Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі



бет48/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

Дəрі-дəрмексіз ем: ауруды тудыратын немесе клиникалық көріністерін күшейтетін тағамдарға тиым салу диетасы (мысалы, ащы тұздықтар, маринадталған, кептірілген азық-түліктер).
Емі: Микробқа қарсы-Де-нол, фуразолидон,, т.б. гастросидин, қызылмай, итмұрын майы, алмагель, викалин.
35) Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруының негізгі белгілері мен синдромдары. Диагностика әдістері. ГЭРА фармакотерапиясы.
Гастроэзофагальді рефлюкс ауруы (ГЭРА)- өңешке асқазан сөлінің кері лақтырылуынан болатын созылмалы ауру.
Қалыпты жағдайда өңештің төменгі бөлігінде РН – 6,0 тең. ГЭР ауруында РН төмендейді 4,0-ке дейін, немесе 7,0-ке дейін жоғарылайды.
ГЭРА – өңештің және өңештен тыс белгілі бір клиникалық көріністерімен және асқазандағы немесе асқазан-ішек жолындағы заттардың ретроградты түрде өңешке тасып өту салдарынан өңештің шырышты қабықшасының құрылымдық өзгерістерімен сипатталатын созылмалы қайталамалы ауру.
ГЭРА кезінде пайда болатын симптомдарды екі топқа бөлуге болады: эзофагеальды және эзофагеальдыдан тыс симптомдар.
Эзофагеальды симптомдарға жатады:
- қыжыл;
- кекіру;
- құсу;
- дисфагия;
- бірфагия (өңештен тамақ өткен кезде ауыруы, әдетте өңештің шырышты қабығының айқын зақымдануында байқалады);
- эпигастрияда және өңештегі ауыру сезімдері;
- ықылық;
- құсу;
- төстің арғы жағында түйілу сезімі.
Эзофагеальдыдан тыс симптом :
-отоларингофарингеальды синдром (ларингит,фарингит, созылмалы ринит, отит,отальгия);
Стомотологиялық синдром (кариес, пародонтоз);
-өкпе синдромдары (бронхтық астма, созылмалы бронхит, қайталанушы пневмония,пневмофиброз, өкпе ателектазы,өкпе абсцесі,өкпе бронхоэктазиясы);
-кардиальды синдром (жүрек ауруы, ариттмия)
-анемиялық синдром (гипохромды темір жетіспеушілікті анемия) .
Клиникалық белгілері:
-Ауру сезімі. Төстің төменгі бөлігінде тамақ ішкен соң бірден «қыру, күйік» сезімінің болуы. Ауру сезімі өте күшті болса, бала тамақ ішуден бас тартады.
-Қыжылдауы- пептикалық эзофаниттің және асқазан өңештік рефлюкстің басты белгісі.
-Кекіру – асқазан ішіндегі заттың өңештен өтіп ауызға түсуі.
-Дисфагия- жұтқан тамақтың өңештен өтуінің қиындауы.
-Одинофагия – өңештің тағам өткен кезде ауруы.
-Ықылық-қабырға аралық бұлшықет пен диафрагманың ретсіз жиырылуы
-Алқымның түйілу сезімі- өңештің жоғарғы бөлігінде қысымның биіктеуінен болатын шағым
-ГЭРА-мен ауыратын балалардың 40-80%-да бронх демікпесінің симптомдары білінеді.
Диагностиккасы:
Анамнез көрсеткіштерін анықтау, асқорыту жолының жоғарғы бөлігінің дерті: созылмалы гастрит, гастродуоденит, асқазан мен 12-елі ішектің ойық жара ауруы;
-рН-метрия тексерісінде өңеш құрамының қышқылдануы 4,0 немесе одан төмендігін анықтау;
-Бернштейн тесті оң(+);
-Өңеш құрамының рН-на тәулік бойы мониторинг жүргізгенде: тәулік бойында рефлюкс эпизодтарының жалпы саны 50-ден аса немесе өңеш ортасының рН шамасының 4,0-тен кем болмауы 1сағ аса;
Диагностикалық зерттеу әдістері:
Гастроскопия;
Тәуліктік рН метрі;
Манометрия;
Рентген;
Сілтілік көрсеткішке тест;
ФЭГДС: өңеште: ошақты эритема және (немесе) өңештің абдоминальды бөлігінің шырышты қабықшасының іркілдек болуы, эрозияның болуы, қозғалыс бұзылулары - кардиальды қыспақтың жеткіліксіздігі, асқазандағының өңешке қайта өтуі өңештің шырыштысының биопсиясы көрсетімдер бойынша, өңеш рентгені (көрсетімдер бойынша).
Эзофагоскопияда- өңеш шырышының қабыну белгілері, кардиалды қысқыш жетіспеушілігі, асқазан құрамының өңешке лақтырылысы.
ГЭРА-емінде дәрілердің 3 тобы қолданылады:
Асқазан секрециясын төмендететін дәрілер (антацидтер, альгинаттар, гистаминнің Н2-рецепторларын тежегіштер).
Асқазан жолдарының моторлы-эвакуаторлық қабілетін қалпына келтіретін дәрілер немесе прокинетиктер.
Өңеш шырышының протекторлары.
Антацидтер кешенді дәрілер түрінде шығарылады,негізін алюминий, магний гидрототығы құрайды (алмагель, фосфалюгель, маалокс т.б). Дәрі тамақтан соң 1,5-2 сағ соң беріледі.
ГЭРА-ның ІІ-ІІІ дәрежесінде гистаминнің Н2 рецепторларының блокаторлары (ранитидин, фамотидин) қолданылады. Әдетте кешкі астан соң 1 рет беріледі.
Прокинетиктер (мотилиум, метоклопрамид)- 0,25 мг/кг есебінен күніне 3-4 рет, ересек балаларға 2-4 ретке тәуліктік мөлшері 15-40 мг.
Протекторлардан ең тиімдісі- сукральфат. Таблетканы ұсақтап, жылы сумен араластырып, күніне 3 рет ас алдында, ең соңғы мөлшерін түнде береді. Курсы 4-6 апта. Сонымен қатар амоксициллин,клотримазол,омепразол,метронидазол,денол препараттары кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет