Әлдихан Қалдыбаев



бет307/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   340
БАТАНЫ ҮЛКЕН БЕРСІН...


– Көп жаса!
Бұл – бір жақсы бата.
Біз енді бата беретін жасқа жеттік.
Тәубе!
Адамның жасына жетпей бата бергені келіспейді-ақ екен.
Сонау бала кезде сондай бір ыңғайсыз жағдайға тап болғаным бар. Есіме түссе, әлі ұяламын.
Әдебиет сүйер қауым жақсы біледі, талантты жазушы Қарауылбек Қазиев екеуіміз түйдей құрдаспыз, бір ауылда, бір көшеде өскенбіз.
Сегізінші сынып оқып жүрген кезіміз.
Бір күні Қарауылбектің үйіне барсам, шешесі екеуі ет жеп отыр екен.
Ерекең (әкесін соғыс жұтқан Қарауылбек, шешесі Ермекті «Ереке» дейтін, біз де солай деп кеткенбіз) мені асқа шақырды.
Ет желініп болды.
Ерекең жанында тұрған шәугімді қолына алып, кірленді өзіне жақындатып:
– Ал, келіңдер, қолдарыңды жуыңдар, - деді.
Мен қолымды жуып болып:
– Жасыңыз ұзақ болсын! - деп бата бердім.
Қарауылбек күліп кеп жіберді.
Ерекең де мырс етті. Сөйтті де мені аяды білем, Қарауылбекті зекіп тастады:
– Қой, әрі! Әлдихандікі дұрыс, су құйған адамға бата беру керек.
Қарауылбектің күлкісі сап тыйылды.
Зіңгіттей-зіңгіттей екі бала тұрып, қолымызға үлкенге су құйғызғанымызға екеуіміз де ыңғайсызданып қалып едік. Батаны үлкен берсін, жас қуансын. Бата сонда жұғысты болады.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет