер үшін программаларды қайта дайындауды тапсырды. Мұнда қоғамтану, қазақ тілі бойынша программалар қайта қарастырылуы керектігі ерекше атап көрсетілді.
БК(б)П ОК «Бастауыш және орта мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыудың негізгі формасы сабақ болып табылсын және ол белгілі бір кестемен, оқушылардың толық қатысуымен ұйымдастырылуы керек. Оқытудың бұл формасында топтық және жекелей оқушының жұмысы оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану арқылы мұғалімнің басшылығымен жүргізілсін» деп көрсеткен [20]. Оқулық, оқу әдебиттерінің сапасын жақсарту үшін БК(б)П ОК «Бастауыш және орта мектептердің оқу құралдары туралы» (1933 ж.) қаулы сында, СССР Халық Комиссарлары Советі мен БК(б)П орталық Комитетінің 1939 жылғы 27 тамызда шығарған «Бастауыш, орталау және орта мектептерге арнап оқу кітаптарын бастыру және сату туралы» қаулысында тұрақты бағдарлама мен оқыту әдістерін қолданудың, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын өңдеу ісінің түйінін шешетін нәрсе тұрақты оқулықтың болу керектігін атап көрсетті [21]. Осы қаулыға сәйкес бүкіл одақ бойынша әр пәндерге сәйкес оқулықтар таратылды, ал одақтас ұлттық мемлекеттерде және аймақтарда ана тілінде, аймақтық ерекшеліктерді ескеріп ұлттық мектептер үшін оқулықтар дайындалды.
Политехникалық оқытудың күшейуіне байланысты 1933 ж БК(б)П Қазақ аймақтық комитеті БК(б)П ОК- нің мектеп және пәндік оқытуға көшу туралы қаулысын, оқу программалары мен оқулықтардың қайта жасалуы туралы талқылады. 1932 жылдың аяғына қарай қазақ мектептері үшін оқулықтар дайындау мәселесі бойынша бірінші аймақтық конференция болды.
1933 жылы құрылған Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтыт қызметкерлеріне оқулық жазу тапсырылды.
Мерзімді баспасөз бен кітап шығару ісі мықтап дамыған бұл кезде 1925 жылы 96 кітап 443 мың дана болып таратылса, 1930 жылы тиісінше 200 ге жуық және 3 млн. дана болды. 1932 жылы таралымы 6 млн. дана 668 кітап шығарылды [22]. Қазақ мектептеріне керекті оқулықтар мен оқу құралдарының саны кенет өсті. Мәселен, 1934 жылы тиражы 596 мың дана не бары 4 оқулық шығарылса, 1935 жылы тиражы бір миллион жарымға жететін 15 оқулық шығарылды [23].
1930-1940 жылдардан басталатын кезеңде Қазақстан ірі индустриялық және алдыңғы қатарлы дамыған ауыл шаруашылығы бар республика болды. 1936 жылы Советтердің бүкілодақтық съезінде СССР-дің жаңа Конституциясы бекітілді.
1937 жылы Социалистік Қазақстан одақ республикасы ретінде өзінің жаңа Конституциясын қабылдайды. Барлық елдердегі тәрізді Қазақстанда да озық білім берудің кеңестік жүйесі дамыды. Буржуазиялық ұлтшылдардың биліктен айрылуы халық ағарту ісінің әрі қарай дамуына қолайлы жағдай туғызды. Қазақ мектептерінде түбегейлі өзгерістер болды.
Алдымен қазақ тіліндегі оқулықтарды жазу ісі тез қолға алынды. Оған ат салысқан алғашқы ғалымдардың ішінде «Әліппені» қайта өңдеуге кіріскен Ш.Әлжанов, қазақ тілінің оқулығын дайындаған І.Жансүгіров, М.Әуезов, М.Қаңлыбаев т.б. болды. Оқулықтармен қатар әдістемелік құралдар дайындалды. Мәселен, жазу әдістемесі Б.И.Хамутовқа, орфография мен грамматика әдістемесі Қ.Жұбановқа жүктелді.
Институттың қызметі 30-шы жылдардың екінші жартысында өте-мөте жемісті болды. Институтта бұл кезде басшылық еткен Е. Бекмаханов болды, осы тұста С. Жиенбаев, Ш.Кәрібаев, Р.Лемберг, Н.Сауранбаев сияқты белгілі ғалымдар еңбек етті. Халық ағарту комиссариаты мен институттың белсенді қызметінің нәтижесінде 1940 жылға дейін-ақ республиканың ұлттық мектептері оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілді. Олардың арасында С.Жиенбаевтың «Орыс мектебінің VI-VIII кластарына арналған қазақ тілі», Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» (5 кл.), С.Аманжоловтың «Қазақ тілінің грамматикасы» (синтаксис,1938), Е.Кротевичтің орыс тіліндегі «Оқу кітабы» (2кл.), А.Воскресенская мен Л.Голобородьконың «Орыс тілі» (4 кл.) т.б. оқулықтар болды.
Бұл оқулықтар Республикадағы ағарту саласының алға басуына зор әсерін тигізді.
1939-1940 жылдардағы ғылыми-педагогикалық институттың зерттеу мәселесі мектептік білім жүйесін жетілдіру болып жалғасты. Осы кезеңде орта білім беретін мектептің 8-10 сыныптарындағы білім мазмұны ғылыми тұжырымдалды. Тіл мен әдебиеттің, тарихтың мектеп оқуларына берер идеялық-эстетикалық, білімдік-тәрбиелік маңызы арнайы теориялық тақырыптар мен сұрау – тапсырмалар жүйесіндегі жұмыс түрлерінде нақтыланды. Сөйтіп, пәндік білім жүйесінің құрылымдық соқпағы салынды. Әдістеме ғылымының жүйелі зерттеу тақырыбына негіз болып, арнайы қарастырыла бастаған кездері де осы алғашқы он жылдық еншісіне тиеді.
1941 жылы фашистік Германияның Кеңестер Одағына соғыс ашуы тарихшы ғалымдар айтқандай, аса ірі әскери қақтығыс болды. Ол кеңес халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған Ұлы Отан соғысы деп аталды.
1939-1940 жылдардың аяғында Халық Ағарту комитетінің мектеп жүйесіне қайта қарау жұмыстарының нәтижесінде мектеп жүйесіне 1940/41 оқу жылдарында елеулі өзгерістерге ұшыраған.
1940-1941 оқу жылы аяғында бастауыш мектеп – 5128, бастауыш орта мектеп- 1748, орта мектеп – 640, барлығы – 7546.
Қазақстан бойынша 1940-1941 жылғы оқу жылының басында 1145993 оқушы, оның ішінде 441 мың қазақ болды. Яғни, 1932 жылғымен салыстырғанда екі есе өсті.
Қиын соғыс жағдайына қарамастан СССР халық комиссарлар кеңесі 1942-ші жылы 30-шы шілдедегі жарлығымен мектеп жасындағы барлық оқушылардың мектепке қатыстырылуын және мектеп ғимараттарын дұрыс пайдалануда қосымша шараларды белгіленгені түсінікті. 1943-ші жылғы 8-ші қыркүйектегі СССР ХАК қаулысы бойынша 1944-1945-ші оқу жылынан бастап барлық балаларды жеті жастан бастауыш, толық емес орта және орта мектептерде міндетті түрде оқыту енгізілді [24].
Қ.Құнантаева «Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917-1990ж.ж.)» атты еңбегінде соғыс кезіндегі ауыр жағдайдың өзінде оқуды қоғамдық еңбекпен байланыстырғанын атап өткен: «8-10 сыныптарға міндетті түрде тракторды, автомашинаны үйрену жүктелді. Ал 4-7 сыныптарды ауыл шаруашылығының қарапайым негіздерін үйрету енгізілді. Көптеген мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары майданға аттанды. Халықтың өмірінде жас ұрпақты оқытуға және тәрбиелеуге байланысты әртүрлі қиындықтар пайда болды, мұғалімдер жетіспеді. Белгілі бір деңгейде білім алған мамандардың майданға кетуімен байланысты кейбір пәндерден оқытатын адамдар болмады. Республикаға Россия, Украинаның батыс облыстарынан көп адам көшірілді. Қазақстандықтар орталық аудандардан Қазақстанға көшірілген үлкендер мен балаларды жылы қарсы алды. Оларды жұмыспен, тұрғын үймен, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етіп, жұмыс істеу үшін, мүмкіндігінше жағдай жасады» - дейді [7].
1943 жылы маусым айында КСР Одағы Халық комиссарлар кеңесі «1943-1944 оқу жылында облыстық, өлкелік қалаларда, одақтық және автономиялық республикалардың орталықтарында және ірі өндірісті қалалардағы орта және орталау мектептерде ұлдар мен қыздарды бөлек оқыту туралы» қаулы қабылдады [14].
Бөлек оқыту соғыс уақытындағы жағдайда практикалық қызметке сай оқушыларды арнайы дайындау мақсатымен ұлдар мен қыздардың дене тәрбиесінің даму ерекшелігін ескеруге қатысты болды.
1944 жылы «8 жас пен 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді есепке алуды ұйымдастыру және жалпыға бірдей міндетті білім беру жөніндегі заңның орындалуын бақылаудың тәртібі туралы» міндетті нұсқау жарық көрді [25]. Жаңа нұсқау бойынша әрбір бастауыш, толық емес орта және орта мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту қажет болды.
Соғыс жылдарында басқа республикалар сияқты Қазақстанда да жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру ауылда және онжылдық білім беруді қалада жүзеге асыру уақытша тоқтатылды, мектептің балаларды оқумен қамтуы төмендеді.
Соғыстан кейінгі жылдары КСРО да халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіле бастады. Сонымен қатар, мектеп жүйесін қайта қалпына келтіру және кеңейту жұмыстары да жүргізілді. Соның нәтижесінде 82 мың мектеп мекемесі қайта құрылды.
Ендігі кезекте халықтық білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері БК(б)П Орталық комитетіне жүктелді. Ғылым, техника, мәдениеттің дамуына байланысты білім мазмұны да осы бағытта дамыды.
«1946-1950 жылдарда СССР Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы төртінші бесжылдық жоспары» заңында тек қана ел экономикасын қалпын келтіру мәселесін қарастрылған жоқ, сонымен қатар, халыққа білім беру мәселесінде қарастырылды: мектеп жүйесін кеңейту, оқушылар санын арттыру, әсіресе қазақ қыздарының санын, мұғалім кадрларын көбейту, мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері.
Бұл мәселелерді шешу Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтына жүктелді.
40-шы жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басы кезінде республикада Халық ағарту ісінде біршама тәжірибе қалыптасты. Бұл кезең соғыстан кейінгі тың және тыңайған жерлерді игеру, республиканың одан әрі өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының дамуы бұрынғы кеңестер одағының республикалары мен облыстарының Қазақстанға халықтардың қоныс аудару үдерісін күшейтті. 1959 жылы Қазақстан халқы 1939 жылмен салыстырғанда екі есе артып, 9 млн.-нан астам адамға жетті.
Тың және тыңайған жерлерді игеру тек қана республиканың материалдық-техникалық базасын дамытуда ғана емес, сонымен қатар, ол жергілікті жерлерде оқу ана тілінде жүретін қазақ мектептерінің санының кенеттен қысқартылып, ұлттық әдебиет пен мерзімді баспасөзді басып шығарудың азаюына өз әсерін тигізді. Сол кездің өзінен бастап, тілдік және демографиялық проблемалар шиеленісе бастаған еді. Сонымен қатар, республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмей жүргізілді. Әсіресе, Қазақстанда тың игеру дүрбелеңі басталған жылдары қазақ мектебі өзінің ұлттық мазмұнынан айырылып қалды.
Қазақ мектебінің дамуының мұндайға душар болуының ең басты себебі, неде деген сауалға И.С.Хрущевтің «Егер барлық ұлттар мен ұлт өкілдері неғұрлым орысша сөйлеуді жетік әрі тез игерсе, соғұрлым біз тезірек коммунизм орнатамыз» деген ұранын мүлтіксіз орындауға белсене ат салушылар еңбегінің салдарынан деп жауап беруге болады [26].
Мұрағат мәліметтері бойынша 1951/1952 оқу жылында Республиканың мектеп жүйесі мынандай мәліметтермен сипатталады. Барлық мектеп саны -8498, оның ішінде- 5204 бастауыш, 2621- жеті жылдық және 678 – орта мектеп, оның ішінде 3804 – қазақ, онда – 2813 бастауыш, 807 – жеті жылдық және 184 – орта мектеп. Тәжік, ұйғыр, өзбек тілдеріндегі мектептер де болды [27].
1954/55 оқу жылының соңында 8606 мектеп жұмыс жасаған, оның ішінде 4716-бастауыш, 2926- жеті жылдық және 964-орта мектеп. Барлық мектептердің 3709-ы қазақ, оның ішінде 436 бастауыш, 1048- жеті жылдық және 225-орта, сондай-ақ, 48-ұйғыр, 134-өзбек және 7-тәжік мектептері болған. Мұрағат құжаттары бойынша 1953/54 жылдармен салыстырғанда мектептің жалпы саны 75-ке көбейді [28].
1956/1957 оқу жылдарында Халық ағарту министрлігімен және оның жергілікті органдарымен мектеп жүйелерін тәртіпке келтіру мен міндетті түрде жалпы ортақ жеті жылдық білім беруді іске асыру, орта мектеп жүйесін кеңейту және онда ауылдық жерлердегі оқушыларды қамтуды жақсарту, кешкі жалпы білім беретін мектептер жүйесін кеңейту мен өндірістен қол үзбей оқитын еңбекшілерді оқумен қамтуды күшейту жөнінде шаралар қабылдады.

Кесте 1 – 1930-1960 жылдар аралығындағы мектеп жүйесінің даму динамикасы







1930

1940

1950

1960

Барлық мектептер

3927

7790

9087

9592

Бастауыш мектеп

3747

5289

5971

5212

Толық емес орта мектеп

122

1770

2446

3054

Орта мектеп

47

698

659

1310

Cоғыстан кейінгі жылдары күрт өсе бастаған бұл мектептерді бағдарламалармен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету керек болды. Бұл міндеттерді әрине Педагогикалық ғылыми-зертеу институты атқарды.


Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуға ұмтылған ұстаздар қауымы мен мектептерге көмекші болатын, сондағы істеліп жатқан жұмыстардың басын біріктіріп, басшылық жасайтын осы Педагогикалық ғылыми-зертеу институты болды.
Ұлы Отан соғысынан кейін институт штатында небәрі 19-20 ғылыми қызметкер еңбек етті. 1948 жылы 3 тамызда Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті «Орыс тілін қазақ мектебінде оқыту» туралы қаулы қабылдады, осыған сәйкес орыс тілін оқыту бірінші сыныптан басталды және оны оқытуға сағатта көп бөлінді. Ендігі кезекте бағдарламаны қайта өңдеуге және жаңа буын оқулықтарын дайындау қажеттілігі туды. Әрине оқу әдістемелік кешенді дайындауға институттың орыс тілі секторы кірісті және оны жасауға ғалымдар, әдіскерлер, мұғалімдер тартылды. Педагогикалық институттарда ұлттық мектептерге орыс тілінен сабақ беретін мұғалімдер даярлайтын факультеттер ашылды. Мұның барлығы қысқа мерзімде орыс тілін оқыту деңгейін көтерді.
Тек 1959 жылы ғана ғылыми қызметкерлер (35 адамға дейін) саны күрт жоғарлады және институт құрылымы да өзгерді. Тарих, СССР Конституциясы және география; физика және математика; жаратылыстану және химия; музыка, бейнелеу өнері, денешынықтыру және т.б. секторлар институт құрамында жұмыс жасады. Сонымен қатар қазақ тілі және қазақ әдебиеті, орыс тілі және орыс әдебиеті қазақ мектебінде атты секторлар жұмыс атқарды. Бұл секторлар ғылыми зерттеу институтының зерттеу тақырыбын кеңейтуге және мектептерге әдістемелік көмек көрсетуге үлестерін қосты.
1956-1960 жылдары арасында оқу-тәрбие жұмысы шығармашылық бастамада жан-жақты өркендеуге бағытталды. Мектептерде тәрбие жұмысының бағдарламасын жасау бірнеше жылдар бойы жүргізілді. Өзінің құрылымы мен мазмұны жағынан бұл бағдарламада жеке адамды жан-жақты дамытуда еңбекке тәрбиелеуде, өмір үдерісін және оқу қызметін ұйымдастыруда бірізділікті міндеттер байқалды. 1958 жылдан бастап мектептерде оқудың мазмұнын сынақ арқылы тексеру енгізілді. 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-дағы халыққа білім беру жүйесін одан әрі қарай өркендету туралы» заңды қабылдады. Ол заң еліміздегі жалпыға міндетті 8 жылдық білімді бекітті.
Заң мектептің негізгі міндетін - оқушыларды өмірге, қоғамдық маңызды еңбекке дайындау, әрі қарай жалпы және политехникалық білім беруді жетілдіру, ғылым негіздерін жақсы білетін сауатты адамдарды дайындау, жастарды социалистік қоғам үдерістеріне терең құрмет рухында тәрбиелеуді айқындап берді. Орта мектептегі білім беру мен тәрбиенің жетекші бастауы олардың еңбекпен тығыз байланысты болуында деп атап көрсетілді.
Осы өзгерістің негізінде институт орта мектептерге оқу жоспарларын жасап, жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды дайындады. Осы жылдары қазақ тілі мен әдебиетінен оқулықтар дайындау мен оларды оқыту әдістемесін жасау ісіне филология ғылымдарының докторы (1953-1962) Ә.Ысқақов, ғылым кандидаттары И.Ұйықбаев, Ә.Хасенов және институттың басқа да ғылыми қызметкерлері белсене қатысты. С.Аманжолов, М.Ғабдулин, Қ.Жұмалиев, С.Қирабаев, Ә.Шәріпов сияқты белгілі ғалымдар үнемі институтпен шығармашылық байланыста қызмет істеп, бұл іске үлкен үлес қосты. 1959-1960 жылдары тарих ғылымдарының доктары Е.Бекмаханов 8-10 класқа, ал педагогика ғылымдарының кандидаты Т.Тұрлығұлов 4-5 класқа арнап тұңғыш Қазақстан тарихы оқулығын жазды.
1955 жылы институтта бастауыш оқытудың әдістемесі бөлімі құрылды. Ең алғаш бұл бөлімде Р.Әміров, Х.Арғынов сияқты белгілі ғалымдар қызмет етті. Бұл бөлімнің негізгі бағыты білім мазмұнын дамыту және қазақ тілін оқыту әдістемесін қайта жасау.
50-інші жылдардың аяғында басталған жалпыға міндетті сегіз жылдық білімге көшу 1962-1963 жылы аяқталды.
1953-1973 ж.ж. теория және педагогика тарихы бөлімін атақты педагог А.С.Сытдықов басқарды. 50-60 жылдары бұл бөлім педагогика тарихы, дидактика, тәрбие теориясы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жасады.
40-жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында педагогика, психология салалары бойынша бірнеше ғылыми еңбектер жарияланды. 1949 жылы Ә.С.Сытдықовтың ірі монографиялық еңбегі «Ы.Алтынсариннің педагогикалық ойлары мен ағартушылық қызметі» деген атпен жарық көрді. Бұл еңбегі Ы.Алтынсаринді педагог, ғалым ретінде танытатын іргелі зерттеулердің алғашқысы болды. Кейіннен 1959 жылы қазақ тілінде Ә.С.Сытдықовтың «Н.К.Крупскаяның өмірі, қызметі және педагогикалық мұралары» деген кітабы жарық көреді.
1966-1972 жылдары бастауыш оқыту әдістемесі бөлімі білім мазмұнын жаңарту мәселесімен айналысты. Осының негізінде жаңа оқу бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралы, бастауыш мектепке арналған дидактикалық материалдар даярланды. Бұл бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды дайындауға А.Асқарбаева, К.Аймағанбетова, Б.Құлмамбетова, А.Әуелбаев және т.б. бөлімнің ғылыми қызметкерлері атсалысты.
1957-1982 жылдары институт және ондағы ғылыми қызмтекерлердің жұмысы жемісті болды.
Білім мазмұнын жетілдіру проблемаларымен қатар институт ұжымы педагогикалық-психологиялық және тарихи-педагогикалық маңызды мәселелерді зерттеумен де айналысты. Ә.Сытдықов, Т.Тәжібаев, Ә.Сембаев, Р.Лемберг, Қ.Бержанов т.с.с. институтпен шығармашылық бірлікте қызмет істеген педагог ғалымдардың зерттеулердің қорытындылары монография болып басылып шықты. Оған дәлел– академик Т.Тәжібаевтың «ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда халық ағарту жұмысы мен педагогикалық ойлардың дамуы» (1958), «ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ метептері мен халық ағарту жұмыстары» (1962), көрнекті дидактик, профессор Р.Лембергтің «Бастауыш мектептегі сабақ» (1948), «Мектептегі оқыту әдістері» (1958), мен «Дидактикалық очерктерін» (1960,1962), профессор К.Бержановтың «Халық ағарту жұмысынң дамуындағы орыс-қазақ достастығы» (1956), Ә.Сембаевтың «Қазақстан мектептерінің тарихы туралы очерктер» (1958) т.б. еңбектерін атауға болады.
1957 жылы институт «СССР-дағы халық ағарту ісі» атты жинағын жарыққа шығарды. Бұл жинақта қазақ және ұйғыр мектептерінің даму қарқыны баяндалды.
1959 жылы білім беру жүйесіне «Оқу-тәрбие үдерісінің өмірмен байланысын күшейту және СССР Халықтық білім беру жүйесінің әрі қарай дамуы» сияқты өзгерту енгізілді. Мұнда міндетті жеті жылдық білім беруден сегіз жылдық білім беруге кәсіптік политехникалық мектептердің көшуі қарастырылған. Сегіз жылдық білім – білім беру жүйесінде сапалы баспалдақ ретінде қарастырылды.
1959 жылы 28-наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінде «Оқу-тәрбие үдерісінің өмірмен байланысын күшейту және Қазақ ССР білім беру жүйесінің әрі қарай дамуы» туралы заң қабылданды. Осыған сәйкес республикада жалпы білім беретін мектептердің 1958 жылы 8900 ға, ал 1965 жылы 9360 қа, онда білім алатындарды 1306,6 мыңнан 2264,4 мыңға көтеруге жоспарланған. 1965 жылы мектеп-интернаттардың және ауыл жастары мен жұмыскерлері үшін мектеп санын көбейту жоспарланды.
60-шы жылдары Институт құрылымы әрі қарай жетілдіріліп, бастауыш оқыту, мектепке дейінгі тәрбие, ұйғыр тілі мен әдебиетінің әдістемесі секторы, халыққа білім берудің экономикасы және жоспарлау, еңбекті оқыту және оған бағдарлау, тәрбие жұмысы, кешкі мектептер, оқытудың техникалық құралдары секторлары құрылды.
1962 жылы «Развитие народного образования и педагогические науки в Казахстане за 40 лет» атты жинағы жарық көрді. Мұнда ғалым-педагогтар мен ағартушылардың қызметі туралы айтылған. 1968 жылы К.А.Айманованың басшылығымен «Бірыңғай сауатсыздықтан ағартушылық шыңына» атты жинағы басылып шықты. Бұл жинақта жалпы білім беретін мектептердің, жоғары білімнің және ғылымның Қазақстанда қарқынды дамуын көрсеткен
Қазақстанда педагогика ғылымының дамуы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен тығыз байланысты.
Қазіргі Ұлттық білім беру академиясы бұрынғы ғылыми-зерттеу институты қабырғасында алғаш мектепке дейінгі тәрбие бөлімі 1958 жылы ашылған. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі А.А.Анширова (үш ғылыми қызметкер қызмет атқарған) (1958), мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу, ана тілінде сөйлеуге үйрету, сөз қорларын дамыту, балабақшадағы нәрестелерді сабақ процесінде тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Мектепке дейінгі педагогика – сәбилердің және мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылығын зерттейтін жалпы педагогика ғылымының қанатас бір бөлігі.
Мектепке дейінгі педагогиканың міндеті – балаларды тәрбиелеу ісінің мазмұны мен түрлерін және әдіс-тәсілдерін ғылыми жүйеге келтіріп жетілдіру. Олай болса, осы саладағы тәрбие жұмысының, тәрбиешінің жан-жақты ғылыми білімді болуы, оның кәсіби шеберлігі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасып дамуына байланысты. Мектепке дейінгі педагогика жалпы педагогика ғылымының ХІХ ғасырдың екінші жартысында бөлініп шықты.
Қазақ балабақшаларындағы тәлім-тәрбие мазмұнын жетілдіру бағыттарын анықтау Халық Ағарту Коммиссариаты мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің 1919 жылғы «Балабақшаны басқару туралы» арнайы нұсқауынан басталды. Онда мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиесінің негізгі үдерістері, балабақша, ондағы тәрбие жұмысы, денешынықтыру, еңбек тәрбиесін ұйымдастыру, табиғат, еңбек арқылы ақыл-ойын дамыту, бала өміріндегі ойынның рөлі және музыкалық тәрбиеге ерекше көңіл бөлініп, педагогикалық істі дұрыс ұйымдастыру үшін баланың қабілетін толық анықтау, оның қоғамдық әдет-дағдысын қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие жұмысын жыл бойы үзіліссіз, жүйелі жүргізу тәртібі белгіленді [14, 328 б].
Қазақстандағы қазақ балабақшаларында тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу барысына назар аударсақ, мектепке дейінгі педагогиканың дамуына К.Д.Ушинскийдің «Ана тілі» және «Балалар әлемі» атты еңбектері, Н.К.Крупскаяның «Балабақша Ережесі», «Тәрбишілерге басшылық» үлкен үлес қосты.
1932 жылы ең алғаш жасалған программа жобасында ойын мазмұнының ашылмауы; ана тілімен тіл дамытуға аса мән берілмеуі; балардың жас ерекшелігі ескерілмеуі, тәрбие жұмысының мазмұны мен өткізу уақыты барлық жасқа бірдейлігі сияқты кемшіліктер болғандықтан, ол бекітілмей қалды.
1934 жылғы қыркүйекте Халық Ағарту Комиссариаты осы программа жобасы негізінде даярланған «Балалар бақшасының программасы және ішкі ережесі » атты алғашқы құжат бекіткен.
1938 жылы «Балабақша программасының» жобасы дайындалған. Н.К.Крупская: «Программа мазмұны өмірмен байланыспайды, жасанды дайындалған» - дейді [9].
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер тұңғыш ашыла бастаған еді. 1930 жылдары балабақша, бөбекхана, саутсыздар мектебін ашу күрделі де қиын мәселе болды. Оның себебі: біріншіден, метепке дейінгі мекемелерді ашу үшін орасан зор мол қаржы керек болды.
Екіншіден, балаларға арналған жиһаз, ойыншықтар шығаратын өндіріс орындары жоқ болатын.
Үшіншіден, мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ететін маман кадрлар жоқ еді. Оларды даярлайтын арнаулы оқу орындары болмады.
Төртіншіден, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне қажетті оқу-әдістемелік құралдар мүлде жоқ еді.
Міне осы проблемаларды шешу ісімен А.Оразбаева, Н.Құлжанова, Ш.Шонанова, Г.Бегалиева, С.Есова сияқты көрнекті педагог қайраткерлер айналысты. Олар бұл істегі батыс елдерінің педагог қайраткерлері К.Цеткина, Н.К.Крупская, Е.Тасова т.б. іс тәжірибелерінен үйренді. Олардың педагогикалық еңбектерін қазақ тіліне аударды. Сөйтіп өздері де мектепке дейінгі тәрбиемен байланысты төл оқу-әдістемелік құралдар жазу істерімен шұғылданды. Мәселен, Ш.Шонанова «Жаңа мектеп» журналына екі еңбегін ұсынды. Оның бірі «Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының болашақ проблемасы», «Балалар әлемін құру» мәселесі деп аталды.
Ал екінші көрнекті педагог, ғалым Назипа Құлжанова (1887-1934) А.Байтұрсыновтың ұстаздық үлгісінен нәр алған адам. Ол өзі педагогикалық екі еңбек жазды. Оның бірі «Мектептен бұрынғы тәрбие» деп аталса, екіншісі «Ана мен бала» деп аталады.
Назипа Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие туралы жазған еңбегінің құндылығы, біріншіден, оның Қазақстан топырағында тұңғыш мектепке дейінгі педагогика ғылымының негізін салушы педагог-ғалым болуымен ерекшеленсе, екіншіден, Н.Құлжанова мектепке дейінгі педагогиканы биология, медицина ғылымдарының жетістіктерімен байланыстыра қарастырады, үшіншіден, ол қазақ этнопедагогикасымен үндестіре білді, төртіншіден, Н.Құлжанованың еңбектерінде қазан төңкерісінің қарсаңындағы көшпелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыттағы ауыл мен қала өмірінің шындығынан алынған нақты көріністер айқын байқалады.
Ана мен бала тәрбиесі, әсіресе баланы мектепке дайындау жайында әдістемелік құралдар ана тілімізде күні бүгінге дейін тапшылық етуде. Олай болса бұдан 75-80 жыл бұрын жазылған Н.Құлжанованың еңбектері күні бүгінге дейін өзінің құндылығына қылау түсірмес аса құнды еңбек екені даусыз.
Сөйтіп, Н.Құлжанова – мектепке дейінгі педагогиканың негізін тұңғыш салушы педагог, ғалым болды.
Республикада мектепке дейінгі балалар ұйымдарын құруға қатысты үлкен қиындықтар кездесті. Мектепке дейінгі балар ұйымдарының құрылуына сай әсіресе, жергілікті жағдайды ескере отырып балалар бақшасында оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасын жасау қажет болды. Соған сәйкес әдістемелік әдебиеттер жоқ еді. Республикада 1950-1960 жылдары мектепке дейінгі балалар мекемелерінің саны күрт өсті. Мысалы, тек 1957 жылы 777900 баланың мөлшерінде 2347 ұжымшар алаңшалары ұйымдастырылды [29, 3 б].
Бұл кезеңде метепке дейінгі мекемелердің материалдық базасы әлде қайда нығайды, тәрбие жұмысында жақсы жағынан өзгерістер болды, мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметкерлерінің білімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болды.
60-шы жылдары мектепке дейінгі мекемелердің негізгі түрі «Бала бақша» болды. Онда бала бақша мен мектепке дейінгі жас аралығында тәрбие үдерісінің бірлігін қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Біздің республика бойынша 1958-85 жылдар аралығында баланың ақыл-ойын, дене тәрбиесін, қимыл-әрекетін жетілдіру, адамгершілікке тәрбиелеу, ауызекі сөйлеу тілін, еңбек дағдыларын дамыту мәселелері зерттеліп, соның негізінде қазақ тілінде тұңғыш бағдалама (программа, 1964-70-86) жарияланды. 300-ден аса оқу-методикалық құралдары жарық көрді. Қазақ тілінде жұмыс істейтін балабақшалардың көріне бастауы да – осы жылдардың жемісі.
60-70-інші жылдары халыққа білім беру саласындағы аса маңызды міндеттер – республикада жалпыға міндетті орта білімді жүзеге асыру мектепте білімнің жаңа мазмұнға көшуі оқу үрдісін және оқушылардың тәрбиесін жетілдіру деп танылды.
1960 жылдардан бастап, жалпы мемлекетіміздегі білім беру мен ағарту жүйесінде айтарлықтай өркендеу үрдістері байқалды. Жалпы білім беретін мектептердің саны – 10363-ке жетті, оның ішінде бастауыш –4823, жетіжылдық –2693, сегізжылдық –284, орта онжылдық – 785 болды.
«1961 жылы 1 қаңтарда жоғары білімді мұғалімдер саны 1940 жылмен салыстырғанда 12 есе, аяқталмаған жоғары білімділер 5,5 есе ұлғайды. Сонымен бірге республика бойынша орта білімі жоқ мұғалімдер саны 1940 жылғы 2000-нан 1950 жылы 10000 мыңға жетсе, 1961 жылы 1 қаңтарда 1419 адамға дейін, яғни, 1,6 процентке қысқарды. Бұл деректер педагогтік кадрлар проблемасын шешуде ілгері жылжудың жақсы жағынан болғандығын көреміз». Білім берудің дамуы Қазақстанда кезең-кезеңмен жүзеге асырылды. 1966 жылы 10 қаңтарда үкімет «Орта жалпы білім беретін мектептерді одан ары қарай жақсарту шаралы туралы» қаулы қабылдады.
Жалпыға бірдей міндетті орта білімге көшіру үрдісі бірнеше кезеңде жүзеге асырды. Мысалы, 1966 жылы 10 қарашада үкімет «Жалпы білім беретін орта мектептерді одан әрі қарай жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Онда жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, типтік жоба бойынша ғимараттар салу, жаңа оқулықтарды өңдеу және шығару, мектеп кабинеттері мен шеберханаларын құрал-жабдықтармен және қажетті спорт жабдықтарымен қамтамасыз ету т.б. шаралар айқындалды. Сондай-ақ, сегізжылдық міндетті мектепті бітірушілер өз тілегі мен білімін кәсіби-техникалық және арнаулы орта білім жүйесінде жалғастыруы назарға алынып, толық орта білім беретін оқу орындары нақтыланды. Оқу-тәрбие үрдісінде қайта құру жүйесі жүрді: ғылыми негіздердің жүйелі курстары бұрынғыдай V сыныптан емес, IV сыныптан бастап оқитын; міндетті мектеп курсына қосымша ғылым негіздері оқу жоспарына 11 сыныптан бастап өз мүддесі мен ынтасына сай оқушының таңдап алатын жеке оқу пәндері бойынша факультативті курс ретінде енгізілді. Кейбір мектептердің жоғары сыныптарында дифференциалды оқыту енгізілді: мектептің сәйкестендірілген бөлімдерінде кейбір пәндерді - физика, математика (кейінірек химия), биология, гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқыту қолға алынды.
Кеңшарлармен, ұжымшарлармен тығыз байланысы бар, жақсы жабдықталған ауыл мектептерінде жоғары сынып оқушылары автомобиль, трактор, комбаин және басқа да ауылшаруашылық машиналарын оқып үйренді. Мектептегі тәрбие жұмысына ерекше назар аударылды, мектеп қызметкерлерінің штатына жаңа лауазым -сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы-педагог лауазымы енгізілді. Жалпыға міндетті онжылдық білім беруге көшу жағдайында орта мектептің үлес салмағы артты, оның материалдық базасы нығайды. Бұл өз кезегінде оқушыларды өндіріс базасында оқыту мен еңбек тәрбиесінің күшеюіне ықпал етті.
1967 жылы 3 маусымда қабылданған «Мектеп оқулықтарын шығару және дайындау және олармен оқушыларды қамтамасыз ету» қаулысы оқулықтардың сапасын жақсартуға, санын көбейтуге септігін тигізді.
1966 жылы институтқа ұлы ағартушы, педагог Ы.Алтынсарин есімі берілді.
60-70 жылдарда институттың барлық бөлімдері мен секторларының басты жұмысы оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жаңартуға, қайта жасауға, жалпы мазмұнын жетілдіруге бағытталды. Мұның нәтижесін сол жылдары жарық көрген «Әліппе» (З.Әйтенов, М.Жұбанов, М.Төрежанов), «1-классқа арналған грамматика» (Р.Әміров, А.Әшіров), «Ана тілі» (Т.Қордабаев, З.Бейсенбаев) оқулықтарынан көре аламыз. Бұл оқулықтар Республика мектептерінен экспериметтік сынақтан өткізілді.
Бұл оқулықтарды тексергенде мына мәселелерге ерекше назар аударды:

    1. Оқу бағдарламасына сай оқулықтағы тапсырмалардың беріліуі.

    2. Эксперименттік сыныптардағы оқушылардың жас және дербес ерекшелігін ескеріп оқу бағдарламалары мен оқулықтарын түзу.

    3. Тапсырмалардың берілу реті.

    4. Оқулықтағы тпасырмалардың өмірмен байланысы және тәрбиелік мәні.

    5. Әдістемелік тәсілдер.

    6. Жаттығулардың әртүрлілігі; Олардың теориялық білімді нығайтуға көмегі.

    7. Көрнекіліктің сай болуы.

Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының құрастырған жүйесі бойынша жүргізген эксперименттік жұмыстың нәтижесінде аралығында ауыл және қала мектептерінің 1-сынып оқушыларының сауат ашу кезеңіне 3-3,5 ай кететіні дәлелденді.
Жаңа бағдарлама бойынша І сынып оқушыларына жүргізілген эксперименттік жұмыс жақсы нәтиже берді. Бірінші сынып оқушылары әліппе кезеңін аяқтау кезінде тек буындап оқуды ғана емес, сонымен қатар тұтас оқуды да үйренді.
1970-1972 жылдар аралығында Қазақ мектебінің бастауыш сыныптары Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының дайындаған жаңа бағдарлама мен оқулықтарға толығымен көшті.
Мектеп жұмысындағы өзгерістерге байланысты 1970 жылы жалпы білім беретін орта мектептердің жаңа Жарғысы қабылданды. Бұл мемлекеттік құжаттық негізінде сегізжылдық мектепті бітірушілер білім алуды, жалпы білім беретін толық орта (онжылдық мектептің IX-X сыныптары), орта арнаулы оқу орындары - техникумдарда (3-4 жылдық оқу), орта кәсіби-техникалық училищелерде ПТУ (3-4 жыл), сондай-ақ жұмысшы және ауыл жастары мектептерінде (IX-XI сыныптар) жалғастыра алатын болды.
1971 жылы мектептің алдына жастарға жалпыға бірдей орта білім беруге көшу туралы, жалпы білім беретін мектептің материалдық базасын одан әрі қарай нығайту, оқытудың сапасын көтеру, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді және мақсатты түрде дайындау міндеттері қойылды.
1972 жылы маусымда Одақтық үкімет «Жалпыға бірдей міндетті орта білімге көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектептерді әрі қарай дамыту туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулы халыққа білім беру органдары мен жергілікті органдардың, мектеп қызметкерлерінің ұзақ жылдық жұмыс нәтижесін шығарды және жалпы орта білім беретін барлық түрдегі оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсарту мен жетілдірудің жолдарын көрсетіп берді.
Осы жылдары халыққа білім беру органдары үшін 1973 жылы Жоғары Кеңес «Халыққа білім беру туралы» заң қабылдады. Мұнда Халыққа білім берудің негізгі принциптері айқындалды:
«Халыққа білім берудің негізгі принциптері:
1. Білім алуда барлық азаматтардың нәсіліне және ұлтына, жынысына, дінге катынасына, мүліктік және әлеуметтік жағдайына қарамастан тендігі;
2. Барлық балалар мен жасөспірімдер үшін білім алудың міндеттілігі;
3. Барлық оқу тәрбие мекемелерінің мемлекеттік және қоғамдық сипаты;
4. Оқу тілін таңдау еркіндігі; ана тілінде оқу немесе КСРО халықтарының басқа тілде оқуы;
5. Білім берудің барлық түрлерінің тегіндігі, оқушылардың бір бөлігінің толық мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуі, оқушылар мен студенттерді стипендиямен және оларға басқа да материалдық көмек көрсету;
6. Төменгі сатылы оқудан жоғары сатыға өтуді қамтамасыз ететін халыққа білім беру жүйесінің бірлігі және оқу орындарының барлық түрлерінің сабақтастығы;
7. Отбасы мен жұртшылықтың балалар мен жастарды тәрбиелеудегі мектеппен қарым-қатынасы, оқу мен тәрбиенің бірлігі;
8. Оқу мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өмірмен байланысы;
9. Білім берудің ғылымдық сипаты, оны жаңа ғылым, техника және мәдениеттің жетістіктері негізінде тұрақты жетілдіріп отыруы;
10. Оқу мен тәрбиедегі гуманистік және жоғары құлықтық сипат:
11. Қос жынысты бірігіп оқыту;
12. Діннің ықпалын қажет етпейтін, білім берудің зиялылық сипаты»
Бұл заңның рухани мәдениеттегі ағарту мен білім беруді дамытуда сол кезең үшін зор маңызы болды, тіпті кейбір тармақшалары бүгінгі күнге дейін өзекті күйде екендігі рас.
1975 жылы міндетті сегізжылдық мектепті бітірушілер Одақ бойынша толық орта білім беретін оқу орындарында оқуды жалғастырды.
Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқытуды, тәрбиелеуді әрі қарай жетілдіру және оларды «Еңбекке дайындау» (1977 жыл 27 желтоқсан) туралы» үкіметтің қаулысы да үлкен маңызға ие болды [7].
60-70 жылдары оқытудың әдістемесі мен мазмұнына ерекше ден қойылды.
Осы жылдары оқулықтарды тегін пайдалануға рұқсат берілді, мектеп кітапханаларында оқулықтар қоры құрылды.
Жастар арасында, оның ішінде оқушылар арасында тәрбие жұмысының түбегейлі бағыттары белгіленді: ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, еңбексүйгіштік, саяси білімге қызығушылықты сіңіру, халық дәстүрі негізінде қоғамдық белсенділікті жан-жақты дамытуға тәрбиелеу, оқу және тәрбие процесінің органикалық бірлігіне қол жеткізу, отбасы, мектеп, жұртшылық арасындағы байланысты нығайту т.б. мәселелер іске асырылды.
Елімізде 70-ші жылдардағы үлкен оқиға жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің енгізілуі еді.
Сондай-ақ, 70-ші жылдары халыққа білім беру үшін үкіметтің «Селолық жалпы білім беретін мектептердің жұмысын әрі қарай жақсарту жөніндегі шаралар туралы» арнайы қаулысы (1973 жыл, шілде) маңызды құжат болып табылады [7].
Аталған құжатта мектептерде ауыл халқының сұранысын толық қанағаттандыру, жалпыға міндетті оқуды жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау, әрбір кеңшарда және ірі ұжымшарда жалпы білім беретін орта мектептің болуы қарастырылды.
Осы қаулыға сәйкес, 1975 жылдан бастап оқушылардың шамамен 25 пайызы, ауыл мектептері жанындағы интернатта тұратындары үш мезгілдік ыстық тамаққа төленетін ақыдан босатылды. Ал қалғандары тамақ құнының жарты бағасын төледі. Ауыл мектептеріндегі оқу-материалдық базасының нығаюына, оларды білікті педагог кадрлармен қамтамасыз етуге, ауыл оқушыларын оқыту мен тәрбие деңгейін көтеруге ерекше назар аударылды.
1970-ші жылдары мектептердің материалдық базасы біршама жақсарды. Мектептерде арнайы жабдықталған пән кабинеттерінің болуы, олардың әртүрлі техникалық құралдарымен жасақталуы бұқаралық сипат алды. Практикалық сабақ кезінде немесе оқушылармен жүргізілетін сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында мұғалімдер телевизиялық хабарларды қолдануды іске асыра бастады.
Осы жылдары мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойылды. Балалардың мектепке дейінгі мекемелерін ұжымшарлар (өз қаржысы есебінен) тиісті құрал-жабдықтармен инвентарлармен, ыдыс-аяқпен, ойыншықтармен, оқу құралдарымен мемлекеттік талапқа сай жабдықтауды қолға алды. Ұжымшарлардың алдында мектепке дейінгі балалар мекемелерін жоғары сапалы азық-түлікпен тиісті ассортиментте үздіксіз қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Өндіріс орындарында балалар мекемелері үшін арнайы жиһаздар шығаруға ерекше назар аударылды.
1973 жылы Жоғарғы Кеңес бекіткен «Халыққа білім беру туралы» Заңы қабылданып, халыққа білім берудің негізгі принциптері айқындалды:
1) Білім алуда барлық азаматтардың нәсіліне және ұлтына, жынысына, дінге қатынасына, мүліктік және әлеуметтік жағдайына қарамастан теңдігі;
2) Барлық балалар мен жасөспірімдер үшін білім алудың міндеттілігі;
3) Барлық оқу тәрбие мекемелерінің мемлекеттік және қоғамдық сипаты;
4) Оқу тілін таңдау еркіндігі; ана тілінде оқу немесе КСРО халықтарының басқа тілде оқуы;
5) Білім берудің барлық түрлерінің теңдігі, оқушылардың бір бөлігінің мемлекет тарапынан толық тегін оқытылуының қамтамасыз етілуі, оқушылар мен студенттерге стипендиялар берілуі және оларға басқа да материалдық көмек көрсету;
6) Төменгі сатылы оқудан жоғары сатыға өтуді қамтамасыз ететін халыққа білім беру жүйесінің бірлігі және оқу орындарының барлық түрлерінің сабақтастығы;
7) Отбасы мен жұртшылықтың балалар мен жастарды тәрбиелеудегі, мектеппен қарым-қатынастағы, оқу мен тәрбиенің бірлігі;
8) Оқу мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өмірмен байланысы;
9) Білім берудің ғылымдық сипаты, оны жаңа ғылым, техника және мәдениеттің жетістіктері негізінде тұрақты жетілдіріп отыру;
10) Оқу мен тәрбиедегі гуманистік және жоғары құлықтық сипат.
11) Қос жынысты біріктіріп оқыту;
12) Діннің ықпалын қажет етпейтін, білім берудің зиялылық сипаты.
1970 жылы Республиканың 10154 жалпы білім беретін мектебінде 3 миллион 140,8 мың бала оқыды. Сегізінші сыныпты бітіргендердің 90 пайызы тоғызыншы сыныптарда, орта-арнаулы оқу орындарында, кәсіптік-техникалық училищелерде оқуды жалғастырды.
1980 жылы 6 жасарларды мектепалды даярлықтан өткізу, балаларды 6 жастан оқуға тарту, мектеп пен балабақшалардың байланысын күшейту, балабақша мектеп бірлестігін құру мәселелері қолға алынды
1964-1974 жылдары бұл бөлімді педагогика ғылымының кандидаты, доцент, Б.Баймұратова басқарды.
1976-1980 ж.ж. бастауыш білім беру әдістемесі мына мәселлелер бойынша ғылыми-зертеу жұмысын жасады:

  1. Бастауыш шағын компілектілі мектепте оқыту әдістемесі мен мазмұнының дамуы;

  2. Қазақ бастауыш мектебінде алты жасар баларды оқыту әдістемесі мен мазмұны;

  3. Мектепке дейінгі баларды педагогика мәселелері бойынша оқыту және адамгершілік тәрбие беру.

Үшініш ғылыми тақырып бойынша зерттеу жұмысының нәтижесі
«Мектепке дейінгі балаларды педагогика мәселелері бойынша оқыту және адамгершілік тәрбие беру» монографиясы (1980). Бұл монографияда мынадай мәселелер қарастырылған: «Мектепке дейінгі үлкен жастағы балаларға бастапқы азаматтық тәрбие беру», «Мектепке дейінгі балаларға қазақ көркем әдебиеттер арқылы адамгершілік тәрбие беру», «Мектепке дейінгі балаларға көркем шығармаларды оқыту арқылы тіл байлығын және сөздік қорын молайту». Осы айтып өткен тақырыптар бойынша Б.Баймұратованың «Мектепке дейінгі балаларға ана тілі және тіл дамыту жұмысын оқыту әдістемесі» құралы шықты.
Кейіннен бөлім «Алты жасар балаларды мектепке дейінгі дайындық бөлімдерінде және мектептегі дайындық сыныптарында оқыту мәселелері» тақырып бойынша жұмыс жасады.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1983 жылы 13 сәуірдегі № 282 бұйрығына сәйкес балабақшаларындағы «Даярлық топтарға арналған программа», әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтына тапсырылған Осыған байланысты алты жасарларға барлық пәндер бойынша методикалық құралдар, көрнекі және дидактикалық материалдардың алғашқы кешенін дайындау қолға алынды [30, 25 б].
1981-1982 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін 63 мектепте, 39 балабақшаларында балалар алты жастан эксперименттік программамен оқытыла бастаған.
Алты жасарлардың қабілет мүмкіндіктеріне лайықтап оқыту мен тәрбие жұмыстарының методикасы дайындалды. Мұнда ойын іс-әрекетіне көп көңіл аударылды. «Ойын ойнатып оқыту» методикасы қолданылды.
Экспериметтік топтардың көптеген педагогтері алты жасарлардың психологиялық және физилогиялық ерекшелектерін ескеріп, сабақта ойын элементтерін ұштастыра жүргізу әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен меңгерді. Жамбыл облысы, Шу ауданы, «Бөбек», Новотроицк селосы «Ромашка» балабақшасы, Талдықорған облысы, «Кіші шағын» поселкасының балабақшасы, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Айгөлек» балабақшасы, Семей облысының Аякөз, Шұбартау аудандарында эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
Алматы қаласының № 68, 153, 204 ясли-балабақшаларында, Қарағанды қаласының № 23 балабақшасында эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
Жинақталған эксперимент нәтижелері мектепке дейінгі мекемелердің даярлық топтары оң нәтижеге жеткенін көрсетеді.
Республика көлемінде кеңінен жүргізгілген экспиреметтік жұмыстар үнемі Қазақ ССР Оқу министрлігінің бақылауында болып, жыл сайын министрліктің бақылауында болып, жыл сайын министрліктің коллегиясында қаулының барысы, даярлық топтардағы экспериметтік жұмыстарды тексеру нәтижелері, олар үшін даярланған оқу программаларының, оқу-әдістемелік құралдардың, дидактикалық материалдарының дайындалуы, тәжірибеде қолданылуы жөнінде Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының хабарламалары тыңдалып, тиісті қорытындыралар шығарылып, басшылыққа алынған. Ең бастысы эксперименттік оқу нәтижесі алты жасарлар оқу программасын қиындықсыз меңгеретіні, оқу мен тәрбиеде ырыққа көндігіп, үйренуге құштарлық сезімдерінің жоғары болатыны анықталды.
Алты жасарларды оқытатын методикалық көмекші құралдар «Әліппе серігі» (авторлары Асқарбаева А, Ботабаева Ұ.), «Оқып, ойнап, ән шырқайық» (Баймұратова Б., Ботабаева Ұ., Қасабекова Қ.), «Жазу дәптері» (Қасабекова Қ.), «Айналадағы дүниемен таныстыру» (Асқарбекова А., Ботабаева Ұ., Аймағамбетова Қ.), «Тіл дамыту мен сауат ашудан үлестірмелі дидактикалық материалдар» (Баймұратова Б., Қасабеков), «Математикадан үлестірмелі материалдар » (Сәтімбекова М.), «Алты жастағы балалар гигиенасын қалыптастыру туралы мазмұнды таблицалар» (Майғаранова Ш.) т.б көптеген құралдар дйындалып, оқу-тәрбие іс-әрекетінде қолданған.
Міне осындай әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, оқулықтар даярлауға Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты өз үлесін қосты. Мектепке дейінгі мекемелердің жаңа қарқынмен дамуына байланысты СССР Министрлер Советі «Балаларға мектеп жасына дейінгі қоғамдық тәрбие беруді одан әрі жақсарту және оларды мектепте оқуға әзірлеу туралы» (19 май, 1984 ж.)қаулысының маңызы зор болды. «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарына сәйкес» балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жетілдіруде «Балабақшадағы тәрбие, оқу жұмысының типтік программасы» жасалды [31].
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой, адамгешілік тәрбиесі жөніндегі психологиялық, педагогикалық зерттеулер, мектепке дейінгі дидактика және психолгия, СССР Педагогика ғылымдары академиясының мектепке дейінгі ғылыми-зерттеу институттары мен республикалардың ғылыми-зерттеу институттары жүргізген зерттеу нәтижелері сол кезеңде балалардың дамуына ерекше потнциялды мүмкіндіктер болатынын дәлелдеген.
СССР Педагогика ғылымдары академиясының ғалымдарының А.В.Запорожец, Н.Н.Поддьяков, Л.А.Венгер, Ф.А.Сохиндардың басшылығымен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде балалардың жас ерекшелігі жөніндегі мінездемелер нақтылана түсті.
Бағдарламаны жасауда мына мәселелерге: мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, білім беру мазмұнын жетілдіру, балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, физиологиялық жағынан дұрыс қалыптасуға, балалар меңгеруге тиісіті білім мөлшерін беруге көп көңіл аударған.
Бағдарламаның әр бөлімінде әрбір топпен өткізілетін тәрбие жұмысының мақсат-міндеттері, оны ұйымдастыру тәсілдері нақты көрсетілген.
Жаңа бағдарлама іске қосылған 1964 жылдан бастап СССР педагогика ғылым академиясының мектепке дейінгі тәрбие ғылыми-зерттеу институты жасаған бағдалмалары негізінде Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты қазақ балабақшалары үшін прораммалар мазмұнын республикадағы ерекшеліктерді қамти отырып, өңдеп, жетілдіріп әзірлеген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейінгі оқытудың мазмұны мен әдістерінің даму проблемалары баяндалды.
1970 жылы республикадағы педагогкалық зерттеулерді «Үйлестіру кеңесі» құрылды. Енді ұсақ тақырптардың басы біріктіріліп, ірілендіріліп, педагогика және психология өзекті мәселелеріне, жеке пәндердің оқыту әдістемелерін жақсартуға баса көңіл бөлінді. Сонымен қатар институт бұл жылдары қорғалатын диссертатциялық жұмыстардың сапасын жақсартуға да баса назар аударды. 1965-1970 жж. Институт қызметкерлері, аспиранттары мен ізденушілері 1 докторлық, 31 кандидаттық диссертация қорғады [32].
70-жылдары теория және педагогика тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері білім мазмұнының дамуы және қазақ мектептеріндегі оқыту әдістемесі, педагогика, ұлттық-патриоттық, ғылыми-атеистік тәрбие мәселелері бойынша жұмыс жасады. Осы жылдары теория және педагоика тарихы бөлімінде О.П.Кариева, В.Р.Кисловская, А.Ф.Сайко, К.А.Оразбекова, Ж.Н.Намазбаева, А.Мухамбаева, С.Ешимханова, және т.б. ғылыми қызметкерлері кандидаттық диссертация қорғады. О.П.Кариеваның «Қазақстанда арнайы орта оқу мекемелеріндегі оқу мен тәрбие ісінің кейбір мәселелері» (1976), А.В. Щербакова «Интернациональное воспитание учащихся», С.Ешимханов «Жас отансүйгіштердің тәрбиесі» және т.б. ғалымдардың еңбегі жарық көрді.
1983 жылы п.ғ.к. Шербакованың басшылығымен бұл бөлімде екі ғылыми зерттеу группасы жұмыс жасады. Бірі «В.И.Ленин және Қазақстандағы ағарту саласының дамуы», екіншісі «Күндізгі мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық мәселелері» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жасады. Осы тақырып боынша эксперименттік жұмыс Алма-ата қаласы №53, 13 мектепте, Солтүстік-Қазақстан облысында Абай атындағы №2 мектепте жүргізілді.
Педагогикалық тәжірибелерді зерттеуге, қорытуға және таратуға институт белсене қатысты. «Қазақ тілі мұғалімдері жұмысы тәжірибесінен», «Бастауыш мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінен», «Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің тәжірибелері» және т.б., жинақтар шықты.
Осы уақыт ішінде институт қызметкерлері 122 мектеп пен 11 балабақшаға эксперименттік зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстардың нәтижесінде тек 1971-1975 жылдары 65 оқу бағдарламасы, қазақ және ұйғыр мектептеріне арналған 83 оқулық, 50-ден атам оқыту- әдістемелік құралдар мен нұсқаулар дайындалды. 1975-1985 жылдары 30 оқу бағдарламасы, 27 оқулық, 40-тан астам оқыту-әдістемелік құралдар жаңартылып, жетілдірілді, 60-тан астам ғылыми және әдістемелік мақала жарияланып, балабақшада тәрбиеленушіге арналған оқу-әдістемелік кешен мен диафильмдер даярланды [33].
Ғылыми зерттеулердің нәтижесі мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәжірибесіне енгізілді.
Осы жылдары қазақ, орыс, ұйғыр тілдері мен әдебиеттері оқулықтарының автроларының қатары Х.Арғынов, Б.Кәтенбаева, Т.Ақшолақов, С.Тілешова, Б.Баймұратова, Ә.Дайырова, Ж.Адамбаева, Б.Құлмағанбетова, А.Асқарбаева, Ш.Әуелбаев, АШәмиева, Б.Алахунова, С.Масгутова, Е.Ерохина А.Нұрмұхамедова т.б. институт ғалымдармен толықты.
1975-1980 жылдары институтта 85 адам /оның ішінде 65 ғылыми қызметкерлер, олардың 24-і ғылым кандидаты/ жұмыс істеді [33,12 б].
1985-1986 жылдары балабақша мен бастауыш сыныптар үшін оқу-әдістемелік кешен толық жасалып шықты. Солардың ішінде «Суретті әліппе», «Суретті математика», «Оқып, ойнап, ән шырқайық» т.б. оқу құралдары балалардың және жұртшылықтың зор сұранысына ие болды.
80 жыдарға дейінгі білім беру жүйесінде міндетті сегіз жылдық оқытудың біршама тәуір аяқталуы; оқу-тәрбие үдерісінің өмірмен байланысының күшейтілуі; ұзартылған күн топтары мен интернаттардың дамуы; кешкі және сырттай оқитын мектептердің көбейтіліуі; мектеп пен кәсіптік-техникалық училищелердің сабақтастығын жүзеге асыру сияқты жетістіктерге негіз болған Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты.
Бұл жетістіктерге жалпы білім беру жүйесі дамуының 80-жылдан басталған жаңа кезеңіне алғышарттары болып табылады.
Сөйтіп, 80-ші жылдардың алғашқы жартысында кеңес өкіметінің білім берудегі саясаты қоғам тіршілігінің өзегі болып танылған ғылыми-техникалық прогресске сәйкес өзгерістерді білім саласының әрбір буынын жаңа сапалық деңгейге көтеру мақсатында енгізумен байланысты болды. Осы орайда жалпы білім берудегі мақсаты негізінен жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан мектептің құрылымында білім мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілді. Әрине, бұл өзгерістерді енгізуге өз үлесін қосқан Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты.
1986-1987 оқу жылында балаларды алты жастан оқыту ісі жоспарлы жүргізіле бастады. Алты жасарлар 3 жылға арналған 4 жылда өтті.
Кеңес одағы Коммунистік партиясының ХХҮІ съезінде алты жасар балаларды жалпы білім беретін мектептердің даярлық кластарында оқытуға біртіндеп көшу жөнінде мәселе қойылды. Соған сәйкес 1981-1985 жылдар аралығында осы бағытта қазақ, ұйғыр, орыс тілдерінде оқытылатын мектептерде тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Балаларды , 6 жастан оқытуға болатыны, оған көп мүмкіндік бар екені анықталды. Бұл анықтау негізінде 1984 жылы мектеп реформасын жүзеге асыру барысында 1986-1987 оқу жылынан бастап алты жасарлар мектепте оқи бастады. Баларды 6 жастан оқытуға көшуге тиісті жағдай жасала бастайды:мұғалімдер кадрлары даярлана бастайды, балардың даму дәрежесін ескеру міндеті қойылады. Жалпы білім беретін орта мектеп біртіндеп 11жылдық оқу мерізіміне, бастауыш білім жүйесіндегі оқу мерзімі – үш жылдан төрт жылға көшіріледі.
КПСС Орталық Комитетінің 1983 жылғы июнь Пленумнының нұсқауларына сәйкес «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарының» мақсаты мектептің жұмысын сол уақыттағы кемелденген социализм қоғамның жағдайлары мен қажеттеріне сай келетін сапалық жаңа дәрежеге көтеру болды [34].
Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде білім беру жүйесінің рөлі орасан зор. Білім жүйесіндегі тоқыраудың себебін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, бүгінгі күнде білімнің жеке тұлға тағдырындағы маңызы өте төмендеп кетті. Заман талабына сай тұлғаны өсіру үшін біз, ең алдымен, оларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінгі күнде оқулықтарға қойылатын талаптардың мақсаты және оны жүзеге асыру жолдары бұрынғыдан ерекше екенін уақыт көрсетіп отыр. Сол үшін қазір бізге жан-жақты дамыған, экологиялық, этнотарихи білімге ие мәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі маңызды міндет айналасында ойлануға тура келеді.
«Жалпы білім мен кәсіптік мектептер реформаларының негізгі бағыттарында» (1984) көрсетілгендей, мектептің құрылымы үш сатыдан тұратын 11-жылдық болып өзгертілді. Бұл мектеп реформасы бойынша жалпы орта және кәсіптік білім беру құрылымы бекітілді (кесте 2 ).

Кесте 2 – Жалпы орта және кәсіптік білім беру құрылымы




Бастауыш мектеп

1-4 кластар

Орталау мектеп

5-9 кластар

Жалпы білім беретін және кәсіптік орта мектеп

Жалпы білім беретін мектептің 10-11кластары;
орта кәсіптік-техникалық училищелер;
арнаулы орта оқу орындары

Сөйтіп, жалпы білім бертін орта мектеп он бір жылдық болды. Балаларды мектепте оқытуды бір жыл ерте – 6 жастан бастау ұсынылды.


Білім мазмұнындағы өзгерістер екі түрлі сипатта болды. Біріншіден, алғаш рет жалпы білім беру жүйесінде информатика мен есептеу техникасын жеке оқу пәні ретінде мектепке ендірілуі. Екіншіден, әрбір жеке пән мазмұны ғылыми жетістіктер тұрғысынан толықтырулардың біртіндеп жүргізілуіне байланысты оқу бағдарламалары жыл сайын жетілдіріп отырды.
Жалпы білім беретін мектепте дамуының әр кезеңіндегі оқу үдерісінде серпілістер болды. Оқу үдерісі жас ұрпаққа жалпы политехникалық білім беру негізінде дербес өмірге, еңбекке белсенді араласуға дайындау, үздіксіз білім алуға, өз бетімен білімін жетілдіруге ынталандыру сияқты жаңа міндеттерге бағындырылды.
80-ші жылдардың екінші жартысында бой көрсеткен елеулі педагогикалық құбылыстар да болды. Ол негізінен жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың теориясы мен практикасына байланысты ізденулер еді. Бұл ізденулер нәтижесі оқу үдерісін демократияландыру мен ізгілендіруге бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. Сөйтіп, жеке сараланған тапсырмаларды дайындау; педагогикалық ынталандырудың шарттарын анықтау; психологиялық және педагогикалық диагностикаларды қолдану танымдық қызығушылықты арттыру мүмкіндіктерін айқындау т.б. ізденулердің кең өріс алуы мектептегі оқу үдерісін дамытуға ықпалын тигізе бастады.
Ғалым Беркімбаева өз зерттеуінде былай дейді: «80-шы жылдары кеңес өкіметінің білім беру кеңістігінде жалпы білім берудің оқу үдерісін ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық оң тенденцияларымен қоса мектеп практикасының кез келген аспектілерінде дағдарыстық сипаттар байқала бастады. Дағдарыс белгісі ретінде оқушылардың оқуға деген қызығушылығының және олардың білім сапаларының біртіндеп төмендеуін айтуға болады. Сөйтіп, 80-ші жылдардың екінші жартысында, кезінде әлемді таңдандырған кеңестік жалпы білім беру жүйесі өзінің шарықтау шағынан кейінгі тоқырауға ұшырауы жұртшылық тарапынан алаңдаушылық туғызды. Сондықтан, сол жылдары ағарту ісіндегі келеңсіздіктерді жою мақсатында зиялы қауым жалпы білімді дамытудың жолдарын іздестіруде тегеурін болып отырған қайшылықтар мен кемшіліктерін себеп-салдарын пайымдаудан бастады». Осының нәтижесінде 1988 жылы «Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесіндегі база ретінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы» дайындалды [35].
Сонымен, жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі оқу үдерісі негізінен кеңес өкіметінің идеологиялық ұстанымдарынан сай жүргізілген бірыңғай білім беру саясатының аясында ұйымдастырылды. Орталықтан басқару мен бірыңғай білім жүйесі салдарынан ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, өзіндік сипатта дамуына еркіндік берілмеді. Жалпы алғанда 80-ші жылдардағы оқу үдерісіндегі кемшіліктерді төмендегідей топтарға жүйелеуге болады:

  1. Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалаудағы процентомания, формализм;

  2. Барлық пәндердің оқу әдістемелік жүйесінің ұлттық республикалар үшін бірдейлігі;

  3. Ұлттық этникалық және аймақтық құндылықтар мен ерекшеліктердің білім мазмұнында оқу үдерісінде ескерілмеуі;

  4. Педагогика ғылымы мен мектеп практикасының әлеуметтік сұраныс пен рухани қажеттілікті толық мағынада қамтамасыз етпеуі.

Кеңестік дәуірдегі жалпы білім беру жүйесінің бір бөлігі ретінде қазақ мектебіне жоғарыда аталған кемшіліктер де тән болды, әрі қазақ мектебінде оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті ұлттық тілде дайындалған әдістемелік дидактикалық құралдар болмады. Аударма оқу құралдары тапшы және ұлттық болмысқа сай келе бермеді. Ұстаздардың жаңашыл бастамалары жөніндегі озық тәжрибелері қазақ тіліне аударылуы кешеуілдеу қалып отырды. Осындай факторлардың әсерінен қазақ мектебі оқу үдерісін ұйымдастыруда орыс мектептерге қарағанда төмендеу болды.
1972 жылы Алматыда Одақтық Педагогикалық ғылымдар академиясының Оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы ашылды. Осы жылдан бастап Қазақстанда екі ғылыми мекеме жұмыс істеді. Бұл жаңадан ашылған филиалдың алғашқы кезеңдегі зерттеулері КСРО Оқу министрлігі бекіткен пәндердің білім мазмұнының бағдарламасы мен оқыту әдістеріне сай туындайтын проблемалар болды.
Осы Кеңестік білім беру жүйесінің жағымсыз жақтары туралы Ы.Алтынсарин атындаға Қазақ Білім Академиясының президенті болған,филология ғылымдарының докторы Сейдімбек Ақселеу Сыланұлы берген сұхбатында былай дейді: «Кеңестік білім жүйесінде Орталық, яғни Москва бекіткен «типтік бағдарлама» болды. Ұлтқа, нәсілге, төлтумалыққа, өмір салтқа қарамастан барлық пәндердің мазмұны міндетті түрде осы «типтік бағдарламаға» бағындырылды. Нәтижесінде 70-80 жылдарға дейін Қазақстанда, қазақ сыныптарында «Қазақстан тарихы», «Қазақстан географиясы» деген пәндер болмай келді» [36].
Осындай жағдайды ескере отырып, КСРО ПҒА Оқытудың мазмұны мен әдістемесі институтының Қазақ филиалы «Қазақстанның Ұлттық мектептерінде оқытудың тиімділігін арттыру» (1981-1685), «Ұлттық мектептердегі оқытудың, тәрбиенің мазмұны мен әдістерін жетілдіру» (1986-1992) проблемасы бойынша жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде бірқатар құралдар жазылды, олар: «Математикалық есептерді шығаруға үйрету» (Б.Баймұханова), «Математикалық әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі» (С.Шәклікова), «Сандар мен арифметикалық амалдарды оқытудағы сабақтастық» (Т.Оспанов), «Тарих сабақтарын жетілдіру жолдары» , «Қазақ ССР тарихын оқыту методикасы»(Т.Тұрлығұлов) т.б.
Филиал өзінің ғылыми-зерттеу жұмысын Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары Ғылыми-зертеу институтымен, Орталық, облысты мұғалімдер білімін жетілдіру институттарымен, республика жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жүргізді. Бұл филиал 20 жыл ішінде (1972-1992 жылдары) 600-ден астам ғылыми жұмысты жарыққа шығарды, оның үштен бірі бағдарламалар, оқулықтар және әдістемелік құралдар болды. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде үш докторлық (Б.Баймұқанова, Т.Тұрлығұлов, С.Шәкілікова) және сегіз кандидаттық дисертатция қорғалды.
1992 жылы Одақтық Педагогикалық ғылымдар академиясының оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ Филиалы Ы.Алтынсарин атындағы ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты құрамына енгізілді және ол Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім проблемалары институты деп аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет