Глоссарий (анықтама, сөздік)



бет2/11
Дата01.11.2022
өлшемі234,5 Kb.
#156093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИИ МАМАНДЫККА НОВЫЕ

Тақырып 2. Тақырып аты: Баланың қалыпты және патологиялы дамуының психофизикалық заңдылықтарының негізі.
Дәріс мақсаты : Баланың қалыпты жағдайдағы психофизикалық дамуының негізгі заңдылықтарымен таныстыру. Тіршілік әрекетінде мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін айқындау.
Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Адамның психикалық дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі қандай?




  1. Баланың ақаулы дамуындағы біріншілік ақау және екіншілік бұзылыстар теорияларының мәнін ашыңыз.

  2. Балалар ақауларына мысалдар келтіріңдер. Олардың себептері қандай?

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Баланың қалыпты және патологиялы дамуының психофизикалық заңдылықтарының негізі. Даму бұзылыстарының түрлері, олардың себептері және механизімдері.
Даму бұзылыстарын себептеріне байланысты туа біткен және жүре пайда болған деп ажыратады. Дамудың әртүрлі ақауларының туындауына әкелетін себептердің 2 тобы: экзогенді және эндогенді. Ақау қалыптасуының 3 периоды бар: пренатальды, натальды, постнатальды
«Ақаудың күрделі құрылымы» түсінігі. Құрсақішілік даму, босану әрекеті кезінде, босанудан кейінгі периодтардағы қолайсыз әсерлер. «Көпсебептілік», «біріншілік ақау», «екіншілік ақау» терминдері.
Психикалық даму заңдылықтарының концепцияларына сүйене отырып, психиканың қалыпты және патологиялық дамуының жалпы, сондай-ақ арнайы заңдылықтарын бөлуге болады. Психика дамуының жалпы заңдылықтары ретінде келесілер қарастырылады:
Психикалық үрдістердің тұрақты және тұрақсыз қызметтік жүйелерге интеграциясы.
Психикалық дамудың бірыңғай еместілігі.
Психиканың пластикалығы – психикалық қызметтердің өзара орын басу мүмкіншіліктері.
Арнайы заңдылықтар.
Психика дамуының екі жоспарының ажырауы (дивергенция): биологиялық және әлеуметтік.
Л. С. Выготскийдің ақаулы дамудың күрделі құрылымы жайлы ойы, оның негізінде бір талдағышта ақаудың болуы бір ғана қызметтің түсуіне әкелмейді, керісінше бір топ ақаудың дамуына әкеледі. Ақау құрылымында биологиялық фактормен шақырылатын біріншілік ақауды ажыратады, және біріншілік ақау әсерімен келесі ақаулы даму жолында қалыптасатын екіншілік ақауды ажыратады.
Қызметті сақтау барысында ақауды компенсациялау мүмкіндігі.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әртүрлі жіктемесі.
Даму бұзылыстары бар балалардың әр категориясының сипаттамалары.
В.А.Лапшин, Б.П.Пузанов бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жіктемесі. Монография В.А. Лапшина, Б.П.Пузанованың " Дефектология негіздері" (М.,1990г.)моногрфиясында даму бұзылыстары бар балалардың келесі жіктемесі көрсетіледі:
1) сенсорлы ақаулары бар балалар (есту және көру бұзылыстары)
2) интеллектуалды бұзылыстары бар балалар (ақыл-ойы кем және психикалық дамуы артта қалған балалар)
3) сөйлеу қызметтері бұзылған балалар
4) тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балалар
5) дамудың аралас ақаулары бар балалар
6} дисгармониялы дамуы бар балалар
Әдебиет : негізгі: 1,2,3.
Қосымша : 6,15, 24, 24




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет