Глоссарий (анықтама, сөздік)



бет7/11
Дата01.11.2022
өлшемі234,5 Kb.
#156093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИИ МАМАНДЫККА НОВЫЕ

Нашар еститін балалар, есту қабілеті 500-ден 4000 герц.дейін, дәрежелері:
I дәреже — 50 дБ-дан аспайды;
11 дәреже — 50-ден 70 дБ-ға дейін;
111 дәреже — 70 дБ-дан артық;
Керең дети, қабылдайтын жиілік көлеміне байланысты келесі 4 топтың біріне жатқызылады:
I топ — 125—250 Гц;
II топ — 125-500 Гц;
III топ—125-1000Гц;
VI - 125-2000Гц және жоғары.
Саңыраулық пен кереңдік арасындағы шартты шекара 85дБ. Халықаралық жіктеме бойынша (1988) кереңдіктің 4 деңгейі көрсетіледі (500, 1000, 2000 Гц жиіліктерде):
I деңгей — 26—40 дБ;
II деңгей — 41—55 дБ;

  1. деңгей — 56-70 дБ;

  2. деңгей—71-90дБ;
    кереңдік — 90 дБ-дан артық.

Кереңдік — естуден тұрақты айырылу, өзбетімен сөйлеу және құлақ маңындағы сөзді қабылдау мүмкін емес. Алайда адам кейбір сөздік емес қатты дыбыстарды қабылдай алады (ысқырық, қоңырау, барабан соққысы). Кереңдік туа біткен және жүре пайда болған болады. Жүре пайда болған саңыраулығы бар балалар – ерте есту қабілетінен айырылған, тілсіз балалар, сондай-ақ кеш есту қабілетінен айырылған, тілі белгілі бір деңгейде қалыптасқан балалар
Саңыраулық — есту қабілетінің тұрақты төмендеуі, қалдықты естуге сүйене отырып сөйлей алатын жағдай. Сөйлеудің арнайы бұзылыстары болады.
Саңыраулар —бұл ауыр сөйлеу бұзылыстары бар нашар еститін балалар, тілдері біршама дамыған.
Рахиль Марков Боскис келесілерді ескере отырып психологиялық-педагогикалық жіктеменің ғылыми негізін құрастырды: а) есту қызметінің зақымдалу деңгейлерін; б) есту бұзылысының белгілі деңгейіндегі тілдік дамуды; в) есту бұзылысының қалыптасу уақытын.
Есту бұзылыстары бар балалар 4 топқа жіктеледі:

  • тілсіз естімейтіндер (ерте есту қабілетінен айырылғандар);

  • тілі сақталған естімейтіндер (кешірек естімей қалғандар);

  • тілі дамыған нашар еститіндер;

  • терең тілдік бұзылыстары бар нашар еститіндер

Нашар еститін балалардың тілінің дамуы есту қабілетінің төмендеу қақыты мен дәрежесіне байланысты. Егер есту бұзылыстары 3 жасқа дейін болса, тіл өздігінен дамымайды. Егер есту бұзылысы 3 жастан кейін болса, балада фразалық сөйлеу сақталады, бірақ сөздіктен, тілдің грамматикалық қатарында және дыбысталуда ауытқулар болады. Егер есту бұзылысы мектеп жасында болса, бала фразалық сөйлей алады, бірақ күрделі құрылымды сөздерді дыбыстауда ауытқулар болады. Тілдің даму деңгейі тәрбие жағдайынан, түзетушілік жұмыстардың басталуымен де байланысты: түзетушілік шаралар неғұрлым ертерек басталса, тілдің дамуы да нәтижелі болады.
Нашар еститін баланың тілінің өзіндік ерекшеліктері бар, түсініксіздікпен, тұйықтықпен, темп баяулығымен сипатталады. Ерте жасында тілінен айырылған нашар еститін балада тілдік жүйенің барлық құрылымдарының дамымауы көрінеді.
Нашар еститін адамның жазбаша тілі ауызша тілдің барлық ақауларын көрсетеді. Есту бұзылыстары бар балаларда арнайы тілдік бұзылыстардан басқада ринолалия тәрізді тілдік бұзылыстар кездеседі.
Есту қабілеті төмендеуінің жеңіл дәрежесінде сабақ кезінде дыбыс қаттылығын жоғарылатса жеткілікті – бұл әлсіреген есту қабілетінде белсендендіруге көмектеседі. Есту қабілетінің төмендеуінің ауыр дәрежелерінде балаларды еріннен оқуға үйретеді, тактильді-виврациялық сезімталдықты қолданады, сабақ кезінде қалдықты естуді қосады және қолданады.
Қосымша бұзылыстардың болу, болмауына байланысты есту бұзылыстары бар балалардың дамуын келесі екі топтың біріне жатқызуға болады:

  • дамуында қосымша бұзылыстары жоқ балалар;

  • дамуында қосымша бұзылыстары бар балалар (бір немесе аралас): интеллект, көру жүйесі, тірек-қимылдық аппарат, эмоциональды-еріктік аймақ бұзылыстары.

Сонымен, есту бұзылыстары бар балалар әртүрлі топтарды құрайды, олар дәрежесімен, сипатымен, уақытымен, тілдік даму деңгейімен, дамуында қосымша бұзылыстардың болу, болмауымен сипатталады.
Саңыраулық пен кереңдікпен қиындықтары бар балалармен жүргізілетін түзетушілік жұмыстардың сәттілігі бірқатар қолайлы факторлармен байланысты:

  • баланың жүйелік және адекватты жағдайын ескере отырып оқыту;

  • бала тәрбиесінде және білім алуына отбасының белсенді қатысуы;

  • баланың өзінің потенциалды мүмкіндіктері, оның физикалық жағдайы және жеке сапалары (белсенділігі, камуникабельділігі, физикалық төзімділігі, еңбекке қабілеттілігі);

  • сурдотехникалық құралдарды қолдану

Есту бұзылыстары бар балаларды арнайы мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер жағдайында оқыту және тірбиелеу
Есту бұзылыстары бар балаларға дәстүрлі түзетушілік көмек денсаулық сақтау жүйесі мекемелерінде (үлкен ауруханалардың ЛОР бөлімдеріндегі сурдологиялық кабинеттер, бөлімшелер, орталықтар, стационарлар) және білім беру жүйелерінде көрсетіледі.
Дейінгі білім беру мекемелерінің қызметтері «Мектепке дейінгі мекемелердің типтік жағдайымен»(1995) реттеледі. Ерте және мектепке дейінгі жастағы керең және нашар еститін балалар келесі білім беру мекемелерінде тәрбиеленіп, білім алаалады:

  • керең және нашар еститін балаларға арналған компенсирлеуші түрдегі балалар бақшасы;

  • аралас түрдегі балалар бақшасы;

  • арнайы түзетуші жалпы білім беретін мектептердегі, мектеп-интернаттардағы мектепке дейінгі топтар, бөлімдер. Мектепке дейінгі бөлімдерге және бала бақшадағы топтарға оларды тәрбиелейтін жағдайлар болса 1,5-2 жастағы балалар қабылданады.

  • «Бастапқы мектеп – балалар бақшасы» компенсирленген түрдегі керең және нашар еститін мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған білім беретін мекемелер. Осы білімбереетін мекемелер құрылымын мектеп алды және мектепке дейінгі балалар тобы құрайды, сондай-ақ, нашар еститін балаларға арналған бастапқы және негізгі мектеп (біріншіден 10-12 классқа дейін) қамтылады.

Есту бұзылыстары бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің түзетушілік негіздерінің ғылыми-әдістемелері келесі авторлар еңбектерінде қарастырылады: Р.М. Боскис, Г.Л. Выгодской, Л.А. Головчиц, Г.Л. Зайцевой, С.А. Зыкова, Б.Д. Корсунской, Е.П. Кузьмичевой, Э.И. Леонгард, Е.А. Малхасьян, Л.П. Носко­вой, Н.Д. Шматко и др.
Әдебиет: негізгі:1,2,3.
Қосымша: 12,22, 23




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет