3. Анықтама. Параллелепипед деп табаны параллелограмм болатын призманы айтады.
Анықтамадан параллелепипедтің барлық алты жағы (168-сурет) параллелограмм болатындығы шығады.
168-сурет
Параллелепипедтің кейбір қасиеттері параллелограмның белгілі қасиеттері сияқты.
Т е о р е м а. Параллелепипед диагоналының ортасы оның симметрия центрі болады.
1-салдар. Параллелепипедтің қарама-қарсы жатқан жақтары пар-парымен тең және параллель.
2-салдар. Параллепипедтің барлық диагональдары бір нүктеде қиылысады және сол нүктеде қақ бөлінеді (168-сурет).
Егер параллепипедтің бүйір қырлары оның табан жазықтығына перпендикуляр болса (169-сурет), онда ол тік параллелипед деп аталады. Табаны тік төртбұрыш болатын тік параллелепипед (170-сурет) тік бұрышты параллелепипед деп аталды. Тік бұрышты параллелепипедтің барлық жақтары тік төртбұрыш болады. Тік бұрышты параллелепипедтің бір төбеден шығатын үш қырының ұзындығы тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп аталды. Өлшемдері тең, тік бұрышты параллелепипед куб деп аталды. Кубтың барлық жақтары – тең квадраттар.
169-сурет 170-сурет
Т е о р е м а. Тік бұрышты параллелепипед диагоналы ұзындығының квадраты оның үш өлшемдерінің квадраттарының қосындысына тең болады.
14- Дәріс: Айналу денелері
1. Айналу денесі және айналу беті. Цилиндр
2 . Конус. Қиық конус
3. Сфера және шар
1. Анықтама. Тік төртбұрышты оның қабырғасы арқылы өтетін осьтен айналдырғанда пайда болатын фигура цилиндр деп аталады. (171-сурет)
Тік төртбұрыштың айналу осінде жатпайтын қабырғаларынан құрастырылған сынықты сол осьтен айналдырғанда цилиндр беті деп аталатын фигура шығады.
Тік төртбұрыштың осы қабырғасы оның жасаушысы деп аталды. Оның шамасы цилиндрдің биіктігіне тең.
171-сурет
Цилиндрдің табандары өзара тең дөңгелектер, олар параллель жазықтарда орналасады.
Цилиндрдің бүйір және толық беті үшін сәйкес жазбалардың аудандары алынады (172-сурет). Сонымен, мынадай формулалар шығады:
а)
172-сурет б)
Достарыңызбен бөлісу: |