П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет163/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   272
Түйін сөз: айтыс, дәстүрлі өнер, образ, идея, көркемдік тұтастық, тәуелсіздік тақы-рыбы, айтыс өнеріндегі еркіндік көрінісі, фольклор.

Айтыс өнері - атадан балаға мирас болып келген, халқымыздың рухани төл мәдениетінің бір бөлшегі. Халқымыздың төл сөз өнері. Айтыстың өмір-шеңдігін бүгінгі күнге жетіп, жаңа заманға сай, дамып, жетіліп отыруынан көреміз.


Дала демократиясының ерекше үлгісі болған айтыс қай кезде болса да халықтың талап-тілегін, мақсат-мүддесін орындап, ел үмітінің үдесінен шығып отырған. Басқа өнер түрлерінен ерекшелігі де сол айтыс сәтте айтылып, заматында өзінің тыңдарманымен қауышып жатады.
Айтыс қай кезде де идеологиялық құрал ретінде пайдаланылып, өзінің сол сипаты арқылы көркемдік ерекшелігін дамыта алды.

Қазіргі айтыстың тәуелсіздік алғаннан кейінгі мезгілде ерекше дамуы, халықтың ыстық ықыласына бөленуі сол айтыстың тек қана әлеуметтік өмір шындығын айтуында болды.


Айтыста сан алуан тақырып қозғалады. Әсіресе, егемендік алған жылдардан кейінгі айтыста тәуелсіздік тақырыбын жырлау, азаттықты ұлықтау, еркіндікті емірене жырлап, бабалар арманы мен боздақтарымыздың қанымен келген қасиетті ұғымды жырлауда айтыс өнері жауынгерлік танытты десек артық айтқандық боламас. Біз осы ғылыми мақаламызда қазіргі айтыстағы тәуелсіздіктің тақырыбының идеялық және көркемдік тұрғыда жырлану ерекшеліктеріне қатысты ой қозғап, сол арқылы айтыстағы Елбасы бейнесінің ашылуына мән береміз.
Әдебиеттану ғылымында қазіргі кезең әдебиетіндегі ұлттық идеялар, ұлттық сипаттағы мәселелер төңірегінде біршама сөз айтылып келеді. Айтыс та қазақ рухани мәдениетінің бір бөлшегі ретінде ұлттық мәселелерді осы тәуелсіздік кезеңімен байланысты қозғап келе жатырғаны шындық. Ал, тәуелсіздік туралы ұғымды қозғасақ, Елбасы туралы сөз қозғамай өте алмаймыз.
Мақаламызға қатысты тақырыпты саралағанде, біздің байқағанымыз, біріншіден, Елбасы бейнесі айтыс өнерінде оның ел үшін атқарған іс-әрекеттері арқылы баға берушілік сипатта сомдалған. Сондай-ақ, айтыскер ақындар тарих тағылымынан нәр ала отырып, Елбасы бейнесін өткен тарихи тұлғалармен қатар ала отырып, суреттеуге жол береді. Бұл Елбасының көркем әдебиеттегі образын жалаң суреттеуден құтқарып, шынайы бейнелеуге мүмкіндік береді. Айтыс өнерінің өзі тікелей халық алдында орындалатындықтан, реализмі басым болуымен ерекшеленеді.
Екіншіден, тәуелсіздік, еркіндік, азаттық идеяларының бүгінгі күнде аяғын нық басып, батыл қадам алып, әлемге танылуының арғы жағында Елбасының сарабдал саясатының тұрғандығын айтыс мәтіндерінде ашық та шынайы айтылады. Бұл тұжырымдарға нақты мысал ретінде айтыс туралы екі томдық жинақты талдау барысында көз жеткіздік.
Тәуелсіздік жылдарындағы айтыстардың бұрынғы айтыстардан өзіндік ерекшелігінің бар екендігін жеке мемлекет болып, өз тізгінімізді қолымызға алуымыз, тілімізге тиген еркіндік, ұлт ретінде еркіндігініміз, жалпы рухани бодандықтан босауымыздан іздесек болады. Айтыста ақындар халықтың жағдайын айтуға, ел мұңын билік басындағыларға жеткізуге, мәселелерді шешуге ат салыса бастағанын байқаймыз. Қоғамдық мәселе көкірегі ояу, көзі ашық бір де бір ақынды бей-жай қалдырған емес, ақындар шама-шарқы жеткенше қоғамдық мәселелерді көтеруге, олардың жағымды және жағымсыз жақтарын жеріне жеткізе айтуға тырысады.
Бүгінгі өткен әрбір күніміз, қазіргі тәуелсіз Қазақстаннның тарихи парақтары болып жазылып қалады. Өз еркіндігін алған еліміз 1991 жылдан бері қаншама қиындықты бастан кешіріп, жоқшылыққа шыдап бағып, бір ғана асыл мұратқа тәубе етіп келді. Ол – азаттық, еркіндік, тәуелсіздік болатын. Алғашқы еліміздің шынайы тәуелсіздік жолында қадам басқан кезден күні бүгінге дейін, бейбітшілік пен тыныштықта, баршылық пен молшылыққа халқын кенелту жолында тынбай, елің қамын ойлап, қайыспас қара нар тәрізді еңбектеніп келе жатырған Президентіміз Н.Назарбаев - тәуелсіз елдің тарихындағы мәңгі жасай беретін тұлға болып қалады.
Тұтас ұлтты бір шаңырақтың астына біріктіріп, шартарапқа танытқан Елбасының бекзат болмысы мен кесек мінезі, азаматтық пайымы өз халқының ғана емес, әлемдік қауымдастық тарапынан да әлдеқашан әділ бағасын алған. Қазақ елінің тарихындағы Тұңғыш Президенттің өмір жолы үлкенге үлгі, кішіге өнеге боларлықтай. Осы жиырма жылда Елбасының тұлғалық, азаматтық қадір-қасиеттері, қырлары өнер мен әдебиет саласын-дағы шығармашылық иелеріне алтын арқау болды. «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесі болып белгіленді, бұл дегенің Елбасыға деген құрмет болса, екіншіден Елбасының қызметін жас ұрпақтың арасында дәстүрлі түрде насихаттаудың бірден-бір жолы деп ұғамыз.
Ғалым Нұрдаулет Ақыш: «Іс жүзінде 1989 жылдан бастап Қазақ­стан Республикасының бірінші басшысы болып сайланған Нұрсұлтан Әбішұлы осы жиырма жылдан астам уақыт ішінде өзінің қандай деңгейдегі басшы екендігін тек өз еліне ғана емес, сыртқы жұрттарға, халықаралық қауым­дастыққа жан-жақты таныта білді. Тәуелсіздігін енді ғана алған жас мемлекеттің басшысы болу үлкен сын болып табылатын­дығын ешкім жоққа шығара алмаса керек. Өз уақытында баспасөз беттерінде Елбасы туралы жарық көрген түрлі поэзиялық, прозалық туынды­лардың, эсселер мен көркем очерктердің маз­мұны, міне, осындай нақты пайымдауларға әкеліп саятын. Оларда Елбасының бейнесі негізінен қоғамдық ірі тұлға ретінде әр қы­рынан, әр түрлі адами индекстер тұрғысынан көрініп жататын. Елбасының азаматтық және саяси тұлғасын әр автор өз таным-түсінігіне лайық әр түрлі деңгейде сомдап келеді. Менің­ше, қаламгерлер ең алдымен Елбасының ауқымды деңгейдегі ұйымдасты­рушылық қабілетін, яғни, саяси тұлғасын, Қазақстанның патриоты, қазақ ұлтының жанашыры ретіндегі қырларын да ашып көрсет­кендері жөн-ақ», - деп атап өтеді өзінің газет тілшілеріне берген бір сұхбатында.
Н.Назарбаевтың нар тұлғасын айшық­таған көркем проза, поэзия, драматургия, кино туындылардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Елбасымыздың адами, азаматтық келбеті бүгінгі қазақ прозасы, поэзиясы, драматургиясында зерттеу нысаны болуға лайық екендігі ақиқат. Елбасы­мыздың өмірі мен шығармашылық ғұмырынан алып жазылатын көркем шығар­маларға жүк болар тақырыптар әлі де жеткі­лікті. Ал, бүгінгі біздің тақырыбымыздағы айтыстағы Елбасы бейнесі туралы сөздің өзіндік ерекше-лігі бар. Айтыс өнерінің өзінде сахналы элементтің болуы, оның халық санасына әсер ететін эмоционалдық, драмалық күйінің молдығын көрсетеді.
Жалпы тарихи тұлғалардың көркем әдебиетте бейнеленуінің өзіндік дәстүрі бар. Айтыстың тарихына үңілсек, тарихи тұлғаларды жырлаудың дәстүрі қалыптасқанын көреміз.
Елбасы туралы айтыста біршама айтылып келеді. Зер салып қарасақ, айтыс ақындарының Елбасы туралы толғаныстары көбіне тәуелсіздік ұғымымен егіз аталып отыратынына көз жеткіземіз. Мысалы:
Армандап тәуелсіздік арда күнді,
Сары алтыннан сайладың балдағыңды.
Хан Кене, жүрегіңмен сүйіп өттің,
Қалың елің, қазағың ардағыңды.
Ұлтымды бодандыққа бермеймін деп,
Абылайлап қоздырдың аруағыңды.
Оң жағыңа ертіп ап қол бастадың,
Ағыбай, Наурызбайдай тарланыңды.
Шен таққан ақ патшаның өкілдерін,
Көрмеуші ең қарқылдаған қарғы құрлы.
Өз бауырың қырғызың тор құрғанда,
Өкініп шайнап едің бармағыңды.
Азаттықты аңсаған, кемеңгерім,
Алыстан болжапсың-ау алдағыңды.
Бүгін, міне, тәуелсіз қазақ болдық,
Нұрағаң орындады арманыңды! [2,34] – деп жырлаған Аманжол Әлтаев өз сөзінде біздің бүгінгі жетіп отырған тәуелсіздігіміздің жолында құрбан болған, қазағымыздың ханы Кенесары және оның қол бастаған батырларын, қырғыздың сатқындығын суреттей отырып, сол бабалар аңсаған азат күнді Кенесарыдай ханның ісін жалғасытырып, тәуелсіздікке қол жеткізудің көш басында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тұр деген ойды ұғамыз. Айтыста Нұрсұлтан Назарбаев Елбасымызды ақын құр мақтамай, өткен тарихты айта келіп, сол бабалар аманатын орындаушы және сол аманат жүгінің өте ауыр да жауапты іс екенін аңғартып, біз секілді келешек ұрпақтың жарқын өмір сүруін меңзейді.
Ал мына бір Мұхаметжан Тазабеков пен Қуаныш Мақсұтовтың айтысында Елбасы туралы шумаққа назар салсақ, тәулесіздіктің алғашқы жылдарындағы ауыр кезеңдерді артқа тастап, жаңа-жаңа елдің жағдайы жақсарып келе жатырғанын және Н.Назарбаевтың президенттік мерзімінің екінші кезеңіне сайлауға түскенін көреміз. Мысалы, Мұхамеджанның Қуаныш ақынға айтқан сөзін келтірсек:
Жеті жыл артта қалды ырым қылар,
Тәуелсіздік жаныңды жылындырар.
Назарбайдың Президент немересі,
Ол да үміткер, әр сөзі – жұғымды бал.
Данышпан ел мұңайтпас Нұрсұлтанын,
Көп тірлік тындырды ғой тығын қылар.
Жаңадан кеп қосылған жолдастан да,
Ескі дос ертерек сырыңды ұғар.
«Үйренген хан иленген терідей» деп
Бекер айтты дейсің бе бұрынғылар[2, 137].
Мұқият зер салып оқыған адамға бұл жерде айтыстың үгіт-насихаттық жағын аңғару қиын емес. Жеті жылдық мерзімі өтіп, екінші рет сайлауға түскелі отырған Елбасымыздың тындырған, ел үшін жасаған әрекеттерін саралай келіп, тәжірибесі барын айтып, тек Қуаныш ақынды ғана емес, сөз астарымен барша халықты қолдауға шақырып отырғанын көреміз
Қазіргі айтыстарда өткен тарихтағы көрнекті тұлғаларымызбен қоса, бүгінгі көзі тірі ортамызда жүрген, ел үшін жаны тыныш таппай жүрген елбасыдан бастап, көптеген қоғам қайраткерлерінің нысанға алынуы заңды құбылыс. Тақырыбымызға сәйкес, Елбасының образын сомдауда айтыскер ақындар оның ел үшін атқарған іс-әрекеттерінің төңірегінде жырлай отырып, тарихи тұлғаның ертеңгі ұрпаққа үлгі болар әрекеттерін жырға қосады. Мысалы, Бекжан Әшірбаев пен Қуаныш Мақсұтовтың айтысында Қуаныш ақын Елбасының ел жалғыздығын, оның қызметіне барша ел болып, тілектес болуымызға шақырады.
Халықтың қуанышын ұқпайды ма,
Бағасын болашақтың нықтайды ма?
Нұрсұлтан жалғыз жүр ғой ел ішінде,
Бір өзі күллі елді мықтайды ма?
Ағайын, бірлік болмай - тірлік болмас,
Осыны мына Бекжан ұқпайды ма?[6]
Бұл үзіндіде елбасы туралы мақтау, көркем образды айшықты сөздер айтылмаса да, "жаяудың шаңы шықпас" дегендей, Елбасының жалғыздығы, оның саясатын жүргізуге барша халықтың көмегі қажет екені айтылады.
Ал, Бекжан Әшірбаев болса, өз сөзінде тәуелсіз азат елдің төрі - қазақтікі екендігін ашық айтып, көк бөрінің ұрпағы, ата-бабаның салт-дәстүрін аялаған ұрпақ ретінде шабыттана айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жүргізуге ат салысатын, кейбір әкім-қаралардың алаяқтығын ашына айтады:
Орнатпай есігіне ілгек іштен,
Диқаншы оралады түнгі егістен.
Бар малын сатуменен күнелтеді,
Су ішпес шөлдегенде кім кебістен?
Әкімдер ештеңеден қорықпайды,
Суретке Нұрекеңмен бірге түскен.
Тәуелсіз тәуліктері, тоны келте,
Аздырмас азат ұлды жолы демде.
Төрі ортақ, дәстүрі озық ел едің ғой,
Бабасы бұқа мүйіз, бөрі кеуде.
Аталар зираты бар заңды жерді,
Хақың жоқ қара шекпен төрі деуге[6].
Қазақ халқының қалыптасу, даму жолындағы тарихи оқиғалар, көрнек-ті адамдар, атамекен қоныстар туралы да қамтыла жырланады. Ақындардың жырларынан өзінің туып-өскен, өркендеген ата-бабаларын, үрім-бұтақ әулеттерін, атамекен қоныстарын ардақтаған перзенттік махаббатқа толы көңіл-күй әуендерінің бұлайша төгілуі – табиғи құбылыс. Өзінің әуелгі шыққан тегін, үрім-бұтақ әулеттерін, ағайынын, туысын, ата-баба қоныстарын ардақтай жырлау байырғы сақ, ғұн, одан кейінгі түркі өркениеті заманындағы әдеби мұраларындағы желісі үзілмеген тақырып екендігі мәлім. Ал, әкімдерді сынауы жалпы айтыстың сыншылдығын көрсетеді. Жалпы, сыншылдық, шынайы реализм айтыс өнерінің бірден-бір сипаты.
Сөзімізді түйіндей келсек, Елбасының өмірі мен шығармашылық ғұмы-рынан жазылған және жазылатын көркем шығар­ма­ларға жүк болар тақы-рыптар әлі де жеткілікті. Ал, айтыста өз кезегінде сахнада Елбасының шы-найы бейнесін жаңаша қырынан танытуға әлі де күш салады деп ойлаймын.



Каталог: images -> stories -> downloads -> vestnik
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
downloads -> Құрастырғандар
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Бірінші тарау
downloads -> Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет