Дипломдық ЖҰмыс 5В010300-Педагогика және психология Шымкент, 2022 ф-19-01/02



бет9/10
Дата16.01.2023
өлшемі142,93 Kb.
#165620
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Арзимат
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
ҚОРЫТЫНДЫ

Еліміздегі жалпы білім беретін оқу және тәрбие мекемелерінің ғылыми-әдістемелік жұмысын жетілдіру мен дамыту қазіргі педагогика ғылымының басты бағыттарының бірі болып отыр. Мектептердегі оқу және тәрбие жұмыстарын дамыту үшін оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету ғылыми-педагогикалық институттың басты міндеті болып табылады. Біздің зерттеумізде 1933 жылдан бері еліміздегі орта білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етіп келе жатқан Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының алатын орны ерекше болып саналады.


Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының қалыптасу және даму кезеңдерін айқындап, оның озық тәжірбиесін педагогикалық үдерісте қолдану болашақ ғылыми-педагог мамандарды даярлауда қажеттілігі арта түседі.
Диссертацияда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-тарихи, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік алғышарттар жан-жақты қарастырылып, талданды.
Сонымен қатар, акдемияның 1945-1990 жылдардағы дамуының шарттары, соның ішінде нормативтік-құжаттық шарттары айқындалып, баяндалды. Себебі бұл шарттар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының дамуында басты роль атқарды және атқарып келеді.
Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына ғылыми-зерттеу институтының қосқан үлесі маңызды екендігі де анық.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының қалыптасу және даму тарихын саралай келе, мындай оқу-әдістемелік мәселелерге айырықша мән бергендігін атап өтуге болады:

  • Білім беру және педагогика ғылымының дамуының басты бағыттары бойынша жоғары оқу орындарымен, шығармашылық одақтармен, қоғамдармен, ғылыми мекемелермен бірлесе зерттеулер жүргізгені айқындалды;

  • Психология-педагогика ғылымдарындағы бір-бірімен сабақтас салалалардың ауқымында іргелі және қолданбалы, сондай-ақ ізденушілік зерттеулерді ұйымдастырып жүргізгені айқындалды;

  • Ғылыми-педагогикалық институт Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуының болжамдарын жасайтыны және оларды ғылыми тұрғыда қамтамасыз ететінін анықтадық;

  • Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту мәселесіне үлес қосқандығы ашып көрсетілді;

  • Жалпы, бастауыш және жоғары кәсіптік білім беру саласын жетілдіруде маңызды жұмыс атқарғаны дәлелденді;

  • Академия жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы буындары бойынша білім мазмұнын жетілдіру және әдістемелік жүйесін жетілдіру міндеттерін шешетінін айқындадық;

  • Осының нәтижесінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Базистік оқу жоспары, мемлекеттік білім беретін және бастауыш мектептегі барлық пәннің оқу бағдарламалар, жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешені жасалғаны сарапталды;

  • Бұл бағдарламалар, оқу әдістемелік кешендер, оқулықтар ұлттық ерекшелігімізге, ұлттық танымымызға, ұлттық тәжірибе ұстанымдарына негізделіп жасалғаны зерделенді;

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының Тәуелсіздік жылдарындағы ғылыми-педагогикалық жұмыс бағыттарының мазмұны ашылып, деректер арқылы нақтылана түсті;

  • Елімізде жоғары білім мазмұнын дамытуды ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру және республикалық жоғары білім саласындағы өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізгені тұжырымдалды;

  • Еліміздің өскелең әлеуметтік және мәдени мұраттары мен сұраныстарына сәйкес келетін педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын, типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламасын айқындайтыны дәлелденді;

  • Барлық мамандықтар бойынша педагог кадрларын даярлайтын оқу орындары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың дайындалғаны айқындалды;

Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстар беруге болады:

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының 80 жылға жуық жинақталаған тарихын, ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі бай тәжірбиесін болашақ педагог мамандарды даярлауда қолдануға болады.

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының Тәуелсіз жылдардағы озық жетістіктерін әлі де зерттей түсуді қажет деп есептейміз.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының қалыптасу және даму тарихы магистрлік диссертация көлемінде толықтай зерттелді деп айта алмаймыз, болашақта педагогикалық ғылыми зерттеу жұмыстарында жалғасын табады деген ойдамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет