Г. Е. Берікханова Элементарлық математика 5B 01 11 00 «Информатика» және 5B 01 10 00 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқулық



бет450/503
Дата08.07.2017
өлшемі67,2 Mb.
#20734
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   503

Трапеция.

Айталық, ABCD – берілген трапеция болсын (130-сурет). Трапецияның АС диагоналы оны АВС және CDA екі үшбұрышқа бөледі. Олай болса, трапецияның ауданы осы үшбұрыштар аудандарының қосындысына тең болады.

130-сурет



АВС үшбұрышының ауданы  -ге тең, ACD үшбұрышының ауданы . AF –ке тең. Бұлардың СЕ мен AF биіктіктері параллель болып келген АВ мен CD түзуінің ара қашықтығына тең. Осы ара қашықтық трапецияның биіктігі деп аталады.

Олай болса, трапеция ауданы оның табандарының жарым қосындысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең болады: 

Бұл формуладағы  трапецияның орта ауығы болғандықтан, трапецияның ауданы оның орта сызығы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең болады.


  1. Ромб.

Ромб барлық қабырғалары тең параллелограмм болғандықтан, ромбтың ауданы параллелограммның ауданның формуласының анықталады 

Ромбтың ауданын есептеудің тағы бір формуласын қорытып шығарайық.



ABCD ромб берілсін (131-сурет). В төбесі арқылы АС диагоналіне параллель түзу жүргіземіз. А және С төбелері арқылы BD диагоналіне параллель түзулер жүргізейік. Сонда ромбтың диагональдары өзара перпендикуляр болғандықтан AOBE, BOCF, AEFC тік төртбұрыштары шығады. AOD, 131-сурет COD, AEB, BFC тік төртбұрышты үшбұрыштар өзара тең, өйткені

 және 

Сонымен, ABCD ромб AEFC тік төртбұрышпен тең құрамды болады. Сондықтан олардың аудандары тең.



;

Ромбтың диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінетіндіктен, , сонда , яғни 

Сонымен, ромбтың ауданы оның диагональдарының жарты көбейтіндісіне тең болады.


132-сурет

Жоғарыдағы формулалардың салдары ретінде мына формулаларды келтірейік.



  1. Параллелограммның ауданы оның сыбайлас қабырғалары мен олардың арасындағы сүйір бұрыштың синусының көбейтіндісіне тең (132-сурет) 

  2. Параллелограммның ауданы оның диагональдарының жарым көбейтіндісі мен олардың арасындағы сүйір бұрыштың синусының көбейтіндісіне тең. 

  3. Ромбтың ауданы оның қабырғасының квадраты мен сүйір бұрышының синусының көбейтіндісіне тең. 



  1. Дөңгелектің ауданы.

Дөңгелек деп жазықтықтағы берілген нүктеден алынған қашықтықтан артық емес ара қашықтықта жатқан барлық нүктелерден құралатын фигураны атайды. Ол нүкте дөңгелектің центрі деп, алынған қашықтық дөңгелектің радиусы деп аталады. 133-сурет

Дөңгелектің шекарасы дегеніміз центрі мен радиусы тап сондай болып табылады (133-сурет).

Дөңгелектің ауданы оны қоршап тұрған шеңбер ұзындығы мен оның радиусының жарым көбейтіндісіне тең болады.



Осыны дәлелдейік. Дұрыс екі n-бұрышты салайық: P1 – дөңгелекке іштей сызылған да, P2 – дөңгелекке сырттай сызылған (134-сурет). P1 және P2 көпбұрыштары жай фигуралар болып табылады. P2 көпбұрышы дөңгелекті қамтып тұрса, P1 көпбұрышын дөңгелек қамтып тұр.

P1 көпбұрыштың төбелеріне жүргізілген радиустар оны AOD үшбұрышына тең n үшбұрыштарға бөліп тұр. Сондықтан,

Ал  болғандықтан, 134-сурет



Болады, мұндағы  көпбұрышының периметрі,  - дөңгелектің радиусы. P2 көпбұрышының ауданын да осыған ұқсас түрде табамыз:







Сонымен, дөңгелек қамтып тұрған  көпбұрышының ауданы мынадай:



ал дөңгелекті қамтып тұрған P2 көпбұрышының ауданы





n жеткілікті үлкен болғанда p периметрінің шеңбердің l ұзындығынан айырмашылығы мейлінше аз болады және де  мәнінің l-ден айырмашылығы да мейлінше аз болады.

Сондықтан P1 және P2 көпбұрыштарының аудандарының  ден айырмашлығы мейлінше аз болады. Анықтамаға жүгінсек, бұл дөңгелектің ауданы мынадай екендігін білдіреді:






  1. Сектордың ауданы

Дәлелдемекшіміз де осы болатын.

Дөңгелек сектор деп дөңгелектің сәйкес центрлік бұрышы ішінде жатқан бөлігін атайды


(135-сурет).

Дөңгелек сектордың ауданы мына формула бойынша есептеп шығарылады:



мұндағы R – дөңгелектің радиусы, ал α – сәйкес центрлік бұрыштың градустық өлшеуіші.



  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет