Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет36/175
Дата03.02.2023
өлшемі4,89 Mb.
#167329
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   175
Байланысты:
ліппе о ыту дістемесі

сабақ





Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Л дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдануды үйренеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлеуге үйренеді.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал орнату. Қай сандыққа саламын?

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті мен қызығушылықтары дамиды.

Берілген суреттегі заттардың атауында л дыбысы бар болса, 1-сандыққа, атауында л дыбысы жоқ суреттерді
2-сандыққа салады.

* Л қандай дыбыс?








74









* Л әрпі сөздің қай бөлігінде тұра алады?







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сызба-модель бойынша cөйлем құрайсыңдар. Сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданасыңдар. «Л» әрпі кездесетін сөздерді, сөйлемдерді көркем жазып үйренесіңдер.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.



Қолдау








(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы.
Оқылым
1. Оқулықтың 20-бетінде берілген «ара»,
«аралар» сөздерін оқу. Бұл сөздердің жекелік және көптік мағына беретінін іс жүзінде меңгеру.


1. Ара және аралар сөзінің айырмашылығын табады. Көптік мағына беріп тұрған қосымшаға оқушылардың назары аудартылады. Оқушылар ара және аралар сөздерін қолданып, сөйлем құрайды.



Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.



Суреттер, оқулық Сызба






А Р А А Р А Л А Р

  1. Сын атына зат атын табу. Бос ұяшыққа тиісті сөзді қойып оқу.

  2. Жаңылтпашты буындап, тұтас оқу. Ара, ара, аралар.

Ара арал аралар.




  1. Ала сөзіне қатысты зат атауын табады: ала бұзау, ала мысық, ала қарбыз. Қарбыз ала.

  2. Жаңылтпашты буындап, тұтас оқиды. Жаттап алады.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
















Оқулық




Жазылым

  1. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

  2. Жаңылтпашты «Жазу дәптеріне» көшіріп жазу.

Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды:


1. Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді
және көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазады.

Мақтау

Жазу дәптері




75









2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –
«Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!»,
«қызыл» түс – «Ойлан!».

Оқушыларға қолдау көрсету.
Мақтау, қолдау




Сабақтың соңы
(7 мин)

Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

«Арала» сөзінен жаңа сөз құра.

  1. деңгей:

«Арал» сөзінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен сөздіктен тауып айт.

  1. деңгей:

«Арал» сөзімен сөйлем құра.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.

  1. деңгейдегі оқушылар «арала» сөзінен жаңа сөз құрайды: ар, ара, арал.

  2. деңгейдегі оқушылар «арал» сөзінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен

«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралынан тауып айтады.

  1. деңгейдегі оқушылар «арал» сөзімен сөйлем құрайды.




Оқулық



«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы

Рефлексия


Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы

  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі




Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

У дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла-
масына сәйкес

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан
дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу


76



күтілетін нәтижелер

түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сұрақтарға дұрыс және толық жауап береді; сюжетті суретпен әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.
Тәрбиелік: еліміздің рәміздерін (әнұран, елтаңба, ту) біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап,
алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «У» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер.
Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«У у» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«У у» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.















Қолдау













Суреттер, оқулық










Сызба





  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Мектепте салтанатты кеш өтті. Кеш Әнұранмен басталды. Ту желбіреді. Балалар Туға мақтанышпен қарады».

  2. Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.





77






а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:

  • Мектепте не өтті?

– Мектепте салтанатты кеш өтті.

  • Кеш немен басталды?

– Кеш Әнұранмен басталды.

  • Не желбіреді?

– Ту желбіреді.

  • Балалар Туға қалай қарады?

– Балалар Туға мақтанышпен қарады.
ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау: Мектепте салтанатты кеш өтті. Кеш Әнұранмен басталды. Көк Ту желбіреді. Балалар Туға мақтанышпен қарады.

  1. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.

  2. Қажетті сөйлемді (Ту желбіреді) бөліп алып, оны сөздерге (Ту, желбіреді) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «Ту» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «У» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «У» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Санағыштардан «у» әрпін жасау.

  8. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет