ОҚО Сайрам ауданы Манкент ауылы Сабыр Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің І деңгей сертификатталушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Давлетова Дилбар
Сабақ жоспары
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 10 (қоғам-гуман)
Мерзімі:
Тақырыбы: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық қызметі
Мақсаты
Адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орны мен маңызы жөнінде азаматтық пікір қалыптастыру, маңыздылығын түсіну, өз ойларын қазақ тілінде еркін баяндауға жаттығу, айшықты сөздерді қолдану
Міндеттер
Тілдің ел, ұлт болудығы маңыздылығын түсіндіру
Күтілетін нәтиже
Адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орны мен маңызы жөнінде азаматтық пікір қалыптастырады, маңыздылығын түсінеді, өз ойларын қазақ тілінде еркін баяндауға жаттығады, айшықты сөздерді қолданады.
«Еркін пікір алаңында» ой бөлісу:
"Тіл- ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра", "Тіл - ұлт келбеті"
Топ мүшелері берілген тапсырмаға бірлесе дайындалады. Кітаптан оқып береді, түсіндіреді, өз ойымен бөліседі.
Өзара бағалау
Оқулық, дәптер, тақта
Бағалау
7 минут
5-жаттығу дәптермен жұмыс. Мәтін мазмұнын әр абзацқа тірек сөйлем құрастыра отырып, әңгімелеп беру, синтаксистік талдау жасау
Өмір сүріп отырған кездегі тіл мәселесіне назар аудару, оған көмек көрсету- тіл мен әдебиет саласындағы ғалімдардың ғана еншісінде емес, ол қоғамдағы әр азаматтың міндеті.